О?ушыларды? тілге деген с?йіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілді? м?ртебесі ж?не оны? ?олданылуы туралы ой б?лісу, ?з ойларын еркін жеткізе білуге талпындыру. Б?гінгі к?ндегі тіл м?селесі ?оз?алады. Мемлекеттік тілді? б?гінгі к?ні тек ?атынас ??ралы ?ана емес, барлды? іс-?а?аздарад ?олданылатыны айтылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мені? м??ым-ана тілім »
Менің мұңым-ана тілім (11б- сынып пікіралмасу сабағы)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Аямбекова Ұ.М
Сынып жетекшісі:Найзабаева М.Р
Тақырыбы:«Менің мұңым- ана тілім»
Сабақтың мақсаты:Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Сабақтың түрі: пікіралмасу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт,нақыл сөздер жазылған слайдтар
,
Мұғалім сөзі :“Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман…”, – деп жазған еді Ахмет Байтұрсынов. Тіл әрбір ұлттық жаны. Тіл- қарым-қатынас жасау құралы. Тіл болмаса біз қарым-қатынасқа түсе алмаймыз. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген сөз. Біз өз тіліміз барда ғана дербес мемлекетпіз. Сондықтан да өз ана тілімізді құрметтеп, қастерлеп жүрейік. Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-жүргізуші: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ. Мұстафин. 2-жүргізуші: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
1-жүргізуші: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
1-жүргізуші: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырына Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім
2 жүргізуші:
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, білуге тиіс.
Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік деп, ендігі кезекті пікірталас барысында талқыланатын сұрақтарға берейік.
Оқушылар берілген сұрақтар бойынша өз ойларын айтып пікір алмасады
1. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы.
2. Мемлекеттік тіл өз дәрежесінде қолданыста ма?
3. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
4. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуына көңіліңіз тола ма?
5. Қазақстан азаматына орыс, ағылшын тілін білудің қажеттілігі бар ма?
Екі жақты күнделік
Иә
Пікірталас сұрағы
Жоқ
Мемлекеттік тілді білу Қазақстанда тұратын әр азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілді білмейтін адамды
Мемлекеттік қызметке алу дұрыс емес.
Осы екі пікірді кім қалай жақтайтыны пікірталас барысында айтылады.
жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! Әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса, әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер, тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың алтын қазынасына айналдырған.
2 -жүргізуші: – Қазақ халқы тіл өнері мен шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқан кездерде ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.
Жүргізушілер:
Ана тілін білмеген адам…
Ештеңе сезбейтін надан.
Түк сезбеген балаң…
Жақсылық көрме одан.
Жүйрік тілді ақын бол…
Жақсылыққа жақын бол.
Достарыңмен тату бол.
Дұшпаныңа қату бол.
Ақындардың бірі бол.
Туған елдің ұлы бол.
Туған жердің гүлі бол.
Азамат бол, ірі бол.
Қазіргі заманда еліміздің әрбір азаматы қазақ тілін құрметтеуге, толық меңгеруге міндетті. Ол үшін жүрегі «қазақ» деп соғатын адам тіл жанашыры. Олай болса қазақ тілі мәңгі жасауы тиіс.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
10 ә-сыныбыМұғалім:Ж.С. Бакирбаева
Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Мақсаты: • Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру; • Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту. Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, ақан – жазушылардың портреті. Ұлағатты сөздер: 1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек». Ғабит Мүсірепов. 2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан Назарбаев Барысы: І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу ) ІІ. Негізгі бөлім ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау. І. Кіріспе сөз. Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайысымызға қош келіпсіздер. «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі». Ана тілім – арым, нәрім, қуатым, Сенсің менің жан сырымды ұғатын. Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман, Шағың келді биіктерге шығатын Сайысымыз УІІ турдан тұрады: І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады) ІІ. «Сөз қаруы - ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде ) ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. ІУ. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту) У. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту. УІ. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету. УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
І тур «Сәлемдесу». Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
1 топ -------------------- 2 топ --------------------- 3 топ --------------------- 4 топ --------------------- ІІ тур. «Сөз қаруы - ой». Орыс тілін түсінемін, білемін, Шет тілін де жаттап оқып жүремін. Ата – бабам қастерлеген жанындай, Ана тілім – менің нағыз жүрегім.
«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті» орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее» Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде. ІІІ тур. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. Мақалдың жалғасын тап. 1. Тіл тас жарады, (Тас жармаса бас жарады) 2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір, Тілімнен сүріндірме. 3. Піл көтергенді тіл көтереді. 4. Ат жүйрігі қасқа, Тіл жүйрігі басқа. 5. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ. 6. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ 7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды. 8. Қырғи тіл – қиыр қылыш 9. Икемді тіл инеден өткір. 10 Құлақ екеу, тіл жалғыз, 11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз Қос тіл – қос қанатың
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым дара тілім.
ІУ. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
У. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз. УІ тур. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету, оқушылар олардың кім екенін анықтау керек. Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек, Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?! Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет, Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.
УІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек. Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К. 1. Қай қалада тұрасың? 2. Сенің сүйікті әншің? 3. Қандай тағамды ұнатасың? 4. Сыныптағы досыңды ата? 5. Жасын нешеде? 6. Сынып мұғалімінің аты? 7. Сен озат оқушысың ба? 8. Математика пәні саған ұнай ма? 9. қандай мамандықты қалайсың? 10. Кімге ұқсағың келеді? 11. Сүйіп оқитын кітабың? 12. Жазғы демалысты қалай өткіздің? 13. Қазақстанның астанасы? 14. Парта неден жасалады? 15. Қардың түсі? 16. Сүйікті тағамын? 17. Қандай гүлді ұнатасың? 18. Мектепке немен келесің? 19. Күзде ауа райы қандай? 20. Сыныптағы ең сұлу қыз? 21. Алматы қандай қала? 22. Қыс айы немен ұнамсыз? 24. Сен қандай оқушысың? Ана тілім күн нұры – шуақтайсың, Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың. Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан, Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың. ҚОРЫТЫНДЫ. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
Мемлекеттік тіл менің тілім . 9ә-сынып
Мұғалім: Г.М.Жұмабекова
Тақырыбы: Мемлекеттік тіл менің тілім
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту; Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1 - оқушы:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 - оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
3 - оқушы:
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза – тың
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.
4 - оқушы: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы Ұлпан есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы, ендеше кезекті Ұлпанға берейік. Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.
Өмірзақова Жұлдыздың орындауында «Анамның тілі»
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
Оқушылар бір сәт қазақ биімен көңіл көтеріп қояйық. Тельманова Динараның орындауындағы қазақ биі.
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Тілім менің –өмірімнің айғағы (сайыс сабағы)11а-сыныбы
Мұғалім: Ахметбаева М.Ж
Тақырыбы: Тілім менің-өмірімнің айғағы Мақсаты: Қазақ тілінің даналық, тәрбиелік, ұлттың ұлттығын танытатын құдіреттілігімен таныстыру. Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Міндеті: а) Оқушыларды дұрыс, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу. ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, өз тілін және өзге де тілдерді құрметтеп, қастерлеуге үйрету. б) Әрбір оқушының өз тілінде еркін сөйлеп өз пікірін, өз ойын айта білуге бейімдеу. Өтілу барысы: Топтық сайыс. Көрнекіліктер: Сабақтың тақырыбына байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, данышпан даналар мен ұлағатты ғалымдардан қалған жалынды сөздер жазылған плакаттар. Мұғалім сөзі: Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. Бұл тек қазақ ұлты үшін емес, республикадағы барлық ұлттар үшін қажет. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін, өз ана тілін сүюмен өлшенбек. Ананың ақ сүтінен қуат алған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз отанына деген құрмет деп білуі керек. Ел мен елді ұғыныстыратын да тіл екені ақиқат. «Оқ жарасы бітер, тіл жарасы бітпес»- дей отырып, халық тағы да «Жақсы сөз жараны да жазады»- дейді. Қазақ тілін ғасырлар бойы ел болып жасадық, енді оны жаппай ел болып қорғау міндетті. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік тіл болып жарияланды, ол 1 шілдеден бастап Конституциялық күшіне енді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ тілімізге байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге сүйеніп құрылды. Қазақ мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді өмірде кеңірек пайдаланған, оны терең түсініп, әрі ұғынып жастарды тәрбиелеуде барынша қолданған халық. Бұл дәстүр сонау атам заманнан пайда болып күні бүгінге дейін өз маңыз-мағынасын жоғалтпаған. Қазақ халқының сөз қадірін терең біліп, оның мағынасын жан-жақты зерделеуі адам ойының қалыптасып, дамып жетілуіне ерекше рөл атқарған. Баланы қазақ тілін білуге, сөз өнеріне тәрбиелеу осы мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің мән-мағынасын тереңірек түсіндіруден басталады. Сондықтан да қазақ «Естіге екі сөз де жетеді»- дейді. Не деген ғажап үлгі. Бір ауыз сөзбен тамаша ойды түбегейлі жеткізе қамтып отыр. Пайымы бар, зердесі жетілген жасқа көп сөздің керегі жоқ. Сондықтан да қазіргі заманда оқытушылар мен тәрбиешілер асыл сөздің төркінін іздейді. Олар әрбір сөзін жас жеткіншектерді, кейінгі ұрпақты үлгілі, ұлағатты етіп тәрбиелеуге бағыттайды. Сондықтан да оқушылар мен тәрбиешілер әрбір сөзін түсінікті, әрі ұғымды етіп айтуға, қазақтың терең ойлы мақал-мәтелдерін пайдалануға тырысады. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты? Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Топтық сайысқа баға беріп отыратын қазылар алқасымен таныстыру. «Сөз атасы Майқы би»- деп даналардан қалған ұлағатты сөздерді пайдалана отырып, тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Түсеміз біз білімнің жарысына. Жеңесіңдер қол соғамыз табысыңа, Талапкердің талабы таудай болар, Аямас тиіп кетсең намысына. Топ басшылары өздерін таныстырады.
1-топ: Біздің ұран: Сүйемін туған тілді, анам тілін.
Біздің ән: Тіліміздің бұлағы, Тірліктің ел жүрегі, Ана тілін сүйемін, Отан үшін күйемін.
2-топ
Біздің ұран: Тіл бар жерде өмір бар. Біздің ән: Ана тілін арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
1-айналым: «Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің». Сұрақ қойылып, пікір алысу 1-2 топ бойынша өткізіледі. 1. Ана тілі дегеніміз не? 2. Ана тілін құрметтеу дегенді қалай ұғасың? 3. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»- дегенін қалай түсінесің? 4. Орыс тілін білу қажет пе? 5. Ағылшын тілін оқыған дұрыс па? 6. Тіл туралы заңдардан не білесің? 2-айналым: Шығармашылық айналым.
Бұл айналымда екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, берілген мәтіні бар бір екі тармақ өлең жолдарын аяқтауы тиіс. Осы кезде қалған оқушылар тіл туралы мазмұнды ойлар айтады. Оқушылардың айтқан мазмұнды ойлары: 1-топ: 1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі-оның бақыты, оның қуанышы. 2. Өз тіліңді білу өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу-өмірден алған ең үлкен сыйың. 3. Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың. 4. Туған тілің мақтан ету, оны таза ұстау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру-әрбір қазақ отбасының қасиетті борышы болу керек. 2-топ: 1. Халықтық қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. 2. Сөйлеу білу – үлкен өнер. Әсем сөйлеуге, көп тыңдап, көп оқып, мақал – мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы өз ойымызды еркін жеткізе аламыз.
1-топ: 1. Ана тілім – ар тілім, Жанардағы жарқылым. Жүрегінде сақталған, Ән-жыры бұл халқымның. 2. Айналайын халқымнан, Айналайын даңқыңнан. Ана тілдің бағасы, Қымбат екен алтыннан.
2-топ: 1. Құндағында бесіктің, Ана тілін үйрендім. Сол арқылы бой жазып, Азамат болып өсіппін. 2. Туған тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшсе тілім, менде бірге өшемін.
4-айналым: Мақал-мәтелдер жарысы. Екі топ кезектесіп айтады. 1. Өнер алды-қызыл тіл. 2. Орақ ауыз, от тілді. 3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ. 4. Тіл қылыштан өткір. 5. Тіл тиексіз. 6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
5-айналым: Қорытынды-түйін.
Міне, балалар бүгінгі таңда Қазақстан өз алдында тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің тіліміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Гимнымыз бар. Егеменді елміз. Сендер Отанымыздың келешек ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз тілін жетік меңгерген, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды ақын ағамыз Махмет Темірұлының «Тілімнің ұшырарсың киесіне»- атты жыр-шумағымен аяқтаймыз.
Қажып қалған қаужырап қайран тілім, Айта алмайды өзінің зарлы мұңын. Жетім өскен баладай жаутаңдады, Қатарға енбей әлі де жүр ғой бүгін.
Ана тілін кейбірулер біліп жүр ме, Қазақша айтсаң құлаққа іліп жүр ме. Басқа тілде сөйлесіп мәз болады, Мазақ етіп өз тілін күліп жүр де.
Қалғанымен сәл уақыт бағы тайып, Бас көтерер ертең-ақ қанат жайып. Көзі ашылмай бықсыған оттай болса, Жарқыратып сәулесін лаулатайық.
Туған тілім - тірегім!8а-сыныбы
Мұғалім:С.Қ. Сарсекулова
Мақсаты : Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру,
ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнектілігі: Қанатты сөздер жөніндегі кітаптар , Отан ,
ана , тіл туралы слайдтар.
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі :
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі , ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі , ұлттық мәд иниеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір –қасиетін , мәдиниетін , ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан , кез –келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін , ана тілін айрықша қорғайды . Ал , біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген , Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек , онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн . Ана тілін дамыту , қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп , туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады
ІІ Байболатова Ажардың баяндамасы : «Ана тілі»
Сүйемін туған тілім –ана тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
С.Торайғыров.
Ана тілі –атаңның , ананың тілі , туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге , әжеміз бен атамызға , айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз.Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз . Ана тілі –біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп , сауатты жазып тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдиниетті адам бола алмайсың. Ана тілін жетік білу үшін жас кезінен халық ауыз әдебиетін –ертегілерді , аңыздарды , өлең –жыр, дастандарды , мақал –мәтел , жұмбақ –жаңылтпаштарды естіп , тыңдап , көп оқу керек , ұлы ақын - жазушыларынан үйрену керек. Сонда ғана адам өз ана тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматты болмақ.
ІІІ. Ел, тіл жөніндегі өлеңдерді оқып , маңызын түсіндіру
Айжұлдыз:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы , айбынды,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы .
Туған дәстүр , салт –санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихын еске алу қашанда .
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Пенделердің басы қайда қалмаған ?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-
Тағдырыңның тынышы ,
Төрт ана үшін болған күрес ,
Күрестердің ұлысы.
Нұрсұлтан:
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны , сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстаүрге бағынған. Еліміз Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды.
Айгерім:
Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін
«тіл туралы»
Заңым енді күшіне,
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар,
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар. Халық жауы атандың –ау,
Сол үшін де ғұмырыңды
Құрбан етіп жолыңда ар.
Сабина:
Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған ана тілі үшін құрбан болған хандар кімдер деп ойлайсыңдар? әрине, аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, М.Дулатовтар.
Қазақ халқы ежелден-ақ, тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағындыра білген.
Сақтарға ел бірлігін!- деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Жанасыл:
Төле би.
Уа,халқым!
Көсіле шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар.
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер.
Анвар:
Қазыбек би.
Біз қазақ деген сөз баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай,
Жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз!
Әлібек:
Әйтеке би.
Тамыры суда тұрса да,
Уақыты жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалады,
Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей.
Аңқылдап есіп тұрады.
Қазақ тілінің биязы үні
Домбыраның күбір қаққан сазындай,
Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.
Құрманғазы, Тәттімбет,
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Балжан:
Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас- адамның мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні- әр адамның ана тілін Отанындай,туған халқындай, өз ата-анасындай сүйіп ардақтауында. Міне, сондықтан бүгінгі ақын-жазушыларымыз былай дейді.
Мадина:
Әбдібай Табылдиев.
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Айсұлу:
Қадыр Мырзалиев.
Ана тілін біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілін біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің арың бұл,,
Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Олжас:
Мұзафар Әлімбаев.
Ана тіл-біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап бағып, қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз?
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл»-деп санаңыз.
Ана тілім-ұраным,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім- болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
Қорытынды
Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі
8ә-сыныбы Мұғалім: Д.М.Жакишева
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру,
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы тіл туралы қандай ұлағатты сөздер білесіңдер?
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз балалар. Өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілінде сөйлейік.
оқушы: ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.
Лаура: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Есбосын Бекболаттың орындауында « Күй».
Мұғалім: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Қорытындылау.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз .
Мұғалім: Г.Е.Байдаулетова
Тақырыбы: Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізМақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу. Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу .
Әдісі: Сахналандырылған мерекелік кеш.
Кіріспе Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер, тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, халықтың алтын қазынасына айналдырған.
1-жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
2-жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
1-жүргізуші:
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
2-жүргізуші:
- Осы мерекеге орай 1-4 сыныптар аралығында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты апталық болып өтті. Апталықты қорытындылау мақсатында өткелі отырған мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кемеңгерлері, ойшылдары, қайраткерлері аз болмаған. Солардың ең бастылары – от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан-теңіз.
Төле би:
- Ей, әлеумет! «Құс арыса, қанаты талады, ат арыса, тұяғы тозады» деген, алыс қияннан келіп отырсыздар. Осы аттың күші қай жерінде болады?
Біреу: Аттың күші екі алдыңғы аяғында шығар.
Екінші біреу: Алдыңғы екі аяғында да емес, артқы екі аяғында да емес, ортасында болады.
Төле би: (Балаға қарап) Оны қайдан білдің? Себебі не?
Қазыбек би: Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш қайдан болсын? Күш тіреуі ортасында. Алдымда ағам бар, артымда інім бар, екі жағымнан да тірегім зор. Әділ билік маған лайық емес пе?
Төле би: (сонда Қазыбекке бата береді)
Айтқан сөзің аталы болсын,
Жүрген жерің бәтуалы болсын.
Дуалы ауыз әділ жан атан,
Осы саған берер батам.
1-жүргізуші:
- Қазыбек би есімі қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші болған батыл елші, парасатты мәмлегер ретінде мәлім. 15 жасында Тайкелтір би бастаған елшілерге еріп барып, қалмақ ханы Қоңтәжінің тұтқынында жатқан қазақтарды батылдығымен, шешендігімен босатып алады. Осы жолы «Қаз дауысты Қазыбек» деген атаққа ие болады.
2-жүргізуші:
- Біз ел тірегі болған аталардан қалған асыл сөздердің мән-мағынасын байқадық. Билеріміздің, халық тарихын, әдет-ғұрып, салт-санасын жете білген ел ақсақалдарының, атақты шешендердің жастарға берер ақылы өсиет болып қалған.
1-оқушы:
Асан қайғы, Жиренше,
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
2-оқушы:
Сол туған тіл атауы-
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласақ шынымен,
Баба тілің асыл дүр.
1-жүргізуші:
- Ән. «Ана тілін сүйемін».
3-оқушы:
Тілім менің!
Осы тілде шежірем, жырым менің,
Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі –
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің.
4-оқушы:
Тілім менің!
Жауға айбарым, ұраным, туым менің!
Найзасымен тең ұстап ана тілді,
Намысымды қорғады сырым менің.
5-оқушы:
Тілім менің!
Тіршілігім, тынысым, құным менің!
Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ.
Тіл кесілсе, не болмақ күнім менің?!
6-оқушы:
Тілім менің!
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
7-оқушы:
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Аралыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің.
2-жүргізуші:
- Би. «Салтанат».
8-оқушы:
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек – ана, мен өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
9-оқушы:
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Ана тілім, егер сені ұмытсам?
10-оқушы:
Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын
Ана тілім, егер сені білмесем?
1-жүргізуші:
-Апталық кезінде 3- сынып оқушылары қара сөз оқудан байқауға қатысты. «Мыңнан жүйрік» атанған оқушылар өз өнерлерін ортаға салмақ.
2-жүргізуші: Ән. «Анамның тілі».
11-оқушы:
Өнер алды - қызыл тіл,
Ой толғаған сырлы тіл.
Қалауын тауып қар жаққан,
Тас тілетін алмас тіл.
Қоршаған он отау тіс,
Сарайын ашып, сырын біл.
12-оқушы:
Ұғым, түсінік өрген тіл,
Түйсік, саңылау түйген тіл.
Қырлап қисын түгелдей,
Жүйе желісін тартқан тіл.
Сарап, түзеп ашқан тіл,
Бүкпей құпия тапқан тіл.
Қисындай толғап қиянды
Мезгеуін мезеп ұтқан тіл
13-оқушы:
Көкіректен суырылған тіл,
Сыбыс, дыбыс жиған тіл.
Буындай ұғым шығарып,
Үйлесті сөз құрған тіл.
Ұйқылы жанды оятқан
Өнеге, өсиет шерткен тіл.
14-оқушы:
Өнер өрнегін терген тіл,
Сөз ширатып өрген тіл.
Қырлап, сырлап, астарлап,
Толқынды ой толғаған тіл.
Сөз тізілтіп тізген тіл.
1-жүргізуші:
- Апталық барысында шығарма жазудан бақ сынасып, жұмысы үздік аталған 4 –сынып оқушылары ана туралы былай деп ой толғайды. (өздерінің жазған шығармаларын оқып береді).
2-жүргізуші: Ән. «Келші, келші, балашым».
Мұғалім: – Қазақ халқы тіл өнері мен шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқан кездерде ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген. Енді балаларды сондай шешендікке баулу үшін қазір «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.
Мұғалім: – Ана тілін білмеген адам…
Оқушы: -Ештеңе сезбейтін надан.
Мұғалім: – Түк сезбеген балаң…
Оқушы: -Жақсылық көрме одан.
Мұғалім: – Жүйрік тілді ақын бол…
Оқушы: – Жақсылыққа жақын бол.
Оқушы: – Достарыңмен тату бол.
Оқушы: – Дұшпаныңа қату бол.
Оқушы: – Ақындардың бірі бол.
Оқушы: – Туған елдің ұлы бол.
Оқушы: – Туған жердің гүлі бол.
Оқушы: – Азамат бол, ірі бол.
Мұғалім: – Бәрекелді, болар елдің ұрпағы екендеріңізді көрсеттіңіздер. Ел мақтар азамат болыңыздар.