kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеурочная работа  про известного казахского  писателя  Мукагали Макатаева.

На  тему : " Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін ! " 

Для учашихся 3-4 классов с казахским языком  обучения.

Соревнование учеников 3-4 класса  по вырозительному чтению.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін »

Б.Қ.Облысы , Тасқала ауданы.

ЖОББ. Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі : Шопликова Э.О.


Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»


(3-4 – сыныптарға арналған мәнерлеп оқу кешінің сценариі)

Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың балаларға арнап жазған шығармаларын оқырмандарға таныстырып насихаттау, оқушыларды мәнерлеп өлең оқуға үйрету.

Түрі: Мәнерлеп оқу сайысы

Көрнекілігі: Кітап көрме, видеоролик, слайдтар.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, шақырулы қонақтар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында өткелі отырған 3-4 сынып оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу шарасына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: «Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден» деп ақын жырлаған.

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардай сәулесін шашып, ұрпақтан-ұрпаққа таралып, өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-бақытты халық.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең –жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ендігі сәтте « Біреуге», «Жер»атты өлеңдеріне кезек берейік.

« Біреуге» 3-б сынып оқушысы : Серіков Жасулан

«Жер» 4-ә сынып оқушысы: Муфтиева Дана

Жүргізуші:Қадірлім, қасиетім, Ордам менің

Отаным арқа сүйер қорған белім.

Заңғар көгім,сая бақ, орман-көлім,

Жем жеген алақаннан ақ кептерім-

Боз құсым иығыма қонған менің!

Жүргізуші: Мұқағалидің табиғат құбылыстарына жан бітіре жазған өлең жырлары оқырмандарды табиғат тамашасына жетелеп, жақындата түседі. «Анау аспан, мынау бақ» 3-«ә» сынып оқушысы: Төлеген Айнамкөз Жүргізуші: Мұқағали -ғажайып, өршіл ақын. Оның жыр шумақтары мектеп табалдырығын аттаған әрбір оқушыға таныс. Олай дейтініміз-Мұқағали балалар шығармашылығына да біраз қалам тартып, кішкентай оқырмандарына да мол мұра қалдырған ақын «Қарттарды сүйемін»

«Қарттарды сүйемін» 3-«а» сынып оқушысы: Тлек Аманат

Енді «Пай-пай өмір» деп аталатын Мұқағалидің жанды дауысымен жазылған өлеңіне назар салайық.

Жүргізуші: Өлең дейді шіркін-ау өлең дейді,

Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.

Жаныңа дауа болып жадыратар,

Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді.

Келесі кезекті Мұқағали жырларына берейік. Ақынның «Поэзия» өлеңі

«Поэзия» 3-«в» сынып оқушысы: Шопликова Айлана

Жүргізуші: Мұқағали әр күні, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді, халқын сүйді. Оның әрбір сөзін алтынға бағалады. Сол сөздерді орын-орнына қоя білді. Халқына арнаған «Үш бақытым» өлеңі оқылады.

«Үш бақытым» 3-«а» сынып оқушысы: Утешкалиева Мәдина

Жүргізуші: Мұқағали күнделігінде: «Маған нағыз баға беретін келешек ұрпақ! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді Мен өз жайында мынаны айтам: Мен 21 ғасыр ұрпақтарының құрдасымын»,-деп елінің егемен алып келешек ұрпақтың білімді де, ақылды балалары менің жырларымды оқып сусындар, бағасын берер деп, келешек ұрпаққа сенім артып, елінің болашағынан үлкен үміт күткен еді. Ол кезде ақын 43 жаста ғана болатын.

Қазір ақынның айтқаны келіп, Мұқағали жырлары әрбір оқырманыңа жақын да таныс. Оның барлығы ел бірлігінің, тыныштықтың жетістігі. Ақынның «Елім барда» өлеңі оқылады.

«Елім барда» 3-«ә» сынып оқушысы: Турегельдиев Абылай

Жүргізуші:Ақын өлеңдері достарына деген сүйіспеншілігін, махабатын жырлауға арналған. «Дос болам десең», «Досым, саған сенемін»,«Арулар».

«Арулар» 4-«а» сынып оқушысы: Ғазез Қасымжомарт

«Дос болам десең» 4-«а» сынып оқушысы: Дінбаян Хасан

«Досым, саған сенемін» 4-«б» сынып оқушысы: Гумарова Мөлдір Жүргізуші:Ақын он жаста болған кезінде әкесі соғысқа аттанған, келесі кезекте «Әке аманаты» және «Арманда, ұлым» атты өлеңдерді тамашалаңыз.

Әке аманаты» 3-«в» сынып оқушысы: Қалап Әділжан

«Арманда, ұлым» 4-«ә» сынып оқушысы: Нұрым Әдел

Жүргізуші: ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ендігі кезекте «Бала шақтан-болашаққа» өмірдастанынан үзінді «Адам ата мен хауа ана».

«Адам ата мен хауа ана» 4-«б» сынып оқушысы: Мүсірова Феруза

Жүргізуші:Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жалғасын таба береді. Олай болса келесі кезекті мектеп кітапханашы ұйымдастырған «Жырында оның бүкіл жан әлемі » тақырыбындағы кітап көрмесін таныстыру үшін кітапхана меңгерушісі Аклима Бахтыбаевна Тасмагамбетованы ортаға шақырайық.

Жүргізуші: 45- ақ жасында өмірден өткен ақын, артына үлкен әдеби мұра қалдырды. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 23 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Ақын өлеңдеріне 100- ден астам әндер жазылды мәдени шарамызға жыр-шашу әкеп отырған өнерлі оқушылардың орындауында әндерді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының мақтанышы, хас талант иесі. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап, оқуымыз керек. Осымен жыр музасы, Хан Тәңірінің мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевқа арналған шарамызды аяқтаймыз. Кездескенше сау болыңыз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін

Автор: Шопликова Эльмира Орынбаевна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209238

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Воспитательный час на тему «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін»"
    ["seo_title"] => string(59) "vospitatielnyichasnatiemumienomirdizhyrlauushinkielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "256511"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448157462"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Мен ?мірге жырлау ?шін келгенмін» "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirghie-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "182225"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425481630"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "М.Макатаев . Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін ! "
    ["seo_title"] => string(50) "m-makataiev-mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "209240"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431070082"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін! "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghienmin-1"
    ["file_id"] => string(6) "173293"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423950721"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства