kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Воспитательный час на тему «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін»

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?иы? а?ынымыз М??а?али Ма?атаевты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?неге са?атын назарлары?ыз?а ?сынып отырмын.

?неге са?атыны? та?ырыбы: «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін».

Ма?саты: «?асыр а?ыны» атан?ан М??а?али Ма?атаевты? шы?армашылы?ы, оны? ?ле?деріні? ерекшеліктері мен ?аза? поэзиясында?ы ?зіндік орнына то?тала отырып, о?ушыларды? елге, жерге деген с?йіспеншіліктерін ояту, патриотты? сезім ?ялату. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Воспитательный час на тему «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін»»

Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған өнеге сағатын назарларыңызға ұсынып отырмын.

Өнеге сағатының тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін».

Мақсаты: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы, оның өлеңдерінің ерекшеліктері мен қазақ поэзиясындағы өзіндік орнына тоқтала отырып, оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезім ұялату.

Көрнекілігі:

« Жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та, Мұқағали поэзиясы алдымыздан шығатын болады».

Оразақын Асқар

« Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады»

Әбділда Тәжібаев

« Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын»

Лашын Әзімжанова

Мұқағали жайлы ақындардың лебіздері жазылған сөздер жазылып, ілінеді, өмір жолынан, шығармашылығынан слайд жасалынып көрсетіледі.

Барысы: 1. Сыныпты ұйымдастыру

2. Әдеби – сазды монтаж 3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына қойылым.

4. Қорытынды бөлім

1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық- шынымен бақытты халық.

2 – жүргізуші: - Иә, Мұқағали ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хантәңірінің биік шоқтығындай болған М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты өнеге сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1 – жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9 – ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қарасаз ауылында дүниеге келген. Бала кезінде әкесі Ұлы Отан соғысына кетіп, қайтіп оралмаған. Ең алғашқы жүрек лүпілін жарып шыққан жыры әкесіне арналған екен. Жастайынан әке тәрбиесінде емес, әже тәрбиесінде өскен. Ақындық жолға бетбұрыс жасаған Мұқағали өлең жаза бастайды. Алғашында шумақтары тым шағын болғанмен, кейін үлкен ақындарға ұқсап мазмұнын да тереңдетіп, мазмұнын да тереңдетіп, шумағын да үлкейтеді. Бара – бара Мұқағали өлеңдері баспасөз бетінде жариялана бастайды.

2 – жүргізуші: Ақын өзін « Менің анкетам» деген өлеңі арқылы былайша таныстырады.

  • Туған жерің?

  • Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің

  • Мекен жайың?

  • Мекен жайым – жерім менің

Жерде жүрген ақын деген пендемін

Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

3 – оқушы: Біздің топырақ таланттарға кенде емес. Біртуар перзенттеріміз өздерінің туған топырағына деген асыл сезімдерін, бала махаббаттарын әр қырынан көрсетеді. Мұқағали қаламынан туындаған «Хантәңірі» шығармасы туған жерге деген сүйіспеншілігінің көрінісіндей.

Шыңның мен танымаймын аласасын,

Төбе де аласамен таласасың,

Тянь – Шаньның шашақтаулы найзасындай,

Қайсысың Хантәңірімен жанасасың?

Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті күн.

Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,

Қанеки, Хантәңірінен иықты кім?!

2 – жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім, - деп поэзияны егізінің сыңарындай көріп тебірене жырлаған.

4 – оқушы :

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан,бақтардан,алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасынан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл – жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттардан іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім. Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

5 – оқушы. Мұқағалидың жұлдызы күн өткен сайын көмескіленбей, қайта жарқырай түсуі де оның поэзияға деген шексіз адалдығынан деп түсінеміз. Бұл туралы ақынның өзі жазған күнделігінде: «Жырмен бастаған жыл жырмен аяқталады. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім? Не істер едім? Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүремін, сол үшін күресем», - деп ақтарылған екен. Және ақын бұл айтқандарын жүзеге асырып, өз өмірімен, өлеңдерімен дәлелдеп кетті.

6 – оқушы:

Мұқағали қай өлеңін алып оқысаңыз да одан поэзияға деген адалдық аңқып тұрады. Олардан өлеңге деген іңкәрлікті, тазалықты сезінбеу мүмкін емес. Жырдың қанатты пырағына Музаға мұң айтса да, өмірдің адам қиялы жетпес қатпарларын саяхат жасаса да ол ең алдымен өлең тәңіріне сыйынып алады:

Отырғанын қарашы күйім келмей, қайда кеттің?

О, Муза! Құйын желдей.

Ауызымды ашсам өкпемнен жел үреді,

Қаңыраған иесіз диірмендей.

Мұздатады жанымды бұйым көрмей.

Жел үреді желпініп көрік кеудем,

Күйім келмей, отырмын неліктен мен?

О, Муза!

Қайдасың сен желік берген.

Жалын мен отқа ғана ерік берген,

Серігім, қайдасың сен сеніп келген, - деп адамға айта алмас сырларын табиғаттың тылсым жұмбақты беймәлім дүниесіне ақтарады.

7 – оқушы:

Өлімнен қорқам, кете жаздаймын жынданып,

Өмір бар жерде

Өлім деген бір жүр қауіп.

Ажалды қойшы,

Байқатпай соғар ұрланып,

Алдына оның жүрміз ғой күнде мың барып, - дегенде ақын мына тірлікпен бір күні қош айтысатынын ойлап үрейленбейді. Өмірдің жалғандығы қандай шын болса, өлімнің де хақтығын сезімтал жүрек әлдеқашан мойындап қойған. Ол өзімен бірге өлеңінің де ғұмыры таусылмаса екен деп алаңдайды. Сөйте отырып ақын өз жырларының мәңгілік екенін де түсінеді.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы, дей келіп:

Жазылар естеліктер нешеленген,

Көреміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір білетінім бір – ақ нәрсе,

Көшеде өлең, немесе өшеді өлең!

Қулары, тудың қызыл түлкісі дер,

Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер?! – деп толғанады.

8 – оқушы:

Өз творчествомда қай жерде әлсіз, қай жерде күшті екенімді жақсы білемін. Әлсіз жерім – менің кінәм емес, ал күшті жерім – мен өмір сүріп отырған ортаның еңбегі емес. Үнемі өзімді өзіме қадағалатып, мәңгі мені қауіптендірумен келе жатқан уақыттың да еңбегі емес. Қазір ақын болу қиын, - дегенде Мұқағали өз жырларының салмағын білетінін аңғартады.

9 – оқушы:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің,

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Бірақ та өлтіре алмас өлеңді ешкім, - деп жариялау үшін қаншалықты сенім, қаншалықты рух болуы керек екенін көзі қарақты, көкірегі ояу оқырман сезетін де болар.

Міне өлең өлкесіне, поэзияға осындай дайындықпен, адалдықпен, бар ғұмыры мен жүрегіндегі жалынын арнай келген ақынның жаман жыр жазуға қақысы жоқ еді.

10 – оқушы:

Табиғатынан таза, сезімтал жан туған жердің топырағынан нәр алса, орыс және әлем әдебиетінен талантына таным қосқаны мәлім. Мұқағали өлеңге «әйтеуір бердеңе айту үшін» емес халқын, өмірді жырға қосу үшін келген. Ол үшін жалғыз талант аздық ететінін ерте түсінген ол өзіне дейінгі ұлыларды жалықпай оқудан, зерттеп оқудан бастаған.

1 – жүргізуші:

Қарсы алмаса.

Құрысын, қарсы алмаған.

Ән салып бер.

Әніңмен жан сал маған!

Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір.

Жатсын ұйып, жапанда дел – сал далам.

2 – жүргізуші

Ән сал жаным, Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер – көктегі,

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын.

Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.

1 – жүргізуші:

Мұқаңның сөзіне жазылған алуан әндердің сазы мен назына елти отырып, бір кезде арамызға басқа планетадан келген қонақжай ғұмыр сүрген Мұқағали еске еріксіз түсері заңды құбылыс. Ендеше Мұқағали өлеңіне жазылған «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» әніне кезек берейік.

11 – оқушы: Тұстастарының естелігіне көз жүгіртер болсаңыз «ақынның үйінде орыс, шетел классиктерінің кітаптарынан басқа дүние болмаушы еді» деген пікірлерге жиі жолығасыз. Бұл Мұқаңның дүние емес, білім жинағанын айғақтай түседі. Ол Пушкинді, Лермонтовты, Блокты, Есенинді зерттей оқыған, олардың жырларын өз тілдерінде жатқа оқи білетін болған. Алайда, солай екен деп өзге ұлт ақындарына еліктемей, өз үнімен өз өрнегімен өлең жазып өткен.

12 – оқушы:

Қалқам мен Лермонтов

Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген қошеметі аңғарылмай ма?

13 – оқушы:

Ол өз күнделігінде: «Бүгін 1974 жылдың 27 қаңтарында «Чили, шуағым менің» деген поэманы жазып шықтым. Бір отырғанда, үзіліссіз, бір түзетусіз ертеңгі сағат 10-нан түнгі сағат 12-ге дейін аяқтадым. Енді менімен бәсекелесіп көріңдерші» - деп жазған екен. Бұл сөздерге ешқандай шек келтіруге болмайды.

14 – оқушы:

Мұқағали бір қарағанда байқала бермейтін, өзіміз күнде көріп жүрген жайларды жырға қосқанда: «Япыр-ай мен неге осыны байқамағанмын? Неге жазбағанмын?» - деп ойларыңыз хақ. Мұнда Мұқағали боламын деп әуреге түсудің қажеті жоқ. Мүмкін жақсы, мүмкін жаман жазарсыз. Бәрібір Мұқағалидай бола алмайтыныңыз ақиқат. Қолына қара шалғысын алып, жаз бойы малына азық дайындайтын қарияны көз алдыңызға елестетіп көріңіздерші. Ал осы қарапайым ғана шал туралы өлең жазсаңыз қайтер едіңіз?

15 – оқушы:

Ал Мұқағали болса:

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,

Қарсазда жүруші ең, қара шалғы.

Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,

Талай-талай көріп ем тамашаңды,

Қалыпсың ғой қаңырап қара шалғы

Түбегінен түк қалмай Қарасудың,

Қарт екеуің қаншама аласұрдың.

Қаншама рет қапырық күн өткеріп,

Түн жамылып, қаншама аласұрдың.

Күркеде, жағасында Қарасудың.

Аттандырып келмеске қара шалды,

Қаңыраған қорада қара шалғы.

Ұнғысынан сырығын суырып-ап,

Тамыздыққа келіні жаға салды

Қала берді тат басып қара шалғы, - деп суреттейді.

16 – оқушы:

Ауылда туып, еңбекке араласып өскен, әкесіне шөп шабуға көмектескен кез келген жан үшін ақынның бұл өлеңі қымбат. Мұнда бір уыс темір мен сырықтан тұратын жансыз шалғы туралы айтылып отырған жоқ. Бұл өлеңде кешегі аға ұрпақтың тіршілігі, еңбекқорлығы көз алдыңа көлбеңдетіп, ата мұрасын бағалай білмейтін кейінгі ұрпақтың бейқамдығы көрініс табады.

17 – оқушы:

Мұқағали кейбір жазбаларында: «Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол – тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!» - дейді.

18 – оқушы:

Егер адам жанының сезімін, барлық құпиясын ашу мүмкін емес екенін және әрбір адам өз алдында бір тылсым жұмбақ екенін ескерер болсақ, онда поэзия тақырыбының мәңгілік таусылмайтынына сене түсесің. Осындай сәттерді өлең өлкесін мәңгілік жұмбағы мол ғарыш кеңестігімен ғана теңестіргің келеді.

2 – жүргізуші:

Шын талант үшін пәлсафасы* келу, қашан кету емес. В.А.Моцарт 35 жасында жарық дүниемен қоштасса, Мұқағалиға тағдыр 10 жыл артығырақ ғұмыр сыйлады. Моцарт «Реквиемі» рухани белгілі адамның өтінішімен дүниеге келсе, Мұқағали «Реквиемі» рухани қажеттіліктен туған еді. Жан азабы мен өмір азасына үн қатқан кезде:

«Кешкен өмір де

Көрген бақыт та барлығы

Жетпейді екен ғой

Бір күндік сенің сәулеңе,» - дейтін ар дұғасының алдында тұрады.

19 – оқушы:

Иә, өмірдің сансыз сауалдарына жауап табу ешкімнің қолынан келмеген.

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген,

Жесір келін бір нәресте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,

Нені көрді, нені сезді, не білді,

Неге ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді?

Содан сұра, содан сұра өмірді, - дейді ақын осынау қиын сауалдың алдында өзінің дәрменсіз екенін білдіріп.

20 – оқушы:

Бақыт деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрмаған жан жоқ шығар. Ақынның да бір уақыт осы мәселеге соқпай кетуі мүмкін емес еді. Егер мұқият қарайтын болсақ, әрине, ақынның әр өлеңінде осы мәңгілік сауалға жауап іздеп шарқ ұру байқалады. «Бақыт деген немене?» өлеңінде ол осы жайлы ұлымен сырласады. «Мұқағали бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін?» дейді кішкене бала:

Бақыт деген сенің бал күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытты да басқасын да білмеуің,

Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Бақыт деген әркімдерге бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,

Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

Бақыт іздеп қой бақ, мейлің тас қала,

Бірақ балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара! – деп жауап қатады әкесі. Ал сіз болсаңыз не дер едіңіз? Сана-түйсігі бар балаға бұдан артық жауап керек деп есептемейміз.

21- оқушы:

1974 жылдың 3 қаңтарында ақын өз күнделігінде былай деп жазыпты: «Адам өмірінің бақыты - балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені.

22 – оқушы:

Мұқағали қайтыс болғанда, оның денесін Жазушылар Одағынан арулап шығарғаны белгілі. Осы сәттегі бір оқиға жайла Бексұлтан Нұржекеев былай деп жазады: «Бір кезде елден бөлектеу кетіп, 2 қабатты «Балалар әлемі» жағына қарай жүрсем, арқасын қабырғаға сүйеп Асқар Сүлейменов тұр екен. Асекең өйтеді деп кім ойлаған: жылап тұр екен. Ерекше мінезді Асекеңнен ондай ерекшелік күтпеп едім. Ол кісі өле-өлгенше Мұқаңның өлеңдеріне тамсанумен өтті. Бір жолыққанда Мұқаңның бір томдық таңдамалысы шыққалы жатқанын айттым.

Мырс етті. «Оның таңдамалы емес өлеңі бар ма еді?» - деді бетіме қарап. Бұл, қазақтың белгілі сыншысының ақын творчествосына берген шынайы бағасы еді.

2 – жүргізуші:

Талай түскен ақын жаны талқыға,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына.

Мұқағали - тек қана ақын болатын,

Сауысқандар атанғанда «қаршыға».

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып, өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік ғып өмір берген өлеңді-ай, - деп Айтақын ағамыз жырлағандай өлеңімен рухани азық, күш жинар, қажетіне қарай халқына бақыт, дәуір сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес-ті.

1 – жүргізуші:

Иә, тағдыр таразысы тарлан талантқа өлшем емес. Мұқағали мұрасы – жалпақ елдің жүрегінде, ой парасатында.

23 – оқушы:

Ақын туралы лебіздерге кезек берсек, Әбділдә Тәжібаев былай деген екен: «Мұқағали Мақатаев біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей болашаққа қарай керуен түзеп көше бермек».

24 – оқушы:

«Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғасам, аузыма ең алдымен аса ірі ақын Мұқағали Мақатаев есімі түседі. Оның творчествосымен көптен таныспын. Аудармалары діттеген жерден шықпай жатса да, оның ақындық қуат деңгейі мен парасат өрісі кім-кімді болсын таңқалдырмай қоймайды» - деп жазды К.В.Скварцов.



25 – оқушы: М.Қаратаев: «Арамыздан тым ерте кеткен Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айырықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Тым өкініштісі: «Аңғармаппыз. Кеш аңғардық».

26 – оқушы: Кешіміздің аз ғана әңгімесінде біз «Ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың бүкіл шығармашылығын талдап шығуды мақсат етпеген едік. Оның мүмкін емес екенін де білеміз.

Біз ұлы ақынның кейбір өлеңдері арқылы әлгінде өзіміз айтқан ғарыш кеңістігіне көз жүгіртіп, ондағы жұлдыз-жырларды тамашалауға әрекет қана жасадық. Бәлкім, уақыт өте ақынның тылсым құпиясының сырын ашатын кезең туар. «Мені замандастарымның көбі түсіне бермейді. Мен ХХІ ғасырдың ақынымын, одан кейінгі ғасырлар ұрпақтарымен де замандас болармын» - деп Мұқағалидың өзі жазып кеткендей, оның лағыл жырлары әлі сан ұрпақты поэзияның мөлдір бұлағынан сусындатып, нағыз өлеңнің қандай болатынын таныта береді деп сенеміз.

1 – жүргізуші:

Сөз кезегін Мұқағали шығармаларын жатқа айтатын оқушыларға берейік:

  1. «Қарасазым»

  2. «Райымбек, Райымбек» поэмасы

  3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

2 – жүргізуші:

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша дайындалған қойылымды тамашалаңыздар. (қойылым тамашаланады)

1–жүргізуші: Осымен кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Тәрбие жолы сан алуан» С.Д Жарқынбеков, Қ.А.Ахметов, Б.Б. Жолтаева. «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары» 2008 жылғы 3 ақпан. Жетісу газеті.

Алматы қаласы Алатау ауданы

№180 ЖББ мектептің

9 «Б» сыныбының сынып жетекшісі

Искакова Тұрсынай.






11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Воспитательный час на тему «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін»

Автор: Искакова Турсынай Алгазиевна

Дата: 22.11.2015

Номер свидетельства: 256511


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1420 руб.
2370 руб.
1570 руб.
2620 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1570 руб.
2620 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства