kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін!

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?иы? а?ын М?ка?али Макатаевтын ту?ан к?ніне орай ?йымдастырыл?ан ?деби-сазды ба?дарлама Максаты Мектеп о?ушыларын поэзияда ?зіндік із ?алдыр?ан а?иы? а?ын М.Макатаев ?мірімен, шы?армаларымен таныстыру. М.Макатаев поэзиясыны? халы??а ке? таралуынын м?ні жане оны? ?мірше?дігинин сыры неде екенін т?сіндіру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін! »







«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!»

(9 ақпан ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған әдеби-сазды бағдарлама)

Жетекші: Нұрмағанбетова Қ.























Мұнайлы,2015

Мектепішілік шара тақырыбы:

«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!»



Мақсаты:



  1. Мектеп оқушыларын поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен танысу.



  1. М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру.





  1. М.Мақатаев шығармашылары (өлеңдері) арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге, үйрету, тәрбиелеу.





Көрнекіліктері:

Мұқағали ақынның портреті, кітаптары, көрнекі слайдтар, шарлар.

























1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

№ 2 орта мектеп оқушыларының «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» атты ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған әдеби-сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді елім деп еңіреген азаматтың бірі, ақиық ақынымыз, еліміздің асыл перзенті Мұқағали Мақатаев ағамыздың рухына арнаймыз.

«Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы»


1-жүргізуші: Әлем-дархан, саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес салтанатты

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар, сендер тату,

Сендер тату болыңдар! - деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаевтің өмірінен қысқаша ғана көрініс көрейік.

Көрініс Менің анкетам.

Менің анкетам

1-окушы: Туған жерің?

2-окушы: Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың

1-окушы: Туған жылың?

2-окушы: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

1-окушы: Жынысың кім?

2-окушы: Еркекпін ғой, еркекпін.

Және дағы тәуірмін...

1-окушы: Партияда барсың ба?

2-окушы: Жоқпын.

Бірақ, коммунисттік көз-қараспен қараймын.

1-окушы: Шыққан тегің?

2-окушы: Шаруамын.

Бар тіліктен бағалы оны санаймын.

1-окушы: Білімің ше?

2-окушы: Орташа ғой.

Алайда өзім жоғары бағалаймын.

1-окушы: Ана тілің?

2-окушы: Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

1-окушы: Қайда істедің?

2-окушы: Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

1-окушы: Міндеттісің бе әскерге?

2-окушы: Міндеттімін.

1-окушы: Сөгіс алып көрдің бе?

2-окушы: Ол жағынан періште едім дей алмаймын мен мүлде.

1-окушы: Шетелдерде болдың ба?

2-окушы: Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

1-окушы: Мекен-жайың?

2-окушы: Мекен-жайым жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.


1-жүргізуші: Ал ендігі кезекті Мұқағали Мақатаев жайындағы түсірілімге берейік. (видео)

2-жүргізуші:Ана – өмір сыйлаушысы, бала-бағбаншысы, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиешісі. Ана мен бала арасындағы махаббат,балаға деген мейірім, оның қайғы мұңсыз өсуі, ұйқысы бұзылмауы үшін қам қарекет жасайын мына әннен көуге болады..

1-жургізуші: Ән: «Сәби болғым келеді»

2-жүргізуші:Ақжарқын да аңғал мінезді, көңілі сүттей таза, ерекше мейірбан, сезімтал жан. Ақсары жүзі күлімдеп, өткір көздері жарық еткенде тұла бойынан қуатты толқын есетін. Ал өлеңіне келсек, ол дегеніңіз тілегей теңіз тереңдік пен алтын қанатты ақиық қыранға ұқсаған ерендік.Осы орайда, Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен оқыған өлеңін тыңдап көрейік.


1-жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата - баба дәстүрінен ап үлгі,
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы,- дей келе, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тындап көрейік. Мұқағалидің өз дауысы (видео)

Ал енді ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларын оқуға оқушыларымызды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:Белгісі тұр ма ағаның,

Бетіме неге қарадың?

Бақытын тілеп баланың

Отыздан асып барамын – деп ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: «Отыздан асып барамын»


1-жүргізуші: Көрініс: «Майгүлге»

Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!

Жүрегін қияр дейсің өлімге кім?

Сен – менің жүрегім ең.

Дегенменен,

Елессің, енді маған көрінбегін.

Қызым менің,

Гүлім менің,

Аяулым!

Жатыр молаң жотасындай қояннның

Құлыптастың құны маған бес тиын,

Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!


Қойман, ботам.

Керегі не көк тастың.

Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын.

Өзің келген май айында ақ нөсер,

Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын.

Керегі жоқ, керегі жоқ көк тастың...

2-жүргізуші:Ал, енді Мұқағали Мақатаевтың «Фариза қыз» шырқамас бұрын Фариза ақынның бұл жайында айтқан үзік сырға назар аударайық. (видео )

Ән: «Фариза қыз».

1-жүргізуші:Мұқағали ұлылыққа қазақтың қара өлеңі арқылы жетті. Оның жырларынан қазақтың қасиетті қара өлеңінің құдіреті табылды. Мұқағали поэзиясынан өмірге деген шексіз сезімге толы махаббат үні, қазақ халқының жаны мен рухын, өмірді сүюді, бір адамға қиянат жасамаудан көрінеді.

2-жүргізуші:Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын бола алды. Оның шығармасы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани қуат береді.

Мұқағали өлген жоқ, оның өлеңдері мен өлмес рухы ортамызда.

Ән:

1-жүргізуші:Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдесін.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақыннның өзі

айтқандай Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес. Ендігі кезекте Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге назар аударайық. (видео)


2-жүргізуші: Жырым көп әлі менің жазылмаған,

Кенім көп әлі менің қазылмаған.

Қалдырып болар-балмас қазынамды,

Неліктен бір күні мен жазым болам?!

Құрметті ұстаздар, осымен мектебіміздің оқушылары дайындаған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» деп аталатын әдеби-сазды бағдарламамыз аяқталды.

Ән: «Сарыжайлау» .








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін!

Автор: Нурмаганбетова Кания Смагуловна

Дата: 15.02.2015

Номер свидетельства: 173293

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Воспитательный час на тему «Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін»"
    ["seo_title"] => string(59) "vospitatielnyichasnatiemumienomirdizhyrlauushinkielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "256511"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448157462"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghienmin-2"
    ["file_id"] => string(6) "209238"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431068616"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "«Мен ?мірге жырлау ?шін келгенмін» "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-omirghie-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "182225"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425481630"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "М.Макатаев . Мен ?мірді жырлау ?шін келгенмін ! "
    ["seo_title"] => string(50) "m-makataiev-mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghienmin"
    ["file_id"] => string(6) "209240"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431070082"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства