Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік- адам жанының айнасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге, бауырмалдыққа, кішіпейілділікке,мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайдтар, видео-ролик,стикерлер.
Түрі: Тәрбие сағаты.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ой бөлісу.
Барысы: І)Ұйымдастыру
Психологиялық «Мұғалім тілегі» өз парақшасындағы тілектерді оқушылар дауыстап оқып шығады.
Оқушыларға тақпақ шумақтары берілген, осы шумақтарды өздері құрастыру арқылы топқа бөлемін. І- ІІ топ.
Оқушыларға «Мейірімділік» тақырыбында бейне-ролик көрсетіледі. Осы бейне-ролик арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Бейне-роликтен не түсіндіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалім сөзі: «М ейірімділік»- адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.Мейірімді, қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.Мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның іс-әрекетінен, көзінен көруге болады. Мейірімді адам қашанда сыйлы болады.
2тапсырма. І-ІІтоп. «Мейірімділікті сен көз алдыңа қалай елестетесің?,мейірімділік символы ретінде нені алар едің? Постер қорғау.
Оқушылар жауабын тыңдау.
3-тапсырма.Слайдтағы суреттер арқылы І –топ мәтін құрау, ІІ-топ тақпақ құрастыру.
Сахналық көрініс.Оқушылар көріністерін қояды.
Оқушылардың өлең –тақпақтары.
Қорытындылау « Мейірімділік нұры» жаттығуы. Тақтаға мейірімділік шапағы ілінеді.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек.Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр тартамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
М:Қайырымдылық, қамқорлық,адамгершілік, жанашырлық, адамгершілік, мейірімділік,бауырмалдық, жылылық т.б
Иә, балалар, мейірімділік шапағын жасай отырып өз бойымыздағы мейірімділікті тізбектеп жаздық, осы өздерің жазған мейірімділік қасиеттер бойларыңнан табыла берсін дей отырып, сабағымызды аяқтаймын.