kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Алаш ?айраткерлеріні? тіл туралы ?анатты с?здері" (дарынды о?ушыларды? ж?мысы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алаш ?айраткерлеріні? тіл туралы ?анатты с?здері

 Жа?сы а?ынны? тілі – бал.      (Ш?к?рім)
 Тіл – б?лб?л, с?з б?ла?.   (Ш?к?рім)
 На?ыз т?рік затты халы? тілі – бізді? ?аза?та.   (?.Б?кейхан)
 Елді? т?рмысын, тілін, мінезін білмеген кісі к?ш басын да алып ж?ре   алмайды. (?.Б?кейхан)

 Ма?аланы ?алам ?зі тілегенде жазса – с?з кестелі болады.  (?.Б?кейхан)
 О?у ??ралыны? е? ?лы?ы – бала о?ытат??ын кітап.  (А.Байт?рсын?лы)

      Тіл – адамны? адамды? белгісіні? зоры, ж?мсайтын ?аруыны? бірі. (А.Байт?рсын?лы)
?з тілімен с?йлескен, ?з тілімен жаз?ан ж?ртты? ?лтты?ы еш уа?ытта адамы ??рымай жо?алмайды. ?лтты? са?талуына да, жо?алуына да себеп болатын н?рсені? е? ?уаттысы – тілі. С?зі жо?ал?ан ж?ртты? ?зі де жо?алады. ?з ?лтына бас?а ж?ртты ?осамын дегендер ?уелі сол ж?ртты? тілін аздыру?а тырысады.    (А.Байт?рсын?лы)

     Егер де біз ?аза? деген ?лт болып т?руды тілесек, ?арнымыз ашпас ?амын ойла?анда тілімізді? де са?талу ?амын ?атар ойлау керек.(А.Байт?рсын?лы)
       С?йлегенде с?зді? ж?йесін, ?исынын келтіріп с?йлеу ?андай керек болса, жаз?анда да с?зді? кестесін келтіріп жазу сондай керек.(А.Байт?рсын?лы)
     Халы? ?мірі бір жылдап, он жылдап, х?тт? ж?з жылдап та емес, мы? жылдап саналады. Сондай ?за? ?міріні? ішінде ??р халы?ты? да?дылы т?тынып келе жат?ан с?здері, ол с?здеріні? біріне-бірі жал?асып т?зілетін да?дылы жолы, ж?йесі, ?исыны болады. ??р ж?ртты? т?рінде, т?тын?ан жолында, мінезінде ?андай бас?алы? болса, тілінде ??м сондай бас?алы? болады.  (А.Байт?рсын?лы)
       Біз де тіліміз б?зылмай са?талуын тілесек, ?згелерше ?уелі ?з тілімізбен о?ытып, онан со? бас?аша о?ытуы тиіс.  (А.Байт?рсын?лы)
       Тілді? міндеті – а?ылды? а?дауын а?дa?анынша, ?иялды? ме?зеуін ме?зегенінше, к??ілді? т?йін т?йгенінше айту?а жарау.      (А.Байт?рсын?лы)

     Сауатты адам жаз?анда ?ол да?дысымен жазады.(А.Байт?рсын?лы)
     XX ?асыр?а шейін т?рікті? тілін аздырмай асыл ?алпында алып келген, тіл турасында?ы абырой мен ал?ыс ?аза??а тиісті.     (А.Байт?рсын?лы)
      Тіл білімі ереже жаттату т?рде ?йретілмей, с?зді? т?л?а, ма?ына, ?исын жа?ын тану т?рде ?йрету керек. С?зді? т?л?а, ма?ына жа?ын тану?а керегі жо? н?рселер тіл біліміні? саба?ына кірмеске тиіс.     (?.?араш)

Тіл болмаса, ?лт та болмайды. Я?ни ол ?лт б?тіндей  ?лген, жо?ал?ан ?лт болады.  (?.?араш)

    Жалпы ?нер білімні? ішіне ана тілі болуы да кіреді ??м м?ны? керісінше ана тілі болудан ?лтты? білім ?нері табылады. Ана тілін білмей т?рып, ешбір білім ?нерді тарату?а м?мкін емес.   (?.?араш)
    Е? ?уелі ана тілі ?ажет. Егер ана тілін білмесе?, онда сен ол ?лтты? баласы емессі?. Ана тілін білмей т?рып, ?лт білімін ала алмайсы?. ?лт білімі болмаса, онда ?дебиетті? болмайтынды?ы ?зі-а? белгілі. ?дебиеті жо? ?лтты?, ?нері де ?ршімейді. ?.?араш)
      Тіл са?тау?а м?мкін бол?анда, тіл са?талу?а тиіс. Біз тілімізді ?анша са?таса?, ?лтымызды да сонша са?та?ан боламыз.  (?.?араш)
    ?мытпа?ыз. ?зімізді бас?а ??сас халы?тан айыратын белгіміз бол?ан ана тілімізді білсек ?ана осы ма?саттар?а жетпекпіз.  (?.?араш)
     М?дениетімізді? негізі – білім. Білімге тіл ар?ылы жетіледі. Білімді ж?рттарды? тілі бай болады. (Х.Досм?хамед?лы)
        Сонды?тан о?аша ж?рген елді? ?з еркінде т?р?анда тілі б?зылмайды. Елді? тілін б?затын – к?ршілес елдерді? м?дениетін ?лгіге ал?ан м?дениетті елдерді? ?сері.
                                                                                                     (Х.Досм?хамед?лы)
      Бізді? т?жірибемізде ?аза? тілі – бай тіл. Тек с?здері ?ылым жолына салынып реттелмеген тіл. ?аза? тілі ?ылым жолына салынып реттелсе, ешбір ж?ртты? тілінен кем болатын емес, б??ан илануымыз керек.     (Х.Досм?хамед?лы)
       Елді? тілі б?зылуына е? алдымен о?ы?андары себеп болады. Б?лар жат ?серлерге ба?ын?ыш келіп, ана тілін ?згертуге жол басшы болады.        (Х.Досм?хамед?лы) 
Жат с?здерді ?олдан?анда тілімізді? за?ымен ?згертіп, тілімізге лайы?тап алу керек. Жат с?зді ?згертпей, б?лжытпай алатын жер д?ниеде тіл жо? деп айтса да болады.                                                                                                 (Х.Досм?хамед?лы)
Жер ж?зіндегі езілген ж?рттарды? бірі бізді? ?аза?-?ыр?ыз екені рас болса, б?л ж?ртты те?геру ?шін к?зін ашып, ?нер-білім ?йретіп, ?гіт-насихат тарату ?ажет болса, ?аза?-?ыр?ыз тіліне то?таусыз жол ашып, б?гіннен бастап «тілмаш жо?, мінекей, та?сыр, тілмаш жо? дегізіп, ?аза?-?ыр?ызды енді сандалтпау керек».    (М.Дулатов) 

С?йемін ту?ан тілді – анам тілін,
Бесікте жат?анымда берген білім.
Шыр етіп жерге т?скен минутымнан,
??ла?ыма сі?ірген таныс ?нім.  (С.Торай?ыров)

          ??ркімні? ізіне т?сіп ?у?ан, ?йренген бір ісі болады. Со ісін ол бас?алардан арты?ыра? біледі. Егер о?у, о?ытуды машы?тап, ол о?ытуды? ??м о?ыт?ан н?рселеріні? асыл т?ртібін, т?п негізін аны? білетін кісілер жазу ха?ында ?з пікірлерін т?сінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айту?а жарайды.              (М.Дулатов)
   ?аза? тілін іске асыратын болса?, ?аза? ?дебиетін к?шейтеміз десек, е? алдымен істі? санын салма?тамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол ?шін ?аза?ша деп жазыл?ан с?здерді? ?лгі кемшілігін ??рту керек. Оны ??рту ?шін ?уелі бел кемшілікті? ?андай екенін білу керек.           (М.Дулатов)

     ?лтты? рухты? негізі – ?лтты? тіл. Кешегі Ресей тілімізді? дамуына жол бермеді. Ол кезде бізді? ?лтты? басылымдар шы?ару ???ы?ымыз жо? болатын.  (М.Шо?ай)
          Тіл – тек адам?а ?ана т?н, аса ??діретті ??рал. Сонды?тан тілді ?адірлеуді?, ?рбір с?зді? ма?ынасын, м?нін ??ып, оны орынды пайдалана білуді? м?ні зор. (М.Шо?ай)
          К?не с?зді? б?ріне к?м?нді ?арау?а болмайды. Тіл – халы?ты? перзенті, ол адамзатты? тарихымен ты?ыз байланысты. Заманны? талаптарына с?йкес ?р уа?ытта жа?а с?здер пайдаланудан шы?ып ?алып отырады. Сонымен ?атар ?зіні? бастап?ы ма?ынасын ?згертіп, жа?а ма?ына?а ие болатын с?здер де кездеседі. Б?л – барлы? тіл атаулы?а т?н ??былыс.        (М.Шо?ай)
        Т?ркістанда т?рік ?алады. Оны жо?алту ешкімні? ?олынан келмек емес. Біз б??ан к?міл сенеміз. «Мемлекет аппараттарын ?лттандыру» ж?зеге асырыла ?ал?ан к?нні? ?зінде, бізді? тіліміз ?з жерімізде екінші орын?а ы?ысады. Б?л ретте бізді? ана тіліміз «?лы орысты? рухани м?дениетін таратушы техникалы? ??ралды?» р?лін ?ана ат?аратын болады.        (М.Шо?ай)
      Халы?ты? басы ?осыл?ан орында ?аза? тіліні? ма?ызын, тілін ж?зеге асыратын курстар?а ?олынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халы?ты? ?мтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істі? б?рін жо?арыдан к?тіп отырып, ?зіне берілген ???ы?тарын пайдалана алма?ан ел еш уа?ытта ?атар?а кірмейді.         (М.Т?р?анбаев)
      Езілген, тепкіленген, ?орлы? к?рген, жабы бол?ан, ?айраты сын?ан, ?ам к??іл болып ж?деген, ?аза? азаматтары! Сен б?гін тіріліп отырсы?, сені? тілі? ?кімет тілі болып отыр. Сол ?кіметті? толы? ???ы?ты на?ыз м?шесі болып отырсы?. ?аза?ты? келесі буындарыны? алдында ?здері?е ?ара деген та?ба ?алдырма!   (М.Т?р?анбаев)
      Ана тілі – халы? болып жаса?аннан бергі жан д?ниесіні? айнасы; ?аман ?сіп, ?ніп, т?рлене беретін, м??гі ??ламайтын б?йтерегі. Ж?ректі? тере? сырларын басынан кешірген д?уірлерін, д?ниеге к?з?арасын, нанымын – айманын, ?ай?ысын, ?уанышын, ?ыс?асы жаныны? барлы? тол?ындарын т??ымынан т??ым?а жеткізіп, са?тап отыратын – сол хал?ыны? тілі. (Ж.Аймауыт?лы) 

С?з – ойды? айнасы. Ойсыз с?з – с?з болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу ?атар ж?реді.
                                                                                                       (Ж.Аймауыт?лы)
     Ана тілін ме?геру – с?здерді жаттау, оларды? ж?йесін, ?згеру за?дарын білу ?ана емес, тіл ?йренумен бірге бала тілді? сансыз к?п ??ымдарын, ойларын, сезімдерін, с?лу ?лгілерін, ойлау ж?йесін, ой ф?лс?ф?сін де ме?гереді.        (Ж.Аймауыт?лы)
    Тіл – ішкі сырды сырт?а шы?аратын ??рал. ?р заманда тіл ішкі сырды ?рт?рлі шы?аратын бол?ан.    (Ж.Аймауыт?лы)
     ?аза? тілінде арты?ша ымыра бар: ?аза? тілін бас?а т?ркі тілімен салыстырып тексерсек: ?аза? тілі жат тілдерді? ы?палынан аман са?талып, еркінше ?сіп ал-

?а кеткенін к?реміз.  (Е.Омар?лы)

     Тіл – адам жаныны? тілмашы.   (М.Ж?мабаев)
      Барлы? халы?тар?а орта? с?здерді жатыр?амау керек – деген д?рыс, біра? жат с?здерді жалпы?а бірдей деп, жат т?рінде алу?а болмайды, ?аза? тіліні? за?дарына келтіріп, ?аза?ты? ?з с?зіне ??сатып алу керек.     (Е.Омар?лы)

   Жазуды?, ?дебиеттегі ?ызметі: тілді? ?згерісіне ?сер беру емес, сол ?згерістен ?алмай еріп отыру, - бол?ан ?згерісті ?аттап та?балап отыру.        (Е.Омар?лы)
    Тілді? за?ына келмейтін жат с?здер к?бейіп кетсе, тіл б?зылады, - тілді? негізгі ?асиеттері, т?рлаулы за?дары б?зылады.      (Е.Омар?лы)
    Тіл – м?дени ?ркендеуді? басты факторы. Тіл жо? жерде халы?, біріншіден, ?лтты? бет-бейнесінен айырылып ?алады, екіншіден, рухани, м?дени тоз?ындау?а ?шырайды. Тілсіз, с?зсіз, а?ыл мен ойды ?оз?ай алмайсы?. Ал ой-санасыз с?з жо?. Я?ни, с?йлей білмесе, адамны? хайуаннан айырмасы аз.               (Т.Шонан?лы) 
    Бала тіліні? д?рыс ?ркендеуіні? бірінші шарты – бала?а с?зді б?зып с?йлемеу керек.
                                                                                                                (М.Ж?мабаев)
    ?рбір т?рбиешіні? ?олданатын жолы – ?лт т?рбиесі..?лт т?рбиесі бая?ыдан бері сыналып, к?п буын ?олданып келе жат?ан та?тай жол бол?анды?тан, ?рбір т?рбиеші, с?з жо?, ?лт т?рбиесімен таныс болу?а тиіс. Ж?не ?рбір ?лтты? баласы ?з ?лтыны? арасында, ?з ?лты ?шін ?ызмет ?ылатын бол?анды?тан, т?рбиеші баланы сол ?лтты? т?рбиесімен т?рбие ?ылу?а міндетті.                (М.Ж?мабаев)
     Ана тілі ?айна?ан ?анны?, ?инал?ан жанны?, тол?ант?ан к??ілді?, л?пілдеген ж?ректі? сы?ындысы, онда д?м де, м?н де болу керек.    (С.Торай?ыров)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Алаш ?айраткерлеріні? тіл туралы ?анатты с?здері" (дарынды о?ушыларды? ж?мысы)»

Алаш қайраткерлерінің тіл туралы қанатты сөздері

 Жақсы ақынның тілі – бал.      (Шәкәрім)
 Тіл – бұлбұл, сөз бұлақ.  (Шәкәрім)
 Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.   (Ә.Бөкейхан)
 Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. (Ә.Бөкейхан)

 Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады. (Ә.Бөкейхан)
 Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. (А.Байтұрсынұлы)

  Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. (А.Байтұрсынұлы)
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.    (А.Байтұрсынұлы)

  Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.(А.Байтұрсынұлы)
     Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.(А.Байтұрсынұлы)
  Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.  (А.Байтұрсынұлы)
   Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс. (А.Байтұрсынұлы)
 Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.      (А.Байтұрсынұлы)

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.(А.Байтұрсынұлы)
   XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.     (А.Байтұрсынұлы)
  Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.     (Ғ.Қараш)

Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. (Ғ.Қараш)

  Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.   (Ғ.Қараш)
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді. Ғ.Қараш)
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз. (Ғ.Қараш)
Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.  (Ғ.Қараш)
  Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады. (Х.Досмұхамедұлы)
   Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.
                                                                                                     (Х.Досмұхамедұлы)
  Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.     (Х.Досмұхамедұлы)
  Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.        (Х.Досмұхамедұлы) 
Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.                                                                                     (Х.Досмұхамедұлы)
Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».    (М.Дулатов) 

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім. (С.Торайғыров)

    Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айтуға жарайды.              (М.Дулатов)
   Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.           (М.Дулатов)

 Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын. (М.Шоқай)
          Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор. (М.Шоқай)
          Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр уақытта жаңа сөздер пайдаланудан шығып қалып отырады. Сонымен қатар өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болатын сөздер де кездеседі. Бұл – барлық тіл атаулыға тән құбылыс.        (М.Шоқай)
        Түркістанда түрік қалады. Оны жоғалту ешкімнің қолынан келмек емес. Біз бұған кәміл сенеміз. «Мемлекет аппараттарын ұлттандыру» жүзеге асырыла қалған күннің өзінде, біздің тіліміз өз жерімізде екінші орынға ығысады. Бұл ретте біздің ана тіліміз «ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы техникалық құралдың» рөлін ғана атқаратын болады.        (М.Шоқай)
  Халықтың басы қосылған орында қазақ тілінің маңызын, тілін жүзеге асыратын курстарға қолынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істің бәрін жоғарыдан күтіп отырып, өзіне берілген құқықтарын пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді.         (М.Тұрғанбаев)
 Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің үкімет тілі болып отыр. Сол үкіметтің толық құқықты нағыз мүшесі болып отырсың. Қазақтың келесі буындарының алдында өздеріңе қара деген таңба қалдырма!   (М.Тұрғанбаев)
  Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы; һаман өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешірген дәуірлерін, дүниеге көзқарасын, нанымын – айманын, қайғысын, қуанышын, қысқасы жанының барлық толқындарын тұқымынан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын – сол халқының тілі. (Ж.Аймауытұлы) 

Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.
                                                                                                       (Ж.Аймауытұлы)
  Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсәфәсін де меңгереді.        (Ж.Аймауытұлы)
  Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған.    (Ж.Аймауытұлы)
  Қазақ тілінде артықша ымыра бар: Қазақ тілін басқа түркі тілімен салыстырып тексерсек: Қазақ тілі жат тілдердің ықпалынан аман сақталып, еркінше өсіп ал-

ға кеткенін көреміз. (Е.Омарұлы)

 Тіл – адам жанының тілмашы.   (М.Жұмабаев)
Барлық халықтарға ортақ сөздерді жатырқамау керек – деген дұрыс, бірақ жат сөздерді жалпыға бірдей деп, жат түрінде алуға болмайды, қазақ тілінің заңдарына келтіріп, қазақтың өз сөзіне ұқсатып алу керек.     (Е.Омарұлы)

Жазудың, әдебиеттегі қызметі: тілдің өзгерісіне әсер беру емес, сол өзгерістен қалмай еріп отыру, - болған өзгерісті қаттап таңбалап отыру.        (Е.Омарұлы)
  Тілдің заңына келмейтін жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, - тілдің негізгі қасиеттері, тұрлаулы заңдары бұзылады.      (Е.Омарұлы)
  Тіл – мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз, ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз.               (Т.Шонанұлы) 
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
                                                                                                                (М.Жұмабаев)
  Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. ...Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.                (М.Жұмабаев)
 Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.    (С.Торайғыров)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
" Алаш ?айраткерлеріні? тіл туралы ?анатты с?здері" (дарынды о?ушыларды? ж?мысы)

Автор: Ахметова Агайша Кудайбергеновна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 292018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства