kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?рбие-тал бесік" сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                          Т?рбие – тал  бесіктен  басталады.

            «Отбасында   адам  бойында?ы  асыл ?асиеттер   жар?ырай  к?рініп,  ?алыптасады.  Отан?а  деген  ысты?  сезім -  жа?ындарына, ту?ан – туыс?андарына  деген   с?йіспеншіліктен   басталады .»  Н. ?. Назарбаев.

    Ата – аналарымыз   ?ай  заманда  болсын  т?лім – т?рбиеге   ерекше  к??іл  б?лген,  ?л  мен  ?ызды?  т?рбиесіне  б?лекше  ?ара?ан.

     Егемен  елімізді?  ерте?гі  болаша?ы  -б?гінгі  жас  ?рпа?.  Дені  сау , рухы  таза  ?рпа?  ?сіріп  т?рбиелеу  е?  ма?ызды   да  негізгі  м?селе. Хал?ымыз  «Баланы  бес  жас?а  дейін  патшадай  ?ара» деп  бекер   айтпаса  керек. Жан?я – бала  т?рбиесіні?   басты    институты  ,?йткені  жан?ялы?  т?рбие  баланы?  ?мірге деген  к?з?арасын  ?алыптастырады.   Т?рбиені?   басты  ма?саты –баланы?  жан  д?ниесін   т?сіну,  я?ни,  эмоционалды, интеллектуалды,  эстетикалы?  дамуында?ы  бастауы, ана   тілінде  с?йлеуге  ?йрететін  ал?аш?ы  баспалда?.  ?ыз  бен  ?лды?  тап?ыр, дарынды, ?абілетті   де  а?ылды  болуымен  ?атар  жа?сы  Адам  болып   шы?уын   ата – ананы?  басты   міндеті  деп   сана?ан.  ?лды   -ша?ыра?  иесі,  ата –ана  мен  бауырды?   асыраушысы,  елді?   ?амын  жейтін,  оны?   жо?ын  жо?тайтын  азамат,  ал  ?ызды – отбасы  ?йыт?ысы, ер  азаматты?  сенімді  серігі  етіп  т?рбиелеуді  м?рат  еткен.  ?лды?  да,  ?ызды?  да  кішіпейіл,  мейірімді,  ?ам?ор  да   ?айырымды, е?бек?ор болып  ?суіне  ел  болып  ат  салыс?ан.

  ?азіргі  ?о?ам  ?з  ісіне  мы?ым,  рухани  жан  д?ниесі  бай,  жеке басыны?  жа?ымды  ?асиеттерін  бай?атып,  ал  мінез-??лы?ты?  теріс  жа?тарын тежей  алатын сабырлы  т?л?аны  т?рбиелеуді  талап   етеді.

       Бала  - болаша?ымыз дейміз. Сол  болаша?ымызды?  н?рлы  болуы  - бізді?  б?гінгі  балалар?а беріп  жат?ан  т?рбиемізге  тікелей  байланысты. Бала  ата – ананы? , отбасыны?  айнасы.  «?яда не  к?рсе? – ?ш?анда  со?ы  ілесі?»  дегенді  жиі  айтамыз.  Десек  те,  сол  айна?а  ?ара?ан  сайын  жан  ауыртар  жа?дайлар    к?п  болып  барады.

?ай  елде, ?ай  кезде  болсын  бала  т?рбиесіне  ерекше  м?н   берілген,  хал?ымызды?  арда?ты  азаматы  М?стафа  Шо?ай «?лт   м?дениетінен  ж?рдай  р?хта  т?рбиеленген  ?рпа?тан  хал?ымыз?а  пайдалы  азамат  шы?пайды»  деген   екен. Ендеше, баланы?  бойына  т?лімді  рух,  адамгершілік   ?асиетті  сі?іре  білейік.   «Халы?тан  ас?ан  ?лы  ?стаз  жо?»  дейтін  болса?,  ?лтты?   рухани  м?ралар  -  ?рпа?ты?  рухани – адамгершілік  азы?ын  жетілдіретін  негізгі  ?зегі  болма?.  Рухани  байлы??а  апаратын  жолды?  бірі – білім,  екіншісі – сол  білімді  пайда?а  асыру.  ?андай  да  болсын  адамды?ты,  адамгершілікті  бетке  ?ста?ан  ?о?амны?  ма?саты – ?р  адамды рухани  байлы?  де?гейіне  жеткізу. Б?гінгі  жас  ?рпа?ты о?ытып  ?ана  ?ою  аз,  оны  жан – жа?ты   дамыту, жа?аша  да?дылар?а  т?рбиелеу  ?ажет.  ?лемдік  даму,  ?ылыми  технология   адамны?   ?ш?ыр   ойлы, тере?  білімді,  озы?  т?рбиелі  болуын   талап  етеді.   Б?гінгі   к?ні  бізді?  елімізде  ?лтты?    ж?не   азаматты?   ??ндылы?тарды?  негізінде  жеке  т?л?аны  ?алыптастыру  ж?не  дамыту,  жеке  адамны?  рухани  к?ш – ?уат  м?мкіндіктерін  ашу,  адамгершілік  пен  салауатты  ?мір  салтын   ?алыптастыру  ?шін  ?ажетті  жа?дайларды?   барлы?ы   да   жасалуда. Рухани – адамгершілік  білім  баланы?,  жеткіншекті?  бойына  ?зіні?  жар?ын  болаша?ына  деген  сенімділігін   ?ялатады.  Рухани – адамгершілік  т?рбие   балалы?  ша?тан  бастау  ала  отырып,  адам  ?міріні?  ?р  кезе?дерінде ж?йелі  дами  келе,  т?рбие  ?рдісін  д?рыс  ?йымдастыру   н?тижесінде  рухани  бай,  дамы?ан  жеке  т?л?аны  т?рбиелеуге  ?ріс  ашады.

«Адам  ата- анадан   ту?анда   есті  болмайды, естіп,  к?ріп,  ?стап,  татып  ескерсе,  д?ниедегі  жа?сы,  жаманды  таниды,  сондайдан  білгені,  к?ргені  к?п  бол?ан   адам   білімді,  т?рбиелі   болады»   деп,   Абай   атамыз  айт?андай,  о?у  процесі  кезінде   адамгершілікке   т?рбиелеу  ма?саты  ?р   уа?ытта к?ні  б?гінге  дейін   к?н  т?ртібінен    т?скен   емес.  Сол   адамгершілік    т?рбиені  беруде  м??алім  бала   жаныны?   ба?баны.

?рпа?   ?негесі,  оларды?  адамды?  болмысы   жайлы   ой  тол?ап,  рухани – адамгершілік   білім  беруді  басты  идея   етіп  ?станатын  «Б?бек»   ?орыны?   президенті  С.  Назарбаеваны?  «?зін – ?зі  тану»  авторлы?   ба?дарламасыны?   о?у – т?рбие  ?рдісіне  енгізілуі   адамны?  ?орша?ан  ортаны  танып,  ішкі  жан  д?ниесіне  ??іліп,   адамгершілік  -рухани  ?леуметін   к?теруге  к?мектесіп,   баланы?  ?зіндік   «Менін»   ?алыптастыруда.

Бала – ке?  ?лемдегі  е?  п?к,  е?  таза  асыл  жан. Оны?  ойыны?  тазалы?ы,  арыны?  тазалы?ы   оны   ?орша?ан   орта?а  байланысты   болма?.  Бала  осы   ортаны   ?алай    ?абылдап,  танып   білсе,   оны?  алдынан  ке?  ?лемні?  есігі   де   солай   ашылма?.

Адамгершілік  ж?не  рухани   ??ндылы?тар   ты?ыз   байланысты. Рухани   ??ндылы?тарды? – е? ?айнар  к?зі  адамгершілікке,  моральдік  ?алыптарда,  жаманды?ты,   жаман   ?асиеттерді   жете  білуінде.?аза?  хал?ыны?  ?леуметтік  ?мірінде  ?лкенді  сыйлау   ?лтты?   д?ст?рге  айнал?ан. О?ушыларды  имандылы??а   т?рбиелеу  ?шін   оларды?  ар – ?ятын,  намысын   оятып,  мейірімділік,   ?айырымдылы?,   кішіпейілдік,  ?ам?орлы?  к?рсету,  адалды?,  ізеттілік   сия?ты    ?асиеттерді   бойына  сі?іру    ?ажет. Баланы  ?лкенді  сыйлау?а,  кішіге  ізет  к?рсетуге,  иманды   болу?а,  адамгершілікке   баулу    адамгершілік   т?рбиесіні?   жемісі.

Рухани -  адамгершілік  білім – беру – жас  ?рпа?ты?  бойына  ?мірді?  м?ні,  с?йіспеншілік,  ба?ыт,  сыйласты?,  татулы?,  бірлік,  т?зімділік  сынды   ??ндылы?тарды  дарыту   ар?ылы   адамны?  ?о?амда  ?з  орнын  табуына,  ?абілет –дарыны?  ашыла  т?суіне,  а?ыл –парасатын   дамытуына  я?ни  с?нді  де  м?нді  ?мір   с?руіне  ?ызмет  етеді.

Біз  жан – жа?ты  тере?   білім  беріп,  адамгершілікті?  асыл   ?асиеттерін   ?здіксіз   бала  ж?регіне   ?ялата  білсек,  ерте?гі   азамат,  б?гінгі  жас  буынны?   ?зіндік  к?з?арастарыны?   ?алыптасуына,  айналасымен  араласуына   ы?пал  етері  с?зсіз.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?рбие-тал бесік" сыныптан тыс шара »

Мерзімі :

Сынып: 5

Пән: өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Қыздар тәрбиесі

Мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері :

- ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;

- ерекшелегіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым- қатынастарын дамыту;

- қыздарды нәзіктікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың бір-біріне тілек айтуымен шаттық шеңберін өткізеді. Ұл баланың қыз балаға немесе қыз баланың ұл балаға тілек айтуы балалардың қарым-қатынастарының қалыптасуына көмектеседі.


Отбасындағы қыз бала тәрбиесі

Қазақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі.

Кестелеген жиегін,

Кең даланың гүлдері.


ІІ. Пікіралмасу:

-Пирсина мен кіндік жалаңаштауға қалай қарайсың?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Денені таза ұстау дені сау болудың және аурудың алдың алудың басты шарты. Кіндік жалаңаш көрсетіп жүру дегеніміз ол- белге суық тигізу және кіндікке көз тигізу. Сондықтан кіндікті суық тиюден , тіл-көзден сақтау қажет.

ІІІ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

« Аялдамада» көрініс көрсету

Әңгімелесу:

-Осы көріністен қандай жағымсыз қылықтар көрдіңіздер?

-Айжан мен Айгүлге қандай кеңес берер едіңіздер?

-Дұрыс киіне білу дегнді қалай түсінесіндер?

Дәйексөз

«Қыз –халықтың гүлі, өнер- сауықтың гүлі»

Мақал- мәтелдің мағынасын ашу.

«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»

Медбикенің әңгімесі

-қыздарға тазалық, денсаулық туралы әгімейді

Пікір алмасу

-Денсаулықты сақтау және нығайту дегеніміз не?

-Өз денсаулығымызды сақтау үшін сендер не істейсіңдер?

Ағзаны шынықтыру дегеніміз не?

-Кім немен және қандай спорт түрлерімен шұғылданасыз?

Жүректен- жүрекке

-Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Арулар-алулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар- тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

«Қыз – қылығымен» - дейді атам қазақ Қыздарымыздың инабатты, ибалы, ақылды, үлгілі , өнегелі, өнерлі болуы алдымен ата-анасынан, екінші білім ордасынан басталары хақ. Сондықтан қыздарыммызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына ат салысайық- дегім келеді.

«Қазақ қыздары» әнін айту.

















Ішімдіктен аулақ болайық!.

Мақсаты: оқушыларға жағымсыз әдеттер- ішімдік, сыра құрамындағы адам ағзасына зиянды әсерін көрсету.

Ішімдіктің зиянына слайдтар мен суреттер арқылы көз жеткізу, ой түйіндеп,қорытынды пікір айта білуге баулу.

Тәрбиелік: оқушылардың бойында алкогол ішімдіктеріне деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру, дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,суреттер, брошуралар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тыныштандырып сабаққа дайындау

ІІ. Кіріспе:

Мұғалімнің сөзі:

-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті:

1-бағыт- «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт- «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3- бағыт-«Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ішімдіктен аулақ болайық»

Слайд көрсету: «Акоголдің зияны мен зардабы»

-Маскүнемдік- бұл созылмалы ауру, ол спирттік ішімдіктерді салынып ішу нәтижесінде дамиды. Ішімдік балалар үшін қауіпт у Ол жас ағзаға қатты әсер етеді. Ішімдікке адам тез үйреніп, оның ықпалынан шыға алмай қалуы мүмкін Ішімдікті үнемі қолдану ағзаға үлкен зиян келтіреді.

Слайд: «Сен нені таңдайсың!»

Ішімдік қандай ауруларға әкеледі, нәтижесі туралы айту.

ІІІ. Слайд: «Сыра зиянсыз сусын»

-Сыраның зияны жөнінде мағлұматтар айту:

Сыра – адам баласы ойлап тапқан, аса қауіпті сусын!

Сыра алкоголизмі жасөспірімдер арасында көп таралған Сыраға жасөспірімдердің 75 тәуелді Сыра ішуді жасөспірімдер –ішімдік емес, сыра -мода деп ойлайды, бірақ бұл қате ұғым

ІV Слайд: «Өмірдің қызығы осы ма?»

-Слайд көрсету арқылы маскүнем қандай іс- әрекеттерге баратыны туралы айту: жол апаты, жұмыссыздық, қылмыс, жалғыздық, отбасынан айырылу,азапты өлім

V Слайд: «Осындай болғыңыз келе ме?»

Ішімдіктің ең соңғы сатысы: үйсіз- күйсіз, далада түнеу(«бомж»), қайыр садақа сұрау, достарынан айырылу.

VІ. Слайд: «Есінде сақта!» Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап»

Ішімдіктен қалай бас тарту, «ЖОҚ» деп айта білуге баулу, салауатты өмір сүру салтын ұстану, спортпен шұғылдану, кітап оқу, театрға бару, түрлі секцияларға, кружоктарға қатысу.

VІІ Слайд: «Балалар сізге аманат».

-Ішімдік қолданған жүкті әйелдердің балалары ақыл- ойы кем немесе денсаулығы нашар болып туылады және мына ауруларға душар балады: ойлау қабілеті кем, дене бітімінің жетілуі нашар, буын және қабырға аурулары, жүрек ауруы т.б.

-Әйелдер жүктілік кезінде ішімдікті қаншалықты аз мөлшерде қолданса да бәрібір зардабын тартады.

VІІІ. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

а) денсаулық туралы мақал- мәтел айту жарысы

б) денсаулық, өмір туралы өлең шығару

в) жасөспірімдерге, достарына қандай кеңес берер едіңдер? ІX Қорытынды:

-Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам! Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
































Ішімдіктің алдың алу.

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында негізгі жеті басымдықты, соның төртіншісінде – Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығын атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3- бағытта күрес жүргізу керек дейді:

1-бағыт –«Темекі шегуді тоқтату»

2- бағыт –«Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес».

3- бағыт- «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда.

Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық, адамгершілікке жат мінез- құлық кеңінен етек алуда. Бос уақытын достарымен өткізу жасөспірімдер үшін әдеттегі жағдай. Егер жасөспірімдер тобы қандай- да бір пайдалы іспен бірікпесе, ол іші пысқан кәмелетке толмағандардың «бос» уақыт өткізушілер тобына айналады, міне осындай топ спирттік ішімдік ішудің рақат көзі болып табылады.

Ішімдіктер (этил спирті немесе этанол деп те аталады) әр түрлі жеміс- жидектер, тұқымдардың ашытқысынан жасалынады. Этил спирті – мөлдір әрі түссіз сұйықтық .Ішімдіктердің түстері құрамындағы қоспаларға немесе ашыту процесіне байланысты өзгереді. Ішімдік ішудің басты маңызды себептерінің бірі- көңіл- күйді көтеру.Күнделікті өмірдің ауыртпалығы, үлкенді- кішілі проблемалар, шаршап- шалдығу, қаржының жетіспеуі күйзеліске әкеліп соғады. Маскүнемдікке душар болған адамдар соңында ішімдік ішу қалауын баса алмайды. Ал, бұл қалау маскүнемдіктің тағы бір ерекше, әрі маңызды себебі болып табылады.Ішімдік өмірінің ең маңызды бөлігіне айналғандықтан, адам ешқандай іс- әрекет жасағысы келмей, тек қана ішімдік ішіп, бүкіл жауапкершіліктен қашып, жақындарының берген көмегін де қабылдамайды. Өкінішке орай, маскүнемдердің отбасылық жағдайы бұзылады.

Жол апатына ұшырайтындардың көбісі- ішімдік қолданған адамдар. Яғни, бұл адамдар үшін үй- баспана, жұмысынан айырылу немесе жол апатына ұшырау қауіпі өте көп. Сонымен қатар, ішімдік қолданған адамдар өз- өзіне ие бола алмай, көптеген қылмыстық жағдайларға да ұшырайды.

Көп әрі жиі ішетін адамдар өзінің денсаулығына зиян келтіреді және жақындары мен достарына көптеген келеңсіздіктер тудырады. Алкогольді мөлшерсіз ішуді тоқтатпаған жағдайда жұмыстан, үйден, жанұяңнан, достарыңнан, өміріңнен, тіпті өмірдегі бар қымбат дүниеңнен айырылуға болады. Алкоголизмнен зардап шегушілер ішпейтіндерге қарағанда диабетпен, гастритпен, жүрек ауруымен, бауыр, ұйқы безімен,ми қызметін әлсіретеді, жүйке жүйесін әлсіретеді . Ішімдіктің әсерінен адамның қол- аяғы дірілдеп, сал ауруынан бастап өлімге дейін апаруы мүмкін.

Жастар -болашағымыздың алтын тірегі. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді Жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алу үшін Көктөбе орта мектебінде 20-шы қазаннан-30-қазан аралығында «Алкоголизмнің алдын алу» онкүндігі өтті. Жоспар бойынша 5-8 сыныптар аралығында өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Дюсенбаева Ш. А. «Ішімдіктің зияны мен зардабы» атты семинар сабақ өткізді. 7-8 сыныптар аралығында мектеп медбикесі Мухамедкалиева М. К. «Сыраның зияны» тақырыбы бойынша әңгіме өткізді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Муслимова Р. С. 9-11 сыныптар аралығында «Алкоголь туралы сөйлесейік» атты дөңгелек үстөл өткізді. 5-11 сыныптар аралығында сынып жетекшілер «Алкогольдің алдын алу» тақырыбы бойынша сынып сағаттарын өткізді.
























Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің «Салауатты өмір салты » бағдарламасының СПИД- ке қарсы күрес айлығының

іс- шараларына ақпарат 2014 -2015 жыл

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

1-желтоқсан Бүкілдүниежүзілік ЖҚТБ –ға қарсы күрес күні.

Осы орайда Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде 10- қарашадан -10-желтоқсан аралығында ЖҚТБ – ның алдын алу айлығы өткізілді. Айлықтың мақсаты -оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

1- 11 сыныптар оқушыларына кітапханада «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды. 8- 9 сыныптар аралығында мектеп медбикесі М. К. Мухамедкалиева «ЖҚТБ – ның алдын алу» тақырыбы бойынша оқушыларға дәріс оқып, бірнеше кеңестер берді.

8- 11 сыныптар аралығында «ЖҚТБ XXІ ғасыр індеті» дөңгелек үстөл, «Мен өмірді сүйемін» тренинг, «Денсаулығым - байлығым» атты конференция өткізілді.

9- 11 сыныптар аралығында «Ғасырдың өлім тұзақтары» атты интербелсенді тақта арқылы слайдтар көрсетіліп, зиянды әдеттердің зардабы туралы пікірталас өткізілді.

  1. 11 сынып жетекшілері «Жасөспірім және ЖҚТБ» тақырыбы бойынша сынып сағаттарын өткізді

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушылар арасында спорттық, эстафеталық ойындар, волейболдан, баскетболдан жарыстар өткізді. Белсенді қатысқан командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Салауатты өмір салты» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылды.

Арнайы маманмен кездесу өткізілді «Сенің өмірің – сенің таңдауың» Кездесу барысында оқушылар АҚТҚ/ ЖҚТБ туралы көп мағлұматтар алды.

Айлықтың қорытындысы шығарылып, белсенді қатысқан сыныптар марапатталды.

«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімді. Сондықтан да келешек ұрпақ өзінің еліміздің болашағы екенін жадында сақтап, мемлекетіміздің мәртебесі өз қолдарында екенін ескеріп, оны жоғары дәрежеге жетелей береді деген үміттеміз және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырам

Жастар - болашағымыздың алтын тірегі. Өмірімізді жат әдеттке, зиянды заттарға толтырмай,ағзамыздың тазалығына көңіл бөліп,айқын мақсатқа, биік арманға ұмтылайық. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.







Тәрбие – тал бесіктен басталады.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады .» Н. Ә. Назарбаев.

Ата – аналарымыз қай заманда болсын тәлім – тәрбиеге ерекше көңіл бөлген, ұл мен қыздың тәрбиесіне бөлекше қараған.

Егемен еліміздің ертеңгі болашағы -бүгінгі жас ұрпақ. Дені сау , рухы таза ұрпақ өсіріп тәрбиелеу ең маңызды да негізгі мәселе. Халқымыз «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара» деп бекер айтпаса керек. Жанұя – бала тәрбиесінің басты институты ,өйткені жанұялық тәрбие баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Тәрбиенің басты мақсаты –баланың жан дүниесін түсіну, яғни, эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық дамуындағы бастауы, ана тілінде сөйлеуге үйрететін алғашқы баспалдақ. Қыз бен ұлдың тапқыр, дарынды, қабілетті де ақылды болуымен қатар жақсы Адам болып шығуын ата – ананың басты міндеті деп санаған. Ұлды -шаңырақ иесі, ата –ана мен бауырдың асыраушысы, елдің қамын жейтін, оның жоғын жоқтайтын азамат, ал қызды – отбасы ұйытқысы, ер азаматтың сенімді серігі етіп тәрбиелеуді мұрат еткен. Ұлдың да, қыздың да кішіпейіл, мейірімді, қамқор да қайырымды, еңбекқор болып өсуіне ел болып ат салысқан.

Қазіргі қоғам өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, жеке басының жағымды қасиеттерін байқатып, ал мінез-құлықтың теріс жақтарын тежей алатын сабырлы тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.

Бала - болашағымыз дейміз. Сол болашағымыздың нұрлы болуы - біздің бүгінгі балаларға беріп жатқан тәрбиемізге тікелей байланысты. Бала ата – ананың , отбасының айнасы. «Ұяда не көрсең – ұшқанда соңы ілесің» дегенді жиі айтамыз. Десек те, сол айнаға қараған сайын жан ауыртар жағдайлар көп болып барады.

Қай елде, қай кезде болсын бала тәрбиесіне ерекше мән берілген, халқымыздың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай «Ұлт мәдениетінен жұрдай рұхта тәрбиеленген ұрпақтан халқымызға пайдалы азамат шықпайды» деген екен. Ендеше, баланың бойына тәлімді рух, адамгершілік қасиетті сіңіре білейік. «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар - ұрпақтың рухани – адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты – әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан – жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Рухани – адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады. Рухани – адамгершілік тәрбие балалық шақтан бастау ала отырып, адам өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.

«Адам ата- анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады» деп, Абай атамыз айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны.

Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани – адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «өзін – өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу – тәрбие үрдісіне енгізілуі адамның қоршаған ортаны танып, ішкі жан дүниесіне үңіліп, адамгершілік -рухани әлеуметін көтеруге көмектесіп, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыруда.

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.

Адамгершілік және рухани құндылықтар тығыз байланысты. Рухани құндылықтардың – ең қайнар көзі адамгершілікке, моральдік қалыптарда, жамандықты, жаман қасиеттерді жете білуінде.Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар – ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Рухани - адамгершілік білім – беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет –дарының ашыла түсуіне, ақыл –парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Біз жан – жақты терең білім беріп, адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз бала жүрегіне ұялата білсек, ертеңгі азамат, бүгінгі жас буынның өзіндік көзқарастарының қалыптасуына, айналасымен араласуына ықпал етері сөзсіз.











































Тыныштық сәті.



Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе баяу музыка қолдануға болады:

-Балалар , денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, Көздеріңді жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.













Өзіммен - өзім

Мұғалім тікелей сөйлеп жатқан кезде классикалық музыканы қатар қолдануға болады:

-Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.

Тыныс алу фазаларына сәйкес ойша: «Демді ішке алу, дем шығару, үзіліс», - деген сөзді 3 рет қайталаңдар. Үзіліс жасамай – ақ осылайша тыныс алып, демді ауызбен жай үрлеп шығарыңдар. Осы кезде сыртқа шыққан леппен жағымсыз сезім мен әдеттер бірге кетті деп елестетіңдер.

Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу - ыза», - бірге кетті деп айтыңдар. 5- 10 рет қайталау керек



Тыныштық сәті.

Баяу музыка қою:

-Балалар, көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар:

«Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін».









Өзіммен –өзім

Мұғалім «Өзіммен - өзім» әдістемелік тәсілін Динейк әдістемесі арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыруына болады.

-Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер

«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола бастадым».

«Менде бәрі де жақсы , өзім ойлағандай - мен бақыттымын ».

Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек.Мұғалім оқушыларға тынысты жеңіл ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертуі тиіс.















Өзіммен – өзім

«Өзіммен – өзім » әдістемелік тәсілін төмендегідей ұйымдастыруға болады:

Алдымен оқушылар адамдар бойындағы өздеріне ұнайтын қасиеттерді (жақсылық, әділдік, еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік, ізденгіштік) таңдап алады.

Содан кейін мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, әрбір адамның өмірін «биік шың» деп елестетіп, ол шыңға әркім өз жолымен шыға алатындығын айтады.Біреу бұл жолға еңбексүгіштігімен, табандылығымен, алғырлығымен, төзімділігімен жетсе, енді біреулер білімімен, ізеттілігімен, әдептілігімен, ізденгіштігімен жетеді екен.

Осыдан соң баяу музыка қойылады да, балалар өздері таңдап алған соқпақтары (сүйіспеншілік, адалдық, мейірімділік, әділдік) арқылы өмір шынына шығып бара жатқандықтарын көз алдарына елестетеді.

Содан соң мұғалім өздері елестетіп, таңдаған «Өмір шыңына» апаратын жол соқпақтары туралы әңгімелеп беруді тапсырады.





Өзіммен – өзім

Осы тәсілмен жұмыс кезінде классикалық музыка ойнатып қоюға болады.

Мұғалім оқушыларға көру, есту сезімдері арқылы сұлулық сезімдерін оятатын сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу, ән, музыка, поэзия, күй сықылды өнер әлеміне, өнердің сұлулыққа толы тылсым құдіретінен жан тербейтін ләззат күйін сезіну үшін бір сәт өз қалауларымен өзімен өзі болып, қиялмен сапр шегуді ұсынады.

Балалар өз қалпына келгеннен соң алған әсерлері, сезімдері туралы бір - бірімен ой бөліседі.



Өзіммен - өзім

Мұғалім «Өзіммен - өзім» әдістемелік тәсілін төмендегідей формада ұйымдастыруына болады.

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдыларыңа елестетіңдер, сендердің қолдарыңда өте әдемі айна бар. Абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Адамдар арасындағы бауырмалдық, сыйластық, яғни қарым –қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілін қалдырмауға тырысу қажет.







Өзіммен – өзім

Маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар. Ыстықтан әбден қалжырап , тіпті саусағыңды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Басқа тітіркендіргіштер әсер етпес үшін көзді жұму керек. Алдымен еркін, жайлап тыңыс алыңдар (6-8 рет). Қарныңмен (диафрагмамен) ауаны жұтып, сен сол үрленген леппен аяғыңнан моныңа дейін бүкіл денеңді спираль секілді бүркемелеп алғандай ойша елестетіңдер. Осы жаттығуды 6-8 рет қайталап,дем шығарғанда ойша: «Мен өз сезімімді ұнамсыз эмоциялардан арылттым», -деп айтыңдар. Одан кейін екі рет дем шығарғанда : «Енді мен ұнамсыз эмоциядан арылдым», - деп айт.Жаттығуды жасап болғаннан кейін, денелеріңді босаңсытыңдар. Көздеріңді ашып, жақсы нәрселерді естеріңе түсіріп, айналаға күлімдей қараңдар.







Өзіммен – өзім

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.

Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат – шадыман, бір – бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екне.

Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен.

барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп -мөлдір, тап - таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.

Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, күкөріс қамымен де бір – бірін ренжітпейді, бір – біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді.

Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай – бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.

Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі.

Бірақ өз тұрған жерінді осындай рақат, жанға жайлы, бейбіт мекенге айналдыруға болады екен. Ол әркімнің өз қолында екендігі белгілі.

Онда сендер өз айналаңды осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.

Енді көз алдыларына елестетіңдер.

Мұғалім жанға жайлы музыка қоюына болады. Содан соң мұғалім өздері елестетіп, армандаған, ойлаған ойларын баяндап берулерін сұрайд



Өзіммен – өзім

Оқушылар жайланып отырады. Жұмыс кезінде ырғақты музыка әуені естіліп тұрады.

Мұғалім оқушыларға «Мен қандай адами қасиеттерді бойыма сіңірдім? Мен үшін басты құндылық не болмақ? Менің қандай қалауым бар? Менің тап қазіргі және жуық арадағы мақсаттарым қандай? Өз келешегімді қалай елестетуге болады?» деген сауалдар турасында ойға шомып, өзімен – өзі сұхбаттасуға шақырады.

Оқушылар тапсырманы орындап, бастапқы қалыпқа келген соң, қалаулары бойынша өз ойларын ортаға салуларына болады.











Өзіммен – өзім

«Өзіммен - өзім» әдісімен жұмыс кезінде әсем музыка әуенін қоюға болады.

Оқушылар жайланып отырады. Көздерін жұмса да болады.

Мұғалім оқушыларға ойға беріліп, қиялдарын шарықтатып, туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады. Мұғалім оқушылардың туған жердің көркем де әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, еліміздің экологиялық ахуалын қалай жақсартуға болатынын, қандай нақты шаралар жасау керектігін, өздерінің қандай ұсыныс немесе жоба ұсынатындарын ойлануды тапсырады.

Оқушылар бастапқы қалыпқа келген соң өз ойларын ортаға салып, ұсыныс немесе жобаларын жария етеді.





Өзіммен -өзім



«Өзіммен - өзім» әдістемелік тәсілін мынадай бағытта ұйымдастыруға болады. Мұғалім күйтаспадан баяу, даусы бәсең әуен қосады да, балалардың көздерін жұмып, ыңғайланып отыруын сұрайды. Оқушыларға жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін тыныс алу керектігін ескерту керек. Өзі баяу ғана:

«Мен өзімнің бес жылдан кейінгі өмірімді көріп отырмын. Менің ата – анам, достарым, туған – туысқандарым да біршама өзгерген. Жаңа достар, жаңа орта, жаңа таныстар арасында мен қуанышқа бөленіп тұрмын. Мен өз өміріме ризамын . Осындай өмірге жеткізген ата – анама, достарыма, ұстаздарыма алғысымды айтамын. Ал енді көздеріңді ашыңдар, бүгінгі сабаққа ораламыз», - мұғалім балаларды сабақты жалғастыруға шақырады.







Өзіммен –өзім

Мұғалім оқушыларға өкпе, реніштің зиянын ұғындыру мақсатында «Өзіммен - өзім» әдістемелік тәсілін төмендегідей мазмұнда ұйымдастыруына болады.

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және сонан соң аз үзіліс жасаңдар. Енді ойша әрқайсысың өздеріңді режиссер немесе актер ретінде сезініңдер. Өзіңнің өкпе – назың туралы бірінші трагедиялық фильм жасап көр. Одан соң комедиялық жанрдағы фильм түсіріп көр. Өз ойыңмен және сезіміңмен бөліс.

Мұғалім балалар ойланып отырған кезде классикалық музыка қойып, жайлы жағдай туғызуы керек.





Өзіммен – өзім

Әр баланың өз бойындағы туған жерге деген сезімдерін сезіндіру мақсатында мұғалім үнтаспадан құстар дауысын тыңдатып, релаксациялық тәсілді төмендегі бағытта ұйымдастыруы мүмкін:

-балалар, денелеріңді бос ұстап, еркін тыныстаңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді туған жердің таза ауасында, туған елдің төсінде жүрміз деп елестетідер. Айнала сұлулыққа толы. Біз өз мекеніміздің көркем табиғат аясында таза ауамен дем алып, таза суын ішіп, өз жүрегіміздегі туған жерге деген ыстық сезімімізді табиғат анаға аялы алақанымызбен білдіргіміз келіп, гүлдерді, шөптерді сипап қоямыз. Айнала ұшып жүрген құстар да біздің аялы қолымызға қонғысы келгендей, шырылдап, жер бауырлап ерсілі - қарсылы ұшады.

Ал енді көздеріңді ашып, еркін отырыңдар. Туған жердің табиғатын қалай сезінгендерің туралы айтып беріңдер.









Өзіммен – өзім

Мұғалім баяу сазды әуен қосып қояды да, оқушылардың іштерінен сабырлы болу жолдарын ойлауды тапсырады. Мәселен: «Менің сабырлы, ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Ақырын басып, баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай жарасымды, тартымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды».













Өзіммен – өзім

Бұл релаксациялық тәсіл оқушыларға табиғат сұлулығын сезіндіру арқылы адамдардың бойында шабыт , құлшыныс пайда болатынын байқату мақсатында өткізіледі. Мұғалім әсерлі музыка үнімен сабақтастырып, «Өзіммен -өзім» әдістемелік тәсілін төмендегі бағытта жүргізуге болады:

-Балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күзгі күннің шуағы да ерекше. Алыстан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жайқалған жасыл шөптердің де реңі өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал қалың терек арасында өскен көк - жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, ұшбұрыш түзеп, жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа ерекше шабыт, қуат алғаныңды сезінесің. Табиғаттың өзіне ғана емес, барша тіршілік иесіне сый жасайтынын түсініп, ерекше қуанышқа бөленесің.

Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Мұғалім оқушылардың «Өзіммен - өзімде» көз алдарына елестеткен табиғат ғажаптары , алған әсерлері туралы өз ойларын ортаға салып, айтып беруіне, суреттер салуына немесе өлең құрастыруына ұсыныс жасауына болады.













«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңді - өзің түсіну».

Әл – Фараби



«Жақсы мінез -бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы».

Халел Досмұхамедұлы



«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек».

Виктор Гюго



«Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы».

Уильям Гэзлит



«Жақсы сөз - жарым ырыс

Халық мақалы

«Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!»

Кабуснама

«Жақсы адам жолдасынан белгілі».

«Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады».

«Бітер істің басына,

жақсы келер қасына».

«Жақсы адам - елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның тынысы»

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді».

В. Г. Белинский



«Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды».

Байрон

«Сүйіспеншілік - жүректен»

Ш. Құдайбердіұлы

«Махаббатсыз тіршілікте мән жоқ».

И. Гете

«Махаббатсыз дүние - бос».

А. Құнанбаев



«Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілесің»

Халық мақалы



«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі»

І. Омаров



«Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді».

Халық мақалы.



«Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса - нұсқа»

Халық нақылы

«Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер».

С. Сараи.



«Көп ойлап жақсы сөйле - нұсқа болсын,

Сұраса - жауабың да қысқа болсын».

Ж. Баласағұни

«Текті сөз текке айтылмас,

Кекті сөз көпке айтылмас».

Мақал.

«Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,

Құрбыңды өзіңе тең басып өтпе».

Шал ақын

«»

«Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен».

А. Йүгінеки

«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді».

Халық мақалы

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді».

Л. Н. Толстой

«Жақын адамдардың , достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі».

М. Жұмабаев

«Ұстамдылық - әдептің ұстазы, Ұстамсыздық -әлектің нұсқасы».

Халық нақылы

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ».

Ш. Уәлиханов

«Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екнін және оның қайдан шығатынын білгін».

Кабуснама

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар».

Ш. Уәлиханов

«Барлық өмір қуанышы - шығармашылықта».

Р. Роллан

«Ізденіс - шығармашылық бастауы».

Халық нақылы

«Шабыт - шығармашылықтың нақты құралы, сүйіспеншіліктің дәнекері, ұзақ өмірдің арқауы».

А. Богомолец

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты».

А. Шопенгауер

«Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат - мүддесі жақсылыққа бағытталған болса , оған іс – әрекет арқылы қол жеткізе білсе, ол ең үлкен жақсылық».

Аристотель

«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз».

М. Жұмабаев

«Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары - ізденген мәңгі сана

Өзіңді - өзің таңысаң – істің басы;

Түзеген өз ғаламын болған дана»

Әл – Машани

«Жаман әдеттен құтылуға,

Жақсы әдетті табуға шара бар.

Ол шара – табандылық, қажырлылық.

Қажет қасиеттің бірі, өзіне – өзі сенімділік».

Ж. Аймауытов

«Жүректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағың,

Енді қайда барасың».

Омар Һайям

«Сырты сұлуға көз қызығады,ішкі сұлуға жүрек қызығады».

Ғ. Мұстафин

«Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды». Ж. Баласағұни

«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ – жүректен шығады».

Ш. Құдайбердиев

«Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле....».

А.Йугінеки

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің».

Халық нақылы

«Игілік - басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ».

Халық мақалы

«Бірлік, ынтымақ - байлық, бақ».

Халық мақалы

«Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі».

И. Гете

«Таза болса, табиғат

Аман болар адамзат!».

Ф. Оңғарсынова

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір».

Әитеке би

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі».

Т. Карлейль

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады , олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек».

Ш. Құдайбердіұлы

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді». Ғ. Мұстафин

«Әділ болсаң - қараға –ақ, аққа - жақ,

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!»

Ж. Баласағұни

«Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді – өзің зертте».

Конфуций

«Жақсы деген кісінің

Алды - арты бірдей жарық болар,

Жақсы деген ісіңнің

Бас – аяғы бірдей анық болар...»

Бөлтірік би

«Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, салт- дәстүрі».

М. Жұмабаев

«Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз,

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға

Айтып, тарата білген елміз».

Қазыбек би

«Өзін –өзі тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі».

С. А. Назарбаева

«Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма – жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі – тұл.»

Абай

«Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ».

Абай

«Ештеңе де өзінен – өзі, ерік – жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі , соның ішінде берік адамның еркі - ғаламат күш».

А. И. Герцен

«Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады».

Г. Құрманбай

«Бақыттың мәні парасаттылықта , әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез – құлқын, іс – әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында».

Әл – фараби

«Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі - бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу».

І. Есенберлин

«Өмір - теңіз

жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».

Рудаки

«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».

А. Құнанбаев

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый».

М. Әуезов

«Өзінің айналасындағы жора – жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді».

Альфред Адлер

«Алдымен ізгі ниеттерге, ал содан соң даналыққа үйрен, өйткені алғашқысыз соңғысына үйрену қиын».

Сенека

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра».

Джон Кеннеди

«Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!»

М. Шаханов

«Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың».



«Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат».

Халық нақылы

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны».

Ш. Айтматов

«Жер - ана жомарт ана тер төккенге».

Халық нақылы

«Ғаламның ғажайып сыры - адамда».

Ч. Дъюк

«Ғаламды тану - адамды тану».

Ш. Айтматов

«Дәстүрін ел - жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата - баба салтын сақтап».

Халық нақылы

«Ата салтың - ұлттық қалпың».

Халық нақылы

«Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар».

Р. Гамзатов

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».

Халық нақылы

«Жаңа астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын».

Н.Ә. Назарбаев

«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ».

Ғ. Мүсірепов

«Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста».

Ы. Алтынсарин

«Мейірім, Ынсап, Әділет,,

Шыдам, Шыншыл, Харекет,

Түп қазығы - Ақ ниет».

Шәкәрім

«Өзіңе сен, өзіңнің күшіне сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең».

Ә. Тәжібаев







Өзін- өзі тану – өмірді тану.

Өзін –өзі тану пәннің мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үніліп, өзін – өзі тану негізінде, адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру.Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы , үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының төрайымы Сара Алпысқызының «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасы біздің мектепте пән ретінде жүргізіліп келеді. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасы жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Сабақ жүрек, сезім арқылы өтеді. Сабақта үйлесімділікке жол ашылады. Бұл бірін – бірі қолдау, оқушы мен мұғалімнің бірін – бірі жетілдіруі, ішкі дүниесінің не айтып тұрғанына құлақ түруі, өз ақылыңды біреуге тықпаламау, өзгенің көзқарасына ілтипатпен қарау сабағы.

«Өзін – өзі тану» пәні – баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

«Өзін – өзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, бағалай білуге, өзінің эмоциялық көңіл – күйі мен мінез –құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге, мүмкіндік туғызу. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген .Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рақымшылықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады.»Өзін- өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретеді. Түрлі тақырыптағы әңгімелер жүректі тебірентіп, сезімді толқытады. Әрбір әңгіме, ертегінің, өлеңнің, әннің өзіндік ерекшеліктері мен терең мағынасы бар. Ешкімге жамандық ойламау, өзімшілдіктен аулақ болу қолыңнан келіп тұрса, адам баласына жәрдем жасау , үлкенді құрметтеуге, бір – бірін сыйлауды үйретеді.Осы үдерісте білім алушылар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы айтады, оларға талдау жасайды және адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзін және басқаларды тыңдауға, оларға ізгілікпен және шыдамдылықпен қарым – қатынас жасауға дағдыланады. Жақсылық жасау - адамның

















































Ел Анасына арнаймын

А. Амангелдина

Қолдау беріп қасиетті Алашы

Қазағымның қыз да болса дарасы.

Ұлы тұлға ұлылығын дарытып,

Жетімдердің бола білген панасы.

Жас сәбидің жетелеген арманын

Жүрегіңмен жолға салып жалғадың















Бекітемін:

Мектеп директоры

Зилькенов С. О.

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілетін «Өзін – өзі тану:

« Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің

жоспары

02 02. 15ж -12.02.15ж

Іс-шара атауы

Өтілетін күні

Өткізу формасы

Сынып

Жауапты

«Өзін –өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» жоспарымен таныстыру

02.02.15

Мектеп радио КZ торабы

  1. 11

Аға тәлімгер Бейсекова Ш. М.

«Мейірім төгетін ана»

03.02.15

Кітап көрмесі

2-11

Кітапханашы Тлеумова О. К.

«Жүректен - жүрекке»

04.02.15

қайырымдылық акциясы

1-11

Спонсорлар

«Отбасындағы қарым- қатынас мәдениеті »

05.02.15

пікірталас


Оразбаева З. С.

Отбасы жарастығы

06.02.15

танымдық сабақ

5

Өзін –өзі тану мұғалімі Ш. А. Дюсенбаева

«Әкем, шешем және мен» отбасылық сайыс

07.02.15

Эстафеталық ойындар

2-4

5-7

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

«Достық татулықтан басталады»

09.02.15

Сурет және қолөнер көрмесі

2-4

5-7

Бейнелек өнері және технология пәндері мұғалімдері

«Қызығы толы бұл әлем»

10.02.15

танымдық сабақ

2-4

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Бектурова С. Р

« Мейірімділік әлемінде »

11.02.15

дебат

8-11

Оразбаева З. С

«Алтын жүрек анамыз»

11.02.15

мәнерлеп оқу сайысы

2-4

5-11

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

«Күн шуағым - отбасым »

12. 02.15

сынып сағаттары

2-11

Сынып жетекшілер

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытындысы

12.02.15

Концерттік бағдарлама

2-11

Муслимова Р. С, Бейсекова Ш. М




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Т?рбие-тал бесік" сыныптан тыс шара

Автор: Дюсенбаева Шынар Акановна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169848


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства