kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Фариза – поэзия падишасы» м?нерлеп о?у сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                           Саба?ты? та?ырыбы: «Фариза – поэзия падишасы»

                                           Саба?ты? максат – міндеттері: Білімділігі:    

                                           О?ушылар?а  

                                            ?аза? а?ыны, халы? жазушысы,  журналист  Фариза   

                                           О??арсынованы? ?мірі,  шы?армашылы?ы  туралы

                                           м?ліметтер беру.

                                           Дамытушылы?ы:  Оны? шы?армаларын д?ріптеу, ?зіндік ерекшеліктерін аны?тау. Балалар?а поэзияны с?юге, т?сіне білуге да?дыландыру. М?нерлеп о?у да?дыларын жетілдіру.

Т?рбиелілігі: А?ынны?  ту?ан  жерге,  елге даген с?йіспеншілігін жеткізу. Поэзия?а, Отан?а, тілге м?дениетке, ?аза? хал?ына деген с?йіспеншілікті арттыру.

Саба?ты? к?рнекілігі: А?ынны? суреттері, кітаптары, слайд, буклеттер.

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?.

Саба?ты? ?діс – т?сілі: м?нерлеп о?у.

Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і:

7 «А» сынып о?ушысы: Бердіханова Меруерт

7 «?» сынып о?ушысы: Сала?баева Г?лназ

7 «Б» сынып о?ушысы:  Дауылбаева Асемай

7 «В» сынып о?ушысы: Мусабекова Г?лмайса

7 «Г» сынып о?ушысы: ?ойлыбаева Ба?тыг?л

7 «?» сынып о?ушысы: Ме?ді?алиева М?лдір

7 «Д» сынып о?ушысы: К?небаева Ж?лдыз

?діл ?азылар ал?асыны? т?райымы: А?жігітова Тамара

М?шелері: Т?леген Ба?ыт, Изтур?анова Алия, Т?леген ??ралай, Са?ынды?ова Эльмира

Кіріспе с?з:  ?айырлы кеш, ?ымбатты ?она?тар, жинал?ан ?ауым! ?аза?станны? Халы?  жазушысы Фариза О??арсынованы? ?ле?дерін м?нерлеп о?у сайысына  ?ош келді?іздер!

           ?аза?  хал?ы  орны толмас ?аза?а душар болды. А?иы? а?ын, халы? жазушысы  Фариза О??арсынова 2014 жылы 23 ?а?тарда  д?ниеден озды. ?аза?ты? б?тіндігін ойлап, т?тасты?ын арман еткен жыр алыбы, бірегей а?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ын елімізді? м?дениет ?айраткерлері, танымал т?л?алар ерекше ?имасты?пен еске алады.

        Шын ?нер жайшылы?та емес, жан д?ниені? ?айшылы?ында туады. Ал дарын- Алланы?  айры?ша мейір – шапа?аты  т?скен пендесіне ?иял – ?ажайып   н?ры.  Ата  к?ші, Ана с?ті, киелі топыра?ты? жебеуі, ?мір с?рген ортасыны? демеуі, тірлікті? то?сан тарау иірімі, жаны?а жайлы адамдарды? мейірімі сол н?р иесін ?айталанбас т?л?а ?ып ?алыптастырады. Бізді? ?аза? елі киелі, ?лы т?л?алар?а кем емес.     

       Соларды? бірі – ж?ректерді  жан жылуымен ерітіп, поэзия ?леміні? биік шы?дарын ?з еркіне ба?ындырып,  ?иял?а ?анат сермеген Атырауды? ару а?ыны, ?аза? ССР Жо?ар?ы Ке?есіні? ??рмет грамоталары мен «??рмет белгісі», «Парасат» ордендеріні?  иегері,  М?дени а?арту ісіне е?бегі сі?ген ?ызметкер, ?аза?стан Парламенті М?жілісіні? депутаты бол?ан халы? жазушысы Фариза О??арсынова. 

         Фариза О??арсынова 1939 жылы 25-желто?санда Атырау облысы Новобогат ауданыны?  Манаш ауылында д?ниеге келген. Нарын ??мыны? арасында, асып – тас?ан  байлы?ы болмаса да ?зіндік д?улеті бар отбасында д?ниеге келген. ?кесі еліне сыйлы, ашы? – жар?ын  адам бол?ан. Ол ?кесіне арнап к?птеген ?ле?дер шы?ар?ан. Фариза  ?кесінен  жастай  ?алып,  анасы  Халиманы? т?рбиесінде болады.  Анасы  к?п с?йлемейтін, с?йлесе ма?алдап с?йлейтін, аса а?ылды, рухани ?уатты, с?лу адам бол?ан. Фариза анасы ар?ылы ертегі, а?ыздарды кішкентайынан бастап ??ла?ына ??йып ?седі.  

Б?кіл Алаш ж?рты ?зіні? ?рісі б?лек, ?аза?ты? жырын ?лкен ?лемдік биікке к?терген,  ?аза?ты? жырын ?зіні? мына шынаша?тай дене жаратылысына ?арамай, алып ж?регімен, ?лкен ойыны? ке?істігіні? шал?арлы?ымен, с?зіні? ?айталанбайтын ?рнегімен бір ерекше биікке к?терген т?л?асын жо?алтып отыр. 

«Рух жанартауы»,  «?жеттік ?айнары»  атан?ан Фариза ?ашанда ?мір шынды?ын, а?и?атты жырлады. Ол ?з туындыларында безб?йрек, ?зімшіл, ?рк?кірек пенделерді? тіршілігіне сын к?збен ?арап, о?ырманын с?йкімсіз, с?мпайы мінезден аула? болу?а ша?ырды.  
         Фариза апамызды? а?ынды?ы ?з алдына бір т?бе, азаматты?ы ?з алдына бір т?бе, жалпы ?о?амда?ы кез – келген  м?селеге ?зіні? а?ынды?, азаматты? ойын айтып отыратын кісі еді. Кейде батылы барып, батырып айтатын т?стары да аз емес болатын.

        Барша ?аза?ты? жырын жырлап, м??ын м??да?ан а?ын отты жырларын н?зік лирикамен ?йлестіре білді. ?йел болмысын, жан д?ниесін Фаризадай с?йсіндіре жаз?ан ?аза? а?ыны кемде – кем.

        Орысты? ?лы сыншысы  Белинский айт?андай «?мір с?ру дегеніміз - сезу, ойлау, ?уану ж?не ?ай?ыру» дегендей, Фариза апамыз ?мірді с?ре білді. Себебі, ?р ?ле?індегі ?рбір с?з сезімнен ??ралды. 

        Фариза О??арсынова т?уелсіздік  жолында?ы  сі?ірген  жан?иярлы?  е?бегімен де ел есінде ?алары даусыз. Ол кісі ?аза?стан Республикасы Парламенті М?жілісіні? депутаты бол?ан,   халы?ты?  к?кейінде  ж?рген  т?йткілдерді  батыл айта  білді.  Ширек  ?асыр  бойы  ?дебиетпен  біте  ?айнас?ан  а?ынны? шы?армашылы?  м?расын таразылау ісі ?лі алда. ?аза? руханияты ?шін поэзия падишасы – Фариза  О??арсынованы? енді м??гілік ?мірі басталды.  

 ?ркімні? ту?ан жері, ту?ан ?лкесі бар. Ту?ан жерге, ту?ан елге деген махаббат ?р адамны? ж?регінен орын алады. О?ан а?ындар ?ле? жазса, сазгерлер ?н арна?ан. Сол сия?ты Фариза да ?зіні? ту?ан жерге деген ысты? ы?ыласын ?з ?ле?дері ар?ылы бере білді.

«Ауыл десе, жайлайды жанымды ?міт,

Сонда ?ана атардай та?ым к?ліп.

Жасыл шарды? бетінде жал?ыз но?ат

Мені м??гі тартатын са?ындырып.»деп ту?ан ауылына деген махаббатын білдіреді.

Фариза ?ле?дері о?ырмандарды? жан азы?ына айнал?ан ?ымбат д?ние. Ол – м??алім  ?шін т?рбие ??ралы.  К?ркемс?з майданында а?ын?а,  жазушы?а т?н ерлік,  батылды?,  адалды?,  ?лтжандылы?,  намыс?ойлы?  сия?ты адамгершілік – азаматты?   ?асиеттерді? ас?ар биігінен к?рінген а?ын. Фариза жырлары кейінгі ?рпа?ты ар – намыс?а,  ерлікке,  н?зіктікке,  ананы,  ?кені,  ту?ан жер,  адамзатты с?юге бастап апаратын а? жол іспетті.

А?ынны?  беріліп,  шабытпен  ке?  жырла?ан  та?ырыбы – махаббат, с?йіспеншілік.  А?ын  жырлары  ал?аш?ы  сезімді,  ??мартуды,  адамны? басында?ы  кейбір  с?тсіз  сезімдер,  біреуі  с?йіп,  екіншісі  с?ймеген, біреуі адал екіншісі опасыз сия?ты ??лап – жы?ылу  с?ттерін бейнелейді. Ал?аш?ы махаббатты? алауына ?ртенген жастарды? сезіміне, ?сіресе ?ыз баланы? ал?аш?ы сезіміне а?ынны? махаббат лирикасы шипа ем, жанына дауа болары аны?.

Ф. О??арсынова – биік  сезімні? а?ыны. Оны? к??іл – к?й  ыр?ына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан.  Б?гінгі адам жанына, сезіміне о?ыс ?сер ететін жа?дайларды? к?птігі ?лгендерді? ?ана жанын ауыртпайды. Фариза к??ілін жайла?ан адалды?, ?семдік, жа?сылы?ты ?ана м?рат т?т?ан арман – тілек  к?нделікті ?мір ?айшылы?тарымен ?йлесімге келмейді де, а?ын сезіміне кері ?сер етеді.

         Фариза апамызды? ?ле?дері ?р ты?даушыны? ж?регіне тере? ой салып шабыттандырады. ?аншама жанды ?ара ?ле?мен ж?батып, халы?ты? с?йіспеншілігіне б?леніп ж?рген сондай ?айталанбас т?л?а, поэзия падишасы а?ын Фариза О??арсынова адалды?, намыс?ойлы?, жаны да, ары да таза  ерлерге лайы? биіктерде ?ана к?рінген а?ын, ?ашанда сол биігінен к?ріне берсін дейміз.

Саба?ты? кезе?дері:

І кезе?: А?ынны? ?ле?дерін ?а?аз бетіне жазып, ?діл ?азылар ал?асыны? алдына алып барады.

ІІ кезе?: Сайыскерлер реттік н?мірлерін аны?тайды.

ІІІ кезе?: ?діл ?азылар ал?асы ?а?азда?ы жазыл?ан а?ынны? ?ле?дерінен бірін та?дап, сайыскерге сол ?ле? жолын айтуын с?райды.

І? кезе?: ?орытындылау, же?імпаз о?ушыны аны?тау

?орытындылау:  ?орыта айт?анда, Фариза а?ынны? адам жанын бірден баурап алатын н?зік сырлы, ж?рек елжіретер ?ле?дері кеуде?ді к?йсанды? сазындай к?йге толтырып, ой - сана?ды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Са?ла? а?ынны? жау?ар жырларын б?кіл ?аза? жаппай о?ып, жаттап ж?р десек, асырып айт?анды? болар еді. Ал оны? отты ?ле?дері барша ?аза?ты? жырын жырлап, м??ын м??дау?а арнал?анды?ын айтса?, ?рине, ?ателеспейміз.

      ?адірлі ?она?тар! Осындай жан д?ниемізді байытатын, ?инал?анда рухани байлы?ымызды ке?ейтетін поэзияны? падишасы болып, халы?ты? с?йікті а?ыны болып ж?рген, ?мірін ?ле? деп ???ан, ?аза? жырында ?зіндік а?ынды? ?лемімен аты шы??ан ?аза?станны? халы? жазушысы Фариза апамыз?а арнал?ан кешіміз де 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Фариза – поэзия падишасы» м?нерлеп о?у сайысы »





№21 орта мектеп


















«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі

қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл

өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев











2013/2014 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Фариза – поэзия падишасы»

Сабақтың максат – міндеттері: Білімділігі:

Оқушыларға

қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза

Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы

мәліметтер беру.

Дамытушылығы: Оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Балаларға поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Ақынның туған жерге, елге даген сүйіспеншілігін жеткізу. Поэзияға, Отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреттері, кітаптары, слайд, буклеттер.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: мәнерлеп оқу.



Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

7 «А» сынып оқушысы: Бердіханова Меруерт

7 «Ә» сынып оқушысы: Салақбаева Гүлназ

7 «Б» сынып оқушысы: Дауылбаева Асемай

7 «В» сынып оқушысы: Мусабекова Гүлмайса

7 «Г» сынып оқушысы: Қойлыбаева Бақтыгүл

7 «Ғ» сынып оқушысы: Меңдіғалиева Мөлдір

7 «Д» сынып оқушысы: Көнебаева Жұлдыз



Әділ қазылар алқасының төрайымы: Ақжігітова Тамара

Мүшелері: Төлеген Бақыт, Изтурғанова Алия, Төлеген Құралай, Сағындықова Эльмира

Кіріспе сөз: Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! Қазақстанның Халық  жазушысы Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Қазақ халқы орны толмас қазаға душар болды. Ақиық ақын, халық жазушысы  Фариза Оңғарсынова 2014 жылы 23 қаңтарда дүниеден озды. Қазақтың бүтіндігін ойлап, тұтастығын арман еткен жыр алыбы, бірегей ақынның өмірі мен шығармашылығын еліміздің мәдениет қайраткерлері, танымал тұлғалар ерекше қимастықпен еске алады.

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың  айрықша мейір – шапағаты түскен пендесіне қиял – ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес.

Солардың бірі – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова. 

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының  Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып – тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық – жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.  

Бүкіл Алаш жұрты өзінің өрісі бөлек, қазақтың жырын үлкен әлемдік биікке көтерген, қазақтың жырын өзінің мына шынашақтай дене жаратылысына қарамай, алып жүрегімен, үлкен ойының кеңістігінің шалқарлығымен, сөзінің қайталанбайтын өрнегімен бір ерекше биікке көтерген тұлғасын жоғалтып отыр. 

«Рух жанартауы», «Өжеттік қайнары» атанған Фариза қашанда өмір шындығын, ақиқатты жырлады. Ол өз туындыларында безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің тіршілігіне сын көзбен қарап, оқырманын сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуға шақырды.  
Фариза апамыздың ақындығы өз алдына бір төбе, азаматтығы өз алдына бір төбе, жалпы қоғамдағы кез – келген мәселеге өзінің ақындық, азаматтық ойын айтып отыратын кісі еді. Кейде батылы барып, батырып айтатын тұстары да аз емес болатын.

Барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдаған ақын отты жырларын нәзік лирикамен үйлестіре білді. Әйел болмысын, жан дүниесін Фаризадай сүйсіндіре жазған қазақ ақыны кемде – кем.

Орыстың ұлы сыншысы Белинский айтқандай «Өмір сүру дегеніміз - сезу, ойлау, қуану және қайғыру» дегендей, Фариза апамыз өмірді сүре білді. Себебі, әр өлеңіндегі әрбір сөз сезімнен құралды. 

Фариза Оңғарсынова тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де ел есінде қалары даусыз. Ол кісі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған,  халықтың көкейінде жүрген түйткілдерді батыл айта білді. Ширек ғасыр бойы әдебиетпен біте қайнасқан ақынның шығармашылық мұрасын таразылау ісі әлі алда. Қазақ руханияты үшін поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынованың енді мәңгілік өмірі басталды.  

 Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.

«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,

Сонда ғана атардай таңым күліп.

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат

Мені мәңгі тартатын сағындырып...»деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.

Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол – мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық  сияқты адамгершілік – азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар – намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.

Ақынның  беріліп, шабытпен кең жырлаған тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды, адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер, біреуі сүйіп, екіншісі сүймеген , біреуі адал екіншісі опасыз сияқты құлап – жығылу сәттерін бейнелейді. Алғашқы махаббаттың алауына өртенген жастардың сезіміне, әсіресе қыз баланың алғашқы сезіміне ақынның махаббат лирикасы шипа ем, жанына дауа болары анық.

Ф. Оңғарсынова – биік сезімнің ақыны. Оның көңіл – күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына, сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман – тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.

   Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза  ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.


Сабақтың кезеңдері:

І кезең: Ақынның өлеңдерін қағаз бетіне жазып, әділ қазылар алқасының алдына алып барады.

ІІ кезең: Сайыскерлер реттік нөмірлерін анықтайды.

ІІІ кезең: Әділ қазылар алқасы қағаздағы жазылған ақынның өлеңдерінен бірін таңдап, сайыскерге сол өлең жолын айтуын сұрайды.

ІҮ кезең: Қорытындылау, жеңімпаз оқушыны анықтау


Қорытындылау:  Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой - санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз.

    Қадірлі қонақтар! Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.



Замандастар көзімен



«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»

Әбділда Тәжібаев.


«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын»

Ғабит Мүсірепов


«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек»


Әкім Тарази.


«Фариза прозасындағы эссе — қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия»

Шерхан Мұртаза


«Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек»


Ақұштап Бақтыгереева

«Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары»


Әбіш Кекілбаев





















Қызмет жолы


1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев,Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

2000–2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті 


Әдеби шығармалары


Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.


Шығармалары


  • Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;

  • Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

  • Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

  • Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

  • Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

  • Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;

  • Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;

  • Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;

  • Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;

  • Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;

  • Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;

  • Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;

  • Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;

  • Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;

  • Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;

  • Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;

  • Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;

  • Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;

  • Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;

  • 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.


Марапаттары

  • «Құрмет белгісі» (1976)

  • «Парасат ордені» (1996)

  • ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

  • Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).

  • Қазақстанның халық жазушысы (1991).

  • Қазақстанның халық ақыны.[3]

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Отбасы

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).

«Фариза – поэзия падишасы» атты 7 – сыныптар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы туралы мәлімет

2014 жылдың 4 – ші сәуір күні №21 орта мектеп кітапханасында «Фариза – поэзия падишасы» атты 7 – сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа қазақ тілі пәні мұғалімі Сағындықова Эльмира, ТЖО Изтурганова Алия, мектеп кітапханашысы Сарсенова Маржан апай қазылар алқасының құрамын құрады. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша сайыскерлер ақынның қанша өлеңін біледі, соның бәрін қағаз бетіне түсіру керек. 2 кезең бойынша сайыскерлер реттік нөмірін анықтайды. 3 кезең бойынша әділ қазылар алқасы сол жазылған өлеңдердің біреуін айтуын сұрайды. Сайыскерлер реттік нөмірі бойынша өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әділ қазылар шешімі бойынша төмендегідей орын иегерлері болды:

Бас жүлде – 7 «Ғ» сынып оқушысы Меңдіғалиева Мөлдір

І орын – 7 «Д» сынып оқушысы Көнебаева Жұлдыз

ІІ орын – 7 «В» сынып оқушысы Мусабекова Гүлмайса

ІІ орын – 7 «Г» сынып оқушысы Қойлыбаева Бақтыгүл

ІІІ орын – 7 «Б» сынып оқушысы Дауылбаева Асемай

ІІІ орын – 7 «Ә» сынып оқушысы Салақбаева гулназ

ІҮ орын – 7 «А» сынып оқушысы Бердіханова Меруерт

Қатысқан сынып жетекшілер:

7 «Ә» сынып жетекшісі: Таймағанбетова Г

7 «Б» сынып жетекшісі: Керумкулова Насиба

7 «Ғ» сынып жетекшісі: Шамова Гулнар

7 «Г» сынып жетекшісі: Инятова Маржан

Қатыспаған сынып жетекшілер:

7 «Е» сынып жетекшісі: Исабекова Бибінұр

7 «А» сынып жетекшісі: Қадырова Тойдық

7 «В» сынып жетекшісі: Қалақпашова Асыл

7 «Д» сынып жетекшісі: Жангул

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Фариза – поэзия падишасы» м?нерлеп о?у сайысы

Автор: Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства