kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мамандықтар әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час на тему "Мир профессий", проведен с учащимися 9 класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мамандықтар әлемі»

Тәрбие сағаты: 9 «Ә»сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» 


Тәрбие сағатының мақсаты: 

:-оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; 
- оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау 

- өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу . 

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, , плакат, слайд көрсету. 
« мамандықтар әлемі» атты сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу кезеңі

Негізгі кезең

Суретшілер кезеңі

Әріпті мамандық

Рефлексия( сауалнама )

Қорытынды.

Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Әзір ас жоқ дүниеде. 
Сабақ өзі оқылмайды, 
Көйлек өзі тоқылмайды, 
Тұқым өзі себілмейді, 
Үйлер өзі салынбайды, 
Кендер өзі табылмайды, 
Кітап өзі жазылмайды. 
Барлық істің батыры – біз, 
Екі қол мен ақылымыз. 
Қайырлы күн құрметті оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Болашаққа бағдаршам», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері, оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды ,қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенмен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды. 
9 - 11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Бүгінгі сабақтан әркім нәтиже шығарады деген үміттемін. 

ІІ.Топқа бөлу кезеңі 
Қорапқа төрт түрлі мамандыққа қатысты суреттер салынған. Өздеріне жақын суретті таңдап, топ болып отыруыңызды сұраймын. Топтың басшысын сайлап, ақ қою керек.

III. Негізгі бөлім 
Атақты ғұлама Әл – Фараби : 
Ісім оңсын десеңіз, 
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе 
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі- деген екен психолог Эвальд Фридрихович Зеер 

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. 

сонымен, мамандық дегеніміз не? 
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. 
Мамандық дегеніміз не? 
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі 

Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді 
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. 

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді? 
- ата - ананың ақылы 
- достарыңның ақылы 
-мұғалімнің ақылы 
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі 
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің 
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы 
- жалақысының көп болуы 

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар: 
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК». 
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі; 
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі; 
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі. 
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады. 

ІV.Суретшілер кезеңі
4 топқа плакат беріледі. «Мамандық» сөзін қалай түсінеміз? Сурет салу арқылы осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды. 

V.«Әріпті мамандық»- ойыны.

Әр топқа бір әріптен беріледі. сол әріптерге сәйкес мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек. 
І - топ: «П», ІІ - топ: «М», ІІІ – топ : «А», ІV – топ: «Б».

VІ.«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнамасы
Аты-жөні:
Сіз үшін мамандық таңдаудың маңызы бар ма?
Қандай маман иесі болғыңыз келеді?
9 сыныптан соң оқуға түсу ойыңызда бар ма?

9 сыныптан соң оқуға түсу ойыңызда болса, қандай оқу орнын тандадыңыз?

Мамандық таңдау бойынша қандай пәнді таңдадыңыз?
Отбасында ата — аналарыңыз мамандық таңдау жайлы қандай ой — пікір, ақыл — кеңестер айтады?
Сіздің мамандық таңдауыңыздың шешімін сіз өзіңіз қабылдадыңыз ба, әлде басқа адамдар ұсынды ма немесе ата-анаңыз міндет етті ме?
Жауабыңызға ризашылық білдіремін!


VІІ.«Бүгін маған ой келді...»
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Тренинг кештің пайдасы болды ма?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

VІІІ. Қорытынды 
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. 
Көк жүзіне алаулы, 
Міндет емес ай болу. 
Ең бастысы қалаулы, 
Кәсібіңе сай болу! 
Ж. Аймауытов айтқандай ,
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! 
Бір кездері Мағжан бабамыз: 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мамандықтар әлемі

Автор: Кожахмет Эльвира Елжаскызы

Дата: 27.09.2022

Номер свидетельства: 613907

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемінде"
    ["seo_title"] => string(42) "sabak_tyn_tak_yryby_mamandyk_tar_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "355483"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1478330974"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Маманды?тар ?лемі сыр шертеді."
    ["seo_title"] => string(33) "mamandyk-tar-liemi-syr-shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "284746"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454037609"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Мамандықтар әлемі""
    ["seo_title"] => string(20) "mamandyk_tar_liemi_1"
    ["file_id"] => string(6) "453613"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517312899"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мамандықтар әлемінде ""
    ["seo_title"] => string(19) "mamandyktar_leminde"
    ["file_id"] => string(6) "508741"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1556536519"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Маманды?тар ?лемінде" "
    ["seo_title"] => string(22) "mamandyk-tar-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "190927"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427229204"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства