kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?тар ?лемі сыр шертеді.

Нажмите, чтобы узнать подробности

I. Саба?ты? та?ырыбы: Маманды?тар ?лемі сыр шертеді. Маманды? т?сінігін ?алыптастыру

II. Саба?ты? ма?саты:

а) білімділік ма?саты: «Маманды?» ??ндылы?ы туралы т?сініктерді ке?ейту. Маманды?ты ??рметтеу, оны? н?тижесіндегі е?бек ?уанышы туралы ??ым беру,

маманды? та?дауды? негізгі шарттарын таныту, маманды? бойынша е?бек етуде о? шешім ?абылдау?а, е?бек ?уанышын сезінуге, ?зіні? бойында?ы ?асиетін тану?а жетелеу.

?) дамытушылы? ма?саты: Логикалы? ойлау, ж?йелі жоспар ??ру, іскерлік ?абілеті дамыту, о?ушылар?а к?сіптік та?дау бойынша психологиялы? ?олдау к?рсету. шы?дау.

б) т?рбиелік ма?саты:Е?бек?орлы??а, е?бекті ?адірлей білуге, табысты болу?а т?рбиелеу.?мір туралы, маманды?тар туралы, алда?ы уа?ытта маманды?ты та?дау ?дістері туралы білімдерін, т?сініктерін ке?ейте отырып, маманды?тар?а деген ынта –ы?ыласын арттыру. Студенттерді? к?сіби табандылы?ын аны?тау, психологиялы? дайынды?ы мен ?иынды?тан шы?у шеберлігін шы?дау.

III. Саба?ты? т?рі: Ізденіс саба?ы

IV. Саба?ты? ?діс-т?сілдері: баяндау, с?ра?-жауап, ??гімелесу, т.б.

V. Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, суреттер, ?лестірмелі ?има ?а?аздар, т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?тар ?лемі сыр шертеді.»



I. Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар әлемі сыр шертеді. Мамандық түсінігін қалыптастыру

II. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты: «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандықты құрметтеу, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру,

мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

ә) дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеті дамыту, оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. шыңдау.

б) тәрбиелік мақсаты:Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.Өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру. Студенттердің кәсіби табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

III. Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

IV. Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, т.б.

V. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, т.б.

VI. Пәнаралық байланыс: экономика негізі, тарих, информатика, т.б.

VII. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

·Кіріспе сөз

Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену болып табылады.Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан - болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзінің ішкі жан - дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және әлсіз жақтарым мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалға жауабыңды табасың.

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.

·№1 СҰРАҚ:Мамандық дегеніміз не?

"Мамандық"сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестатын, сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төленген қажеттілігі.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген Махаббатпен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббат пен істелген жұмысқана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Қазір сауда-саттықтыңжүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері және бухгалтерт.б.

·№2 СҰРАҚ: Бухгалтер деген кім?

·НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ:

I.Теориялық бөлім

1)Мамандықтар классификациясы

2)Қазіргі заманның табысты мамандары (соңғы 3 жыл бойынша)

3)Болашақтың ең табысты мамандықтары

4)Ең қауіпті мамандықтар

II.Шынығу-жаттығу бөлімі

1)«Ең қызықты...»

2)Мен сөз аламын

III.Мамандық таңдау - жүрек қалауы

1)Мен таңдаған мамандық (бухгалтер мамандығы туралы)

2)Қорытынды (сауалнама, студенттің бүгінгі сабақтан алған ой-пікірі)

I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.Мамандықтарклассификациясы.Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

• адам – техника,

• адам – адам,

• адам – белгі жүйесі,

• адам – табиғат,

• адам – көркем образ.

«Адам – техника». Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман және т.б.

Әрине, бұл жерде жұмысшылардың еңбектері техникаға ғана емес, сонымен қатар кәсіби зейіннің жетекші пәніне (техникалық нысандар мен олардың қасиеттеріне) бағытталған.

«Адам –адам». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады. Кәсіптер: дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразшы, менеджер, экскурсия жетекшісі, көркем ұжымның жетекшісі және т.б.

«Адам – белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы және т.б.

Осы типтегі мандықтарға келесі жұмыс түрлері жатады: құжаттармен байланысты тіркеу жұмысын жасау, іс жүргізу, мәтіндерге талдау жасау немесе оларды өзгерту, қайта кодтау; еңбек құралы сандар, топтық арақатынастар болып табылатын мамандықтар.

«Адам-табиғат». Бұл пит мамандары өлі және тірі табиғат процестерімен, құбылыстарымен жұмыс жасайды. Олар: мал дәрігерлері, агроном, эколог,т.б.

«Адам – шығармашылық бейне». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер.

2.Қазіргі заманның табысты мамандары

1) Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

2) Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

3) Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

4) интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

5) Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Түлектер арасында ең танымал мамандықтар белгілі болды

ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектер арасында ең танымал мамандықтардың тізімін жариялады.

«Техникалық мамандықтарға деген сұраныс жыл санап артуда. Мәселен, «биотехнология» мамандығына бөлінген 1 грантқа 6 адамнан, «геодезия», «картографияға» - 4 адамнан таласуда. «Радиотехника», «Электроника және телекоммуникация», «Ақпараттық жүйелер», «Басқаруды автоматтандыру», «Көліктік құрылыс», «Электроэнергетика» мамандықтарына да көп түлек қызығушылық танытып келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар сұраныстан кемде-кем емес. Мысалы, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Агрономия», «Топырақтану», Агрохимия», «Орман шаруашылығы», «Аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», сынды мамандықтар жақсы конкурсқа ие», - деді Жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру, халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Жасұлан Шәймерденов ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, медициналық мамандықтар түлектер арасында әлі күнге дейін танымалдылығын бәсеңсіткен емес. Бір грантқа шамамен 2-9 адамнан келеді. Сондай-ақ экономикалық және заңгер мамандықтары да үлкен сұраныста.

Ал сұранысы төмен мамандықтарға «Мұражай ісі», «Ескерткіштерді қорғау», «Шетел филологиясы», «Француз тілі», «Мәдениеттану», «Ағаш жону технологиялары», «Физика», «Астрономия», «Геология», «Пайдалы қазбаларды барлау», «Кітапхана ісі», «Ветеринария» жатады. Бұнда бір грантқа бір адамнан кем конкурс байқалып отыр.

3. Болашақтың табысты мамандары

1.Нано дәрігерлер

2.Органның және дененің сыртқы бөлшектерін өндірушілер

3.ГМО фермерлер

4.Вертикальды фермерлер

5.Виртуалды ұстаз

6.Климат менеджері

7.Космос кемелерін жүргізушілер

8.Космос экскурсоводтары

9.Метеорг-полицейлер

10.Электрондық қоқыс мамандары

4. Ең қауіпті мамандықтар

Заңгер

Есепші

Әскери адам

Дәрігерлер

Журналист

Психолог

Менеджер

Ұстаздар

II. ШЫНЫҒУ-ЖАТТЫҒУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1)«Ең қызықты»

Ең ақшасы көп ...................банк қызметкері, экономист).

Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).

Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).

Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).

Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).

Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).

Ең қарым-қатынасы күшті ..........(биснесмен).

Реті

Тапсырма

келісемін

келіспеймін

дәлелде

1

Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады

 

 

 

2

Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты

 

 

 

3

Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты

 

 

 

4

Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

 

 

 

5

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

 

 

 

6

Ақша болса, мамандық қажет емес

 

 

 

7

Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

 

 

 

8

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

 

 

 

9

Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды

 

 

 

10

Мамандық таңдау – күнкөріс қамы

 

 

 

 

2)Мен сөз аламын

IV.МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

1)Мен таңдаған мамандық

Бухгалтер мамандығының қабылданған жалпы ережелері аясында келесілер сипатталады:

- оқу және білім нәтижесінде қабылданған, анықталған нақты маманданған әдеттердің болуы;

- жалпы қоғамға деген қатынасты клиентке де қолдануды міндет ретінде қабылдау;

- клиент қызметіне объективті қатынаста болу;

- жұмысты орындау және жүргізу стандарттарының ең жоғарғы талаптарына сай персоналдық қызмет көрсету.

1996 жылдың шілде айында бухгалтерлердің халықаралық федерациясында маманданған бухгалтерлердің этикалық Кодексі қабылданды (1998 жылы қайта қаралды). Онда этикалық талаптардың үш түрлі құрылымдық бөлімі ерекшеленді:

1)А бөлімі – барлық маманданған бухгалтерлерге;

2) В бөлімі – танымал түрде тәжірибеден өтіп жатқан маманданған бухгалтерлер үшін;

3) С бөлімі – жалданған маманданған бухгалтерлерге.

Машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институтының мамандық этикасы бойынша айтылған Кодексте келесідей адамгершілік нормалары бекітілген:

- қызметтік міндеттерді орындау барысында ұйым мүшелерінің объективті және тәуелсіз болуы;

- қорғаушылық, күштеу, өнімділік, пайдалану және әділетсіз жарнама, қосымша жұмыс істеу, күштеп істеу дегендерге үзілді-кесілді тыйым салу;

- кеңес беруге рұқсат ету;

- қызметтің жеке түрінен басқа делдалдық сауда-саттыққақатысуға тыйым салу.

Қызметке келген жұмысшы үшін кодекс бірнеше ережені қарастырады:

- бухгалтер жұмыс орнына отырмас бұрын, өзіне дейінгі маманның жұмысын тиянақты түрде қарап оқуы керек;

 

Шынайылылық

Жалпы алғанда, қоғамдық шынайы ақпаратқа деген және сенімді ақпараттық жүйеге қажеттілік бар.

Мамандану

Бухгалтерлік есеп саласында маман ретінде клиенттермен, жұмыс берушімен және басқа да қызығушы жақтармен күдіксіз теңестірілген түрде жұмыс жасай алатын адамдарға деген қажеттілік бар.

Қызмет көрсетудің сапалылығы

Маманданған бухгалтер көрсеткен барлық қызмет сапаның жоғарғы стандарттарына сәйкес екеніне сенімді болуға қажеттілігі.

Сенім

Маманданған бухгалтердің қызметін қолданушылар, мұндай қызметті реттейтін мамандық этикасының негізінің бар екеніне сенімді болулары керек.

 

Парасаттылық

Маманданған бухгалтерлер маманданған қызмет көрсету барысында адал және ашық болуы керек.

Объективтілік

Маманданған бухгалтер әділетті және теріс түсініктен немесе қызығушылық дауынан, оның объективтілігіне кедергі келтіретін басқа тұлғалардың әсерінен алшақ болуы керек.

Жете білушілік және міндетті ұқыптылық

Маманданған бухгалтерлер мамандығына байланысты қызметті ұқыптылықпен, жете білушілік тұрғыдан және ықылас-талаппен орындауы керек. Ол мамандық бойынша білім мен әдеттерді қажетті деңгейде ұстауға әрқашан да міндетті, өйткені олар жұмыс беруші мен клиентке жұмыста қолданылатын соңғы заңды, әдістерді және тәжірибені қолдана отырып, хабардар тұлғаға қызмет көрсетуге міндетті.

Құпиялылық

Маманданған бухгалтер мамандыққа байланысты қызмет көрсету барысында пайда болған ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек және мұндай ақпараттарды сәйкесінше өкілеттіксіз жарияламау керек, мұндай ақпараттардың ашылуы оның мамандық немесе заңдық құқықтарда немесе міндеттерінде айтылған.

Мамандықтың мінез-құлқы

Маманданған бухгалтер өз мамандығының атағына сай іс-әрекеттер жасау қажет және оның атағына зиян келтіретін мінез-құлықтан алыс болуы керек.

Техникалық стандарттары

Маманданған бухгалтер техникалық және мамандық стандарттарын қолдануды сақтай отырып мамандық қызметтерін көрсетуі керек.

- егер оның алдындағы бухгалтер жұмыс істемеген болса, оған жазбаша түрде сұрақ жолдауға болады, өйткені ол мамандық міндетіне сәйкес толық және дұрыс жауап беруі керек;

- геер жұмыспен танысу кезінде жұмыс беруші заңды бұзатын болса, онда бухгалтер ұсынылған жұмыстан бас тартуға міндетті;

- жұмыс үшін берілетін сыйақы сомасын қызметке кіріспес бұрын келісіп алу керектігі ұсынылады;

- бухгалтер жұмыс берушімен келісім-шартты кез келген уақытта қозғай алады;

- кәсәпорында орын басудың болмауы келісім-шарттың жалғасуына негіз бола алмайды.

Мамандық жайындағы мәлімет екі фазаға бөлінуі мүмкін:

- жалпы білімді білдіретін мамандықтан хабардар болу, мұның ізінше арнайы білім болуы керек; сәйкесінше, мамандыққа байланысты мәселелерді қарап, дайындау, сонымен қатар белгіленген жұмыс тәжірибесінің уақыты;

- мамандықтан хабардар болуға ықпал ету – бухгалтер мамандығын дамыту қажеттілігін әрқашан түсініп, ескеруді және өз білімін толықтыруды талап етеді, мұның ішіне, ұлттық және халықаралық стандарттарды, нормативтерді, пән мамандығына байланысты есеп, аудит бойынша ереже, нұсқауларды оқу кіреді.

Этиканың халықаралық кодексінің қағидалары және негізгі талаптары

Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің приоритетті бағыты ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша конфликт, билікті басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:

-бухгалтерлерден заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңдыбұзуын талап етуге болмайды;

-құжаттарды тексерушілерді алдауға немесе адастыруға болмайды;

-ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін барлық шараларды қабылдау.

Бухгалтерлік этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуі керек.

2) ҚОРЫТЫНДЫ САУАЛНАМА

"Бүгінгі менің ойым...”

Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);

• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

• Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы;

• Икемі;

Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;

• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;

• Ортамен қарым - қатынас жасай білу;

• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.

Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?

• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез - келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет.

• Мүмкіндігі болып жатса, "Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры - сырын байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау керек.

Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз, ондағы ата - ананың рөлі қандай?

• Мамандыққа ертерек дайындалу, жақсы ақпарат алу, өзіңді іштей әзірлеу, мүмкіндігіңді есепке алу, т. б. ойлану, толғануға уақыттың кеңдігі жақсы.

• Ата - аналар баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып мамандыққа қатысты икеміне, қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне қарай қажетті үйірмелерге қатыстыру, мамандыққа байланысты әдеби кітаптармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.

VII. Үйге тапсырма. Ой –толғау (Өз мамандығына қатысты)

VIII. Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Маманды?тар ?лемі сыр шертеді.

Автор: Мулькаманова Ж?лдыз Ба?ытжан?ызы

Дата: 29.01.2016

Номер свидетельства: 284746


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства