Мектеп: № 28 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мұғалімдердің есімдері: Тренер: Жақпанова Әсемкүл Өмірбекқызы Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Есеналиева Жанар Зинабдинқызы |
Коучингтің тақырыбы | Оқыту барысындағы тиімді әдіс-тәсілдер |
Коучинг түрі | Коучинг |
Коучинг мақсаты | Оқыту барысындағы әдіс – тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану. |
Күтілетін нәтиже | Шеберлік сыныпта пайдаланылған тиімді әдістерді өз тәжірибелеріне енгізе алады. |
Түйінді идея | Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту. |
Сілтеме | Ресурстар: бейнебаян, флайерлер, шығармашылық жұмыстар. мәтін, қиынды қағаздар |
Кезеңдері | Уақыты | Коуч әрекеті | Мұғалім әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Сыни ойлау Ой түрткі Бейнебаян | 1/ Жағымды психологиялық ахуал туғызу. 2/ Амандасу «Менің таңдауым» әдісі Бейнебаян көру Сұрақтарға жауап беру «Мозаика» әдісі | 2 мин. 3 мин. 2 мин. | Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Амандасу – таныстыру жаттығуы. «Менің таңдауым» әдісімен сәлемдесуді өткізу. Қатысушылар алдарына берілген киім үлгілерінен таңдау жасап, өзін таныстырады. Бұл бейнебаяннан не ұқтыңыздар? Қандай қорытынды шығарар едіңіз? Берілген қиындыларды құрастыру арқылы нақыл сөздерді оқып беру. «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде» Ы.Алтынсарин «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» Сенека «Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» Ж.Руссо Маған айтшы - мен ұмытып қаламын, Маған көрсетші - менің есімде қалады, Өзіме орындатшы - мен сонда түсінемін. Конфуций «Мақсатқа жету мүмкін болмаса, мақсатыңды емес, әдісіңді өзгерт» Конфуций | Әр қатысушы ұйымдастыру кезінде ұжымдық іс әрекетке жұмыла қатысады. |
Сыни ойлау арқылы топпен пікірлесе өз ойларын талқыға салады. Қатысушылар қиынды пазлдарды құрастырады, нақыл сөздерді оқиды. |
Топтарға бөлу | «Көңіл күй гүл шоқтары» | 3 мин. | Коучингімізді көтеріңкі көңілмен бастап, жақсы көңіл күймен аяқтайық. Гүл шоқтарын ұсынып, таңдап, қатысушыларға сәттілік тілеу. Гүлдер түстері бойынша топқа бөліну. Осы топпен орындарыңызға отырсаңыздар. | Топқа бөлінеді. Топтың жұмысы жақсарады, барлық топ мүшелері белсенді қатысады. Бағалау: Сұқ саусақпен бағалау |
Топтық жұмыс | «Нәтижелі оқыту трамплині» | 30 мин. | 5.Ұзыннан, қысқасы жақсы. 5 тірек сөз айту 4.Бейнелегеннен, іс - әрекет жақсы. Шеберлік уақыты 3.Жазғанды суретпен көрсеткен жақсы (кластер, органайзер, пирамида) 2.Оқығаннан, жазған жақсы. Флайерге 5 идеяны және 3 факті жазу Отырғанша, қозғалған жақсы. «Сұрақтар бекеті» | Сұрақтарға жауап береді, түсінгенін айтады, суретпен көрсетеді, шеберлік танытып, бұйымдар жасайды, бүгіңгі коучинг өткен тақырып бойынша тірек сөздер айтады. |
Рефлексия | «Пікірлер себеті» | 3 мин. | Коучинг барысыннан алған әсерлерін пікір жазу «Өз пікірім» Коучинг барысында өткен тақырыпқа рефлексия жасау | Пікір жазады, ойларын түйіндейді. |
Кері байланыс | «Жұлдызша» | 2 мин. | «Жұлдызша» әдісі бойынша кері байланыс жасау. Не? Қашан? Қайда? Қалай? Қандай? | Кері байланыс жасайды |