1.О?ушыларды? кітап?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
2. Саналы т?рде кітап о?у?а баулу.
3. Білімділікке т?рбиелеу.
Кітап-адам баласы а?ыл ойынан ту?ан рухани байлы?ты са?тап, оны ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыратын, білім ж?не т?рбие беретін ??рал. Ол адамзат жаса?ан е? ?лы кереметтерді? бірі, хал?ымыз кітапты аса ??рметтейді. Кітап адамны? д?ниетанымын ке?ейтеді. Біз кітаппен к?н сайын кездесеміз. Ертегі, ??гімелермен сыр шертетін кітаптар бізді? е? жа?ын а?ылшымыз.
Кітап адам баласыны? а?ыл-ойынан ту?ан байлы?ты са?тап, оны ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыратын, білім ж?не т?рбие беретін ??рал. Кітап - сені? а?ылшы?, досы?, сырласы?. Е? ал?аш д?ниеге келгенде анадан т?рбие аласы?, ал ал?аш мектеп табалдыры?ын аттап, ал?аш ?олы?а кітап ?ста?анда кітаптан білім аласы?. Ал?аш жазу жаза аласы?, ?ріп тани білесі?. Ал, оны? б?рін кім ?йретеді? –?стаз. Ендеше сол ?стаздар?а та?зым етейік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кітап - білім б?ла?ы »
Тақырыбы: Кітап- білім бұлағы.
Мақсаты: 1.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
2. Саналы түрде кітап оқуға баулу.
3. Білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Нұрмерей:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Кітап-білім бұлағы» атты ашық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған арманымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Білім алудың басты құралы –кітап.
Дильназ:
Кітап-адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
Нұрмерей:
Кітап адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап - сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың, ал алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласың. Алғаш жазу жаза аласың, әріп тани білесің. Ал, оның бәрін кім үйретеді? –Ұстаз. Ендеше сол ұстаздарға тағзым етейік.
Дильназ:
Білімді кітаптан үйренесің. Білімнің қаншалықты қажет екенін, білімсіз еңбек ете алмайтынын адам баласы білуі керек, яғни ,білуге міндетті болып саналады. Білімді кітаптан үйренген адам жан-жақты ақылды, талантты, дарынды, ғалым болуға және келешекте күрделі жұмыстар атқаруға көмектеседі. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Білім өмірдің қызықтарын, қаншалықты өмір сүрудің қажет екенін дәлелдейді.
2. Кітап туралы өлеңдер оқу.
-Көптеген ақындарымыздың кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, жазған өлеңдерін тыңдайық.
Кітап бейне жапырақ, (Абдуболат)
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Айдыны шалқар кейде бір (Аяулым)
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
Кітап та алма ағашы (Темірлан)
Жемісін бізге беретін,
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Кітабың сенің құралың, (Дильназ)
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Кетпейді ешбір жадымнан, (Аружан)
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жанымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.
Білім алар көп адам, (Малика)
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап маған ұнады,
Кітап-білім бұлағы.
Мұғалім: Кітап -адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым - білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың.
3. Кітап, кітаптың шығу тарихы жайлы слайд көрсету.
Ернұр: Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер.
Гүлсапар: Ежелгі Мысыр оқымыстылары өздерінің ғылыми еңбектерін папирустарға жазып қалдырған. Папирус дегеніміз ежелгі Мысыр жерінде көп өсетін папирус деп аталатын тропиктік ірі өсімдіктердің сабағынан жасалған аса берік те төзімді орамдар беті, яғни жазу материалы.
Аяулым: Біздің заманымызға дейін сақталып келген ең көне математикалық папирус – Москвалық папирус деп аталады – Москвада А.С Пушкин атындағы музейде сақтаулы, б.э. дейінгі 1850 жылы жазылған папирус. Оның ұзындығы 5,5 м, ал ені 8 см, онда 25 есеп келтірілген.
Малика: Пергамент (Пергам қаласының атауынан) — пергамент жазу материалы ретінде б.д.д. ІІ-ғасырда жасала басталған. Ол ірі қара малдың және шошқаның өңделген, бірақ иленбеген терісі. Май өткізбейтін қағаз. Негізі күкірт қышқылымен өңделген қағаздан тұрады.
Дильназ: Иероглиф идеографиялық жазудың таңбасы. “Иероглиф” деген терминді бірінші рет Климент Александрийский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Мысыр жазуы деген мәнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай, критке) қатысты да қолданылады. Иероглиф деп лотографиялық мәндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Иероглиф жазуының әр таңбасы жеке тұрады, таңбалар бір-бірімен қосылмайды. Иероглиф жазуы жоғарыдан төмен, кейін оңнан солға, кейде керісінше ойылып жазылған. Жазудың бағытын таңбадағы адамның, жануардың беті мен аяғы көрсететін болған. Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған.
Аружан: Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды.
Абдуболат: 1041- 48 жылдары Қытайда Би Шэн тұңғыш рет кітап басып шығарды.
Кітап басу — қолжазбаны дайын кітап етіп шығаратын полиграфиялық өндіріс процесстерінің жиынтығы. Кітап басу негізін әріп теру және оны қажетті бетке көшіру процестері құрайды.
Кербез: ХVІІ-ХVІІІ (17-18) ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды. Еуропада кітап басу ісі 15 ғасырдың 40 жылдарында неміс өнертапқышы Гутенбург баспа станогін ойлап тапқаннан кейін қолға алынды. 1461 жылы Бамбургте баспаханашы Пфистер ағаштан жасалған шрифтімен суретті кітап шығарды. Алғашқы кітап басу станогі өздеріңіз көріп отырғандай түрде болған.
Темірлан: Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.
Қосымша мәлімет.Мұғалім:20 ғасырдың соңында техникада пайда болған жоғары баспа машиналары Қазақстанда офсеттік және цифрды баспаның кең өріс алуына ықпал жасады. Офсеттік құрал дегеніміз компьютермен теру, фото теру автоматтары. Осының негізінде Қазақстанда қазіргі заман талабына сай бірнеше типографиялар іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 200-ден астам типография кітап басу ісімен айналысады.
-Енді кітапты ұлы, танымал адамдардың қалай оқығанын тыңдалық.
Нұрмерей .
Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп, атақты ғалым болған адамдар дүние жүзінде аз емес.
Мысалы: әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады.
Гүлсапар.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді. Әрі бірнеше тілді меңгереді. Алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп бүкіл әлемге танылады.
Кербез.
«Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа борыштармын» деген екен Максим Горький. «Кітапсыз өткізілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн, көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас кезінен бастап өмір бойы оқи білуге баулу керек»,-дейді А.И.Маркушевич.
Мұғалім: Біз бұдан ұлы адамдардың кітапты аса жоғары бағалағанын білеміз. Қандай жазушыларды білесіңдер? Қандай балалар жазушысын ерекше ұнатасыңдар?
Таныс өлең сөздері.
Өлеңнің атын, авторын айт. Жалғастыр!
Туған тілім-....... Дихан Әбілев (Абдуболат)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,..... Абай Құнанбаев (Гүлсапар)
Ең бірінші бақытым,..... Мұқағали Мақатаев (Дильназ)
Аңсап көкті .... Нүсіпбек Айтов (Аяулым)
Берілген мәтіннен үзінді бойынша авторын, атын табу.
.....Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс- әркімнің өз мекені, өз жері екен........ (Кімнің мекені жақсы? Сәкен Жүнісов)
.....Далада тықыр білініп, сықырлап есік ашылды. Үстінде құрысып-тырысқан қысқа тон. Басында қаудырап қатқан жаман тымақ. Аяғында қонышынан басылған жыртық етік. Мойнында дорбасы бар. Жағы суалып, көзі адырайып, адам бейнесі кеткен біреу есіктен кірді..... (Күлпаш. Бейімбет Майлин)
.....Үлкен арша ағашының түбінде отырып біраз демалдым. Әлгінде ғана шілдер жүрген қыратқа көз алмай қараймын. Бірақ олар көрінер емес...
(Қар астындағы ұялар. Аңшының әңгімесі)
.....Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып, бекітті де, ғалымның қолына берді..... ( Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин)
Кітап туралы мақал- мәтелдер
Жұмбақ шешу.
Мынау қай ертегі?(слайд бойынша)
Суретші қатесін тап. (слайд бойынша)
Көрініс «Кітаптар мұңы»
Есіңде сақта!
Кітабыңды құрметте.
Кітапты оқығанда ойға сақтауға, өмірге пайдалануға әдеттен.
Кітапты ұқыпты, таза ұста. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап беттерін жыртпа, сызба.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Кітапты ас ішіп отырып, төсекте жатып оқыма.
Кітап арасына қалам салма.
Кітапты жоғалтып алма.
Кітапты қалай болса солай қойма.
Кітапханада шулама. Басқа оқырмандарға кедергі келтіресің.