kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жоба.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған жоба»


Жоба сипаттамасы

Жобаның маңыздылығы мен өзектілігі: Бұл жоба арқылы өз қатарластарымызға тәуелсіздік ұғымын кеңінен насихаттау. Оны бейбіт өміріміздің жарқын тұстарын көрсету арқылы мұнын барылығы да еліміздің тәуелсіздігі арқасында екенін түсіндіру, тәуелсіздігімізді, бейбіт елде тұрып жатқан әр күнімізді бағалауға шақыру. Болашақ еліміздің патриоты болатын ел азаматтары мен азаматшаларын қалыптастыру.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

  • Егемендікке қол жеткізу. Тәуелсіздік алғалы бағындырған  белестерін айтып өту.

  • Қазақ халқының тарихы.

  • Тәуелсіз елдің ендігі мақсаты.

  • Ғылыми жобаның нысаны.

Күтілетін нәтиже:

Олай болса, әрқайсы бір бір мемлекетке татитын қазақтың үш жүзі мен сан ондаған рулары біртұтас салт - дәстүрге бағынып, ортақ бір тілде сөйлеседі. Осының өзі - ақ біздің ел болып ұйысуға, түйілген жұдырықтай бірлікке жұмыла алатын ерекше қабілеттілігімізді айғақтайды. Сан ғасыр бойы ардақтаған ана тіліміз алуан түрлі сынақтан өтсе де өзінің қаймағын бұзбай бүгінге дейін саф алтындай сақталып, тәуелсіздікке жетті.


Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей! 

Шығармашылық жұмыстың құрылымы:

Кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды

1.Кіріспе

1991 жылы 16-желтоқсанда 70 жылдан астам кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан  егемінді ел болды. Бұл атаулы күн - Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптерімен жазылды. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты.

Қазір еліміз-демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. 

2.Негізгі бөлім

Тарих беттерін  парақтасақ ,қазақ  халқы өзінің  ұзақ тарихында  талай қырғындарды, зорлық-зомбылақтарды көрді, қасірет шекті.Соның бірі Алматы қаласында болған  жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің  себебін бір жақты қарап,бір ауыз сөзбен  түсіндіру мүмкін емес.Сол кезеңде  жастар аяусыз қырылып  жатса да  көтеріліске шығуды қоймады, тоқтатпады. Қазақ елі тәуелсіз ел болуды көптен бері армандады  сол арманына жетті. Қазір мемлекеттік тіліміз бен дінімізді, егемендік пен бейбітшілікті, достық пен ынтымақты қолда бар алтын құстай бағалау – әр адамның міндеті. Осы орайда жас бүлдіршіндер өмір сабақтарынан бір көрініс ретінде алып, тақырыптың негізгі идеясын ашады. Ал негізгі тақырып – мұның барлығы тәуелсіздіктің еңбегі деген ойға ұштасуы болып табылады.

2.1. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты» атты театрландырылған қойылымдар конкурсының ережесі.

І. Конкурстың мақсаты:

  • өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіздікті қадірлеу адамгершілікті тәрбиелеу

  • театр өнерінің қыр-сырын меңгерту;

  • дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

  • оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

ІІ. Конкурстың өткізілуін ұйымдастыру:

№ 14 жалпы орта білім беретін мектеп ұйымдастырып өткізеді.

ІІІ. Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

IV. Конкурс шарттары:

  • Әр сынып берілген тақырып аясында 20 минуттан аспайтын театрландырылған қойылымнан үзінді дайындауы тиіс;

  • Қатысушылар саны 15 оқушыдан аспауы керек.

  • Қойылым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде қойылуына рұқсат етіледі.

  • көкейкесті мәселенің шешілу жолдары көрініс арқылы жеткізілуі қажет.

  • Қойылым барысында тақырыптың ашылуына, актерлердің өз образдарын жоғары деңгейде сомдай алуы және сахна мәдениеті ескеріледі.

V. Өткізілетін уақыты мен орны:

Конкурс мектептің акт залында өткізіледі.

VІ. Конкурсты бағалау және марапаттау:

Конкурсты бағалап, үздіктерді анықтау ұйымдастыру комитеті бекіткен қазылар алқасымен жүзеге асырылады. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ең үздік қойылым» номинациясының І, ІІ, ІІІ орын және «Ең үздік актер» аталымының иегерлері анықталып, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздік арқылы қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет та­рихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына арналған жоба

Автор: Молдағалиева Алмагуль Искабеловна

Дата: 15.02.2021

Номер свидетельства: 573191

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Т?уелсіздік шапа?аты шаш?ан н?р "
    ["seo_title"] => string(38) "t-uielsizdik-shapag-aty-shashk-an-nu-r"
    ["file_id"] => string(6) "149633"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420271244"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "ХХІ ?асыр к?шбасшысы (зияткерлік сайыс) "
    ["seo_title"] => string(46) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-ziiatkierlik-saiys-1"
    ["file_id"] => string(6) "170027"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423494555"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Еліме арнау"
    ["seo_title"] => string(12) "ielimiearnau"
    ["file_id"] => string(6) "268072"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450537074"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Тауелсиздик шапагаты шашкан нур "
    ["seo_title"] => string(36) "tauielsizdik-shapaghaty-shashkan-nur"
    ["file_id"] => string(6) "149953"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420375967"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Зорлы? ж?не зомбылы? "
    ["seo_title"] => string(22) "zorlyk-zh-nie-zombylyk"
    ["file_id"] => string(6) "233682"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443193185"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства