Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік шапа?аты шаш?ан н?р »
Қоспан Нұргүл Сайлауқызы.
Қызылорда облысы
№ 4 облыстық дарынды балаларға
арналған мектеп-интернатының
тәрбиешісі
Тақырыбы: Тәуелсіздік шапағаты шашқан нұр
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктерін салыстыра отырып еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру; жас ұрпақты елжандылыққа, ел тарихын құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Бейнеролик көрсету «Ой шақыру» сұрақтарымен жұмыс.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және өту жоспарымен таныстыру.Гимн орындау
ІI. Сынып оқушыларын топқа бөлу: оқушылар киіз үйдің (кішірейтілген макет) ішіндегі боялған асықтарды алу арқылы 3 топқа бөлінеді. Топтардың аты: «Тарих сыры», «Тарихи жетістіктер», «Нұрлы болашақ» Топ көшбасшыларын сайлайды. Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріледі: «Тарих сыры» тобына: Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихын айту, постер қорғау; «Тарихи жетістіктер» тобына: ұяшық таңдау арқылы жылдар сырын ашу; «Нұрлы болашақ» тобына: 2050 жылдағы Қазақстан және шығармашылық жұмыстар
IІІ.Топтық шығармашылық жұмыс
ІY. Сергіту сәтті « Қара жорға»
ІІ кезең:
Ү. Тәуелсіздік белестері
1-топ «Тарих сыры» тобына: Суреттер көрмесі ( әр түрлі тақырыпта берілген суреттер арқылы буклет жасау, таныстыру)
2-топ «Тарихи жетістіктер» тобына: Тәуелсіз Қазақстанға ақ тілек (төмендегі сөздерді пайдаланып болашаққа тілек айту)
Оқушылармен амандасып назарларын тақырыпты ашуға арналған дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан» видеороликке аудару; видеоролик аясында сұрақтар бере отырып, тақырыпты және жоспарды таныстырып өту. Қазақстан Республикасының Гимнін орындалады
Тәрбиеші сөзі: Құрметті оқушылар,ұстаздар .
1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. «Елім» деп жырлаған ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырға арқау ететін. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтеріліске шыққаны осының дәлелі. Ел үшін, жер үшін,болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабамыздың арманы, міне бүгінде орындалды.
Тәуелсіздік күні – Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешу мүмкіндігін алды. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты.
Олай болса, бүгінгі «Тәуелсіздік шапағаты шашқан нұр» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІI. Сынып оқушыларын топқа бөлу: оқушылар киіз үйдің (кішірейтілген макет) ішіндегі боялған асықтарды алу арқылы 3 топқа бөлінеді. Дайындалуға 5 минут беріліеді және дайын болғандарын топ мүшелері қол көтеру арқылы білдіреді. Оқушылар топтың жұмысын қол соғу арқылы бағалайды. Топтардың аты: 1-топ: «Тарих сыры», 2-топ: «Тарихи жетістіктер», 3-топ: «Нұрлы болашақ» Топ көшбасшыларын сайлайды. Топтарға төмендегідей тапсырмалар беріледі. «Тарих сыры» тобына: Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихын айту, постер қорғау;
«Тарихи жетістіктер» тобына:интерактивті тақтадан ұяшық таңдау арқылы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жылдар сырын ашу; топ мүшелері толық қатысу ;
«Нұрлы болашақ» тобына: 2050 жылдағы Қазақстан және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Топтық жұмыстарды бағалау.
ІY. Сергіту сәтті «Мен қазақпын»
ІІ кезең:
Ү. Тәуелсіздік белестері
1-топ «Тарих сыры» тобына: Суреттер көрмесі ( әр түрлі тақырыпта берілген суреттер арқылы буклет жасау, таныстыру)
2-топ «Тарихи жетістіктер» тобына: Тәуелсіз Қазақстанға ақ тілек төмендегі сөздерді пайдаланып болашаққа тілек айту: заман, Елбасы, заң, қыз, ұл, Қазақстан, Астана, тіл, мектеп, жастар.
Заманымыз тыныш болсын.
Елбасының көреген саясатының арқасында еліміз гүлдене берсін.
Ата заңымыз айбынды болсын.
Ұлдарымыз айбатты, қыздарымыз салмақты болсын.
Қазақстан әлем таныған айбынды ел болсын.
Астана болашақтың қаласына айналсын.
Тіліміздің мәртебесі өсе берсін.
Мектебіміз заман талабына сай жабдықталған білім ордасына айналсын.
Жастарымыз білімді, ұлтжанды, еліміздің сенімді болшағы болсын.
3-топ «Нұрлы болашақ» тобына: Кубизи стратегиясы. Сұрақтармен жұмыс жүргізгенде толық , нақты жауап беру қажет.
Сұрақтармен жұмыс:
1.Қазақстан қандай мемлекет? (көпұлтты, зайырлы, құқықты, біртұтас, демократиялы мемлекет)
2.Тәуелсіздік айшықтары – ел рәміздерін ата; (елтаңба, ту, гимн)
3.ЮНЕСКО шешімі бойынша Астанаға қандай атақ берілді. Ол қалай қала деп аталды? ( 1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ беріліп «Бейбітшілік қаласы» деп аталды.
4. Тәуелсіз Қазақстанды әлем бойынша қанша ел таныды? (140-тан астам ел таныды)
5.Тәуелсіздік дегеніміз не және ол бізге не берді? (оқушы пікірін тыңдау)
Тәуелсіздік күні мерекесін биыл еліміз 23 рет тойлап отыр. Ата-бабаларымз аңсаған азаттықтың көк байрағының астында қазақ халқы, барша қазақстандықтармен бірге жасасып келеді. Бүгінгі ұрпақ сол үшін бақытты. Әр күнге үмітпен қарайтын халқымыз өткен күндерге де бағасын бере білген. Осы орайда ұстаздарымызды әңгімеге тартып, сіздерге сауалдар қойсақ дейміз. 1. Тәуелсіздік жылдарындақол жеткізген жетістіктерге көңіліңіз тола ма? 2. Егемен еліміздің ертеңінен не күтесіз?
ҮІ. Қорытынды:
Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 23 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.
«Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін!» дей келе бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын!
Хор: «Көк тудың желбірегені»
№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты