kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақшаңыз қалай?" интеллектуалды сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. 
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақшаңыз қалай?" интеллектуалды сайыс»

Қостанай қаласы № 4 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бердыгужинова Ақмарал Кенжебековна.

«Қазақшаңыз қалай?» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты: 
1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 
2. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. 
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар,

Қазақ тілі-атаң,анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді оған. – жазылған плакат

ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация. 
1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! 
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл шарада 3 сынып оқушылары сайысқа түседі. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - Қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту,  
Қазақстанның, қазақ тілінің құдіреті туралы түсніктерін кеңейту және дамыту. 
2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің 3 сынып оқушылары арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші
Сайыстың жалпы кезеңдері: 
І . «Сәлем – сөздің бастауы» 
ІІ . «Дода» - сұраққа жауап беру. 
ІІІ . «Кім жылдам?» шашыраңқы сөздерден сөйлем құру. 
ІV . «Білімді мыңды жығады»- тиісті әріпті қой
V . «Ойлан,тап.» Сөздің әр әріпіне сөз айту

VІ . «Капитандар сайысы» - өз отбасы жайлы айту. Марапаттау. 
Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған оқушылар «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 10 ұпайдан қойылады. Ең жоғары ұпай 10, ең төмен ұпай 2. 
  2-жүргізуші:  Осы сайысымызды бастамас бұрын әділ  қазылар алқасын сайлап алайық .

І кезең. «Сәлем – сөздің бастауы» - 1сайыс. Екі топтың сәлемдесуі. Танысу. 


1 –топ «Алғыр»: 
Тобымыз: 
-Алғыр! 
Ұранымыз: 
-Біз алғырмыз, алғырмыз 
Жеңіске біз жетеміз! 
2-топ «Тапқыр»: 
Тобымыз: 
-Тапқыр! 
Ұранымыз: 
-Ойлан да, ойна, 
Тапқырлықпен ойла.

1-жүргізуші : ІІ кезең. «Дода» 
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек. 
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 
2. ҚР Мемлекеттік тілі? 
3. Қыста не жауады? 
4. Бір жылда неше мезгіл бар? 
5. Күздің бірінші айы?
6. Қазақстанның астанасы қай қала? 
7. Наурыз мейрамы қашан болады?             

8. Бір тәулікте неше сағат бар? 
9. Наурызда пісірілетін басты тағам? 
10. Қазақстан туының түсі қандай?
11. Буын нешеге бөлінеді? Түрлерін ата. 
12. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 
13. Қыс айларын ата: 
14. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? 
15. Көктем айларын ата:
16.  Қазақтың  ұлттық  ойындарын ата.
17. Үй құстарын ата 
18. ҚР рәміздерін ата 
19. Тіл мерекесі қашан аталады?
20. Сөйлем неден құралады? 
2-жүргізуші: ІІІ кезең. «Кім жылдам?» 
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек. 
1. Елтаңба, рәміздері, әнұран, ту, Қазақстан. 
(Қазақстан рәміздері: әнұран, елтаңба, ту.) 
2. Тілі, қазақ, тіл, мемлекеттік . 
(Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.) 
1-жүргізуші: ІҮ кезең. «Білімді мыңды жығады»- тиісті әріпті қой


«Алғыр» тобына: 
...йрек 
ж...зім 
...лу 
б...р 
т...рт 
мысы... 
«Тапқыр» тобына: 
К...белек 
алт... 
тор...ай 
...алам 
ша...ғы 
...й. 

2-жүргізуші: V. «Ойлан,тап.»

Сөздің әр әріпіне сөз айту:

«Алғыр» «Тапқыр»

О Ә

қ д

и е

д м

ы і

1-жүргізуші: VІ тур. «Капитандар сайысы» - өз отбасы жайлы айту.

2-жүргізуші: Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Екі топтың сайыскерлерінің әділ бағаларын білу үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.


ІІІ. Қорытындылау. 
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. 
Кіршіксіз қардай сақтаңдар, 
Қазақтың тілін ғаламат. 
Қазақ тілі – арым, иманым, 
Аманат, саған, аманат. 
М. Әлімбаев. 
Міне, осындай өлең шумақтарымен «Тіл мерекесіне» арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Қазақшаңыз қалай?" интеллектуалды сайыс

Автор: Бердыгужинова Акмарал Кенжебековна

Дата: 24.09.2017

Номер свидетельства: 429566

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Тарих қадамдары» интеллектуалды сайысы"
    ["seo_title"] => string(41) "tarikh_k_adamdary_intielliektualdy_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "460791"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520250475"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Е? ал?ыр" интеллектуалды сайыс "
    ["seo_title"] => string(33) "ien-alg-yr-intielliektualdy-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "212764"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431927904"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Интеллектуалды сайысы. Та?ырыбы: «ЖАС ИНФОРМАТИК - 2016»"
    ["seo_title"] => string(48) "intielliektualdysaiysytakyrybyzhasinformatik2016"
    ["file_id"] => string(6) "323392"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461905291"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Б?рін білгім келеді" интеллектуалды сайыс "
    ["seo_title"] => string(45) "b-rin-bilghim-kieliedi-intielliektualdy-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "170952"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423600360"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Зерде интеллектуалды? сайыс"
    ["seo_title"] => string(29) "zierdieintielliektualdyksaiys"
    ["file_id"] => string(6) "318849"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460664399"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства