сүйе білуге баулу . Ақын жырларынан үлгі алып, оны дәріптей
білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: ақын жайлы жазбалар, ақын портреті, буклет , ақын кітаптары
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 8Б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған жыр дүлдүлі, поэзия тұлпары, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 78 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия сағатына қош келдіңіздер. Тума талант өмірден өтсе де артындағы ұрпағына өлмес мұра етіп жырын қалдырып кетті. Ақынның өлең жырларын оқушылардың орындауында тамашалаңыздар.
1-Жүргізуші
Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, адамдар!
Хош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!
2-жүргізуші
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал, қазақ!
1-жүргізуші
Шетінен өлең-жыры шұғылалы,
Әр қыры әр түске еніп құбылады.
«Зертте мені» деп еді, Мұқаңды біз
Түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі.
. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М.Мақатаевтың шығармашылығына шолу жасап өтейік.
1-оқушы. М.Мақатаев 1931жылы 9-ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941жылы майданға аттанып содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді. Балалық шағынан ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты.
2-оқушы Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» , «Жұлдыз», журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
3-оқушы. Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,
«Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек, Райымбек» т.б кітаптары жарық
көрді.
Мұқағали аудармашылықпен де айналысқан. Оның Американың ұлы ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін аударып «Шөп жапырақтары» деген атпен 1969ж «жазушы» баспасынан басып шығарса, ал ағылшынның әйгілі ақын драматургі Велям Шекспердің сонеттерін аударды. Ол 1970 ж «жазушы » баспасынан шықты. Италия ақыны Алигерьи Дантенің « Құдіретті комедия сынының бірінші бөлімі «Тамұқты» орысшадан қазақ тіліне аударды. Ол 1971жылы «жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты.
2-жүргшізуші «Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли. Қане, Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын көрелік.
«Поэзия менімен егіз бе едің?»
«Қара өлең»
«Арыз жазып кетейін»
«Пай-пай өмір»
1-Жүргізуші Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желінек, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық боп өссе керек. Алған әсерін өлеңіне өре де білген.
1. «Қазақстан»
2. «Туған жер»
3. «Сәби болғым келеді»
4. « Бесік жыры »
2-Жүргізуші
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Саған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
«Үш бақытым»
« Елім барда»
«Халқым барда»
« Фантазия »
1-жүргізуші. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін » деген екен. Ендеше ендігі кезекті ақын жырларына береміз.
1. « Көзің нұрсыз дейсің сен »
2. « Махаббат диалогы »
2-Жүргізуші «Аққу киелі құс» Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі құс деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда » поэмасы. (оқушылар орындауында көріністен үзінді).
Автор:
Ана:
Жылқышы:
Әке:
Бала:
1-жүргізуші. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды. Мұқағали сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен орын алып қуанышы мен қайғысын бөлісер жан серігіне айналды.
2-жүргізуші.
Қарсы алмаса,
Құрысын, қарсы алмаған,
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған
Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам.
1-Жүргізуші:
Ән сал, жаным
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі деп ақын жырлағандай ендігі кезекті ақын жырларына жазылған әндерге берейік.
Ән:
1.Саржайлау
2.Көнеміз де
2-Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деген еді.
Расында да, Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.
жүргізуші.
Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңің – жалындаған жырларың.
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жырларыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады. дей отырып ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен кешімізді қорытындылаймыз
Жүргізуші. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М.Мақатаевтың шығармашылығына шолу жасап өтейік.
1-оқушы. М.Мақатаев 1931жылы 9-ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941жылы майданға аттанып содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді. Балалық шағынан ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты.
2-оқушы Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» , «Жұлдыз», журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
3-оқушы. Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,
«Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек, Райымбек» т.б кітаптары жарық
көрді.
Мұқағали аудармашылықпен де айналысқан. Оның Американың ұлы ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін аударып «Шөп жапырақтары» деген атпен 1969ж «жазушы» баспасынан басып шығарса, ал ағылшынның әйгілі ақын драматургі Велям Шекспердің сонеттерін аударды. Ол 1970 ж «жазушы » баспасынан шықты. Италия ақыны Алигерьи Дантенің « Құдіретті комедия сынының бірінші бөлімі «Тамұқты» орысшадан қазақ тіліне аударды. Ол 1971жылы «жазушы» баспасынан жеке кітап болып шықты.
4-оқушы.Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі 19поэмасы бар. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне жазылған 100-ден астам әндер бар.
Кезекті ақын әндеріне береміз
2-жүргізуші. Ақын өлеңнің жақсылығын, құндылығын өз жырлары арқылы паш етеді. Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ана мен әкенің шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі.
1-жүргізуші. Ендеше кезекті ақынның өз дауысындағы өлеңіне берейік.(Ақынның өз дауысымен оқылған өлеңін тыңдату)
2-жүргізуші.
Ән.
1-жүргізуші. Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңің – жалындаған жырларың.
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жырларыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.
2-жүргізуші.Мұқағали Мақатаев өзінің өлмейтін, өшпейтін жырларымен мәңгі есімізде қалады. (Өз дауысында «Есіңе мені алғайсың» өлеңін тыңдату). Осы өлеңінің әнін тыңдату