kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан "Алатауды? м?збала?ы" атты ?деби кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі

Ар?ын?азина  Айг?л Та?ат?ызы

Ма?саты: Сыршыл а?ынны? тамаша ?ле?дерімен таныстыру, а?ын ?мірі туралы м?лімет беру, а?ын аудармаларымен таныстыру;

Поэзия ??діретіне деген ?ызы?ушылы?ты о?ушылар бойына сі?іру, м?нерлеп о?у машы?ын  одан ?рі дамыту;

Елге, таби?ат?а, ата-ана, бауырларына  деген с?йіспеншілікті дамыту.

К?рнекілігі: А?ынны? шы?армалар жина?ы,  М.Ма?атаев?а арнал?ан буклет, а?ын туралы ата?ты адамдарды? пікірлері жазыл?ан плакаттар.

Сынып б?лмесіне парталар д??геленіп ?ойылып,  ?сті ?демі дастар?андармен безендіріліп, г?л шо?тары ?ойыл?ан: ?она?тар ?стелі, м??алімдер ?стелі, 4-сынып о?ушылары ?стелі, 5-сынып о?ушылары ?стелі, 6-сынып о?ушылары ?стелі, 7-сынып о?ушылары ?стелі.

А?ын туралы пікірлер:

         М??а?али Ма?атаев –бізді? заманда?ы ?ажайып а?ындарды? бірі.

         Ма?атаев атты алып а?ынды? жар?ын ж?зіне, миллион адам миллион т?рлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, к?ле?ке т?спей келешекке ?арай керуен т?зеп, к?ше бермек.

?бділд? Т?жібаев

.Арамыздан  тым ерте кеткен тамаша а?ынымыз М??а?али Ма?атаевты? ал?аш?ы ?адамында-а? оны? ая? алысынан айры?ша талант иесі екенін а??ару?а болатын еді. А??армаппыз.

М??аметжан ?аратаев

?дебиетті салынып жат?ан ?аламат  бір ?имарат, к?к тіреген к?мбез, с?лулы? сарайы деп есептесек, сен соны? талантты тас ?алаушыларыны? бірі еді?.

?адыр Мырзалиев

М??а?али м?расы, с?лулы? ?лгісі бізді? б?гінгі игілігіміз ?ана емес, М??а?али м?расы, маржан поэзиясы – болаша? ?рпа?тарды? да еншісі, ?адірлеп-?астерлейтін ?азынасы.

Зейнолла Серік?алиев

Кешті М??а?алиды? «Арыз жазып кетейін» ?ле?імен Д?йсекоев Ерлан бастайды.

АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙІН

Б?гін мені? ту?ан к?нім.
Ой, б?ле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!  
Банкет жасап берер едім ?зім-а?,  
Т??ірді? бір жарытпай-а?  ?ой?аны-ай.
 М??алім с?зі: М??а?али С?леймен?лы Ма?атаев (1931-1976) – ?аза?ты? лирик а?ыны, м?збала? а?ын, ?з заманында лайы? ба?асын ала алмаса да ?зінен кейінгілер ?шін м?ртебесі биік а?иы? а?ын.   ?АЗА? ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар д?рілдеп ?ткен жер,
Т?лпарлар д?бірлеп т?ккен тер,
?ашы?тар бір-бірін ?пкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топыра?ын,
Та?зым жасамай ?тпе?де

«Саржайлау» ?ні орындалады.

М??алім с?зі: М??а?али — ?зіне дейінгі ?ле? ?ру мен жыр сомдауда?ы ?аза? хал?ыны? ?лтты? мектептері мен д?ст?рлерін жал?ап ?ана ?оймай, оны жан-жа?ты дамыт?ан, тере?деткен, ?аза?ты? ?ле?-с?зін жа?а за??арлар?а к?терген, жа?а ке?істіктерге алып шы??ан жиырмасыншы ?асырды? санаулы са?ла?тарыны? бірі. А?ынны? таби?ат туралы ?ле?дер топтамасымен  5-сынып о?ушыларын орта?а ша?ырамыз.

«Есі?е мені ал?айсы?» ?ні

М??алім с?зі: М??а?али поэзиясыны? ?айнар к?зі, шабыт т??ыры - замандастарыны? арман а?сары ж?не оларды? бейнесі. Осыны? б?рін М??а?али ?зіне т?н ?айталанбас шеберлікпен, т??ірді? та?дайынан т?гілгендей поэтикалы? мінсіз ?йлесіммен, ?р ж?рекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, на?ыз поэзия?а ?ана т?н бейнелі образдармен бедерлеп, ?лмес ?нер де?гейінде туындатып отыр?ан. Оны?  ?аза? а?ындары туралы ой-тол?ауларын бізге 6-сынып  о?ушылары о?ып береді.

Т?ЛЕГЕНГЕ


 

                     І
Т???ыш к?рдім ?лгенін шын а?ынны?,  
?ызарып батты ерте?гі шы?атын к?н.  
Тор?ай-?ле? шырылдап бара жатты  
Аузында ажал дейтін с?рапылды?.

Тор?ай-?ле? ?лмеді, аман ?алды,
?кетті ажал.
Жыр емес, адамды алды.
Бір ?мірді? дастаны басталды да,
Шорт ?зілді,
Шоп-шола? т?мамдалды.

?аралы лек.
Боз?ыл ша? ш?батылды.
Бара жатыр жерлеуге шын а?ынды.  
Маржан жырды? м?п-м?лдір бір т?йірі  
??м?а т?сіп кетті де, уатылды.

Т???ыш к?рдім ?айт?анын шын а?ынны?,  
?аталы-ай жыл дейтін с?рапылды?!   
С???ар т?сі томпиып, ?арсы ?арап,   
?аршы?адай ?ылшылдап т?ратын кім?!

Енді жо? азаматым, айма?дайым,
Жо? болды ??м?а сі?ген айрандайын.  
Асы?ыс, ыл?и жортып ж?руші еді  
Бетпа?тан су іздеген жайрандайын.
                         ІІ
Барма?дар а?ынды ж?рт жерлегенде,   
К?рме?дер к?рді? аузы жабыл?анын.  
К?теріп сендер оны келмегенде  
К?мусіз ?алмайды ?ой, бауырларым!

К?мбе?дер!
Топыра?ты тастама?дар!
Жабыла толтырма?дар ??мды ?раны.  
А?ынды к?мсін білмес бас?а жандар,  
Басына барма?дар да, к?рбылары!

Ет ж?ректі? езілмес кезі ме б?л.
Жылай білсе?, шын жыла!
Жасыма тек.
Кезек к?тіп т?р?андай сезіне біл,
Алды?да?ы апанны? басына кеп

?АБА?А
                                                                                      ?абит М?сіреповке
 

?абеке,
Анда-санда Сізді к?рем,
Сізді к?рсем, жомарт бір к?зді к?рем.
Еліктеп ?зі?ізге есім кетіп,
Кегендеп а? ?а?аз?а тіздім ?ле?.
Мейіріммен ?арайтын Сізді к?рем,
Бас?алар ?міттерін ?зді менен.
 
За?армен жібітем деп ?у тандайды,
Сеземін, ?зін-?зі ж?рт алдайды.
Жібітсем кейде мен де ?у тандайды,
Басымнан Алатауды? б?лты аунайды,
Біреулер келекелеп, жыртындайды.
Т?бінде ??ртса мені, ??ртар ?ай?ы,
Алайда жырларымды жырта алмайды!
  ?ні

М??алім с?зі: М??а?али жа?сы а?ын ?ана емес, ?ам?ор ?ке, жанашыр жан?я иесі бол?анын да замандастары айтып ?ткен. Жан?ясына арнал?ан ?ле?дер топтамасымен  о?ушыларымызды орта?а ша?ырамыз.

?КЕМЕ

Сонымен ??лады? ба, тас ?амалым?

?алмады к?йініштен бас?а амалым.

Зираты? ая? асты болмасын деп,

Б?зыл?ан ?ор?анымнан тас ?аладым.

Шынымен ??лады? ба, шым ?ор?аным,

Шынымен ?ртенді? бе, нулы орманым?

?ке, сені? ?мірінді жал?амасам,

??рып кетсін жер басып, ?л бол?аным!

АНАШЫМ

(О?у бітірген студент хатты)

 Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен ?шін сен суалт?ан а? с?ті?ді

А?тамасам, боп ж?рмін несіне адам.

АЙЫ?ЫП КЕЛЕМ

Айы?ып келем.

Айы?ып келем б?рінен.

Емделіп ж?рмін,

Жа?сылар берген д?рімен.

Мен ?шін ?мір тарыл?ан емес, ?лі ке?,  

Ке?істіктерге сапар?а шы?ам ?лі мен.

Сауы?ып келем,

Жинап та келем есімді.

Са?ынып ?алдым,

Саламат ?мір кешуді.

Та?ат таппастан,

Тартамын ал?а к?шімді,

Жанып бітпестен жазба?ан ма?ан ?шуді.

?иын ?ой ?иын.

К?шінді жол?а до?ар?ан,

Жана алмай бы?сып, оша?та оты? жо?ал?ан, 

Жа?а алмай с?нсе? жалын мен отты - 

Сол арман,

Жалындап т?рып,

?ртеніп кетсе?, жо? арман!

..

Батар к?н,

Келер т?н,

Атар та?,

Шы?ар к?н,

Б?рі?е, б?рі?е, б?рі?е ??мармын!

Осы мен,

             осылай м??гілік т?рармын,

Осы мен,

Сір? да, ?лмейтін шы?армын!

Жа?ынды? сеземін –

Жерден де аспаннан,

Жылылы? сезінем —

М?здардан, тастардан.

?мірім, сір? да,

               ?ріден бастал?ан,

?ріден басталып, м??гіге тастал?ан.

Осы, мен,

                ?лмейтін, ?лмейтін шы?армын,

С?л ?ана мыз?ып ап, ?айтадан т?рармын.

..

?атігез ?айсібір са?атта

?мірді келеді таста?ы?.

Сонда да ?мітті жо?алтпа,

?аралы к?ндерден ?ашпа?ын.

Сабыр ет, то?тау ?ыл, шеше біл,

Та?дыры? ?лы о?ын жолдаса.

?зі?-а? ойлашы несі  ?мір,

?уаныш, ?ай?ысы болмаса.

?ай жерде тіршілік ?мір бар,

Сол жерде ?уаныш, ?ай?ы да.

Болса да алды? ??з, арты? жар,

К?н-да?ы ?мір с?р, айныма.

«Дари?а, домбырамды берші ма?ан» ?ні

М??алім с?зі: М??а?али аударма саласында да к?п тер т?гіп, е?бек еткен а?ын.

А?ынны? Файзолла Ансаридан аудар?ан «К?дік» ?ле?ін Ер?алиева ?йгерім апайлары? о?ып береді.

К?дік

?ыз?а деген кешкі асы суып ?алды,

Бесігінде кіші ?лы тынып ?алды.

Тек ана отыр телміріп терезеге,

Дірілдейді бас?андай суы? ?арды.

Бір отырып, орнынан бір т?рады,

Бірде сырт?а, ?а?па?а ?мтылады

?абыр?ада са?ат?а бірде ?арап,

?лденеге ?бігер, ынты?ады.

Орамалын бір с?тке ла?тырып,

Кешкі ?нді ты?дайды ??ла? т?ріп.

?она? к?тіп отыр ма асыл ана,

Пейілінен береке н?р арттырып.

?тіп жатыр минуттар ала?Пейілінен береке н?р арттырып.

?тіп жатыр минуттар ала? ?ыл?ан,

Кенет сыбдыр естілді ?ара??ыдан.

С?улетай ?ыз есіктен к?ле кірді,

Екі беті албырап алау н?рдан.

Анасыны? алдында т?ра ?алды.

?рей, к?дік аралас т?ман алды.

Мерзімінен кешіккен керім бикеш,

Ана алдында таба алмай т?р амалды.

Кешікті? деп анасы ашулы ма?!

С?йледі ?ыз апты?ы басылды да:

-Ерте? ж?не ?айтадан жиналамыз,

Бітпей ?алды м?жіліс ашылды да.

Ана к??ілі ?ашаннан к?пті еді де,

Сенген болды бір ойды ж?ктеді де:

-?алай деді?, ?аршы?ам, ?алай деді?,

Басталма?ан м?жіліс бітпеді ме?!

Д?рыс, ботам, т?н кезер к?йге еніпсі?,

А?ыр, міне, алдауды ?йреніпсі?!

?ялсайшы клуб?а барып келгем,

Ешбір адам жо?-т??ын, танып, к?ргем!

М?жілісі? ?айда ?тті, кербезім-ау?

А?и?атын айтсайшы аны?  к?рген !

Шашын ?стап  ?ызы  т?р, ділгіреді,

Тар?атып та, ?ріп те ?лгереді.

?ола? ?ара шашы оны? бар айыпты?

Бастамасы болды ма, кім біледі?!

М??алім с?зі: Кешке ?атысып, М??а?ны? ?ле?, ?ндерін о?ып-орында?ан, ты?да?ан барлы?  к?рермен мен ?атысушылар?а ал?ыс айта отырып, кешімізді  Алатау м?збала?ыны?  «К?рерміз» ?ле?імен ая?та?ым келіп отыр.

К?рерміз

?арыздармыз біз Отан?а, барымызды  берерміз,

?арыздармыз біз Отан?а, ?арыздар боп ?лерміз.

Есеп берер к?н де болар ?рпа?тарды? алдында,

Мы?тымсы?ан мырзаларды, б?лем, сонда к?рерміз.

Отымызды ?лы Отан?а берерміз де, с?нерміз,

Г?лімізді ?рпа?тар?а сыйлармыз да, семерміз.

Жа?а келген ?рпа?тарды? ал?ысын ап, мар?айып,

Артымызда кім ?аларын тірі ж?рсек, к?рерміз.

?лан-асыр ?лы к?рес. Т?бінде бір же?ерміз,

(Біз ?зірге дауры?па?а шетімізден шеберміз)

??р?а? да?? ??лы болып, б?лки. бір  к?н, кім білсін,

??р таласпен к?н ?ткізіп, т?к ?ндірмей ?лерміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан "Алатауды? м?збала?ы" атты ?деби кеш»


Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі









Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Арғынғазина Айгүл Таңатқызы






Қарасу ауылы





«Алатаудың мұзбалағы»

Ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби кеш



Мақсаты: Сыршыл ақынның тамаша өлеңдерімен таныстыру, ақын өмірі туралы мәлімет беру, ақын аудармаларымен таныстыру;

Поэзия құдіретіне деген қызығушылықты оқушылар бойына сіңіру, мәнерлеп оқу машығын одан әрі дамыту;

Елге, табиғатқа, ата-ана, бауырларына деген сүйіспеншілікті дамыту.



Көрнекілігі: Ақынның шығармалар жинағы, М.Мақатаевқа арналған буклет, ақын туралы атақты адамдардың пікірлері жазылған плакаттар.

Сынып бөлмесіне парталар дөңгеленіп қойылып, үсті әдемі дастарқандармен безендіріліп, гүл шоқтары қойылған: қонақтар үстелі, мұғалімдер үстелі, 4-сынып оқушылары үстелі, 5-сынып оқушылары үстелі, 6-сынып оқушылары үстелі, 7-сынып оқушылары үстелі.

Ақын туралы пікірлер:

Мұқағали Мақатаев –біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.

Әбділдә Тәжібаев

.....Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз........

Мұқаметжан Қаратаев



Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.

Қадыр Мырзалиев

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қадірлеп-қастерлейтін қазынасы.

Зейнолла Серікқалиев

Кешті Мұқағалидың «Арыз жазып кетейін» өлеңімен Дүйсекоев Ерлан бастайды.

АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙІН

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!  
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,  
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
 
Мына дүние неге жатыр үндемей?!  
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.  
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,  
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін» демей.
 
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!  
Бекер өмір сүргемін бе, әлде мен?  
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
 
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,  
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!  
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,  
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
 
...Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ кетейін.  
Қаламымды берші маған, бәйбіше,  
Болашаққа арыз жазып кетейін...



Мұғалім сөзі: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Өмірінің соңғы кезінде денсаулығы нашарлап, ауруханаға жиі түсіп, 1976 жылғы 27-наурызда қайтыс болады. Бейіті Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратында.

Ақынның мәңгілік тақырыбы, адам жүрегіне бал-шырындай нәр құйған туған жер, атамекен, өз еліне деген махаббаты екенін айдан анық білеміз. Ақынның туған жер туралы шығармаларын 4-сынып оқушылары оқып береді.

ОТАН ТУРАЛЫ

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: “Отан!” - деп сыбырлаған

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен..

1966 ж.

ҚАЗАҚ ЖЕРІ


Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке,

мына аймақ,

бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

Қырына еріксіз қондырған.


25-желтоқсан, 1974-ж.



СҮЙЕМІН, ӨСКЕН ОТАНЫМ!

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да.

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасын да.

Бұлтсыз, айсыз, жылы леп,

Сүйемін салқын кештерін.

Бетті аймалап уілдеп,

Толассыз соққан ескегін.

Шаңдатып жота, қырларын

Жылқы ойнаса біртіндеп.

Мен сүйемін тұрғанын

Жылқышының күлімдеп.

Сүйемін гүлге нәр берген

Нөсерді жауған сіркіреп.

.....Сүйемін, өскен Отаным,

Жылысып өткен жылыңды.

Қарыздармын сондықтан

Берермін талай жырымды.



ҚАРАСАЗ

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетінен суыңның!

Сенің әрбір бұлағың —

Менің әрбір қан тамырым емес пе?

Қасиетті тұрағым,

Қасиетінен суыңның!

Көктемде үйрек ұшып, қаз қонып,

Караушы едім тырналарға мәз болып.

Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен,

Жаралмасаң өзің Карасаз болып.

Сонау жатқан жасыл тауды көлденең

Алғаш рет ес білгенде көрген ем.

— Асқар таудың ар жағында ел бар, — деп

Әжем айтса, әй, сәбилік, сенбегем.

Қарасазым!

Айтылмаған сезім ең,

Мен іздеген бақыттың сен әзі ме ең?

Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,

Кім құмартса, өзі көрсін көзімен...

«Саржайлау» әні орындалады.

Мұғалім сөзі: Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Ақынның табиғат туралы өлеңдер топтамасымен 5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

ТАУДАҒЫ КӨКТЕМ

Сай-саланы

Аймалады,

Жоталардан жел есті.

Көк қарағай

Көп баладай

Күбір-күбір кеңесті.

Қасқа бұлақ

Тастан құлап,

Бара жатыр шапқылап.

Шыңылдаған,

Сыбырлаған

Айқай тастар - саққұлақ.

Бір жүрекпен

Дір-дір еткен

Жасыл талдар, жас талдар.

Еміренген,

Тебіренген

Ақбас Ата — асқарлар.

Күннен — бөркі,

Гүлден - көркі,

Тау тамаша, тау алып.

Қатпар басын,

Шатқал, тасын

Көрген сайын жаңалык.

Айналаңа,

Сайға қара,

Шыңға кара ақ мандай.

Бала шағың,

Болашағың

Көктеп келе жатқандай.

САП-САРЫ ЖАПЬІРАҚТАР

Сап-сары жапырақтар...

Сап-сары жапырақтар...

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда.

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.

Естілмей құстың әні,

Естілмей кұстың үні,

Жалғанның кетті сәні, ұшты гүлі.

Сырғасынан айырылған ақ қайыңның

Басына бар ғаламның түсті мұны.

Сап-сары жапырақтар,

Сап-сары жапырақтар,

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

АҚ ГҮЛ

Жаз болды. Көріктенді құлпырып жер,

Оранып көк көрпеге бар өңірлер.

Төсінде жер ананың толықсиды,

Сансыз көп, сары, жасыл өсімдіктер.

Атқанда таң бозарып алтын арай,

Аралап өсімдікті жүрдім талай.

Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,

Алдымнан болды пайда әлдеқалай.

Ақ гүлді қызықтым да алдым жұлып,

Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып.

Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді,

Тұрғандай жүрегімнің сырын ұғып.

Қараймын ақ гүліме күнде-күнде,

Көркінен айырылып кетті мүлде.

Ақ гүлім сарғыш тартып сала берді,

Мұңайып, назаланад әлдекімге.





ҚЫСҚЫ БОРАН

Соқты боран, ұшты қар,

Тікендейін үскірік.

Шыңылдаған зәрлі ызғар,

Күшінде тұр түшкіріп.



Лезде суып аяқ, қол,

Қырау тұрды кірпікке.

Тақтақ жатқан жайлы жол

Айналды қасат, күртікке.

Желпініп көкте бұлт тағы,

Жүйткіді дауыл қуалап.

Бұралқы иттей жұрттағы,

Ұлиды боран тұра қап.

«Есіңе мені алғайсың» әні

Мұғалім сөзі: Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры - замандастарының арман аңсары және олардың бейнесі. Осының бәрін Мұқағали өзіне тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Оның қазақ ақындары туралы ой-толғауларын бізге 6-сынып оқушылары оқып береді.

ТӨЛЕГЕНГЕ




                     І
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,  
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.  
Торғай-өлең шырылдап бара жатты  
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.

Торғай-өлең өлмеді, аман қалды,
Әкетті ажал...
Жыр емес, адамды алды.
Бір өмірдің дастаны басталды да,
Шорт үзілді,
Шоп-шолақ тәмамдалды.

Қаралы лек.
Бозғыл шаң шұбатылды.
Бара жатыр жерлеуге шын ақынды.  
Маржан жырдың мөп-мөлдір бір түйірі  
Құмға түсіп кетті де, уатылды.

Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның,  
Қаталы-ай жыл дейтін сұрапылдың!   
Сұңқар төсі томпиып, қарсы қарап,   
Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?!

Енді жоқ азаматым, аймаңдайым,
Жоқ болды құмға сіңген айрандайын.  
Асығыс, ылғи жортып жүруші еді  
Бетпақтан су іздеген жайрандайын...
                         ІІ
Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде,   
Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын.  
Көтеріп сендер оны келмегенде  
Көмусіз қалмайды ғой, бауырларым!

Көмбеңдер!
Топырақты тастамаңдар!
Жабыла толтырмаңдар құмды ұраны.  
Ақынды көмсін білмес басқа жандар,  
Басына бармаңдар да, кұрбылары!

Ет жүректің езілмес кезі ме бұл...
Жылай білсең, шын жыла!
Жасыма тек.
Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл,
Алдыңдағы апанның басына кеп

ҒАБАҢА
                                 Ғабит Мүсіреповке


Ғабеке,
Анда-санда Сізді көрем,
Сізді көрсем, жомарт бір күзді көрем.
Еліктеп өзіңізге есім кетіп,
Кегендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Мейіріммен қарайтын Сізді көрем,
Басқалар үміттерін үзді менен.
 
Заһармен жібітем деп қу тандайды,
Сеземін, өзін-өзі жұрт алдайды.
Жібітсем кейде мен де қу тандайды,
Басымнан Алатаудың бұлты аунайды,
Біреулер келекелеп, жыртындайды.
Түбінде құртса мені, құртар қайғы,
Алайда жырларымды жырта алмайды!!!
 
Менен де үміт күтіп туған елім!
Мен-дағы үмітпенен туған едім,
Мас болған өлеңіне бір жан едім.
Ғабеке!
Айтсаңызшы мыналарға,
Мен кімнің қазынасын ұрлап едім?

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА
 


Аға,
Саған, білмеймін не айтарымды,
Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.  
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді, білмеймін не айтарымды?
 Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,
Неге көңіл, білмеймін, аңтарылды?!
Ақ тұлпарым бар еді саған деген  
Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!
 
Сен зәру емессің ғой құрметке,
(Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...)  
Тонға емес, орамал жолға жарап,
Сый тартуды атамыз ырым еткен.
Тартар сыйым өзіңе болмағасын,
Белгілі ғой қасыңа жоламасым.
Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,  
Алсам-дағы басынан томағасын.............

..............Қандай сый тартсам екен, аға саған,
(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?!)
Ешбір сый таба алмасам, аға саған   
Аппақ тонын — атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.

«Фаризаға» әні

Мұғалім сөзі: Мұқағали жақсы ақын ғана емес, қамқор әке, жанашыр жанұя иесі болғанын да замандастары айтып өткен. Жанұясына арналған өлеңдер топтамасымен оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

ӘКЕМЕ

Сонымен құладың ба, тас қамалым?

Қалмады күйініштен басқа амалым.

Зиратың аяқ асты болмасын деп,

Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,

Шынымен өртендің бе, нулы орманым?

Әке, сенің өмірінді жалғамасам,

Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!



АНАШЫМ

(Оқу бітірген студент хатты)

Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.



Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

....Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.

Қапа болма мен үшін, неғыласың...

........................................................

Біздің үйге көктем келді, қыз келді,

Қызығың да, тамашаң да бізде енді.

Неғып жатыр, Әнуар, - шұжык, балкаймақ,

Нөкерімен шауып кетпей біздерді...

Біздің үйге Шолпан келді, Шолпаным!

Шолпым менің...

Қызыққа енді шолпамын.

Мінезіңнен...

Мінезіңнен қорқамын,

Лашынға тартқан-ау деп жортамын.

Қызым менің - күлкім менің, сауығым,

Базарым да, бауырым да, ауылым.

Қандай ғажап, қарақаттай көзіңде.

Қарап тұрған мен өзімді таныдым!



ҰЛЫМА

Жүре-жүре мен өмірге қанықтым,

Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым,

Қызбатаптық күндерімді ұзатып,

Енді, міне, әке боп та қалыппын.

Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,

Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!

Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,

Өмір жолын әкен былай бастаған.

Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,

Ал анамнын ақылына көнбедім.

Тіпті, кеше окушылық кезде де

Тізгінімді ешбір жанға бермедім.

Өмірімде бір иілген емеспін,

Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.

Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»,

Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.

Енді, міне, ұлым маған қарайды,

Өткір көзін өнменіме кадайды.

Көп қателік жіберігіпін, амал не?

Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!

«Сәби болғым келеді» әні

Мұғалім сөзі: Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу басым. Сол өлеңдер топтамасына кезек берсек.

.................................................................................................................................

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,

Су тартылған теңізден, жылғалардан.

Нелер ұрпақ аттанған қуған арман.

Не бар дейсің, өмірге тұлға болған

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менін жаным ашиды барлығына:

Таң нұрына, адамның тағдырына.

Менін жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге.

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,

Енді сендер өмірден өтпендер деп.

Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде,

Жаңаруда дүние, ескіруде.

Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!





АЙЫҒЫП КЕЛЕМ

Айығып келем.

Айығып келем бәрінен.

Емделіп жүрмін,

Жақсылар берген дәрімен.

Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,

Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.

Сауығып келем,

Жинап та келем есімді.

Сағынып қалдым,

Саламат өмір кешуді.

Тағат таппастан,

Тартамын алға көшімді,

Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.

Қиын ғой Қиын...

Көшінді жолға доғарған,

Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,

Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -

Сол арман,

Жалындап тұрып,

Өртеніп кетсең, жоқ арман!

....................................................

Батар күн,

Келер түн,

Атар таң,

Шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен,

осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен,

Сірә да, өлмейтін шығармын!

Жақындық сеземін –

Жерден де аспаннан,

Жылылық сезінем —

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы, мен,

өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.

.........................................

Қатігез қайсібір сағатта

Өмірді келеді тастағың.

Сонда да үмітті жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын.

Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,

Тағдырың ұлы оғын жолдаса.

Өзің-ақ ойлашы несі өмір,

Қуаныш, қайғысы болмаса.

Қай жерде тіршілік өмір бар,

Сол жерде қуаныш, қайғы да.

Болса да алдың құз, артың жар,

Көн-дағы өмір сүр, айныма.

«Дариға, домбырамды берші маған» әні

Мұғалім сөзі: Мұқағали аударма саласында да көп тер төгіп, еңбек еткен ақын.

Ақынның Файзолла Ансаридан аударған «Күдік» өлеңін Ерғалиева Әйгерім апайларың оқып береді.

Күдік

Қызға деген кешкі асы суып қалды,

Бесігінде кіші ұлы тынып қалды.

Тек ана отыр телміріп терезеге,

Дірілдейді басқандай суық қарды.

Бір отырып, орнынан бір тұрады,

Бірде сыртқа, қақпаға ұмтылады

Қабырғада сағатқа бірде қарап,

Әлденеге әбігер, ынтығады.

Орамалын бір сәтке лақтырып,

Кешкі үнді тыңдайды құлақ түріп.

Қонақ күтіп отыр ма асыл ана,

Пейілінен береке нұр арттырып.

Өтіп жатыр минуттар алаңПейілінен береке нұр арттырып.

Өтіп жатыр минуттар алаң қылған,

Кенет сыбдыр естілді қараңғыдан.

Сәулетай қыз есіктен күле кірді,

Екі беті албырап алау нұрдан.

Анасының алдында тұра қалды.

Үрей, күдік аралас тұман алды.

Мерзімінен кешіккен керім бикеш,

Ана алдында таба алмай тұр амалды.

Кешіктің деп анасы ашулы ма?!

Сөйледі қыз аптығы басылды да:

-Ертең және қайтадан жиналамыз,

Бітпей қалды мәжіліс ашылды да.

Ана көңілі қашаннан күпті еді де,

Сенген болды бір ойды жүктеді де:

-Қалай дедің, қаршығам, қалай дедің,

Басталмаған мәжіліс бітпеді ме?!

Дұрыс, ботам, түн кезер күйге еніпсің,

Ақыр, міне, алдауды үйреніпсің!

Ұялсайшы клубқа барып келгем,

Ешбір адам жоқ-тұғын, танып, көргем!

Мәжілісің қайда өтті, кербезім-ау?

Ақиқатын айтсайшы анық көрген !

Шашын ұстап қызы тұр, ділгіреді,

Тарқатып та, өріп те үлгереді.

Қолаң қара шашы оның бар айыптың

Бастамасы болды ма, кім біледі?!

Мұғалім сөзі: Кешке қатысып, Мұқаңның өлең, әндерін оқып-орындаған, тыңдаған барлық көрермен мен қатысушыларға алғыс айта отырып, кешімізді Алатау мұзбалағының «Көрерміз» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

Көрерміз

Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз,

Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.

Есеп берер күн де болар ұрпақтардың алдында,

Мықтымсыған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.



Отымызды Ұлы Отанға берерміз де, сөнерміз,

Гүлімізді ұрпақтарға сыйлармыз да, семерміз.

Жаңа келген ұрпақтардың алғысын ап, марқайып,

Артымызда кім қаларын тірі жүрсек, көрерміз.



Ұлан-асыр ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз,

(Біз әзірге даурықпаға шетімізден шеберміз)

Құрғақ даңқ құлы болып, бәлки..... бір күн, кім білсін,

Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз......



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан "Алатауды? м?збала?ы" атты ?деби кеш

Автор: Ар?ын?азина Айг?л Танат?ызы

Дата: 18.01.2016

Номер свидетельства: 278428


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства