kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте?гілік: Ертегілер ?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегілер ?лемінде.

(ата-аналарды ?атыстыра отырып, ?лтты? ойындарды ?олдану).

Ма?саты: ?лтты? ойындарды ?олдана отырып, халы?ты? т?рбиені бала бойына сі?іру, бір-біріне деген сыйласты?, ?ам?орлы?, ?арым-?атынасын ны?айту, ?имыл ?рекетін, с?здік ?орын молайту, ойын?а деген белсенділіктерін арттыру, еркіндікке, батылды??а, жылдамды??а баулу.

Билингвлды сы?ары: Та?ия – тюбетейка, ?ас?ыр – волк, са?ина – кольцо.

Затты? дамытатын орта: ?амшылар, са?ина, та?ия, санды?, кедергілер, асы?, до?а, ар?ан.

Н?с?аушы:

- ??рметті ?она?тар! Б?гін 1 сынып о?ушыларымен, ?аза?ты? ?лтты? ойындарын ?олдана отырып, ата-аналармен бірге «Ертегілер ?лемінде» атты спортты?-тілдік сауы? кеш ?ткізілмек. Ендеше орта?а топ б?лдіршіндерін ?ошеметпен ?арсы алайы?.

Балалар кіріп, ше?берге т?рады.

Алдымен балалар, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік: Ертегілер ?лемінде»

Ертегілер әлемінде.

(ата-аналарды қатыстыра отырып, ұлттық ойындарды қолдану).


Мақсаты: Ұлттық ойындарды қолдана отырып, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық, қарым-қатынасын нығайту, қимыл әрекетін, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, еркіндікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.

Билингвлды сыңары: Тақия – тюбетейка, қасқыр – волк, сақина – кольцо.

Заттық дамытатын орта: Қамшылар, сақина, тақия, сандық, кедергілер, асық, доға, арқан.

Нұсқаушы:

- Құрметті қонақтар! Бүгін 1 сынып оқушыларымен , қазақтың ұлттық ойындарын қолдана отырып, ата-аналармен бірге «Ертегілер әлемінде» атты спорттық-тілдік сауық кеш өткізілмек. Ендеше ортаға топ бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық.

Балалар кіріп, шеңберге тұрады.

Алдымен балалар, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбер:

Күн болып біз күлеміз,

Шуақ боп жайнап жүреміз.

Денемізді шынықтырып,

Ұзақ өмір сүреміз.

- Балалар, бүгін «Ертегілер әлеміне» барып, өзіміздің қандай мықты, күшті, алғыр екенімізді көрсетейік. Бірақ, «Ертегілер әлеміне» бармас бұрын денемізді жаттықтырып алайық.

І бөлім: Шеңбермен жүру, ирелеңдеп жүгіру, қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қол белде өкшемен жүру, үш қатарға бөлініп тұрамыз.

ІІ бөлім:.

Жаттығу. (Қара жорға әуенімен).

- Міне, балалар, біз «Ертегілер әлеміне» жол жүруге дайынбыз. Жолымыз қысқару үшін өлең шумағын айта жүрейік.

Жүру:

Ұзамайды мал шалғай,

Жатыр жақын қойнауда.

Қаймақ, қатық мол қандай,

Құт-береке жайлауда.

«Ертегілер» музыкасы қойылады, балалар екі қатарға тұрады.

- Міне, «Ертегілер әлеміне»келіп жеттік. (сахна ашылады). Төрде Шығайбай отырады. (Алдында сандық, оның ішінде асық, сақина, тақия, арқан, қамшы, жол, ойыншық ешкі).

Шығайбай:

- Амансыңдар ма, балалар! Біздің әлемге келгендерің жақсы болды. Сендер Алдар Көсені танисыңдар ма? (Иә танимыз). Менің ешкімге қиянатым, жамандығым жоқ еді, Алдар Көсе мені алдап, арбап астымдағы тұлпарымды алып кетті. Мына сандықтың іші толған алтын, байлық, қазына деп орнына тастап кетіп еді, қарасам ішінде маған керек емес, мені түсінбейтін заттар, құралдар бар.

Балалар, сендердің көмектерің керек.

Нұсқаушы:

- Байеке, кәне көрейін, қолдан келсе көмекті балалар беруге дайын. Мынау не болды екен. Мүмкін бұл қағазда сиқырлы сөздер жазылған шығар, оқып көрейін.

Байеке, мына құралдарды пайдалана білсең, тұлпарыңды қайтарам, - депті.

Әрине, Байеке, балалар көмек беруге дайын.

Алдымен балалар спорт туралы және өздерінің қандай күшті, мықты, епті екендерін тақпақ, өлең жолдарымен айтып берсін.

Тақпақтар.

1-бала: Спорт – досың әрқашан,

Керек балабақшадан.

Доп тебеміз, күлеміз,

Спортты біз сүйеміз.


2-бала: Спортшы боп сен бүгін,

Таза ауада сергігін.

Денсаулығы мықтылар,

Көтереді ел жүгін.


3-бала: Шынықсаң шымыр боларсың,

Өнегелі боламыз.

Бұлшық еттер бұлтыңдап,

Жұлдыздай болып жанасың.


4-бала: Көкшіл, ала, қызыл доп,

Басайықшы топ-топ-топ.

Шынығамыз әрқашан,

Ауырмайсың жоқ-жоқ-жоқ.


5-бала: Денсаулық ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырап.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


6-бала: Тік ұстап денеңді,

Сапқа тұр сен енді.

Жанға сен щынығу,

Жаттығып тынығу.


7-бала: Сымбатты болуда,

Өзіңнің қолыңда.

Спорттық ойында,

Күш-жігер бойыңда.


8-бала: Денсаулық мол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Ән: «Біз мықтымыз».

Желаяқ (музыка әуенімен кіреді, ары-бері жүгіреді):

- Амансыз ба, Байеке! Қонаққа кішкентай бүлдіршіндер келіпті ғой.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! (сәлемдеседі)

- Байеке, неге көңіл күйіңіз жоқ.

Шығайбай:

- Е-е, баяғы Алдар Көсе ғой.

Желаяқ:

- Алдар Көсенің жыры бітпейді ғой. Балалар, сендер мен сияқты жүгіре аласыңдар ма? (ия).

- Жоқ, ешкім менің алдыма түсіп жүгірген емес, мен Желаяқпын.

Нұсқаушы:

- Желаяқ біздің балалар жүгіре де, еңбектей де, секіре де алады. Олай болса, мына сандықтың ішінен бір құралды алып, пайдаланайық (жолды алу) қосымша доға, таяқша.

ІІІ бөлім.

Негізгі қимылдар: «Доғадан еңбектеу, жолдан жүгіру, таяқшадан секіру».

Желаяқ:

- Ой, өздерің мықты екенсіңдер. Менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Мен сандықтың ішінен өзіме ұнаған затты алып келейін. (Тақияны алады).

- Балалар, мынау не? (Тақия)

- Тақияны орысша қалай атайды? (Тюбетейка)

Жарайсыңдар, балалар. Сендер басқа тілде де біледі екенсіңдер.

Нұсқаушы:

- Желаяқ, балалармен бірге «Тақия тастамақ» ойынын ойнай ғой.

- Балалар, шеңберге тұрамыз, енді тізерлеп отырамыз.

Ойынның шарты: Тақияны екі қолмен ұстап, музыка әуені ойнағанда жүресің, әуен тоқтаған кезде тақияны бір балаға дұрыстап кигізіп, жүгіресің де, сол баланың орнына жүгіріп келіп отырасың. (Желаяқ ойынды бастайды).

Ойын: «Тақия тастамақ».

Желаяқ:

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте жылдам жүгіреді екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен кетейін. Сау болыңдар.

Таусоғар (музыка әуенімен кіреді. Қолындағы тасын жерге қойып, әрі-бері жүреді):

- Амансыз ба, Байеке! Ой мұнда кішкентай балалар қонаққа келіпті ғой. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қараңдаршы, мен қандай күштімін. Мені ешкім жеңген емес. Тауды-тауға соққан адаммын. Мен Таусоғармын. Анда-санда ішім пысқан кезде тауды тауға лақтырып, үгітіп ойнаймын.

Нұсқаушы:

- Таусоғар, біздің балалар да күшті, епті.

Ана сандықтың ішінен өзің қалаған құралды алып кел. (арқанды алады).

Осы арқан арқылы өздерінің күшті екендерін көрсетеді.

Ойын: «Арқан тартыс».

Таусоғар:

- Маған сендердің ойнағандарың ұнады. Тағы қандай ойын түрлерін білесіңдер?

«Қыз қуу», «Асықтар», «Хан талапай», «Тақия тастамақ», «Сақина салмақ», «Ақ сүйек», «Көкпар».

Менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Нұсқаушы:

- Таусоғар, ана сандықтың ішінен қалаған құралды алып кел.

Таусоғар:

- Жарайды (ойыншық ешкіні алады).

Нұсқаушы:

- Қазақ – ат құлағында ойнап өскен халық қой. Таусоғар балалардың қандай епті екенін «Көкпар» ойыны арқылы көрсетеді.

Ойын: «Көкпар»

Таусоғар:

- Жарайсыңдар, балалар! Байеке, мына балалар өте күшті, епті екен.

Мына сандықтың ішіндегі құралдарды да пайдалана біледі екен.

Шығайбай:

- Иә, дұрыс айтасың. Мен балаларға риза болып отырмын.

Таусоғар:

- Мен кетейін. Барып тауларды жинастырайын. Сау болыңдар.

Бізбикеш (музыка әуенімен кіреді, билеп жүреді):

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің келгендеріңді естіп, қуанып қалдым. Мен Бізбикешпін.

Қандай сүйкімдісіңдер. Сендерді көріп, ойнағым келіп кетті ғой.

Нұсқаушы:

- Бізбикеш, олай болса, ана сандықтың ішінен өзіңе ұнаған заттыталып кел.

Бізбикеш:

- Жарайды (сақинаны алады).

- Балалар, мынау не? (сақина)

- Сақинаны орысша қалай атайды? (кольцо)

Өте білімді екенсіңдер.

Нұсқаушы:

- Бізбикеш, балалармен бірге «Сақина салмақ» ойынын ойнай ғой.

Кәне, балалар, шеңберге тұрамыз, тізерлеп отырамыз.

Ойын: «Сақина салмақ»

Бізбикеш (қолына сақинаны алып, шеңбердің сыртында тұрып):

Алақанды беттестіріп, қуыстап,

Оытырыңдар құ ауаны уыстап.

1-2 рет кідіріп те қалған боп,

Бір жүзікті тегіс шығам салған боп, - деп шеңбердің ішіне кіреді де, ойынды бастайды.

- Сақина алдым, сақина салдым, сыйға алған сақинамды, саған сыйға тартам, 1-2-3 – Сақинам ортаға шық (3-4 рет).

Нұсқаушы:

- Отыра-отыра балалардың аяқтары шаршап қалған шығар. Бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:

Бізбикеш:

- Рақмет сендерге балалар, қандай ақылды, білімдісіңдер, үйренгенімді достарыма үйретейін. Сау болыңдар.

Саққұлақ (жер тыңдап кіреді, бай жаққа барып):

- Байеке, маған қасқырдыі даусы естіледі.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! (сәлемдеседі)

- Сендерге естіле ме?

- Жоқ.

Нұсқаушы:

- Мүмкін қасқырлар тұлпарды жеп қойған шығар. Қасқырдың сүйікті асы ғой.

Шығайбай:

- Әй, Саққұлақ тағы тыңдап көрші.

Саққұлақ:

- Әрине, менің құлағым ұзақтан, алыстан да естиді. Менің атым Саққұлақ қой, ешкім естімегенді естимін, жер тыңдап сөйлеп жүреді де, бұл қасқырдың даусы деп шығып кетеді.

Музыка қойылады (қасқырдың даусы).

Қасқырлар кіреді. 3-бала.

1-қасқыр: Қаңғырамын үйім жоқ, у-у

Ауылдардың иті жоқ.

Ұрлық, зорлық кәсібім у-у

Тамақтанар несібім.


2-қасқыр: Жылы жұмсақ қозылар,

Етің дәмді, дертке нәр.

Бір қолыма түсерсің у-у

Қарнымда жатып пісерсің.

Нұсқаушы:

- Сендер жолда тұлпарды жеп қойған шығарсыңдар.

Қасқырлар:

- Жоқ, жеген жоқпыз.

Нұсқаушы:

- Онда ашуларыңды басыңдар, көңіл-күйлеріңді көтеріп, балалармен «Қасқыр қақпан» ойынын ойнайық.

- Кәне, балалар, шеңберге тұрамыз.


Ойын: «Қасқыр қақпан»

Шарты: Кәне, кәне тұрайық,

Қасқыр қақпан құрайық.

Қақпан-қақпан берік бол,

Қасқыр-қасқыр келіп көр.

Нұсқаушы:

- Қасқыр сандықтың ішінен қалаған затыңды алып кел (асықты алып келеді).

Жарайсың, мына қасқыр өзінің сүйікті асын тауып келіпті.

- Балалар, қасқырды орысша қалай атайды? (волк)

Жарайсыңдар. Ендеше осы қасқырлармен «Асық ату» ойынын ойнайық.

Ойын: «Асық ату»

Қасқырлар:

- Жорыққа біз кетеміз, сау болыңдар.

Шығайбай:

- Балалар, ең соңғы тапсырма қалды, мен қуанып отырмын.

Мұнда қамшылар тола. Бұл қамшы тұлпарыма керек қой.

Жүргізуші:

- Жоқ, Байеке, бұл қамшымен балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Би: «Бозжорға» (қамшымен)

- Ал енді, балалар, қамшы ұстап саусақтарымыз шаршаған шығар, саусақ жаттығуын орындайық. Орындарында айтады.


Саусақ жаттығуы: «Жайлауда»

Саусақтар-ау, саусақтар,

Сендер қайда бардыңдар.

Жайлауға бардық.

Кімді онда кездестірдіңдер?

Байды, Желаяқты, Таусоғарды,

Бізбикешті, Қасқырларды.

Бәріне сәлем бердік.

Бәрі де алғыс айтты.

Шығайбай:

- Алдар Көсе тұлпарымды әкелмеді ғой. Сандықтағы бар құралды пайдаланайық. Ұлттық ойынның түр-түрін ойнадық (көңілсіз айтады).

Нұсқаушы:

- Байеке, ашуланбаңыз, мүмкін балалардың тұлпарға арнаған әнін естісе, Алдар Көсе алып келер.

Ән: «Ақбозат»

Алдар Көсе (тұлпармен әндетіп кіреді):

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жол жөнекей Желаяқтан, Таусоғардан, Бізбикештен сендердің сондай күшті, тапқыр, алғыр екендеріңді естіп келе жатырмын.

- Шығайбай, міне тұлпарың.

Шығайбай:

- Тұлпарды құшақтап, рақмет сендерге балалар. Өркендерің өссін.

Елге елеулі, хлыққа қалаулы үлкен азамат болып өсіңдер.

Қазақтың ұлттық тағамы құрттан сендерге сыйға берейін (құрт береді).

Әй, Алдар Көсе, көрші ауылға барайық. Сау болыңдар, балалар.

Нұсқаушы:

- Енді өзіміздің топқа қайтатын кез-келді.

Бірге (шеңбермен):

Біздің сынып базарлы – үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

Осымен «Ертегілер әлемінде» атты сауық кешіміз аяқталды.





























Жігіт сұлтаны




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ерте?гілік: Ертегілер ?лемінде

Автор: Бурылбаева Зарина Кабылбековна

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269271

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ертегі сыр шертеді  МДТ"
    ["seo_title"] => string(25) "iertieghisyrshiertiedimdt"
    ["file_id"] => string(6) "317164"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460292163"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "In the world of fairy- tale                               (  Ертегілер ?лемінде )"
    ["seo_title"] => string(50) "in-the-world-of-fairy-tale-iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "315285"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459859570"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«Шал?ан»  орыс  халы?  ертегісі"
    ["seo_title"] => string(28) "shalkanoryskhalykiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "281485"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453541141"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«Ертегілер  ?лемінде» "
    ["seo_title"] => string(25) "iertieghilier-liemindie-1"
    ["file_id"] => string(6) "176709"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424455909"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства