| Басы Ұйымдастыру кезеңі | Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ертегі — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады. Бүгін 1,2,3 топ оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін біздің алдымызда сахналап көрсететін болады. Олай болса «Ертегілер әлемінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. | Тәрбиешілермен амандасады | Слайд |
| Ортасы | – Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл жерде ғажайыптар орын алып, сүйікті кейіпкерлеріміз бізбен бірге болады. (Көңілді әуен ойнайды.) Жүргізуші: – Ендеше, ертегі әлемінің қақпасын ашайық! Барлығы бірге: – Бір, екі, үш! Ертегілер әлемі, есігіңді аш! (Ертегі кейіпкерлері шығады: Қызыл телпек, Ақшақар, Алдар көсе, Бауырсақ және т.б.) Кейіпкерлер өздерін таныстырып, қысқаша сөз айтады. Жүргізуші: — Балалар, «Жұлдыз айы көркем, Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді, Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді? — Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Кел, көрейік ертегі, Естіген жанды елтеді. Талай ғажап оқиға, Қызық сырын шертеді,- олай болса кезекті ертегі кейіпкерлерінің сән көрсетіліміне кезек берейік! ДЕФИЛЕ (Әуен қосылады. Қатысушылар ертегі кейіпкерлерінің киімімен сахнадан жүріп өтеді. Әр кейіпкер таныстырылады.) Жүргізуші: – Қандай керемет кейіпкерлер! Барлығына қол соғып қояйық! Балдырғандар көп біледі ертегі, Ерінбестен ертегіні шертеді. «Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды, Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті оқушыларға береміз. Ойын: «Кім тапқыр?» Шарты: Ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерді атау. Еліктіріп,ертек бізді баурайды, Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды Би бөлімі: – Ертегі кейіпкерлерімен бірге көңілді би! | Ертегілер, ертегі кейіпкерлері Ертегі кейіпкерлерінің киімімен сахнадан жүріп өтеді Оқушылар ертегіден үзінді тыңдап және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтарды табады. Ертегінің атын және кейіпкерді атайды. Ертегі кейіпкерлерімен би билейді | Слайд Көңілді әуен Слайд Әуен Слайд (жұмбақтар) Көңілді әуен ойнайды |