Білімділік ма?саты: ?здерін к?пшілікті? арасында, б?тен адамдарды? алдында еркін ?стай алу?а бейімдеу. Берілген та?па?тарды д?рыс айту?а, ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап бере алу?а с?здер мен с?йлемдерді д?рыс айта алу?а ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік "Бала тілі-бал" »
Ақсу қаласы
Қызылжар орта мектебі
Бала тілі-бал
Даярлық тобындағы ертеңгілік
Тәрбиешісі: Мажикова С.К.
2014-2015
Білімділік мақсаты: Өздерін көпшіліктің арасында, бөтен адамдардың алдында еркін ұстай алуға бейімдеу. Берілген тақпақтарды дұрыс айтуға, қойылған сұрақтарға жауап бере алуға сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айта алуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Достық қарым-қатынаста жұмыс жасай білуге, отбасына,қазақстан еліне деген құрметін тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысы:
Балалар музыка әуенімен залға кіреді қонақтармен амандасады
Қайырлы күн құрметті қонақтар сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз «Бала тілі-бал» концертімізді мемлекеттік әнұраннан бастайық.
Ана тілі менің
Әлдилеген әнім
Ана тілі демім
Ана тілім жаным Айжанар
Ана тілім елім
Қайсар қайрат күнім
Ана тілі менің
Баста бақыт құсым Салих
Ақыл-ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың Зейнеп
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді Алдияр
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған Аружан
Ана тілі –біздің туған анамыз
Анамыздай силап, бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзімізден сондай болмақ бағамыз. Олжас
Тіліңді біл, балам
Сөзің сырлы болсын!
Дініңді біл, балам
Сөзің нұрлы болсын Бекзат
Қазақ тілі –ата-анаң
Қуат алар Отан да одан.
Дүниенің бар асылы
Тең келмейді, еш бір оған Асылхан
Туған тілің тілшілігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін
Өшсе тілім менде бірге өшемін Диана
Ана тілін білмесең
Қадірлейсің кімді сен?
Ана тілі арқылы
Тарихыммен тілдесем. Адия
Ана тілін білмесең
Қадірлейсің кімді сен?
Өз тіңді ер жетіп
Қол созасың күнге сен Рамазан
Өлең; «Біз балдырған баламыз»
«Біз өмірдің гүліміз»
Қазақтың ұлттық ойындарынан көрініс: «Қыз қуу», «Көкпар»
Би ; «Қазақша»
Өлең; «Көк тудың желбірегені»
«Бала тілі- бал» атты ертеңгілігімізді мына бір жыр шумақтарымен аяқтағым келеді: