Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік «Күзгі байлық»»
Катонқарағай ауданыАқсу ауылындағы «Еркетай»
бөбекжай-бақшасы КМҚК
Ертеңгілік
«Күзгі байлық»
«Балауса» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші:Кудербаева А.Ж.
2020-2021 оқу жылы.
«Күзгі байлық»
Мақсаты: Күз мерекесін өткізу. Күз туралы балалардың түсініктерін кеңейту, дүниетанымдарын арттыру. Жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатты сүйіп, оны аялап күтуге тәрбиелеу. Тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Күз туралы суреттер. Күз жәрмеңкесі – жеміс және көкөністер салынған себет.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Өз байлығын аямай алып келді.
Ғажайып сәт: Алтын күз жемістер мен көкөністер болып киінген балалармен бірге арба толы күзгі байлықтарын алып кіреді .
Алтын күз: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар,алтын күз,және балалар! Бүгінгі «Күзгі байлық » атты мерекемізге қош келдіңіздер.
Алтын күз:
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен,Алтын күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Жүргізуші: Ендеше Алтын күз мерекеміздің қадірлі қонағы болыныз!
Жүргізуші:
Елімізге келіпті ғой алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады,кім табады
Қандай екен алтын күз?
Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз -Оны қалай білеміз? Балалар: күн суыта бастады, жел жиі соғып жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады.
-Неге күзді «Алтын күз» дейміз? (Балалардың жауаптары).Күзде жиі жаңбыр жауады, жел соғады және де айналаның бәрі сары түске боялады. Жемістер мен көкөністер де піседі.
Жүргізуші: Ия,балалар.
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау- салтымыз.
Жиып –теріп болған соң, Той жасайды халқымыз.
Балалар, сендер баубақшаға саяхатқа барғыларын келе ме? (Ия)
Олай болса біз автобусқа отырып, күз байлығын жинауға барайық.
Музыка ойналып турады.
1-ші Аялдама- «Дүкен». Сатушыдан жеміс пен көкөністерді сатып. алады.
Балалар өз киінген киімдеріне сай жеміс-көкөніс сатып алады. (Сәлемдесу,рахмет айту, қоштасу).
2-ші Аялдама- «Баубақша».
Балалар тоқтап, топтарға бөлініп ағаштардан жемістер жинайды. (Ата-аналар жемістер ағашын сомдайды)
Алма ағашы:Мен–алма ағашымын
Түрлі-түрлі болатын.
Тездетіп жинамасаң
Жерге түсіп қаламын.
Шие ағашы:
Мен -шие, шырағым,
Қызыл болып пісемін.
Тезірек жинап алмасаң
Ұрлыққа торғай түседі.
Өрік ағашы:
Мен-өрікпін күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік,сары өрік,
Сондай дәмді өзім .
Жүргізуші: Балалар, сендер көп жеміс-жидек жинапсындар, өте жақсы.
Ал, енді қонақтарға өздерін туралы тақпақ айтып берсендер.
1. Карима
Мен жүзіммін,жүзіммін, Моншақ болып тізілдім. Сары күзде үзіліп, Себетке кеп тізілдім.
2. Бексұлтан Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қалатын.
3. Темірлан
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем.
4. Аиша
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемің.
5. Алинұр
Көрсең егер бақшада
Доп екен деп ойлама.
Шөл қандырар қарбызбын,
Өзім қандай тәттімін!
6. Есбол
Асханадан шықпаймын,
Атым-пияз, пайдалымын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бырақ сақтаймын.
7.Әлемгүл
Өсіретін бойынды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз- Сәбіздерміз пайдалы.
8.Айым
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға –нәр.
Зияным жоқ,біліп қой,
Қызылшамын ,пайдалы ғой.
Жүргізуші: Балалар,сендер көкөніспен- жеміс туралы жақсытақпақтар біледі екенсіңдер.
Жүргізуші: Ал,енді балалар мына жинаған жемістерімізді «Күзгі байлық» жәрменкесіне апарайық. Осы «Күзгі байлық» жәрменкесіне өз үлесімізді қосайық.
Жүргізуші: Балалар,жылдың қай мезгілін алсақ та табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шақта біз «Күз тамаша» әнің орындайық.
«Күз тамаша» әні.
Жүргізуші: Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Жемістердің билерін
Енді сыйға тартайық.
«Жемістер вальсы» .
Алтын күз: Балалар, мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендер де мен сияқты бай екенсіндер. Сендердің байлықтарың- ол сендердің білімдерің, жақсы тәрбиелерің және өнерлерің. Сондықтан жомарт күздің сыйлығы бәріне де жетеді,- қолды үш қайтара соғу. (Кірпі-кейіпкері себет толы алмасымен төбесіне қойып кіреді де алдына кояды). Алтын күз: Өмірлерің осы алмадай тәтті болсын деп бір-бірден таратады.
Балалар «рахмет» деп орындарына жайғасады.
Жүргізуші: Ал, енді бүгінгі біздің «Күзгі байлық » атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Алтын күз өлкемізге өзінің берекесімен орала берсін! Назарларынызға көп рахмет! Сау болыныздар!