Мусамагамбетова Кумисбала Кайсахановна
КММ «Қосалқы мектеп интернат».
Семей қаласы. ШҚО
Тәрбие сағаты.
«Денсаулығым – зор байлығым!»
Мақсаты: Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Түзету дамытушылық - Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, мақал - мәтелдер, слайд.
Ұйымдастыру кезең: Шаттық шеңбері: (оқушыларды ортаға шақыру, шеңберге тұрғызу)
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Үлкенге де сіз дейміз,
Кішіге де сіз дейміз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Барысы: Жұмбақ жасыру
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
1) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
2) Тіс тазартатын құралдар? (тіс щеткасы мен паста)
3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі)
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Әуелгі байлық денсаулық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Бейне жазба көрсету. Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
4.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: - Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.
Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?
Ойын: «Иісіне қарай ажырат». Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
Сергіту сәті:
Үстел үсті ойыны: «Әлемдегі ең пайдалы азықтар» (Оқушыларға шашылған жеміс жидектерді құрастыру тапсырылады.)
- Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.
Бейне жазба көрсету:
Мақал – мәтел құрау (Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қояды)
Жарлының байлығы – . . . саулығы.
. саудың – жаны сау.
Ауырып ем іздегенше – . . . жол ізде.
. . . – зор байлық.
. . . – жасырған өледі.
«Кім тапқыр?» (шашылған сандарды ретімен қойып, сөз құрау)
Д – Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е – Емнің алды - еңбек.
Н – Негізгі байлық - денсаулық.
С – Саулық - байлық негізі.
А – Ас – адамның арқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л – Ластың досы - шыбын.
Ы – Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ – Қотыр қолдан жұғады.
Қортынды бөлім:
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.