kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілдер мерекесіне орай "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Терсақан негізгі мектебі

Тілдер мерекесіне орай  "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»

  (дөңгелек үстел)

Дайындаған: О.І.О: Уаисова Ш.Ш.

2016-2017 оқу жылы

Дөңгелек үстел

Тақырыбы: Тілдер мерекесіне орай  "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз
Мақсаты:
Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)
Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев)
Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:

Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 25 жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!-
дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.
I. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

II. Оқытушының сөзі:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,-
дегендей, тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!-
деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.

1.Мектеп басшысы: Касымова Р.О.

2Тәрбие ісінің орынбасары: Досанова Г.А.

3.Кәсіподақ ұйымының төрайымы, ЖМ ӘБ-ің жетекшісі: Бетенова Г.С.

4. “Нұр Отан” партиясының бастауыш партия ұйымының төрайымы, мектеп кітапханашысы: Каймульдина Г.Ғ.

5.Бастауыш ӘБ-ің жетекшісі: Жапимова Н.Ж.

6.Гуманитарлық ӘБ-ің жетекшісі, қазақ тілі, әдебиет маманы: Досанова Е.А.

7.Мектеп психологі: Исахметова А.А.

8. Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі,тарих пәні мұғалімі: Рахимов Е.Т.

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Қазақ тілім-мақтанышым" тақырыбына арналған бейне роликке  назар аударайық.
IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

1.Мектеп басшысы: Касымова Р.О. Сұрақ: 1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
2.Тәрбие ісінің орынбасары: Досанова Г.А. Сұрақ: 2. Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
3.Кәсіподақ ұйымының төрайымы, ЖМ ӘБ-ің жетекшісі: Бетенова Г.С. Сұрақ: 3. Кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңіз?

4. “Нұр Отан” партиясының бастауыш партия ұйымының төрайымы, мектеп кітапханашысы: Каймульдина Г.Ғ. Сұрақ: 4. Елбасымыз Н.Әұлы Назарбаев: «Дауға салса, алмастай қиған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде ештеңе жоқ», -деп айтқан. Осы пікірді естігенде, сіздің басыңызға ең бірінші қандай ой келеді?

5.Бастауыш ӘБ-ің жетекшісі: Жапимова Н.Ж. Сұрақ 5. Қазақ тілінің болашағы туралы не ойлайсыз?

6.Гуманитарлық ӘБ-ің жетекшісі, қазақ тілі, әдебиет маманы: Досанова Е.А. Сұрақ: 6.Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?
7.Мектеп психологі: Исахметова А.А. Сұрақ 7. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуына көңіліңіз тола ма?

8. Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі,тарих пәні мұғалімі: Рахимов Е.Т. Сұрақ:8. Тілдің үш тұғырлығы туралы не білесіз?

Y. Оқытушы:

 Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп,

Сәтіңде көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңмен

Бойға біткен тілімізді

Пір тұтамыз,

Біз алдыңда иіліп,-деп, бәріміз ана тіліміздің құрметіне арнап «Анамның тілі- аяулы үні» әнін бірге шырқайық.

“Анамның тілі– аяулы үні”

с. Ш. Смаханұлынікі 
ә. Ә. Тыналиевтікі

1.Өмірге келдім, 
Анамды көрдім, 
Деді ол: жаным, 
Арайлы таңым. 
Самал боп желпіп, 
Жырымен ертіп, 
Үйретті тынбай 
Бал тілін, әнін.

Қ-сы:Анамның тілі - айбыным менің, 
Анамның тілі - ай-күнім менің! 
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

2.Мектепке келдім, 
Ұстазды көрдім, 
Тыңдадым сөзін 
Табынып, сүйіп. 
Анамның тілі, 
Аяулы үні 
Жүрекке нұрын 
Жіберді құйып.

Қ-сы:Анамның тілі - айбыным менің, 
Анамның тілі - ай-күнім менің! 
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

YІ. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңыздар! Рас, сіздердің айтылған әрбір сөздеріңіз шындық, бәріміздің күнделікті өмірімізде кездесіп жатыр.Сонымен, біз өз ана тілімізге құрметпен қарап, қазақша сөйлесіп, қазақ тілі мәңгілік тілге айналуына ат салысайық.

Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай.

Жасай бер, Ана тілім, қазақ тілім!

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға, қатысқандарыңызға  көп - көп рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілдер мерекесіне орай "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»»

Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Терсақан негізгі мектебі

Тілдер мерекесіне орай "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тілдер мерекесіне орай "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»

Автор: Уаисова Шазизат Шаяхметқызы

Дата: 07.01.2017

Номер свидетельства: 376269

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства