kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?деби кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

    «Фариза апамыз поэзия?а ?анат ?а?ып ал?аш ?осыл?ан кезден бастап, б?гінгі ?аза? поэзиясыны? падишасына айналып, б?кіл ?мірін шы?армашылы??а арнады»

                                                                     Н?рс?лтан Назарбаев.

?мірі мен шы?армашылы?ы туралы

         1-ж?ргізуші:  Фариза О??арсынова - Халы? жазушысы. 1939 жылды? 5-желто?санында Гурьев (?азіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына ?арасты Манаш ауылында ту?ан. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалы? институтыны? тіл-?дебиет факультетін бітіріп, Балы?шы ауданыны? Еркіндала, Октябрьді? 40жылды?ы атында?ы ?аза? мектебінде ?стазды? еткен.

2-ж?ргізуші:1966-1968 жж. Гурьев облысты? «Коммунистік е?бек» партия т?рмысы б?лімінде ?деби ?ызметкері. 1968-1970 жж. республикалы? «Лениншіл жас» газетіні? А?т?бе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі ?ызметін ат?ар?ан.

1-ж?ргізуші: 1970-1978 жж. республикалы? «?аза?стан пионері» газетіні? бас редакторы, 1978 ж. желто?саннан «Пионер» журналыны? бас редакторы. Ал?аш?ы ?ле?дері баспас?з беттерінде 1958 жылдан бастап шы??ан. Т???ыш ?ле?дер  жина?ы «Санду?аш» 1966 жылы жары? к?рді. «Ма??ыстау маржандары», «Мазасыз ша?», «асау тол?ын», «Мен сені? ж?регі?демін», «Шілде», «Сені? махаббаты?»,»С?хбат», «Дауа» т.б. ?ле? кітаптарымен ?атар к?рескер а?ын Махамбет  ?теміс?лы туралы «Алмас ?ылыш», ?аза?ты? ?нерлі ?ыздары Майра, Сара жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «сайра?ан Жетісуды? б?лб?лымын», «?ар?ыс», «?асірет пен ерлік», сондай-а? «Дала та?дыры», «А?б?бек жырлары» «Жантолыны? монологы», «М?шайра», «Мен ?мірді сен деуші ем», «Интервью», т.б. поэмалары жарияланды. Фариза О??арсынова - ?йел та?ырыбын шы?армаларына негіз еткен а?ындарды? бірі, оны? «Дыбыстар ?лемі» дастаны ?аза?ты? композитор ?ызы ?.Ж?банова?а, к?йші Д.Н?рпейісова?а, «Бибіг?л - ?н» жыры ?нші Б.Т?легенова?а, «Наз?о?ыр» Р.Ба?ланова?а, «Жыр анасы» М.Хакімжанова?а, «Ты?да?дар, тірі адамдар!» топтама ?ле?дері ?лия мен М?нш?кке арнал?ан. Сондай-а? «?ыз махаббаты», «?ыз с?зі», «Шы?ыста?ы ару ?ыз», «Парсыны? с?лулары» атты жырлары а?ынды ?йел адамны? жиынты? бейнесін сомдаушы ?аламгер ретінде танытады. «Шашы а?ар?ан ?ыз» секілді прозалы? туындысыны? с?з ?рнегіндегі орны ерекше.

 2-ж?ргізуші: А?ыны? творчествосына т?н басты ?асиет – шынды??а бас ию. Оны? б?л ?асиеті кез келген туындысынан да ай?ын к?рініп т?рады. 1979 жылы жары? к?рген «Сені? махаббаты?» жина?ында?ы «Сырласу немесе а?ын ?йелді? анасымен диалогы» атты поэмасы а?ын творчествосыны? шынды? шыр?ауы, негізгі ?а?идасы - шынды?, ?айсарлы?, адамгершілік, махаббат, сенім сия?ты философиялы? категориялар

1-ж?ргізуші: Ф. О??арсынованы? поэмасында нанымды, салма?ты к?рініс тап?ан. 1984 жылы «?йім – мені? Отаным», «Ма??ыстау монологтары», «Революция ж?не мен» ?ле? топтамалары ?шін ?аза? КСР Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталы? Комитетіні?, ?аза? КСР Жо?ар?ы Ке?есіні? ??рмет Грамоталарымен, «??рмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапаттал?ан. Республика м?дени-а?арту ісіне е?бегі сі?ген ?ызметкер.  ?аза?стан Республикасы Парламенті М?жілісіні? депутаты бол?ан.

2-ж?ргізуші: ?асым Аманжолов айт?андайын, а?ын ?мірбаяны ?ле?дерінде екені рас ?ой. Фариза да ?зі ??мыр кешіп жат?ан уа?ытты? жыршысы. Ол ?з замандастарыны?, ?з заманыны? ?мірбаянын ?з ?ле?дерінде ?рнектеп ж?р. Сол себепті де оны? та?дыр жолын тол?а?ан жырлары онымен ??рбы-??рдас бір ?рпа?ты? да ?мір сыры.

1-ж?ргізуші: ?йел жаратылысыны? н?зіктігі мен ?ылы?тылы?ын, жаны мен т?ніні? с?лулы?ын, махаббатыны? м?лдірлігін тап Фаризадай жар?ыратып, с?йсінте жаз?ан а?ын жал?ыз-жарым ?ана. ?йелді? болмысында?ы таби?и ?адір-?асиетін, ?сіресе м?лдір махаббатын, осы жолда кезігетін ?ыз?анышы мен с?йінішін, рахаты мен л?ззатын жеріне жеткізе иландыра, с?йсіндіре, тере?нен тол?ап жаз?ан со? ?ана ол мы? сан о?ырман?а ой салуда.

                 2-ж?ргізуші: ?з ?ле?дері ар?ылы а?ын біздерді – о?ырмандарын жанарында м??ы жо?, жаманды?пен к?ре т?ра к?респейтін, жыла?анны? ?ай?ысын  б?ліспейтін, ??ла?анны? ?олты?ынан демемейтін, б?ріне риза, б?ріне м?з, айналада?ы адамдарды? тіршілігінен, ?о?амда?ы ?згеріс-жа?алы?тардан бейхабар ?рі оларды? не болып жат?анында шаруасы жо?, безб?йрек, ?зімшіл, ?рк?кірек пенделерді? болмыс-бітімін ай?а?тайтын поэтикалы? портреттерімен таныстырып, ондайлардан отауы?ды о?шау ?ондыруы?ды, сондай-а? ?зі?ні? де сондай с?йкімсіз, с?мпайы мінезден аула? болуы?ды ?алайтын ?а?идат-пікір пайымдап отыр.

   1-ж?ргізуші: Ж?регімен жыр ?аша?ан а?ынны? ?ле?дері ?мірлік ?неге алатын а?и?аттан бастау алатын, жан сусынын ?андыратын тас б?ла?ты? таза суындай. Ендеше ж?ртты ысырып, ?зіне жол ашпа?ан, бас?аларды баса-к?ктеп т?рге озба?ан, ешкіммен же? ішінен жал?аспа?ан, арзан ата?-беделге жармаспа?ан, ?кімдерге жа?амын деп к??ілдерін аулама?ан, д?кейлерді? ?олына су ??йып, ?ызметінен т?скенде со?ына шыра? алып т?спеген, жал?ан к?ліп, жорта жыла?ансып, ?тірік жаны ашы?ансыма?ан, жал?анды?пен ж??ыспа?ан адамды арда? т?тып, ?мірінен ?неге алуды д?ріптеген а?ын алдында да, оны? осындай ?аза?ы ?асиет, мінезге бай лирикалы? кейіпкеріне де ?алай басы?ды имессі??!

         2-ж?ргізуші:   ?орыта айт?анда, Фариза а?ынны? адам жанын бірден баурап алатын н?зік сырлы, ж?рек елжіретер ?ле?дері кеуде?де к?йсанды? сазындай к?йге толтырып, ой-сана?ды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Са?ла? а?ынны? жау?ар жырларын б?кіл ?аза? жаппай о?ып, жаттап ж?р десек асырып айт?анды? болар еді. Ал оны? отты ?ле?дері барша ?аза?ты? жырын жырлап, м??ын м??дау?а арнал?анды?ын айтса? ?сте ?ателеспейміз,

А?и?атын айтып, а?ымыздан жарылар болса?, Фариза ?аза? Еліні? т?л?алы азаматы, к?рнекті ?о?ам ?айраткері. Б?л ата??а ол а?та?гер а?ынды?ымен де, т?уелсіздік жолында?ы сі?ірген жан?иярлы? е?бегімен де ?те лайы? Азамат екендігі талассыз шынды?.

О?ушылар Ф.О??арсынованы? та?па?тарын м?нерлеп о?ыды

1-ж?ргізуші: Кешімізді М.Ма?атаевты? ?ле?імен ая?та?ымыз келеді

Фариза!
Фаризажан, Фариза-?ыз,
?мірде а?ындарды? б?рі жал?ыз.
Шыдай-шыдай а?ыры жалы?армыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жо?тайтын жан болса егер,
Ша? бас?ан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесі? бе, білесі? бе?
Жаралма?ан жан екем к?ресуге.
Жылай ж?ріп, ?тірік к?лесі? де,
Ж?ресі? де ?оясы?, ж?ресі? де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Таста?ысы келеді к?ресі?е.
Фаризажан, сен соны білесі? бе?

Жанарымды т?манмен т?мшаладым,
...Серіппесі ?зіліп т?р сада?ым.
Жігітінен ?аза?ты? дос таба алмай,
?ыз да болса? мен са?ан м?? ша?амын.
Ауырлар деп ойлап па ем м??ша халім... (?зінді)

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?деби кеш »

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев.

Өмірі мен шығармашылығы туралы



1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

2-жүргізуші:1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

1-жүргізуші: 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді. «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «асау толқын», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың»,»Сұхбат», «Дауа» т.б. өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік», сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары» «Жантолының монологы», «Мүшайра», «Мен өмірді сен деуші ем», «Интервью», т.б. поэмалары жарияланды. Фариза Оңғарсынова - әйел тақырыбын шығармаларына негіз еткен ақындардың бірі, оның «Дыбыстар әлемі» дастаны қазақтың композитор қызы Ғ.Жұбановаға, күйші Д.Нұрпейісоваға, «Бибігүл - ән» жыры әнші Б.Төлегеноваға, «Назқоңыр» Р.Бағлановаға, «Жыр анасы» М.Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» топтама өлеңдері Әлия мен Мәншүкке арналған. Сондай-ақ «Қыз махаббаты», «қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары» атты жырлары ақынды әйел адамның жиынтық бейнесін сомдаушы қаламгер ретінде танытады. «Шашы ағарған қыз» секілді прозалық туындысының сөз өрнегіндегі орны ерекше.

2-жүргізуші: Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы - шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар

1-жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

2-жүргізуші: Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.

1-жүргізуші: Әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін тап Фаризадай жарқыратып, сүйсінте жазған ақын жалғыз-жарым ғана. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын, осы жолда кезігетін қызғанышы мен сүйінішін, рахаты мен ләззатын жеріне жеткізе иландыра, сүйсіндіре, тереңнен толғап жазған соң ғана ол мың сан оқырманға ой салуда.

2-жүргізуші: Өз өлеңдері арқылы ақын біздерді – оқырмандарын жанарында мұңы жоқ, жамандықпен көре тұра күреспейтін, жылағанның қайғысын бөліспейтін, құлағанның қолтығынан демемейтін, бәріне риза, бәріне мәз, айналадағы адамдардың тіршілігінен, қоғамдағы өзгеріс-жаңалықтардан бейхабар әрі олардың не болып жатқанында шаруасы жоқ, безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің болмыс-бітімін айғақтайтын поэтикалық портреттерімен таныстырып, ондайлардан отауыңды оқшау қондыруыңды, сондай-ақ өзіңнің де сондай сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуыңды қалайтын қағидат-пікір пайымдап отыр.

1-жүргізуші: Жүрегімен жыр қашаған ақынның өлеңдері өмірлік өнеге алатын ақиқаттан бастау алатын, жан сусынын қандыратын тас бұлақтың таза суындай. Ендеше жұртты ысырып, өзіне жол ашпаған, басқаларды баса-көктеп төрге озбаған, ешкіммен жең ішінен жалғаспаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, дөкейлердің қолына су құйып, қызметінен түскенде соңына шырақ алып түспеген, жалған күліп, жорта жылағансып, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қасиет, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің?!

2-жүргізуші: Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз,

Ақиқатын айтып, ағымыздан жарылар болсақ, Фариза Қазақ Елінің тұлғалы азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Бұл атаққа ол ақтаңгер ақындығымен де, тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де өте лайық Азамат екендігі талассыз шындық.

Оқушылар Ф.Оңғарсынованың тақпақтарын мәнерлеп оқыды



1-жүргізуші: Кешімізді М.Мақатаевтың өлеңімен аяқтағымыз келеді





Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім... (үзінді)

















2 Ленинград орта мектебі





















Бір ел – бір кітап акция 2013

«Тыңда мені жүрекпен»

атты әдеби кеш



Өткізген: Кітапханашы Ережепова М.Х.





2013-2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?деби кеш

Автор: Ережепова Махабат Хайржановна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби кеш"
    ["seo_title"] => string(37) "mukagalimakataievkaarnalgandiebikiesh"
    ["file_id"] => string(6) "271458"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451505904"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "М.Жұмабаевтың " Мен жастарға сенемін " атты әдеби кеші"
    ["seo_title"] => string(60) "m_zhu_mabaievtyn_mien_zhastarg_a_sieniemin_atty_diebi_kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "354150"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477994104"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(259) "Ма?жан Ж?мабаевты? 120 жылды?ына байланысты « Мен жастар?а сенемін» атты айдарымен ?тетін 10-11 сынып о?ушыларыны? дайында?ан ?деби кешіні? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(164) "mag-zhan-zhu-mabaievtyn-120-zhyldyg-yna-bailanysty-mien-zhastarg-a-sieniemin-atty-aidarymien-otietin-10-11-synyp-ok-ushylarynyn-daiyndag-an-diebi-kieshinin-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "154525"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421164950"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Жыр -мені? жал?ыз тарланым,жанымды жырмен жал?адым "?деби кеші "
    ["seo_title"] => string(71) "zhyr-mienin-zhalg-yz-tarlanym-zhanymdy-zhyrmien-zhalg-adym-diebi-kieshi"
    ["file_id"] => string(6) "185184"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426156437"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "М??а?али Ма?атаевті? 85-жылды?ына арнал?ан ?деби кеш."
    ["seo_title"] => string(62) "mu-k-ag-ali-mak-ataievtin-85-zhyldyg-yna-arnalg-an-diebi-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "298859"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456411550"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства