kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз-үлкен ел,үлкен отбасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағаты. 4 класс оқушыларымен Тәуелсіздіктің 25жылдығына орай өткізілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз-үлкен ел,үлкен отбасы.»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Біз -үлкен ел,үлкен отбасы.

Мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін ояту. Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу.

Әлеуметтік жағдайға бейімделген адамгершілігі мол ұлтжанды, толерантты, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамуға арналған тәрбие саласындағы заң актілерін орындауға оқушыларды ұйымдастыру және оған жағдай жасау.


Кіріспе бөлім

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар ! Бүгінгі біздің сыныбымыздағы 'Біз үлкен ел,үлкен отбасы" атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.



2-жүргізуші:Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі тәрбие сағатымыз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Әнұран – «Менің Қазақстаным»


1 - жүргізуші:

- Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге еңгелі отырмыз.

- Қалай ойлайсыздар, ол – қандай әлем? Мына тақтада жайдарлы жарқын кең қазақ даласында ақ отауды көріп отырсыздар. Әр отаудың өз шаңырағы болады. Ол отаулар бірігіп, үлкен шаңырақты түзеді.

Шаңырақ дегеніміз Ол – Атамекен, Отан.



2 - жүргізуші:

-Бір үйде, бір «Үлкен шаңырақта» 140 туыс бірге тұрыпты, бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату – тәтті тұрыпты.

Мұны көрген көршісі келіп:

-Біз бір үйде 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 140 адам қалай тату тұрасыңдар?,-депті.

-Балалар, осының себебін сендер не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар пікірі.

-Өзара түсіністік, Сыйластық, Еңбексүйгіштік, Мейірімділік, Қайырымдылық, Білімділік


1-жүргізуші:

-Ендеше біздің бойымызда қандай да бір жақсы қасиет болса ғана, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ» - Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.




Ой – толғау:

Екі дос кездесіп, әңгіме дүкен құрады:

Біріншісі:

-«Ұйықтап, жүз жылдан соң оянып, елімнің қандай болғанын көрсем ғой»- деді.

Ал, екіншісі:

-«Менің ұйықтағым келмейді, елімнің болашағын өз қолыммен тұрғызғым келеді»,-деді.



2-жүргізуші:

«Үлкен шаңырақтың» ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен есте қалды. Олай болса тақтаға назар аударайық.



1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

                        Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

                       Татулығын жырға қосам ұлттардың,

                       Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.



2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ән: Атамекен.

 

Шағын музыкалық қойылым: Оқушылар шаңыраққа ілінген ленталарды ұстап айналады.

Бекзат                                 Ортақ мекен жер шары,

                                                  Төбемізде бір аспан.

                                                  Барлық ұлттың баласы,

                                                  Достығымыз жарасқан.

Мәдина                                 Ортақ бізге бір Отан,

                                                  Ортақ жердің байлығы.

                                                  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                                                  Ортақ бізге барлығы.

Нұрсәт                          Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                                                Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                                                Елім менің биіктігі шарайнам,

                                                Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Диана                         Ағайын-туған – бар адам,

                                               Адалдық үшін жаралған.

                                               Бар қымбат туыстық,

                                               Баянды болсын тыныштық!

Арсен Республикам менің,

                                                Республикам менің,

                                               Абатым!

                                               Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

                            Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

                                               Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Гүлім :                             Тілегі бір,

                                               Жүрегі бір.

                                               Достармен біз біргеміз.

                                               Туыс барда құрыштан да,

                                               Берік біздің іргеміз!



Абдусалам:                             Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

                                            Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

                                            Қайталанып, жаңарып айтылады,

                                            Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.





Үміт :                     Жақсылыққа, бақытқа,

                                            Талпынған әр уақытқа.

                                            Бала біткен дос-бауыр,

                                            Болмасын еш тосқауыл!

Салауат :        Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

 

 

 

Әсемгүл:       Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

Әлихан :                                   Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

                                            Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

                                            Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

                                            Арғы тегі Алаштан тараған,

                                            Керегесін ағаштан құраған елміз!

О: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

О: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

О: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

О: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!


1 – жүргізуші: 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың – феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.



2 – жүргізуші: Ассамблея 365 мүшесі, 471 – ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері 500 – ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.



1 – жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әде биетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.



2 – жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ән : Егемен Қазақстан.

1 – жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.

Бұлт болсам оған тамшы себер едім.

Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,

Дос үшін жылда айналып келер едім.



2 – жүргізуші: Бір ата, бір ананың баласымыз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда – тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.



Көрініс көрсету:

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».


Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.



1 – жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көзімізде жарқырайды жарық күн,

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

2 – жүргізуші: Бейбітшілік деп салған,

Халықтардың ұраны.

Қара күшке жұмсалған,

Ең жеңімпаз құралы.

Таң шапағы атқанда,

Серпілмейтін түн бар ма?

Әділеттік қашан да,

Жеңбей қалған күн бар ма?



1 – жүргізуші: Достық, тату өмірге,

Дүниежүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіре,

Бейбітшілік жеңеді.

Жеңген ұран – жеңісі,

Рахаттанар адамзат.

Ел мен елдер келісіп,

Бейбіт өмір салтанат.



ӘН: «Ақ көгершін»

2 – жүргізуші: Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй, бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз» деген сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап өтті.



1 – жүргізуші: «Ел бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегендікпен Елбасы айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің

даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі

Ән: Көк тудың желбірегені.

2 – жүргізуші: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен – бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Алатау, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа дауысы кеп жатыр.



2 – жүргізуші: Ендеше, алда келе жатқан тәуелсіздік күні тағы да баршаңызға құтты болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


















«Біз -үлкен ел,үлкен отбасы» атты ашық тәрбие сағатында....


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біз-үлкен ел,үлкен отбасы.

Автор: Базарбаева Венера Қырымқызы

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386656

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(204) "Внеклассное мероприятие посвященное 25 - летию Независимости Казахстан на тему:" Большая страна - большая семья!""
    ["seo_title"] => string(80) "vnieklassnoie_mieropriiatiie_posviashchiennoie_25_lietiiu_niezavisimosti_kazakhs"
    ["file_id"] => string(6) "365655"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480861478"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Д??гелек  ?стел  "Отбасы" "
    ["seo_title"] => string(26) "don-ghieliek-ustiel-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "215434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432696338"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Т?уелсіз елімізді?- т??ырлы Президенті""
    ["seo_title"] => string(37) "tuielsizielimizdintugyrlypriezidienti"
    ["file_id"] => string(6) "281736"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453573075"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Өзін-өзі тану 1 сынып Отбасы татулығы"
    ["seo_title"] => string(38) "ozin_ozi_tanu_1_synyp_otbasy_tatulyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "412014"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493288930"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Д?ниетану.Отбасы."
    ["seo_title"] => string(17) "duniietanu-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "261664"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449163277"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства