kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Білімділер» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық ой - өрісін дамыту, шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Білімділер» сайысы»


«Білімділер» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық ой - өрісін дамыту, шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тапсырмалар
Топтарға бөлу үшін: Экспо - 2017 көрмесінің символдары арқылы бөлінеді
І - топ: Сары: Күннің энергиясы
ІІ - топ: Жазыл: Табиғат энергиясы
ІІІ - топ: Көк: Су энергиясы
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайык. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1 - тур. «Бәйге»
2 - тур. «Ғажайып үштік»
3 - тур. «Математикалық жұмбақ»
4 - тур. «Ойымды жалғастыр»
5 - тур. "Ғажайып аң"
6 - тур. «Көрермендермен сайыс»
7 - тур. «Дода»
Жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйге бір көріңіз.

Бұл тур бойынша сайысқа қатысушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе сол топ жауап береді. Жауаптың орыс, ағылшын тіліндегі баламасы берілуі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
«Бәйге» басталды:
1. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? (Жұма, пятница, Friday)
2. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші баспалдақта тұру керек? (8, восемь, eitgh)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ, шестнадцать ног, sexteen legs)
4. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 мин, три минуты, three)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең, равны, equally)
6. Халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір, один, one)
7. Бір сағаттың бәр тәуліктен неше сағаты кем? (23, двадцать три, twenty three)
8. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық, кошка, сat).

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғажайып үштік».
Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,
Жарқ - жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер.
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша таңдалады.
20 20 20
30 30 30
40 40 40

20. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле? (биссектриса)
20. 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
20. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
30. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
30. Тек 6 цифрын үш рет пайдаланып 30 санын өрнекте? (6*6 - 6)
30. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса сонша цифр бар? (10 және 100)
40. Бүтін сан, бөлшек сандар.
Барлығыда бар онда,
Бұл қандай сан айтыңдаршы?
Оң, теріс сан бәрі осында. ( Рационал сандар)
40. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (Дәреже)
40. Санға қосып, алсаң, сол санның өзі шығады,
Санды оған бөлуге болмайтын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға,
Шекесінен қараған.
Сан осінен қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған.(0)

Жүргізуші: «Математикалық жұмбақ» кезеңі.
Ой өрісті дамытатын,
Өнердің бір түріне жататын.
Жасырынып бір нәрсені меңзейтін,
Өнер түрі жасырылған жұмбақ деймін.
Сайыскерлерімізге жұмбақтар жасырамыз, өздеріңіз шешімін тауып айтыңдар. Сонымен іске сәт, достар!
1. Нүктеден бірдей қашықтықта жатқан
Нүктелердің жиыны.
Геометриялық фигура болғанымен,
Ауданы жоқ қиыны. (шеңбер)

2. Қарағанда шеңберге,
Ауданы бар көлемі.
Диаметрден жартысын,
Айналдырсаң шаршы шығады,
Бұл қандай фигура екен
Бәрі бірден ұғады. (дөңгелек)

3. Санау үшін адамды, малды, талды,
Ертеден мұра болып қалады
Көбейтіп, бөліп, азайтып,
Қосамыз күнделікті ол санды. (натурал сан)

4. Екі бала көзін басты
Бес бала тура қашты
Үшеуі сайға тығылды
Екеуі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап? (12)

5. Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)

6. Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Терлеген сайын өрлейді,
Бірін бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер)

Жүргізуші: «Ойымды жалғастыр» кезеңі. Мақал - мәтелді аяқтау керек. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
Жүргізуші. Топтарға өз ғажайып аңдарының суретін геометриялық фигуралардың көмегімен жасау керек.
Жүргізуші. Келесі кезекті көрермендерге берейік. Көрермендерге сұрақтар беріліп, дұрыс жауапқа сыйлықтар беріледі.

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар
4. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.)
5. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? (23 асық, 3 немере)
6. Дұрыс жауабын тауып көріңіздер?

№ 1: № 2:
1 + 4 = 5 1 + (4 × 1) = 5
5 + 2 + 5 = 12 2 + (5 × 2) = 12
12 + 3 + 6 = 21 3 + (6 × 3) = 21
21 + 8 + 11 = 40. 8 + (8 × 11) = 96.
Жауап: 40. Жауап: 96.
Жауабыңыз 40 немесе 96 болса? Екі жауап та дұрыс!

Жүргізуші: Көрермендерімізге алғысымызды айтамыз.
Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «дода» бөліміне көшейік.
Ең қиыны жарыстардың дода келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді,
Сайысымыздың соңғы кезеңі «дода»
Сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1. "Күннің энергиясы" сарылар тобы.
60 санының 50%- ын тап (30)
Қарама - қарсы сандардың жиынтығы (0 - ге тең)
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
Кез - келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)
Теріс санның жұп дәрежесі (оң сан)
Ең кіші үш таңбалы сан (100)
Нөлдің бір дәрежесі ( 0)
Ең кіші натурал сан( 1)
11 санның квадраты (121)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс)

2. "Табиғат энергиясы" жасылдар тобына.
Айырмашылығы тек таңбаларына тең болатын сандар (қарама - қарсы сандар)
Теріс сандардың қосындысы (теріс)
Жүзден бір бөлік (процент)
Екі санның бөліндісі аты (қатынас)
Кез - келген санның тақ дәрежесі (теріс)
Кез - келген санның нөлінші дәрежесі (1)
Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
5 - ке қарама - қарсы сан (- 5)
4 санның кубы (64)
3, 5 таяқтың неше ұшы бар? (8)
3. "Су энергиясы" көктер тобына.
Қандай сандар 5 - ке бөлінеді(соңғы цифры 0 - ге және 5 - ке аяқталатын сандар)
Құрамында әріпі бар өрнек қалай аталады?(әріпті өрнек)
90 градустан кіші бұрыш(сүйір бұрыш)
Ең үлкен екі таңбалы сан(99)
Қай санды бөлуге болмайды?(0)
Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
90 градус жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
Үш кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)
Диаметрдің жартысы (радиус)

Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытынды: Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаз марапатталады, әділ қазылар сөз сөйлеп, сайысымыз аяқталады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Білімділер» сайысы

Автор: Курманалина Алтынай Сериковна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469762

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Кеме?гер елбасы- ырысы елімні?» атты білімділер сайысы"
    ["seo_title"] => string(53) "kiemienghierielbasyyrysyielimninattybilimdiliersaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "285036"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454079557"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Математика  Білімділер сайысы"
    ["seo_title"] => string(30) "matiematika-bilimdilier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "302437"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457181632"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы""
    ["seo_title"] => string(49) "konspiekt_uroka_matiematikalyk_bilimdilier_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "397591"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488562596"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "урок по английскому языку на тему"Білімділер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(55) "urok-po-anghliiskomu-iazyku-na-tiemu-bilimdilier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "134398"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416743439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства