kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикалық білімділер сайысы

5-6 сыныптар арасында математика пәні бойынша сыныптан тыс шара

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс

Іс-шара мақсаты:

  • Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту
  • Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Математика ертегілер елінде» тақырыбындағы ойынымызда 5 - 6 сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: «Ханзадалар» мен «Ханшайымдар».

Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып, тапсырмалар орындаймыз, жұмбақ шешеміз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық.

Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады:

1) «Ертек-ертек, ерте екен.»

2) «Ақ сандық, көк сандық»

3) «Ойнар»

4) «Сырлы сандар әлемі»

5) «Тапқыр болсаң шешіп көр»

І бөлім. «Ертек-ертек, ерте екен.»

Сайысымыздың І бөлімі «Ертек-ертек, ерте екен.». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыз кезек-кезегімен ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды орындауы қажет.

1-ұяшық. «Күлшеқызға көмектес»

Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.

Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)

2-ұяшық. «Қаршақызға көмектес»

Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.

Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)

3-ұяшық. «Алладинге көмектес»

Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».

Сұрақ: Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?

4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»

Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді.

Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол

3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?

1 күн және түн 4-3=1 (м)

2 күн 1*2=2

3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)

5-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)

6-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)

ІІ бөлім. «Ақ сандық, көк сандық»

Сайысымыздың ІІ бөлімі «Ақ сандық, көк сандық». Бұл бөлім бойынша әр топ екі сандықтың бірін таңдап, сандық ішіндегі жұмбақтарды шешуі қажет. Іске сәт!

  • Ақ сандық ішіндегі жұмбақтар

1) Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

2) Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3) Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.(Түзу)

Көк сандық ішіндегі жұмбақтар

1) 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

2) Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іліп, енді біреулер үстел үстіне шыны астына қояды, ол зат тіпті сенің кітап – дәптеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мағлұмат бір жолға, бір бағанға тізбек түрінде жазылған. Оның жылдың соңында немесе басында қажет. Бұл не? ( күнделік)

3) Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.(шеңбер)

ІІІ бөлім. «Ойнар»

Басыр, басыр бас ойнар,

Екі бақсы тас ойнар.

Көбік қарда түлкі ойнар,

Көктемде жылқы ойнар,

Жыртық үйде тамшы ойнар,

Көже менен тұз ойнар,

Етік пенен біз ойнар.

-дей отырып, сайысымыздың ІІІ бөліміне көшелік. Сайысымыздың осы бөлімінде сендер логикалық есептер шығарасыңдар.

1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)

2-тапсырма. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады «мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с Ең соныңда 20 балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық? ( ең көп балықты түлкі алды 110, 10 балыққа артық)

 3-тапсырма. Шал балықтарды көп аулап әңдетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған? (127 балық)

4-тапсырма. Қосарланып жегілген ат – арбамен Сымбат 8 минут жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (8)
 

«Сырлы сандар әлемі» (әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500

2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой

333333 = 1000

3. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100

4. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100

«Тапқыр болсаң шешіп көр».

Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 3 ұпай

Сонымен бүгінгі сайысымыз да аяқталып қалды. Ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берелік! Әділ-қазылар алқасы шешім қабылдағанша Ә.Қалаубаеваның «Ертегілер» әні орындалып, слайд-шоу арқылы ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер көрсетіледі.

Оразбаева Айгерим Боранбаевна

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы"»





Математикалық білімділер сайысы

5-6 сыныптар арасында математика пәні бойынша сыныптан тыс шара

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс

Іс-шара мақсаты:

  • Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту

  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту

  • Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу

Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Математика ертегілер елінде» тақырыбындағы ойынымызда 5 - 6 сыныбының оқушылары білімдерін сынамақшы. Ортадағы топтармен таныстыра кетейік: «Ханзадалар» мен «Ханшайымдар».

Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақ. Біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып, тапсырмалар орындаймыз, жұмбақ шешеміз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық...

Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады:

1) «Ертек-ертек , ерте екен...»

2) «Ақ сандық, көк сандық»

3) «Ойнар»

4) «Сырлы сандар әлемі»

5) «Тапқыр болсаң шешіп көр»

І бөлім. «Ертек-ертек , ерте екен...»

Сайысымыздың І бөлімі «Ертек-ертек , ерте екен...». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыз кезек-кезегімен ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды орындауы қажет.

1-ұяшық. «Күлшеқызға көмектес»

Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.

Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)

2-ұяшық. «Қаршақызға көмектес»

Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.

Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)

3-ұяшық. «Алладинге көмектес»

Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».

Сұрақ: Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?

4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»

Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді.

Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол

3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?

1 күн және түн 4-3=1 (м)

2 күн 1*2=2

3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)







5-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)

6-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»

Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)

ІІ бөлім. «Ақ сандық, көк сандық»

Сайысымыздың ІІ бөлімі «Ақ сандық, көк сандық». Бұл бөлім бойынша әр топ екі сандықтың бірін таңдап, сандық ішіндегі жұмбақтарды шешуі қажет. Іске сәт!

  • Ақ сандық ішіндегі жұмбақтар

1) Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

2) Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3) Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.(Түзу)

Көк сандық ішіндегі жұмбақтар

1) 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

2) Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іліп, енді біреулер үстел үстіне шыны астына қояды, ол зат тіпті сенің кітап – дәптеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мағлұмат бір жолға, бір бағанға тізбек түрінде жазылған. Оның жылдың соңында немесе басында қажет. Бұл не? ( күнделік)

3) Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.(шеңбер)

ІІІ бөлім. «Ойнар»

Басыр, басыр бас ойнар,

Екі бақсы тас ойнар.

Көбік қарда түлкі ойнар,

Көктемде жылқы ойнар,

Жыртық үйде тамшы ойнар,

Көже менен тұз ойнар,

Етік пенен біз ойнар...

-дей отырып, сайысымыздың ІІІ бөліміне көшелік. Сайысымыздың осы бөлімінде сендер логикалық есептер шығарасыңдар.

1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)



2-тапсырма. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады «мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с Ең соныңда 20 балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық? ( ең көп балықты түлкі алды 110, 10 балыққа артық)

3-тапсырма. Шал балықтарды көп аулап әңдетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған? (127 балық)

4-тапсырма. Қосарланып жегілген ат – арбамен Сымбат 8 минут жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (8)


«Сырлы сандар әлемі» (әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500

2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой

333333 = 1000

3. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100

4. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100

«Тапқыр болсаң шешіп көр».

Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 3 ұпай

Сонымен бүгінгі сайысымыз да аяқталып қалды. Ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берелік! Әділ-қазылар алқасы шешім қабылдағанша Ә.Қалаубаеваның «Ертегілер» әні орындалып, слайд-шоу арқылы ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер көрсетіледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы"

Автор: Оразбаева Айгерим Боранбаевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397591


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства