kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол

Нажмите, чтобы узнать подробности

: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу, өзін өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру, сөздік қорларын дамыту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол»

«Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол»

Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу, өзін өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру, сөздік қорларын дамыту.
Кабинетке тақтаға қамшы, домбыра ілініп астына «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп жазылып сайыс тақырыбы үлкен әріптермен жазылып ілінеді.
Пайдаланылған мақал-мәтел сөздер:
«Бала дегеніміз-болашақ»
«Тай өссе ат тынығады, ұл өссе әке тынығады»
«Ұл қыздан да жаман мінез шығады, қырсыз қылық ата-анадан жұғады»
Сайыстың барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары бар.Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген.
Ынтымақ, бірлікті ту еткен. «Бірлік бар жерде-тірлік бар» дегендей бүгін біздің 5»а», 5»ә», 5»б» сыныптың ұлдарының жұптасып көрсететін өнерін тамашалаңыз.
2-жүргізуші:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің ұлы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,-деп Қазбек би бабамыз текке айтпаған болар. Енді бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық.
1-бөлім. Таныстыру
2-бөлім. Баталы сөз-аталы сөз
3-бөлім. Мақал-сөздің мәйегі
4-бөлім. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
5 –бөлім. Өнерлі өрге жүзер
6-бөлім. Жеті рет өлшеп, бір рет кес
1-жүргізуші:
Сен баланы бала екен деп ойлама,
Сен оларсыз тойыңды да тойлама.
Батпырауық ұшыратын болар,
Бай болады бақытқа да, ойға да,-деп ақын Әбубәкір Қайрын жырлағандай, ұландарымыздың өнерін әділ бағалайтын қазылар алқасын ортаға шақырайық (аты-жөндері аталады). Қазылар алқасының «Тура биде туған жоқ» деген нақыл сөзді ескеруі сұралады. Ұпай саны 5 балдық жүйемен бағаланады.
2-жүргізуші:
Салтымыз көп, тым ғажап,
Жас ұрпақты шыңдамақ.
Ауыл болып қуанар,
Атқа мінсе бір қазақ.
Дәстүр сақтау міндет қой,
Саналарға сіңбек қой.
Азамат бол, жасұлан
«Құтты болсын бүгін той»-деп ұландарымызды ортаға шақырамыз.
1-топ «Қос қыран»
2-топ «Тұлпар»
3-топ «Ұлан»
1-жүргізуші:
I.«Сегіз қырлы бір сырлы» ұландар өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші:
ІІ. Баталы сөз-аталы сөз дегендей сөз маржанымен жақсы тілек ниетін бере білген дана халқымыздың түрлі жағдайда берер батасын сахналық көрініс ретінде көрсету.
1-топ әскерге шығарып салу батасы
2-топ ас дастархан батасы
3-топ жас жеткіншекке берілер бата
1-топ. Әскерге жүрер жас ұлан көрші үйдегі атайға келеді.
-Ассалаумағалейкум, ата, мен әскер қатарына шақырылып, сізден бата алып жүргелі тұрмын.
-Уағалейкумассалам, бәрекелді балам, қане қолыңды жай.
Ой, Еркінжан, қарағым.
Жорытқанда жолың болсың,
Жолдасың Қыдыр болсын,
Оң болсын балам, сапарың,
Молықсын дәмің татарың
Туған елдің тапсырған
Парызын өте Отанның,
Өзіндей жастар қатарын,
Халықтың сүйген тірегі,
Сом темірдей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл,
Ақ батамды берейін,
Бере гөр деп тілекті.
Әумин!
Әумин-деп сипап, қане шығарып салайын-деп екеуі шығып кетеді.

2топ. Ас қайыру батасы.
Үй иесі, Ақсақал, ас ішіліп болды, бата сұраймыз сізден.
Атай: Бәрекелді, Берейін бата асыңа
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Бар екен деп тасыма,
Жоқ екен деп жасыма.
Дәулет келер басыңа,
Мекке-Мәдинада Мұхаммед.
Түркістанда Қожа Ахмет
Осы берген батамды,
Алмай-төкпей қабыл ет!
Әумин!
Бәрі бет сипасып, дастархан жиналған соң, орындарынан тұрып шығып кетеді.
3-топ. Жас жеткіншекке берілер бата.
Көрші: Мына немеремжетіге толып отыр, тоқып қағар уақыты, жазда мектепке баратыны да үлкен той. Қане немереме бата беріп жіберіңіз.
Атай:
Ата сөзі дарып мол,
Ақ ауызға жарып бол,
Абылайдай алып бол,

Шоқан сынды жарық бол.
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйлі бол.
Мұхтарға ұқсап терең бол,
Қанышқа ұқсап кемел бол,
Бағың жанып әрдайым
Жақсыларға жақын бол,
Бәрінен де, Аманжол.
Аман бол қалқам, аман бол!
Әумин!
Бәрі бет сипап, сыртқа шығып кетеді.
1-жүргізуші:
ІІІ. Енді 3 бөлім «Мақал сөздің мәйегі» мына сандықшада:
1. Туған жер, Отан
2. Ерлік
3. Еңбек тақырыптары парақшаға жазылып салынған, топ жетекшілері келіп бір тақырыпты алып, топ мүшелерімен бірге отырып сол тақырыпта жеті мақал-мәтелді жылдам айтып беру қажет.
2-жүргізуші:
IV. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»-дегендей ұлдарымыздың ақыл парасатын сараптайық.
Қоржыннан асық алып, түскен нөмірі бойынша сұрақты қазылар алқасынан алып, жауап береді. Сұрақтар: 1.Ат әбзелдерін атаңдар?
2. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер...» деген сөз бар.
Сендер жеті аталарыңды білесіңдер ме?
3. Қара шаңырақ сөзін қалай түсінесің?
4. Ерлердің ұлттық бас киімідерін атаңдар?
1-жүргізуші:
V. «Өнерлінің қолы алтын-өлеңшінің сөзі алтын»-дегендей ұландар өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші:
VI. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес».
Үйге берілген тапсырма бойынша қолөнерлерін бағалау.
1-жүргізуші: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, қазылар алқасы әділ шешімін айтсаңыздар.
2-жүргізуші: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұлдарды осы дәрежеде дайындап, алдарыңызға шығарып отырған оқушыларға рахмет айтамыз.2-жүргізуші: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұлдарды осы дәрежеде дайындап, алдарыңызға шығарып отырған оқушыларға рахмет айтамыз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол

Автор: Аманкалиева Бибигул Буркитбаевна

Дата: 13.04.2017

Номер свидетельства: 408992

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ас- адамны? ар?ауы "
    ["seo_title"] => string(18) "as-adamnyn-ark-auy"
    ["file_id"] => string(6) "150612"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420536373"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу""
    ["seo_title"] => string(86) "baiandama-alg-ashk-y-skieri-daiyndyk-sabak-tary-ark-yly-otansuighishtikkie-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "289647"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454848912"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Абай-дана, Абай-дара""
    ["seo_title"] => string(16) "abaidanaabaidara"
    ["file_id"] => string(6) "281431"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453532819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз""
    ["seo_title"] => string(39) "t_uielsiz_ieldin_bilimdi_u_rpak_tarymyz"
    ["file_id"] => string(6) "395064"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487881517"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Д?ниетану  Отбасы берекесі "
    ["seo_title"] => string(29) "duniietanu-otbasy-bieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "150602"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420535285"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства