kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Отанс?йгіштік сезімі туа біте пайда болатын ?асиет. С?биді? бойында е? алдымен анасына, ?з отбасына, ?з ?йіне, ту?ан жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, т?л?а есейген сайын біртіндеп ?лт, халы?, ?леумет, мемлекет де?гейіне к?теріле беретін б?л сезім адамны? б?кіл ??мырына жал?асып жатады. ?аза?стан Республикасы ?зіні? т?уелсіз мемлекет екендігін б?кіл ?лемге д?лелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекетті? ?ркендеп ?суі, халы?ты? ?леуметтік, экономикалы? жа?дайын к?теру. ?аза?станды – Отаным деп таны?ан ?рбір азаматты? осы?ан ?з м?мкіндігінше ?лес ?осуы тиіс. М?ны? басты шарттарыны? ой-пікірі Н.?.Назарбаев ?зіні? «?аза?стан- 2030» Жолдауында «бізді? балаларымыз бен немерелеріміз бабаларыны? игі д?ст?рін са?тай отырып ?азіргі заман?ы нары?ты? экономика ?ркендеу ?стіндегі к?ллі ?лемге ?йгілі ?рі сыйлы ?з еліні? патриоттары болады» деп на?ты к?рсеткен болатын.

   Отанымыз аума?ыны? б?тіндігін са?тау, халы?ты? тынышты?ын алатын ла?кестермен ?арсы ?йымшылды?пен к?рес, мемлекеттерге ?ауіп т?ндіретін кез келген сырт?ы ж?не ішкі к?штерге ?арсы т?руды? ?зі жастарды? отаншылды? рухта т?рбиелеу міндетін ж?ктейді.
   ?азіргі уа?ытта ?о?амны? дамуына байланысты о?ушылар?а білім беру, оларды т?рбиелеу ж?не дамыту міндеттері бар?ан сайын к?рделеніп бара жатыр. Басты міндетті? бірі: орта мектепті бітірген о?ушы ?мірге белсене араласа отырып, ?ылымны? шапша? дамуына ілесуі, ашыл?ан жа?алы?тарды ?здігінше о?ып ме?геру, оларды ?зі ?ызмет ететін салаларына ?атыстыларын іс ж?зіне асыра білуі, ?мірде ?олдана алуы. Сонымен ?атар о?ушылар мектеп ?абыр?асында ж?ріп –а? ?лемдік ??рылым ?алыптасуыны? негізгі ?ылыми ?станымдарын, ойлауды? ?діс-т?сілдерін,Отан деген с?йіспеншілік, патриотизм, танымны? за?дылы?тарын игеруі тиіс.
 

  ?азіргі кезе?дегі шапша? ж?ріп жат?ан жа?андану ?рдісі ?лемдік б?секелестікті к?шейте т?суде. Тіпті бір ?атар дамы?ан елдерде б?л идея ?лтты? ?а?ида?а айнал?ан. Ал ?аза?станны? б?секеге ?абілеттілігіні? рейтінгісін аны?тау?а кірісіп, оны? теориялы? т?жырымдамалары жасалып жатыр.Дамы?ан елдерді? т?жірибесіне с?йенсек, барлы? ?лтты? экономиканы? ?суі мен дамуы білім ж?не ?ылым ж?йелеріні? жа?аруымен тікелей байланыстылы?ын бай?аймыз. Шыннында, адамны? жалпы білімін к?теру ке? ау?ымды м?селе болып отыр. Оларды? біліктілігін, да?дыларын ?алыптастыру ?ажеттігі еліміздегі ?ылыми-техникалы? ж?не ?леуметтік-м?дени жетістіктеріні? ?арыштап дамуыннан туындайды. Жастарды ж?не кейнгі ?рпа?ты о?ыту?а, олар?а к?сіби білім беруге, мамандарды жан-жа?ты даярлау?а ?о?ам мен мемлекетті? б?гінгі та?да барынша назар аударуы да сонды?тан. Сонды?тан, со??ы жылдары, ?лемдік, отанды?, ?лтты? негізде ке?інен білім, т?рбие беру міндетіне сай Республикада онда?ан жа?а т?жырымдамалар, ба?дарламалар ж?не за?дар ?абылданды. Б?ларды? б?ріне орта? ма?сат-?рпа??а потриотты? т?рбие беру болып табылады. Заман талабына сай ?азіргі уа?тта білім мекемелеріні? алдында т?р?ан басты ма?сат-о?ушыларды? ой-?рісін жан-жа?ты дамыту. Ал, о?ушыларды жан-жа?ты дамыту дегеніміз-оны? дене бітімі жа?ынан ?сіп-жетілуі ?ана емес, сондай-а? баланы? жан-д?ниесі байып, рухани ?суі, ?абілеті мен беймділігі аны?талып, ой-?рісі, парасаттылы?, к?з?арастарыны? ?алыптасуы болып табылады.

          ?рпа? т?рбиелеуде мынадай на?ты ?станымдарды алу?а болады. Жас ерекшелігін ескеру, ?зіндік дара ба?ытын ескеру, тікелей іс-?рекетке араласу, іс-?рекетіне деген ??лшынысын арттыру, таби?и ?ажеттіліктерін сезіну, ?жымды? сипат алуы. Осы ма?сатта орта мектептерде ?тетін ал?аш?ы ?скери дайынды? п?ніні? ма?саты жастарды ?аза?станды? потриотизм мен интернационализмге, демократиялы? ?о?ам ісіне шексіз берілгендік пен Отан?а, ?арулы К?штерге деген с?йіспеншілік, ?кереи борышты м?лтіксіз орындау?а ?зірлік рухында т?рбиелеуге ба?ыттал?ан. Жастар?а ?лтты?-потриотты? т?рбие беруді? бір ма?сатты жастарды? бойында?ы игілікті ??лшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамны? ар-ожданына, абройына, ерік-жігеріне, парасатына ы?пал ету, адам бойында?ы басты сезім-парыз сезімін ?штап т?рбиелеу

   Отанымызды ?ор?ау ісі – ?аза?стан Республикасынны? б?кіл хал?ыны? арды?ты парызы. «?аза?стан Республикасыны? ?ор?анысы мен ?арулы К?штері туралы» За?да Отанды ?ор?ау ж?не Республика ?арулы К?штерінде ?ызымет ету ?аза?стан Республикасы азаматтарыны? халы? пен мемлекет алдында?ы Конституциялы? міндеті мен парызы болып табылады деп к?рсетілген. ?азіргі уа?тта армия мен флотты? жа?а ?арумен ж?не техникамен жара?тануына байланысты жас жауынгерлерді о?ыту мен т?рбиелеу міндеті ед?уір к?рделенді, ?ыс?а мерзім ішінде ?азіргі ?аруды ме?геру, ?зіні? т?уелсіз демократиялы? Отаныны? лайы?ты ?ор?аушысы болу-жауапты іс, сонды?тан ?рбір жас?спірім мектеп ?абыр?асынан бастап ?зін ?скери ?ызыметке дайындау?а, ?з Отаны-Т?уелсіз ?аза?стан хал?ы алдында?ы азаматты? жауапкершілігін к?міл ??ыну?а тиіс.

   Отанды ?ор?ау ?рбір азаматты? парызы. Елімізде Отанны? ?ор?аушысы болуды армандайтын ?лдар мен ?ыздар білім алуда Олар ?аза?стан тарихын тере?детіп о?иды, ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?ына аса бір ынтамен ?атысып, болаша?та т?уелсіз елімізді? ма?танышы т?тар аяулы ?лдары-Бауыржан Момыш?лы, Тал?ат Бигелдинов, То?тар ?уб?кіріов сынды хал?ыны? ??рметті азаматы болуды армандайды. ?асырлар бойы хал?ымыз ?рпа?ын ізгілікке, ?з елін с?юге баулып келеді. Б?л берік ?алыптас?ан д?ст?рді ?лтты? т?рбиені? ?зегі, ді?гегі десе де болады. «Атаны? ?лы болма, адамны? ?лы бол» дей келіп, адамны? ?лы болуы ?шін кісіге «Н?рлы а?ыл, ысты? ?айрат, жылы ж?рек» керектігін ?лы Абай да жеріне жеткізе ?сиет етіп кетті. Б?л ?сиет, пікірлер б?гінгі мектебімізде жеке т?л?аны потриотизм рухнада т?рбиелеуді? темір ?азы?ы.

?Р Президенті H. Назарбаев: «?аза?станды? отаншылды? сезімін т?рбиелеу-білім беруді? мектепке дейінгі ж?йесін жо?ары о?у орнына орталы?тарда, барлы? ?йымдарда к?кейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, ту?ан жерді, ?зіні? хал?ын с?юге т?рбиелеу-м??алімні? аса ма?ызды, аса жауапты да ?адірменді парызы»-деген еді. ?р д?уірді? тарихи кезе?дерінде отанс?йгіштікке т?рбиелеуді? ?зіндік м?дделері болады. Ол е? алдымен «?лтжандылы?», «отанс?йгіштік», «патриотизм» ??ымдары сол заманны? а?и?атынан, наным-сенімінен туындайды. Отан?а деген с?йіспеншілік бойында?ы к?ш-?уаты мен білімін Отан игілігі мен м?ддесіне ж?мсау, ту?ан тілін, елді? ?дет-??рпы мен салт-д?ст?рін ??рметтеу сия?ты патротизм элементері ерте заманнан бастап ?алыптаса бастады. «Отан» деген с?з ?уелде к?шпелі ?мір с?рген ата-бабаларымызды? от жа?ып, тіршілік еткен ?ясы деген ??ымнан шы?са керек. Отан ?шін от пен о??а кеудесін тос?ан Бауыржан ата «Отан ?шін от?а т?с, к?ймейсі?» -деп аманат ?алдыр?ан. Осындай Отанын с?йген ж?не ол сезімнен ?уат ал?ан, ел ?ор?аны бол?ан перзенттері бар елді? алар асуы мен шы?ар белесі ?лі алда. Олай болса, осы жерді жан т?німен с?йетіндер де, оны к?зді? ?арашы?ындай ?ор?ап, са?тайтындар да-отанс?йгіштік рухта т?рбиеленген жастар болып табылады.   

       Бізді? ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау?а, Еділ мен Жайы??а дейінгі ?лан-?айыр мол жерді талай ?асырлар бойы бас?ыншыны жаудан ?ор?ап, бостанды? пен т?уелсіздік жолында жанын пида етті. Сонды?танда біздер хал?ымызды? ?ас батырлары- ?абанбай мен Б?генбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен ?арасайды, ?асымхан мен Абылайханды ?адір т?тып, ?астерлейміз. Оларды? хал?ы ?шін ?алты?сыз ?ызымет еткен ?лгі-?неге етіп, осындай ата-бабаларымызды? бол?анын ма?тан етеміз. ?з Отанын с?йетін ?рпа? т?рбиелеу мектептегі ?скери-патриотты? ж?мысты? басты ?зегі болуы керек. ?йткені кез-келген егеменді мемлекет сия?ты ?аза?стан ?зіні? ?ор?аныс ?абілетін са?тауды ма?ызды мемлекеттік міндеттерді? бірі ж?не б?кіл халы?ты? ісі деп санайды.

    «Бізді? басты ма?сатымыз-?аза?станны? егемендігі мен территориялы? т?тасты?ын са?тау» деген Президент ?з жолдауында. ?арулы к?шімізді? алда?ы сапында ?аза? жастарыны? т?ру, оларды? бір кісідей ынтыма?пен топтасуы, Ата за?ымызда к?рсетілген ?асиетті борышын, прзенттік парызын орындауды негізгі мазм?ны, имандылы? пен кісілікті? негізгі белгісі мен басты ?лшемі. Патриотты? сезімді жастар?а м?нді ж?не ма?ыналы сусындату ?шін ал?аш?ы ?скери дайынды? п?нін жетекшісіні? білімі, т?жірибесі мол ж?не жо?ары болу тиіс. Ізденіс ?стіндегі ?скери жетекші ?ай кезде де болсын жастар?а ?йретуден жалы?пайды. Жеткіншек Отан алдында?ы борышын ?теуге бар?анда осы мектеп ?абыр?асында, д?лірек айтса?, ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?ында ал?ан теория ж?не практикасы толы? ж?не м?нді болса ?скери істі? ?иынды?ына т?зуге, тез ?йреніп кетуге к?п к?мегін тигізеді.Ал?аш?ы ?скери дайынды?  саба?ын ж?ргізіп келе жат?ан мерзім ішінде мен к?бінесе практикалы? саба?тар?а к?п к??іл б?луге тырысамын. ?рине, теориясыз еш болмайды. О?ушыларды? ?абылдау ?абілеті бірдей бол?анды?тан кей бала айту, ??гімелесу, лекция т?рінде тез ?абылдаса, ал кей о?ушы к?ру ?абілеті ар?ылы тез ?йреніп алады. Осы т?р?ыда мен ?зімні? саба? беретін сыныптарыма ?йымдастыр?ан мектеішілік т?рбиелік саба?тарымны?  барысында, о?ушыларды? неге ?абілетті екенін бай?адым. Саба?тарды жоспарлауда патриотты? ?ылыми байланысы бар негізгі ?а?идаларды басшылы??а ала отырып т?мендегі талаптарды ?сынамын.

1.     Жас м?лшерін есепке алу.

2.   Болмыс ерекшелігін ескеру.

3.     Патриоты? сезімін ??у.

4.     Жасына сай а?ыл-ойын дамыту.

5.     Т?рбие мам?ныны? бірт?тасты?ы.

6.     Т?рбиені? ?зіліссіздігі.

7.     ?жымды? т?лім-т?рбие.

Мені? ?ткізген саба?тарымда жо?арыда айтыл?ан талаптар о?ушыны? ?лтжандылы? к?з ?арасын дамытуды? негізі деп білемін.

-         Адам ?лтжандылы?ыны? мазм?ны психологиялы? болмысында.

-         ?лтжандылы?ты? т?тасты?ы мен к?з жеткізу де?гейі ?о?амда?ы т?рлі ?ызы?ушылы?тарды? ?арама-?айшылы?тарынан к?рініс алады.

-         Адамны? ?о?амда?ы орныны? саналы? сапасы.

-         ?ажеттілікпен ?ызы?ушылы? сипаты мен мазм?ны.

-         Жеке ?аситетерді? т?рліше к?рініс алуы.

Атал?ан сипаттамаларды? ?мірде к?рініс алуынан жек т?л?а ?алыптасуыны? факторлары аны?талады. Жеке т?л?а ?алыптасуыны? факторлары сызба т?рінде бейнелесек.

Жеке т?л?а

Жек т??ым ?уалаушылы?                                    1)?леуметтік фактор

Жо?ары нерв ж?йесіні? физиалогиясы               2)Ке?істік орта

Анатомо-физиалогиялы? еркшелігі                    3)Іс-?рекет орта

Болмысы                                                                4)Т?рбиелік орта

                                                                                5)Е?бек ?рекеті

                                                                               6) ?арым-?атынас

                                                                                7) Кемелденген жеке т?л?а

Міне, осы факторлар мен міндеттерді ал?а алуда ал?аш?ы ?скери дайынды? п?нінде патроитты? т?рбие беру ж?не о?ыту ?дісінде ?олдануды? тиімділігін бай?аймыз.

Республиканы? ?ауіпсіздігін ?ор?айтын патриот азаматтырды т?рбиелеу ж?ніндегі міндеттерді орындау ?шін алда?ы уа?ытта ?рбір мектеп ?жымы мынадай педагогикалы? талаптарды ж?зеге асыруымыз тиіс деп ойлаймын.

-         ?скери-патриотты? т?рбиені жалпы мектептегі о?у-т?рбие ж?мысыны? негізгі б?лігін дк ?арастырып, оны бас?а т?рбие ж?мыстарыны? т?рлерімен ты?ыз байланысты ж?ргізу.

-         ?скери-патриотты? т?рбиені о?ушыларды? жас ерекшеліктерін, жеке ?асиеттерін ескере отырып, ?рт?рлі ?дістерді пайдалана отырып т?рлендіріп ж?ргізу.

-         ?скери-патриотты? т?рбиені саяси, адамгершілік, е?бек с?йгіштік, эстетикалы? ж?не дене т?рбиесімен ?штастыра ж?ргізу.

-         ?скери-патриотты? т?рбиеде о?ушыларды? бастамалы? т.б. ?сыныс, талап-тілектеріне к??іл б?ліп ескеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу"»


Ойыл қазақ орта мектебі











Баяндама


Тақырыбы: Алғашқы әскери дайындық сабақтары арқылы

Отансүйгіштікке тәрбиелеу.














Дайындаған: Майланов С.М.









Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.

Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін анықтауға кірісіп, оның теориялық тұжырымдамалары жасалып жатыр.Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығын байқаймыз. Шыннында, адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуыннан туындайды. Жастарды және кейнгі ұрпақты оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Сондықтан, соңғы жылдары, әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикада ондаған жаңа тұжырымдамалар, бағдарламалар және заңдар қабылданды. Бұлардың бәріне ортақ мақсат-ұрпаққа потриоттық тәрбие беру болып табылады. Заман талабына сай қазіргі уақтта білім мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат-оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыларды жан-жақты дамыту дегеніміз-оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-ақ баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен беймділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып табылады.


Ұрпақ тәрбиелеуде мынадай нақты ұстанымдарды алуға болады. Жас ерекшелігін ескеру, өзіндік дара бағытын ескеру, тікелей іс-әрекетке араласу, іс-әрекетіне деген құлшынысын арттыру, табиғи қажеттіліктерін сезіну, ұжымдық сипат алуы. Осы мақсатта орта мектептерде өтетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды қазақстандық потриотизм мен интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әкереи борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Жастарға ұлттық-потриоттық тәрбие берудің бір мақсатты жастардың бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім-парыз сезімін ұштап тәрбиелеу


Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасынның бүкіл халқының ардықты парызы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызымет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Қазіргі уақтта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу-жауапты іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызыметке дайындауға, өз Отаны-Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс.


Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны потриотизм рухнада тәрбиелеудің темір қазығы.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу-білім берудің мектепке дейінгі жүйесін жоғары оқу орнына орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патротизм элементері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және ол сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да-отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады.


Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Сондықтанда біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды.


«Біздің басты мақсатымыз-Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында. Қарулы күшіміздің алдағы сапында қазақ жастарының тұру, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, прзенттік парызын орындауды негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі. Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәнін жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ, алғашқы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді.Алғашқы әскери дайындық сабағын жүргізіп келе жатқан мерзім ішінде мен көбінесе практикалық сабақтарға көп көңіл бөлуге тырысамын. Әрине, теориясыз еш болмайды. Оқушылардың қабылдау қабілеті бірдей болғандықтан кей бала айту, әңгімелесу, лекция түрінде тез қабылдаса, ал кей оқушы көру қабілеті арқылы тез үйреніп алады. Осы тұрғыда мен өзімнің сабақ беретін сыныптарыма ұйымдастырған мектеішілік тәрбиелік сабақтарымның барысында, оқушылардың неге қабілетті екенін байқадым. Сабақтарды жоспарлауда патриоттық ғылыми байланысы бар негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып төмендегі талаптарды ұсынамын.


1. Жас мөлшерін есепке алу.


2. Болмыс ерекшелігін ескеру.


3. Патриотық сезімін ұғу.


4. Жасына сай ақыл-ойын дамыту.


5. Тәрбие мамұнының біртұтастығы.


6. Тәрбиенің үзіліссіздігі.


7. Ұжымдық тәлім-тәрбие.


Менің өткізген сабақтарымда жоғарыда айтылған талаптар оқушының ұлтжандылық көз қарасын дамытудың негізі деп білемін.


- Адам ұлтжандылығының мазмұны психологиялық болмысында.


- Ұлтжандылықтың тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама-қайшылықтарынан көрініс алады.


- Адамның қоғамдағы орнының саналық сапасы.


- Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.


- Жеке қаситетердің түрліше көрініс алуы.


Аталған сипаттамалардың өмірде көрініс алуынан жек тұлға қалыптасуының факторлары анықталады. Жеке тұлға қалыптасуының факторлары сызба түрінде бейнелесек.





Жеке тұлға

Жек тұқым қуалаушылық 1)Әлеуметтік фактор

Жоғары нерв жүйесінің физиалогиясы 2)Кеңістік орта

Анатомо-физиалогиялық еркшелігі 3)Іс-әрекет орта

Болмысы 4)Тәрбиелік орта


5)Еңбек әрекеті


6) Қарым-қатынас


7) Кемелденген жеке тұлға


Міне, осы факторлар мен міндеттерді алға алуда алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту әдісінде қолданудың тиімділігін байқаймыз.

Республиканың қауіпсіздігін қорғайтын патриот азаматтырды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруымыз тиіс деп ойлаймын.


- Әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлігін дк қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланысты жүргізу.


- Әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттерін ескере отырып, әртүрлі әдістерді пайдалана отырып түрлендіріп жүргізу.


- Әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу.


- Әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық т.б. ұсыныс, талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "Ал?аш?ы ?скери дайынды? саба?тары ар?ылы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу"

Автор: Майланов Серік Максотович

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства