kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата салтым - алтын қазынам" атты ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ата салтым- алтын қазынам" атты 1 сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата салтым - алтын қазынам" атты ашық тәрбие сағаты»

Сынып: 1

Мұғалім: Сулейменова А.С.

Тақырыбы: «Ата салтым – асыл қазынам».

Мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік: Салт-дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу.

Барысы:

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу - әрқайсысымыздың борышымыз. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар?! Бүгінгі «Ата салтым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.


2-жүргізуші:

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


1-жүргізуші:

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!


1-жүргізуші: Мерей, сен қандай салт-дәстүрлерімізді білесің?


2-жүргізуші: Бесік той, қыз ұзату, үйлену той. Саны жағынан аз екендігін білем, бірақ та бар білетін салт-дәстүрлерім осы. Кел осы сұрақты біз көрермендерге қойып көрейік. Құрметті, көрермен қауым, сіздер қандай салт-дәстүрлерімізді білесіздер?


1-слайд: Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

2-слайд: Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

3-слайд: Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.

4-слайд: Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

5-слайд: Айдар – балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

6-слайд: Кекіл – жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

7-слайд: Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Тұсау кесер жырлары айтылады.

8-слайд: Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

9-слайд: Сүндетке отырғызу – Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“тайар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіліп, атпен серуендетеді.

10-слайд: Тілашар – баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі, ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын) арналған ізгі ниет, бата-тілек.

11-слайд: Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға Салу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы – мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп қызды алып кетеді.

12-слайд: Қыз ұзату – қазақ халқының рәсімдік және ғұрыптық жоралғыларының бірі. Қызды алып қайту үшін жеті не одан да көп адам келуі мүмкін, бірақ жалпы саны тақ болуы міндет. Құда-құдағилар алдымен келеді де, күйеу мен күйеу жолдасты қыздың жеңгесінің өзі барып ертіп келеді. Күйеу мен күйеу жолдас ауылға жаяу келеді және үлкен үйді баса-көктеп өтуіне рұқсат жоқ.

13-слайд: Келін түсіру – отбасылық сән-салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата-ананың көптен күткен қуанышы саналады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай салтанатқа бүкіл ауыл болып дайындалған. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шығып, шашу шашқан. Көш бастар түйенің бұйдасын ұстап, ауылға жетектеп енген әйелді “мұрындық ана” деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары келінмен бірге келген төсек-орнын түсіріп, отау тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру бала-шағалы, үрім-бұтағы өскен, елге беделді салиқалы анаға жүктеледі.

14-слайд: Үйлену тойы – жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан.

15-слайд: Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.

16-слайд: Базарлық – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.

17-слайд: Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

18-слайд: Жеті ата – халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.

19-слайд: Асату – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

20-слайд: Сүйінші сұрау – Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Қорытынды:

1-жүргізуші:

Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін,

Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым.

Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды

Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын.


2-жүргізуші:

Қарсы тұрғын қылығына жаманның,

Оң іс баста ақта сүтін анаңның.

Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың,

Шымда қыран елдік, ұлттық сананың.


1-жүргізуші:

Арын ойла атаң, анаң, бабаңның,

Бірлік сақта жеткенінше шамаңның.

Сөзін жатта, ұғын тірек данаңның,

Ұлы болған мынау байтақ далаңның.


Мұғалім: Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз. Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек. Ұлттық қадір-қасиеттер - ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттерінің жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт-дәстүріміздің өзгермейтіндігін, ұмытылмайтындығын еске салып, ұлттык мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге токып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.


1-жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.


Жүргізушілер бірге: Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!


«Қара жорға» биі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Ата салтым - алтын қазынам" атты ашық тәрбие сағаты

Автор: Сулейменова Асем Сартайкызы

Дата: 08.06.2017

Номер свидетельства: 421042

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "« Салтым – асыл ?азынам » "
    ["seo_title"] => string(20) "saltym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "214186"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432228056"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салт-д?ст?р – асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(24) "salt-d-stur-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "204507"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429684175"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(31) "klasssagatyatasaltymasylkazynam"
    ["file_id"] => string(6) "327041"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380513"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Класс са?аты "Ата салтым- асыл ?азынам""
    ["seo_title"] => string(32) "klasssagatyatasaltymasylkazynam1"
    ["file_id"] => string(6) "327042"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463380521"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие са?аты "«Н?р себеле,  ?лысты? ?лы к?ні!»" "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nu-r-siebielie-u-lystyn-u-ly-kuni-1"
    ["file_id"] => string(6) "195656"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427952673"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства