Просмотр содержимого документа
««Ал, қанекей, әжелер!».»
Ақсу ауылындағы КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасы
«Ал, қанекей, әжелер!»
(Сайыс)
«Балауса» ортаңғы топ
Тәрбиеші:Раимжанова Л.Н.
2019-2020 ж
«Ал, қанекей, әжелер!»
Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасындағы тығыз қарым-қатынасын орнату,нығайту.Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, асыл аналар,ақ жаулықты әжелер,біздің кішкентай қыздарымыз сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Анадан артық адам бар ма,сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Жүргізуші: Құрметті қауым! «Ал, қанекей, әжелер!» атты сайысымызғақош келдіңіздер!
Қазір сайысқа қатысатын әжелерімізді (аналарымызды) ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
1. Жақсы адам кімге болса болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Шақырамыз ортаға Мөлдір қызымыздың
Айгүл апай деген әжесін.
2.Әжелері бұл топтың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші, күйші.
Шақырамыз ортаға Айназ қызымыздың
Ғалия апай деген әжесін.
3. Бәрін де жақсы көретін,
Қыйындықта демеу беретін
Келесі біздің Карима қызымыздың
Шақырамыз ортаға Роза апай деген әжесін.
Жүргізуші: Сайыстың шарттары:
I – бөлім. Таныстыру кезеңі: «Шаңырағым- шаттығым!»
II-бөлім. Сән үлгісі: «Сұлулық сыры»
(аналар қыздарымен бірге сән үлгісін көрсету кезені)
III-бөлім. «Әзіл әлемі»- музыкалық номер (би,әң, қөрініс)
IV-бөлім. Сұрақ- жауап сайысы: «Сыр сандық».
V- бөлім. «Ас адамның арқауы»: Ұлттық тағам.
Жүргізуші: Әділ қазы береді, Өздеріңе билікті. Өнерде кім женеді, Алады сол сыйлықты.
Әділқазылар алқасымен таныстырылады. Әділқазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі Андинова А.Б. «Тұлпар» тобының тәрбиешісі Окапова А.С және ата-аналар арасынан Тоқтажанова Ж.
Жүргізуші: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен,
Құттықтайды балалар!
Аналарымызға,әжелерімізге арналған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыныздар!
Сән үлгісінің кезеңі басталады. – деп сайысымызды жалғастырамыз. II-бөлімі - Сән үлгісі: «Сұлулық сыры»
(аналар қыздарымен бірге сән үлгісін көрсету кезені)
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп, Абай атамыз айтқандай, әділқазылар өз ұпайларын анықтағанға дейін кезекті « » әніне берейік.
Келесі кезекті:
III-бөлім. «Әзіл әлемі»- музыкалық номер (би,әң, өз өнері)
Әжелер өз өнерлерін көрсетеді.
IV-бөлім. «Сыр сандық» сұрақ- жауап сайысы.
Әр әжеге 1билеттен беріледі, 1 билетте 3сұрақтан жазылған.
1-билет:1. «Тілашар» қай кезде жасалады? ; 2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата; 3. Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ....».
2- билет: 1. Базарлық деген не?; 2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата; 3. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып, құрт тереді ...».
3-билет: 1. «Тұсау кесу» қай кезде жасалады? ; 2. Қазақтың ұлттық киімдерін ата; 3. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар ... ».
Жүргізуші: Шалқып тасып биіміз
Жадырасын жанымыз
Ана сізді құттықтап
Би билейміз бәріміз.
Әділқазылар әжелеріміздің ұпайларын анықтағанға дейін ұлдар мен қыздар- дың орындауында « Гүлдер» биін тамашаланыздар.
V- бөлім. «Ас адамның арқауы»: Ұлттық тағам, не болмаса өз қалауы бойынша дайындағандары көрсетіледі.
Жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен орын жоқ. Олай болса, ақ жаулықты әжелеріміздің бал бармағынан шыққан ұлттық тағамдарымен таныс болыңыздар!
Әжелеріміз сайыстың барлық шарттарын орындап шықты. Сөз кезегін әділ қазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі Андинова А. Б. береміз. Әділқазылар алкасы жеңімпаз аналарды марапаттап: 1. «Өнерлі әже». 2. «Шебер әже». 3.« Бұлбұл әже». 4.«Мейірбан әже» номинациясы беріледі.
Жүргізуші:
О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған,
Мәңгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман.
Егер де сен еш ауырмай, күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа, ешбір тілек сұраман.
Өмірдегі ең асыл жан—Ана. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақ- тайық, еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен:
Ана –біздің күніміз.
Ана –біздің гүліміз,
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Ал, қазір енді біздің балаларымыздың әжелерге, аналарға арнап өзде- рінің жасаған сыйлықтарын қабыл алыныздар. Көңілді әуенмен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.
Бүгінгі мерекеміз, тобымыздың кішкентай қыздарымыздың да мерекесі. Соған орай топ жігіттерінің қыздарымызға арнаған сыйлықтары бар екен. Соны тапсыруды рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер, осымен біздің ««Ал, қанекей, әжелер!» атты сайысымыз аяқталды.Өз өнерлерін көрсеткен әжелерге және тамашалап қошемет көрсеткен барлықтарынызға рахмет! Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Көктемнің алғашқы аналар мерекесімен құттықтаймыз!