kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз!»

(ересек топқа арналған мерекелік ертеңгілік)

Ортаға  жүргізуші жүгіріп шығады.

Жүргізуші: - Әйтеуір үлгердім ғой. Түрім бәрі дұрыс сияқты. Қараңдаршы, бір ақ лимузин келді, қанеки бәріміз елге танымал жұлдыздарды  қарсы алайық (балалардың аттарын атап, ортаға шақырамыз)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сүйікті аналар, әжелер бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз! Және «Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз!» мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

     Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,

    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

    Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

    Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

    Балаларға ең жақыны сен ғой, ана,

    Сіздің ыстық құшағыныз бізге пана.

    Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,

    Теңесе олар бір-ақ нәрсе – Отан ғана, – дей отырып, ортаға балалардың орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

                   Мерекеден шуақты бір із қалды.

                   Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

                    Нұрын шашсын мерекеге өнірлер! – дей отырып, ортаға Шыңғыс, Қымбат, Ерасыл, Айым, Нұржан бүлдіршіндерді шақырамыз.

             Аналардың жүрегі,

             Мейірімді ғой керемет.

(тақпақтар)

Жүргізуші: Рахмет сендерге, балалар. Тақпақтарын қандай тамаша. (осы кезде біреудің жылаған дыбысы естіледі) Балалар, бұл ненің дыбысы? Біреу жылап жатыр екен? Қанеки, қарайықшы. Мынау - Гүл ханшайымы екен. Сәлеметсің бе, Гүл ханшайымы. Сен неге жылап жатырсың, біреу сені ренжітті ме?

Гүл ханшайымы: Иә, көктем келді, бірақ менің жапырақтарым әлі ашылған жоқ. Оларды сиқырлап тастады.

Жүргізуші: Енді сиқырды қалай шешуге болады?

Гүл ханшайымы: Маған аналардың жылуы керек, сонда ғана менің жапырақтарым ашылады.

Жүргізуші: Қанеки, балалар, Гүл ханшайымға көмектесеміз бе? Ол үшін біз аналарға тақпақтарды айтып, би билеп, олардың көңілдерін көтеріп, жылуларды жинаймыз. Ал енді Гүл ханшайымы біздің балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз, ортаға Исламия, Елнұр, Ясмина, Ақжан, Дильназ бүлдіршіңдерді шақырамыз.

                (тақпақтар)

Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

                     Бишілер билеп кетті тербетінде.

                    Аққудай қалықтаған теңіздегі,

                    Бишілер өнерлерін көрсетуде – дей отырып, ортаға «Әдемі қыз» өзбек биін қол шапалақпен тамашалайық.

Жүргізуші: Әже де мені әлпештеген,

                    Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

                    Ниетің қабыл болсың, әжелерім,

                    Өркендеп өсе берсін, бала – шаға, немерелер – дей отырып, ортаға Гүлден, Айдана, Никита, Аяулым, Нармұхамед сүйікті бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

(тақпақтар)

Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

               Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

               Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,

               Сендер үшін мереке шашулары ән « Сағындым әже өзіңді»

Жүргізуші: Гүл ханшайымы сен білесің бе, біздің балаларымыз саған кішкентай ойын дайындап келді. Ойының аты «Сиқырлы жапырақтар». Ойының шарты мынандай: балалар екі топқа бөлініп, мына гүлдердің жапырақтарын өз орындарына жабыстыру керексіңдер,  ол үшін сендер мына жапырақтарда өз аналардың бейнесін тауып, кедергілерден өту керексіңдер.

Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

                     Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

                     Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

                      Сонда біз кісілікке теңесеміз – дей отырып, мерекелік кешімізді жалғастырамыз. Ортаға Али, Нұржайна, Амирхан, Нуриля, Нурасыл бүлдіршіндерді шақырамыз.

(тақпақтар

)Жүргізуші: Мынау не? Мынау қандай құс өзі?

Ұзақ құс: Мен көктемнің хабаршысымын, Гүл ханшайымды іздеп жүрмін. Оны көрген кісі бар ма?

Гүл ханшайымы: Мен осындамын.

Ұзақ құс: Біз естідік сені сиқырлап тастады, сол себеппен Көктем келмей жатыр. Сондықтан мен сені құтқаруға келдім, бірақ көріп тұрсам сенің құтқарушыларын көп екен.

Гүл ханшайымы: Иә, маған бүлдіршіндер көп көмек көрсетіп жатыр. Аналардың жылуын жинау үшін, олар өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Қанеки, бізге қосыл, балалардың өнеріне таң қаласың.

Жүргізуші: Ой балалар, балалар

                    Ойналық та күлейік

                    Қане енді бұралып,

                  Би билеп те берейікби «Жүрекше»

Жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды – дей отырып, ортаға Медина, Мади, Камила, Дінмұхамед, Айнура, Эмир бүлдіршіндерді шақырамыз.

(тақпақтар)

Ұзақ құс: Мен де көмек көрсетейін. Менде бір ойын бар. Ойынның аты «Биле, биле», бірақ ол ойын оңай емес, маған ортаға үш ана керек. Сіздерге мына шарлар беріледі, олардың ішінде қағаз бар, онда қандай биді билеу керектігі жазылған. Бір шарт бар: шарды қол тигізбей жару керек.

Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер ән мен биден басқа аспаптарда ойнауды біледі.

Оркестр

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар, - ән «Анашым»

Жүргізуші: Ал енді балалар, біз Гүл ханшайымға көмектесуіміз керекпіз, ол үшін аналарға барып, аналардың жылулығын жинап, гүлге себеміз. Гүліміздің жапырақтары ашылды. Қандай әдемі.

Гүл ханшайымы: Рахмет, сендерге балалар, рахмет сендерге ата-аналар. Енді көктем мезгілі келді. Ал мен сендермен қоштасамын. Маған сендермен өте қызықты болды. Келесі жылға дейін сау болыңдар.

Балалар: Сау – бол.

Жүргізуші: Демеңіз бір өнерді аяп қалды,

                     Мезгіл де біраз таяп қалды.

                     Қош болып тұрыңыздар көріскенше

                     Осымен концертіміз аяқталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз!»»

Балалар: Сау – бол ......

Жүргізуші: Демеңіз бір өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ана - біздің күніміз, біз - ананың гүліміз!»

Автор: Абдильманова Дина Салимовна

Дата: 12.01.2019

Номер свидетельства: 494947

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Рахмет са?ан,?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(24) "rakhmiet-sag-an-lippie-1"
    ["file_id"] => string(6) "164137"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422598448"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Т?уелсіздік т??ыры биік болсын! "
    ["seo_title"] => string(33) "t-uielsizdik-tu-g-yry-biik-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "175774"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424323990"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Та?ырыбы:  «Елбасы – руханият  тірегі»    1 желто?сан Президент к?ніне арнал?ан кеш "
    ["seo_title"] => string(88) "tak-yryby-ielbasy-rukhaniiat-tirieghi-1-zhieltok-san-priezidient-kuninie-arnalg-an-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "181820"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425398336"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Бастауышым – бастамам, Білім жолын баста?ан!» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "231472"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442506797"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства