Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Аялаған анашым
Мақсаты:Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей калқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Бұл кім?
Балалар:Ана,ана,ана!
Жүргізуші:Құрметті апалар,қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Ән: «Маматай»
Жүргізуші:Қар еріп,су көбейіп,
Сай салада ағады
Бүршік шашып жапырақ ашып
Жер,гүл шашақ тағады
-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық
Музыка әуенімен (Әдемі көйлегі бар ару көктем келеді)
Көктем:Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
түбіне тал еккенмін
Жүргізуші:Амасың ба! Ару Көктем Біздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз
Көктем:Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші:Көктем біздің балаларымыздың аналарға арналған тақпақтарын қабыл алыңыз
Нұрислам:Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Нұрила:Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Мансур:Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Нұрлыбек:Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Бекжан:Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Аяулым:Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де
Санжар:Құтты болсын,анашым,
Құтты болсын,мерекең.
Еламан:Анам менің «Айым»дейді,
Мен мұңайсам «уайым» жейді.
Айзере:Ақ анашым аппағым
Күн сәулелі анашым,
Карина:Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Көктем:Жарайсындар балалар!Енді балалар мен кішкентай көбелектермен «Көбелек»бйін билегім келіп тұр.
Би: «Көбелек»
Музыка әуенімен Карылсын кіріп келеді
Карылсын:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, Карылсын!Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Балалар кәне мен амандасайықшы!
Карылсын:Қандай тамаша! Мен де анамды қатты жақсы көремін.Сендермен бірге менде аналар мерекесін тойласам бола ма?
Жүргізуші:Әрине, болады.Білесің бе Карылсын ана деген керемет асыл жан.Менің анам кішкентай кезімде не айтсам да соны әперетін.
Карылсын :Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі
Айтып ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Жүргізуші: Карылсын!сен біздің балалардың өнерін тамашала.Кәне төрге шыға ғой!
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.
«Қариясы бар үйдің,қазынасы бар»деп бекер айтылмаған.Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Назерке:Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Раяна:Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді,
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Аян:Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді,
Үй ішінің бәріне.
Жүргізуші:Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Карылсын:Балалар сендер өнерлі екенсіңдер.Ендді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:«Кім тез гүл жинайды ».
Карылсын:Менің кететін сәтім келіп қалды Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Мен оларға сендердің қандай өнерлі,биші екендеріңді айтып барамын.Қош сау болыңдар!
Ән: «Топ-топ балақан»
Көктем:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер жақсы биде әнде айтасыңдар.Сендерге көп рахмет мен уақтымды сендермен өте қызықты өткіздім.Ал енді менің кектетін уақытым келдіғСау болыңдар!
Жүргізуші:Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой балалар
Міне,осындай қойылым
Көрсетті «Күншуақ»бақшасы
Құрметті аналар мен әжелер!Сіздерді «Еркетай»тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналарымыз,ардақты әжелеріміз,сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт