kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ақжайық -ару мекенім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақжайық — Ару мекенім

Мақсаты:  Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі:  сыныптан тыс шара
Көрнекі құралдар:  (Орал қаласы туралы слайд) ( Ақжайықтан шыққан тұлғалар туралы слайд)

  1.  мұғалімнің кіріспе сөзі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ақжайық -ару мекенім"»

АҚЖАЙЫқ — Ару мекенім

Мақсаты:  Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі:  сыныптан тыс шара
Көрнекі құралдар:  (Орал қаласы туралы слайд) ( Ақжайықтан шыққан тұлғалар туралы слайд)

  1. мұғалімнің кіріспе сөзі.


  1. Қазақ биі: «------------»


III. 1-Жүргізуші:
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде-құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам,
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!

2-жүргізуші:
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер және оқушылар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Ақжайығым — ару мекенім» атты сыныптан тыс шарамызды

бастауға рұқсатетіңіздер.

1-жүргізуші: Туған жер дегенде жүрегі сыздамайтын жан бар ма?

2-жүргізуші: Сәбиден қарттарымызға дейін Туған жер — Ақжайық дегенде ішкен асын жерге қояды.

«Ақжайығым- ару мекенім» әні .


IV.

1-жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз сүйікті қаламыз Ақ Жайығымыздың көрнекті жерлеріне саяхат жасайық.

Презентация : Орал қаласының көрікті жерлері ........................................................

(слайдтар көрсетіледі)

Орал қаласының көрікті жерлерін таныстыру.

Орал қаласы Қазақстандағы ірі мәдени-экономикалық орталықтардың бірі.

Оның 250 000 тұрғыны бар.

Жер аумағы 700 км 2

Орал қаласы кәсіпорындарға бай қала. Онда «Зенит зауыты», Омега, Металлист, Орал механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал полипласт зауыты, Орал мемлекеттік ауылшаруашылық стансасы кәсіпорны, Облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ кәсіпорны жұмыс істейді.

Қаламыз әсем ғимараттарға да бай. Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана, Киров саябағы, 3 мұражай, 2 театр, Филормония, көрме залы, 46 мектеп, 3 Жоғары оқу орны, мен бөлімшелер бар. Сондай-ақ 35 емдеу мекемесі, темір жол жүк тасымалының бөлімшесі орналасқан. Орал қаласы Жайық бойындағы ірі өзен айлағы болып саналады. 18 ғасырда салынған сәулет ескерткіштері сақталған.

Енді Орал қаласының көрікті жерлерімен таныстырар болсам

  1. Мынау Орал қаласына кіріп келе жатқандағы қаланың бейнесі

  2. Орал қаласының әкімдігі

  3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

  4. Облыстық сот

  5. Орал қаласының филармониясы

  6. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

  7. Қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың ескерткіші орналасқан Абай алаңы.

  8. Қазақ драма театры

  9. А.Н.Островский атындағы драм театр

  10. БҚО-ның тарихи-өлкетану мұражайы

  11. 2015ж 27 маусымда ашылған Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығы

  12. Жаңадан ашылған «Достық үйі» деп аталатын Қазақстан халқы ассамблеясы

  13. 1897 жылы салынған ескі мешіт

  14. 2006ж салынған Орал қаласының жаңа мешіті

  15. Мәңгілік алау орналасқан Жеңіс алаңы

  16. 2012ж 14 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған жаңа Неке сарайы

  17. 6 шағын аудандағы жаңа демалыс саябағы, алаңы

  18. Орал ойын-сауық-сауда орталығы.

  19. Орал вокзалы

  20. Киров атындағы саябақ

Назарларыңызға рахмет!

V.

1-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді.
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді- деп, Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, сан ғасырлар табиғатпен етене өмір сүрген  дархан халқымыз жерінің әрбір тасын, гүлін қастерлеп өткен, табиғат сұлулығына бас иген.


2-жүргізуші:
Олай болса, келесі кезекті Ақжайық туралы тебірене жырлап өткен ақын-жазушыларымыздың жырларына берейік.

Ақжайығым – теңдесі жоқ байлығым,                  Ел бастаған өр еңселі ағалар,

Ақжайығым – күн шуағым, айбыным.                    Терін төккен, еңбек етіп даналар.

«Өз еліміз – алтын бесік» деген сөз,                         Қолға алды, жаңартуды көркейтіп,

Бабалардан бізге жеткен сайлы ұғым.                      Бой көтерді, көріктенген қалалар.


Ақжайығым – өнер құсы  самғаған,                         Қасиетсіз, құдіретсің, мекенім,

Көкке ұшса, қос қанаты талмаған.                            Сені аңсап, арманыма жетемін.

Ақындарым Махамбет пен Жұбаным,                     Сен қуансаң, қуанам бар жаныммен,

Қадыр аға оның ізін жалғаған.                                  Сен құласаң, мен де шөгіп кетемін.


Ақжайығым – мәңгі жырым, әнімсің,

Ақжайығым – менің қымбат жанымсың.

Бүкіл елден сұлулығың озғандай,

Сәулет қалам, тіршілікте сәнімсің.

1- жүргізуші

Қадыр Мырзалиев «Дала» орындайтын:.............................................


2- жүргізуші

«Қасым Аманжоловқа арнау» монологы . оқиды ....


VI.

1-жүргізуші.

Келесі кезегімізді «Ағады Жайық» әніне береміз. Орындайтын .....

VII.

2-жүргізуші.

Ақжайық өңірінен шыққан белгілі тұлғалармен ..... сынып оқушысы......................................... таныстырады

Презентация –атақты адамдар ( слайд)

Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.


Құрманғазы Сағырбайұлы  - күйші, композитор, домбырашы. Ол қазақтың аспапты музыка өнеріне мол үлес қосып, оның мазмұнын шынайы өмірмен өрнектеді, халықтың мұңы мен шерін жырлады. Алматы консерваториясы, көптеген музыкалық мектептер, орталық көшелер, елді мекендер Құрманғазының есімімен аталады.


Нұрпейісова Дина

Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, кеңес дәуірінде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған. 

Ескендір Хасанғалиев

Әншi- композитор, музыкант..  Қазақстан Республикасының Халық артисі . Мемлекеттік сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Мәншүк Мәметова

1922-1943

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры .

Молдағалиев Жұбан
(1920-1988)

Ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы

Мырза Әлі  Қадыр
(1935-2011)

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Әнұранының  сөзін жазған авторлардың бірі.

Бақтыгереева Ақұштап

Қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Ғұмаров Сәкен Нәжіметдинұлы
(1937-1995)

1937 жылы 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Бөкей даласында дүниеге келген.Қазақстан Журналистер және Суретшілер одағының мүшесі. С.Ғұмаров жұртшылыққа суретшілік өнерім


1-жүргізуші келесі кезекті ......сынып оқушыларына береміз

Төгілген қаламынан шуақ нұры,                             Самғаған зеңгір көкте күй қанаты,

Ақұштап, Қадір аға қуат жыры.                              Домбыра – Құрманғазы аманаты.

Жұбандар жырлап өткен атамекен,                       Жайықтың қойнауынан орын тепкен,

Исатай мұра қылған суат-қыры.                              Махамбет ерліктері – мұрағаты.


Қыз Жібек Төлегендер – наз үлгісі,                       Мекені Ару Жайық – ұлағаттар,

Аққу – қаз  сұңқылдаған жаз күлкісі.                    Тамыры нәрін алған ұлы аттар.

Ғарекең, сал Мұхиттар күміс көмей,                     Сырымдар – шоқ жұлдызы мәңгі сөнбес,

Киелі сарқылмайтын саз үрдісі.                               Киесі табынатын жұрағаттар.


Кіндігі киелілер ақ мекенім!

Ұлылық ұлы күнін пәк кешемін.

Қойнауы қасиетті Жайығымның,

Ұғамыз сенімді жас бақ екенін!


VIII.


2-жүргізуші: Жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтің әні “Атамекен» орындайтын .....сынып оқушылары

«Атамакен» әні


1-жүргізуші:
Қарасам Қазақстан картасына,
Оранған бар байлықтың алқасына.
Арайлы Атамекен – туған жерім,
Мен үшін сенің артық әр тасың да.
Біз бүгінгі шарамызда қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат жасап, Ақ Жайыққа арналған өлең жырлармен таныстық. Орал  қаласы қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған- қала. Туған жеріміз – Ақ Жайық, Оралымыз асқақтап өсе берсін!


Осымен, «Ақжайығым-ару мекенім» атты шарамыз мәресіне жетті. Назар салып тыңдағанызға рахмет.













































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Ақжайық -ару мекенім"

Автор: Урынгалиева Дамела Абаевна

Дата: 20.02.2018

Номер свидетельства: 458715

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Кімні?  мекені жа?сы?"
    ["seo_title"] => string(25) "kimnin-miekieni-zhak-sy-1"
    ["file_id"] => string(6) "257014"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448264991"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Жануарларды? тіршілік ортасы.Мекен ортасына бейімділігі "
    ["seo_title"] => string(61) "zhanuarlardyn-tirshilik-ortasy-miekien-ortasyna-bieiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "206072"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430105498"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Кімнің мекені жақсы?"
    ["seo_title"] => string(23) "kimnin_miekieni_zhak_sy"
    ["file_id"] => string(6) "378922"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484304431"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты?  т?рбие беру"
    ["seo_title"] => string(67) "bilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "289120"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454742154"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "К?ркем ?деби стилі.Ту?ан жер- киелі мекен. "
    ["seo_title"] => string(47) "korkiem-diebi-stili-tug-an-zhier-kiieli-miekien"
    ["file_id"] => string(6) "226219"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1440143217"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства