Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайұлына 175 жыл»
Ақсу ауылындағы КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасы
Тәрбие сағаты
Абай Құнанбайұлына 175 жыл
«Балауса» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кудербаева А.Ж.
2019-2020оқу жылы
Абай Құнанбайұлына 175 жыл
Мақсаты:Балаларды қазақ халқының ұлы ақыны, дана, дара тұлға - Абай Құнанбайұлымен таныстыру.
Келешекте ақынның рухани мұрасын балалардың бойына сіңіру. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, өлендерін, мәнерлеп айтқызуға ынталандыру.
Көрнекіліктер: Абай портреті, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайд.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келген екен, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік!
-Балалар,біз бүгін Абай Құнанбайұлы атамызбен танысамыз.
Қазақтың ұлы ақыныАбай (Ибраһим) Құнанбаев 1845жылы 10тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты ,әйгілі билер, Тобықты руының билеушілері болған. Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді,мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр,әңгімеге әуес болып,әжесі мен анасыайтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасындаСемейге оқуға жібереді.Абай Ахмет-Ризаның медресінде оқыды Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді.
Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба». (поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі»)
Абай сөзі-адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық.
Абайдың өсиетін түсінгендер,
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып дей келе
Қазақтың бас ақыны-Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс,-дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Абай атамыздың көптеген өлеңдері бар.
Абай атамыздын табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
«Көктем», «Қыс», «Жаз», «Күз».
Абай атамыздың «Қыс» мезгіліне арналған, кыс туралы өлеңіне тоқтала кетейік.
(Балалармен алдын ала жұмыс жүргізіледі, тақпақтар беріледі).
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Айназ: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Бексұлтан:
Дем алысы- үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Мөлдір:
Бұлыттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе,қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Айхан:
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті –қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа шақырады, үйретеді.
Абайдың өмірлік асыл мұраты- елді түзету, ұлтты тәрбиелеу еді. Адамзат баласына «Адам бол!», адамдық қасиеттеріңді өмірінің соңына дейін сақтай біл деп ұран тастады. Абай өзінің бүкіл болмысын, ой қуаты мен ақындық күшін адам бойындағы кісілік пен адамгершілікті, білім мен парасатты, әділеттік пен қайратты, ел қамын, қала берді, бүкіл адамзат қамын жейтін кемел тұлға, «Толық адамды» тәрбиелеу жолына жұмсады. Абай –ұлттық болмысымыздың биігі, бүгінгі рухани жаңғырудың нәрлі бұлағы, келешегіміздің адастырмас темірқазығы. Абай- ұлы ағартушы.Туған халқын оку-білімге,ғылымды үйренуге, өнерді, кәсіпкер- лікті игеруге шақырды.
-Балалар біз Абай атамызды әр қашанда есте сақтап, тануға,білуге, Абаймен мақтануға тиіспіз. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Ал енді қазір біз сол Абай атамыз аңсаған арманына жетіп отырмыз.
Абай туған ұлы қазақ халқымыз,
Абайменен шықты әлемге даңқымыз.
Абай тілі халық үні үндескен,
Ғасырларға жасай бермек салтымыз.
Балалар ұлтымыздың Абай сияқты ұлыларын құрметтей білейік.
Балалар біз бүгін кіммен таныстық? Ол кім? (Балалардың жауабы).
Жарайсындар,балалар, Абай атамыздың өлендерін, мәнерлеп жақсы айтындар.Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды.