Просмотр содержимого документа
«8-наурыз "Айналайын ақ анам"»
Айналайын ақ анам
Жүргізуші: Ақтілекті ағытып бір тастайық, Аналардың мерекесін біз бастайық Көздеріңнен көрем шаттық арайын, Өтсін солай әрбір күнің, әрайың
Сізден өскен балалар Арсысыңдар,құрметті қонақтар, аналар әжелер,сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз құтты болсын! Сіздерге шаттық қуаныш тілей отырып, «Ақ желкен» тобының дайындаған Айналайын ақ анам атты ертеңгілігін тамашалаңыздар., Сізден өскен балалар, Батырлар мен даналар Құттықтаймыз,мейраммен , Құрметті әже, аналар!
Ән: «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері Балғабекова Жанар мен Серікжанқызы Ұлжанның орындауында «Қуанышыңмен»
Жүргізуші: Қадірлі аналар көңілі Көктемдей жайнап гүл ашсын. Бақытқа толы өмірі Шаттыққа шаттық ұлассын. – дегендей,балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Апам мені айым дейді , Мен мұңайсам уайым жейді . Ерсұлтан Апам мені күнім дейді , Мен қуансам күлімдейді.
Ана деген – ақылшың, Анаң барда батырсың. Аяла Қасында кім болса да, Тек анаңа жақынсың.
Мен анамды сүйемін, Сөзін ойға түйемін. Інкар Анашымды ардақтап, Басымды оған иемін.
Жүргізуші: Қандай керемет би, бұл ұлы мерекеден ән салады.Бүгінгі мерекеден ән салғанда бүкіл ел қол соғады, қарсы алады. Би қыздар тобы: Балапан
Диас:
Апатайым, анашым, Ақылы мол данасың Қамқоры сен сәбидің Гүлі де сен әр үйдің.
Аяулым.Е.
Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімді сақтаған, Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам!
Азамат:
Анам менің аялаған. Құшағынан сая табам Қанша жақсы болса-дағы Сендей ана қайда маған.
Аяжан:
Мені жақсы көреді, Күндей күліп келеді, Көп ертегі біледі, Маған айтып береді.
Ердос:
Мен мұғалім анамның Өнегесін аламын. Ертең менде анамдай. Оқытушы боламын.
Кәусар:
Ақ қабақты анашым, Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым.
Руслан:
Айналайын анашым, Әлпештеген баласын, Еміп өскен бөбекпіз, Анамыздың мамасын.
Шұғыла:
Айтсаң болды тіл алам Әйбат мамам, ай мамам Сені көрсем қуанам, Сен керексің қашанда.
Досжан:
Әлпештеген баласын Ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын.
Әділжан:
Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың. Айналайын анашым, жұмысыңа барасың. Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Ән: «Балбөбек» тобының тәрбиеленушісі Жанабай Ердостың орындауында «Аяулы анашым»
Асыл:
Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Бізді ана қуантып Ұзақ өмір сүріңіз.
Санжар:
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірден Аналарға сыйлаймыз.
Шырайлым:
Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған Үлкен кіші демейді Сыйлайды оны бар адам.
Шапағат:
Әлпештеген аялаған, Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамын мен құтықтаймын.
Алинұр:
Бізді өсіріп баптаған Жақсы болсам шаттанған Алтыным деп мақтанған Айналайын ақ мамам.
Аяулым.Қ:
Жарқын жүзді жан анам Сендей болсын бар адам Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан
Іңкәр:
Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де.
Инабат:
Менің әжем мейірбан, Мені жақсы көреді. Қажетіне жарасам, Жас балаша күледі.
Даниал:
Менің әжем, бұл әжем. Айтқан сөзі дәл әжем. Аман болса көреді Қызығымды әлі әжем.
Қаламқас:
Анам менің асыл жан Құшағы нұр шашылған Күн секілді күледі Сипап ылғи басыннан.
Би: Досжанның орындауынды Қара жорға
Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
Сайыс шарттары. 1.Таныстыру
2.Мақалды жалғастыр
3.Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4.«Шешеге қарап-қыз өсер». –қол өнер сайысы
Жүргізуші: Ақ көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай, еш жалықпай, Айтқаныңызға көндік деп, Әділқазы алқасын, Сайлап алсақ жөн болар. – Әділқазылар: Директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасар Камитжанеова Айым апай «Балбөбек» шағын орталығының әдіскері Асылбекова Алия
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық. Өнер қуып аналар өтер деймін. Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен аналар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік. 1. 2. 3. Жүргізуші: Тамызып мақал тілінің. Білімді болсаң жарарсың. Ұшқыр ой, талап, біліммен. Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңыздар.
1.Ананың сүті - бал, Баланың (тілі бал)
2.Анасын көріп қызын ал, (Аяғын көріп асын іш)
3.Қызды ауылдың (иті жатпас)
4.Балағы байқап сөйлесең ақылыңа көнер шайқап сөйлесең (көрсетер бір өнер)
5. ...........қылығымен қөркем (қыз)
6............жарым ырыс (жақсы сөз)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа (Артыңа ауыр жүк артпа)
8. .........өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі (Қыз)
Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. Ешқайсысы жоқ сияқты Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек.
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы, Әділден берсін бағасын. Жеңіске жеткен аналар Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік. Сөз: Директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасар Камитжанова Айым апай
Номинациялар: 1.Биязы ана 2. Мейірімді ана 3 Парасатты ана Жүргізуші:
Той-тойлап даламен қалаларың Мерекең құтты болсын аналарым, Өздеріңізге арналған сыйлықтарың Сыйлауға келе жатыр балаларың
Осымен «Балбөбек» және «Күншуақ» топтарының айналайын ақ анам атты ертеңгілігі аяқталды тындағандарыңызға рахмет