kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сыйынар ем Ана деген т??ірге»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кеш жары?, ?ымбатты ?стаз-аналар, арулар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып,та?ы да 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні келді.Осынау к?ркем мерекені? ?ай кезде де орны б?лек.Олай болатыны,аналар?а деген ысты? сезім,ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес.Олар-?мірді? г?лі,к??ілді? жыры,?р отбасыны? алтын ді?гегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен ке? д?ниені? ?зі тек аналармен ажарлы. Б?гінгі арайлап ат?ан н?рлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са,б?гінгі мерекелік кешіміз де аналар?а арналады.
Біз ?ана емес,?адір т?т?ан бабалар.
Аналардан ту?ан небір даналар.
Ана деген тіршілікті? тірегі,
Армысыздар,?асиетті аналар!

??рметті аналар,бізді? мектепті? ?стаздары,?ыздары!8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні мерекесі ??тты болсын!Сіздерге ?р?ашан сыр бермес денсаулы?,?мірді? шап?атын тілейміз! Б?л к?ні ?здері?ізге ба?ыттал?ан тілектер періштені? ??ла?ына шалынсын.?рдайым мейірім шуа?ын шашып ж?ре бері?іздер.

Сіздерден ?скен балалар
Батырлар мен даналар.
??тты?таймыз мейраммен,
??рметті абзал аналар. – дей келе ??тты?тау с?з кезегі мектеп директоры А.А.Талпахов?а беріледі.
?йел-Ана, ?йел-?мір, ?йел-тіршілік ?зегі. ?мір бесігінде і?г? тербетіп, адамзат баласына ?рпа? сыйлар ?лы ??дірет иесіні? есімі ?р?ашанда ?астерлі, с?зі-?сиет, т??ыры биік. Алтын ??рса?ынан адамзатты? алабы жаратыл?ан асыл ананы? ж?регі ?лкен, ж?зі мейірімді, ?олы ?айырымды. К??іл шуа?ына мейірім т?гілген аяулы жанны? ?мірден алар несібе жемісі-алтын боса?асы мен с?йкімді перзенті болар. «Ана?ды Меккеге ?ш рет ар?алап апарса? да ?арызы?нан ??тыла алмайсы?» деген ?лы ??ламаларды? с?зі бар. Шынымен солай. Адамзат ж?ріп ?ткен небір ауыр жол, алма?айып заманнан ?рпа?ын аман-есен б?гінгі к?нге жеткізген ?йел-ана ??діретін жырмен ?рнектеп, ?нмен ?лпештеп, с?збен айтып тауысу м?мкін емес. Ана-болаша?ты? демеушісі,?лтты? жебеушісі,с?билерді? ба?ыты.

К??ілі? Алатауды? а? ?арындай,
Мейрімі? к?нні? шуа? ша?тарындай.
?алайша аяулы ана тына алармын,
?н болып са?ыныштан а?тарылмай,-деп абзал аналарымыз бен ?ырмызы ?ыздарымызды? ??рметіне Рахметова Саяны? орындауында?ы «Анашым» атты ?нін ?абыл алы?ыздар.
Мы? б?ралып билеген
Аруды кім с?ймеген.
К?міс к?мей арулар?а

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Шам?ратова Жадыраны? орындауында?ы «Шатты?» биіне береміз.
Жан?яны? жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене тол?ар бесік жыры,а?ыз ертегілері мен жа??т жырлары ар?ылы ?рпа?ыны? бойына адамды? ?асиеттерді дарытып отыр?ан аналарды? ??діретті сезімдеріне арнал?ан ?сем ?нді ?абыл алы?ыздар. Берикова Аиданы? орындауында?ы «Апатайым, анашым» ?нін ?абыл алы?ыздар.

Аналар адамды бесігімен баулиды. ?мірді? іргетасы соларды? ?олымен ?аланады. «Ж?нн?т-аналарды? ая?ыны? астында» деп, ислам діні ?йелдерді ерекше ??рметтейді. Егер де бір ?йде ?ыз бала д?ниеге келсе, береке, молшылы?, бейбітшілік болады, ата-анасына ?уаныш ?келеді деп жоры?ан екен.
Те?іздей тербетіліп к?л бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
А??удай ?алы?та?ан те?іздегі,
Бишілер ?нерлерін к?рсетуде,- алдары?ызда ??мар Назерке мен Т?легенова Аизаны? орындауында?ы ?
«Отбасы-ша?ын мемлекет» деген с?з бар. Ынтыма?ы келіскен, т?тіні т?зу ?ш?ан ?рбір ша?ыра? мемлекетті? ??т берекесі. ?йел-ана отбасы жылуын са?таушы, ?о?амны? ерте?і болаша? балаларды т?рбиелеуші. «Анасы бар адамдар еш?ашан ?артаймайды» дегендей, ба?ытты б?лдіршіндері?ізді? ?сем ?нін ?абыл алы?ыздар.

?н: «?стазым », орындайтын: Кабир ?сем.

Тіршілікке н?р берген ана с?ті ?андай ??діретті. ?лемдегі жа?сылы? к?зі, адамды? ?асиет, а? тілек мейірбанды?ты? б?рі ана деген с?збен астасып жатыр.
Аяулысы?, ауылымны? асылдары,
Жайнасын к??ілдерді? жасыл ба?ы.
Сендер ?шін ?н менен к?й, ?ле? мен би,
Сендер ?шін мереке шашулары,- дегендей, алдары?ызда 4а-сынып о?ушыларыны? орындауында?ы «?ара жор?а» биі. ?абыл алы?ыздар!
Десек те уа?ытпен жарыспайды,
?иял?а ?иялменен ?арыштайды.
Ш?кірттер шын ж?ректен тебіреніп,
Жырларын аналар?а ба?ыштайды. Олай болса ш?кірттері?ізді? аналар жайлы ?ле? шума?тарын ты?дайы?. (5а-сынып о?ушыларыны? жыр шашуы)

Осы айтыл?андарды? б?рі шынды?, б?рі шын, аналар ажалдан к?штірек, жапан?а бір то?тамсыз данышпандарды, а?ындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлы? жа?сылы?ты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Ана –барлы? ?иынды?ты же?етін сар?ылмайтын к?ш,тіршілікті? ?айнар б?ла?ы.?аза? ?йеліні? дастарханы то?,?она?ы ырза,д?ниесі т?гел.Олар ?шін бірінші орында отбасыны? берекесі т?рады.Б?бегін бесікке б?леп,?лдилеп аяла?ан ана ба?ыт ??ша?ында емес пе?!
Бір ?зі?нен бастап ?мір жолдарын,
Ж?регі?е,ж?регімді жал?адым.
?зі? мына сый?а берген ?мірде
А? с?ті?ді а?тап ?ту-арманым.
Барша ана,??тты болсын мереке?із
?р?ашанда ана сізбен берекеміз.
А?таса? а? с?ті?ді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке те?есеміз.
??рметті ?она?тар,бізді? «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді к??іл ?ойып тамашала?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет.
Деме?із біз ?нерді аяп ?алды,
Мезгіл де біраз жерге таяп ?алды.
?ош болып т?ры?ыздар к?ріскенше,
Осымен концертіміз ая?талды.

Сау-саламатта болы?ыздар!

Т?рбие са?аты "Айналайын, ана, мереке?ізбен!"

Категориясы: Т?рбие са?аты

Та?ырыбы: «Айналайын, ана, мереке?ізбен!»
Ма?саты:аналар мен ?желерді, ?ыздарды халы?аралы? 8-наурыз мерексімен ??тты?тау.
К?рнекі ??ралдар: плакат, шар, с?здер, магнитофон.

1-ж?ргізуші:
?уанышы баланы?-
?уанышы ананы?.
2-ж?ргізуші:
?уанышы ананы?-
?уанышы баланы?.
1-ж?ргізуші:
Бізді ?сірген анашым,
Е?бегі? де зор екен.
2-ж?ргізуші:
??тты болсын, анашым,
??тты болсын мереке?!

Хор :»??тты?таймын, ана, ту?ан к?ні?мен!»

1.Жан анам, ??тты?таймын, мейрамы?мен,
К?ктемні? ??лпыра бер нарт г?лімен.
?рлесем елі? берген ба?ыт ба?ы?,
Жазбасын шат к??ілі?, шат к?йінен.

2.Бала, бала, бала деп,
Т?нде шошып оян?ан;
Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп,
Т?нде бесік таян?ан;

Аялы ?олды талпынт?ан,
?айма?ты с?ттей ?ал?ыт?ан;
Суы? болса ж?ргегін,
?ор?асындай бал?ыт?ан;

Айналасына ас ?ойып,
Изенді к?лдей шал?ыт?ан;
?олын ?атты тигізбей,
Кірлі к?йлек кигізбей,
Иісін ж?пар а??ыт?ан
Б?л кім?
Б?рі: - Ана

3. С?здерді е? аяулы,
Жа?сы к?ріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімні? ойлап тап?анын.
«Ана» деген с?зді де,
«А?а» деген с?зді де,
«?ке» деген с?зді де,
«Т?те» деген с?зді де,
«Ата» деген с?зді де,
«Апа» деген с?зді де, -
Ойлап тап?ан балалар!
«Жаным, к?нім» дегенді,
«??лынша?ым» дегенді,
«Бота?аным» дегенді,
«?оша?аным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Тол?ан айым» дегенді,
Ойлап тап?ан аналар!

4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен м??айсам, уайым жейді,
Анам мені: «К?нім» - дейді,
Мен ?уансам, к?лімдейді.

?н «А? мамам»

5. ?лемдегі а?ылды адам,
Б?рінен сол жа?ын ма?ан!
Ол жанымда ж?рсе,мен де,
Батырларша батылданам.

6. М?пелейсі? мені, анам,
?олы?да?ы ??сы?дай.
??лпыра ?сіп дем алам,
??ша?ы?да ?ажымай.
7. «К?нім»,- дейсі? мені,
К?н мейірі сенде.
К?нні? ысты? лебі,
??ша?ы?а те? бе?
Айналайын,ана! (бірге)

8. «Жаным»,- дейсі? мені,
Жаратушым бір сен.
Жал?ыз ?зі? тегі,
Жанашырым білсе?.
Айналайын,ана! (бірге)

9. «??лыным», - деп мені,
??ра? ?шты? д?йім.
?ам?оршым-ау, сені
?алай ?мытайын.
Айналайын,ана! (бірге)
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сыйынар ем Ана деген т??ірге» »

Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.А.Талпаховқа беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Рахметова Саяның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Шамұратова Жадыраның орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Құмар Назерке мен Төлегенова Аизаның орындауындағы ?
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"

Категориясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!»
Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон.

1-жүргізуші:
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»

1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.

2.Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;

Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана

3. Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, -
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

Ән «Ақ мамам»

5. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

6. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)

8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)

9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)

10. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам

2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам

2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам

11. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.


13. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.

14. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

15. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

16. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.

Ән «Анашым»

1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.
2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!






Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Барысы: интерактивті тақтада «АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» жазуы.
Сынып іші: Мәди терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр.Сол кезде Азамат кіріп келіп:
Азамат: -Мәди, неге көңілсіз жүрсің?
Мәди: -Е-е, Азамат, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Азамат: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ ай……
Мәди:-Жо-о,жоқ! Жарамайды.Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Азамат:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды.Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. ( Барлығы жапырлап шығады)
Мәди: ( Басын ұстап)-Бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?
Балалар: -Иә,бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Азамат: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурыз туралы айтатын балалар айтсын, сосын тағы көре жатармыз.Сондықтан ең бірінші Жанат, Аружан, Ербол қалсын, қалғандарыңды сосын шақырамыз.
Жанат:
Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.

Аружан:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де

Ербол:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен.

Аружан:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Мәди:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

-Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.
Азамат:
Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

Мәди: -Дұрыс айтасың, Азамат. Ана ең жақын, ең ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады.Әр бала анасын жақсы көреді.
Азамат:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!

Мәди: -Жарайсың, Азамат.Анаңды өте жақсы көреді екенсің! Бұның бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

Азамат: – Мәди, мүмкін аналарымызға шаттық күлкі сыйлармыз.
Мәди: – Ол қалай?
Азамат: -«Бала тілі бал» демекші, біздің кішкентай кезіміздегі қызықты оқиғаларды естеріне салайық!
Мәди: -Тамаша!!!
Шағын көріністер: 1. «Есеп»- Есенбол, Аман
2. «Қоштасу»- Ербол,Аружан-1
3. «Жасырынбақ»-Жанболат,Елдос
4. «Әже мен немере»-Шалхар, Жанат
5. «Ұғымтал оқушы»-Алишер,Диана
6 «Кәмпит сұрап едім»-Аружан-2, Айгерим
7. «Көп кәмпит беретін едің»-Ахбота,Айжан
Мәди: -Аналарымызға ұнай ма екен? ( көп ойланады)
Азамат: -Әрине ұнайды.Ана-ең аяулы жан.Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан.

Шалхар:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Аман:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Есенбол:
Сен менің астанамсың,
Қуанам, күлемін мен.
Саялар баспанамсың,
Жылтатын жүрегіңмен.
Суреттей салынбаған
Сенің бар қасиетің.
Сен күнсің жалындаған
Тіршілік бас иетін.

Диана:
Жан ана, жарық жанарың
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын.

Айгерим:
Әлемге тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл егем.
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат белгісі бұл өлең.
Айжан, Елдос, Ахботаның орындауында «Анашым»
Мәди: – 8 наурыз күні аналарымызға көмектесуіміз керек!

Алишер: -Ал, мен…..
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа
Жуам кесе, табақты
Су құйып ап ыдысқа
Көмектесем үнемі
Анамның ісі сонша көп,
Ойлап ылғи жүремін
«Қолқанаты» болсам деп.

Азамат: – Аналарға тек мейрам күні көмектеспей, күнде қолқанат болуымыз керек!
Мәди: – Азамат, мүмкін ана туралы кино түсіреміз?! «Ана -өмірдің шуағы» деп атаймыз.
Азамат: – Ойланып көрейік! (слайд)
Мәди : – Мен өскенде бұдан керемет кино түсіремін. АНА өмір бойы ең негізгі кейіпкер ғой! Сондықтан;

Жанболат:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Жақсы оқыған сабағын
Балаға мен ағамын
Біздер үшін
Ананың
Бұлт баспасын қабағын!

Диана:
Ана деген көп шығар,
Анамдай менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Елдос:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Ағарпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Мұрат, мүдде, мақсатың
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.

Ақбота:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп өн бойына таралған.
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!

Айжан:
Өмірде ана- бақыт, ана- пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана!Ол біздің елде ардақты адам
Кішісі де, үлкені де ардақтаған
Өзінің аяулысы отанында
АНА деп біздің халық текке айтпаған!

Ақбота:
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарсада өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
Жасыңа жас қосылып, бақыт қонсын.
өмірде қызық көр жыл сайын.
Береке мен бірлікке ортаң толсын!

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Бастауыш мектепте оқыту» журналы
2. «Балдырған» журналы
3. Интернет қорының материалдары

8 – Наурыз Аналар мерекесі
( екі бала бастайды)
1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Ән: «Аналар мерекесі»
Бір бала ортаға шығады
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»

Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Нұралы:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ойын: «Әжемнің жібі»
Балалар әжелеріне арналған ағылшын тілінде тақпақтар айтады

Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін

Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.

Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым...
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Қоңырау соғады
Үш аспазшы шығады.біреуі ең басты аспазшы
Біз – екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті қуырып
Балаларға бересіңдер деп
Ең басты аспазшы ұйықтап кетеді

Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Жеміс - жидектер»
Ойын біткен соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар шығады
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
«Сыйынар ем Ана деген т??ірге»

Автор: Султанова Гульмира Кадыровна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185446

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сыйынар ем, ана деген тәңірге!"
    ["seo_title"] => string(37) "syiynar_iem_ana_dieghien_t_n_irghie_2"
    ["file_id"] => string(6) "409538"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492347593"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Сынып са?ат та?ырыбы: "Сыйынар ем Ана деген т??ірге""
    ["seo_title"] => string(47) "synypsagattakyrybysyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "276467"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452744395"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему Сыйынар ем Ана деген т??ірге!"
    ["seo_title"] => string(50) "konspiekturokanatiemusyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "303100"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457429303"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Презентация на тему "Сыйынар ем ана деген т??ірге" "
    ["seo_title"] => string(60) "priezientatsiia-na-tiemu-syiynar-iem-ana-dieghien-t-n-irghie"
    ["file_id"] => string(6) "242088"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445368888"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Сыйынар ем "ана" деген т??ірге"
    ["seo_title"] => string(30) "syiynariemanadieghientnirghie1"
    ["file_id"] => string(6) "318557"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460616240"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства