kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методическая разработка урока спец технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Плакаттар мен жарнамалар басу технологиясын ке? ау?ымда т?сіндіріп, оларды басу технологиясымен таныстыру, ме?герту.

Дамытушылы?: О?ушыларды? шы?армашылы? ж?не  танымды? ойлау, ?зін-?зі ба?алау, а?паратты? - коммуникативтік ??зіреттіліктерін дамыту.

Т?рбиелік: О?ушыларды? бойында ?зіндік ?рекет  ету м?дениетін ?алыптастырып, жа?а та?ырыпты ?ткен та?ырыппен байланыстырып, ?зара к?мек к?рсетуге т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«методическая разработка урока спец технология »



ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық және кәсіби білім










Тақырыбы: Плакаттар мен жарнамалар басу технологиясы


Кәсібі: 1227000 Баспа өндірісі

Біліктілік: 1227032 «Жазық баспа баспагері»

Пән: «Арнайы технология»

Оқытушы: Абелдаева Б.А.













Циклдік әдістемелік кеңесте қаралды

Хаттама № « » 2012ж

ЦӘК төрайымы Ерназар Г.К.






Алматы 2012



Ашық сабақ жоспары


Тақырыбы: 12 Айрықша өнім басу технологиясы

Сабақтың тақырыбы: 12.2 Плакаттар мен жарнамалар басу технологиясы


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру

өте қажет».

Н.Ә.Назарбаев


ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты –оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мына міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Лицейлерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр.

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  2. Ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Сабақ – өте күрделі, сан қырлы. Әрбір сабаққа қойылатын басты талап:

  • оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру;

  • сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру;

  • ақпараттық технологияны тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу;

  • балалармен ынтымақтастықта болу;

  • сабақтың өмірмен байланысын нығайту;

  • мұғалімнің сабақтағы жаңашылдық, шығармашылық әрекеті.

Жаңа ақпараттық технологиялар – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудағы негізгі құрал компьютер және интерактивті тақта болып табылады.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Плакаттар мен жарнамалар басу технологиясын кең ауқымда түсіндіріп, оларды басу технологиясымен таныстыру, меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және танымдық ойлау, өзін-өзі бағалау, ақпараттық - коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін қалыптастырып, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырып, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

  1. Әңгімелеу.

  2. Слайд көрсету.

  3. Сұрақ-жауап.

  4. Пікір алмасу.

  5. Түсіндіру.

  6. Топпен жұмыс.

  7. Сайыс.

  8. Тірек сызба кластерін құру.

  9. Шығармашылық, іздену жұмысы, ой қозғау.

  10. Ойындар ойнау.

Сабақта пайдаланған көрнекіліктер: стенд, схема, слайдтар, ұяшықтар, жарнама, плакат, газет өнімдері, баспа табақтар, семантикалық карта, тірек сызба кластері, бейне проектор.

Пәнаралық байланыс: Кәсіптік тәжірибе, түстану, материалтану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

- кезекшімен сұхбат;

- үй тапсырмасына даярлығын тексеру;

- құралдарын реттеу;

- сабақтың мақсатымен таныстыру;

- сабаққа нұсқау беру.

ІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Үй тапсырмасын сайыс түрінде өткізу. «Кім жылдам» сұрақ – жауап ойыны ойналады. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз, топ басшыларын сайлаймыз және топтың атын қоямыз, әр топ 5 сұраққа жауап береді. Сұрақты оқушылар өздері үйге берілген тақырып бойынша қояды. Дұрыс жауап берген топқа «5 жұлдыз» белгісі беріледі. Топ басшылары тақтаға шығып, «адасқан әріптерден» сөйлем құрайды. Біздің жағдайымызда термин сөздерден сөйлем құралады.

1 Техниканың бір саласы – «Полиграфия».

2 Офсеттің атасы – «Зонефельдер»

3 Мерзімді басылым – «Журнал»

  1. Бүкіл топқа семантикалық карта беріліп, «Білімгерлер» «+» немесе « - » таңбаларын қойып, семантикалық картаны толтырады.


30х42

60х90

Полиграфия

Газет

Республикалық

Рулонды ротациялық

Газеттік

Шығыңқы

Техниканың саласы









Мерзімді басылым








ГОСТ стандарт бойынша қағаз өлшемі








Орташа газет өлшемі








Газет басу әдісі








Газет басатын басылым машинасы









Газет басылатын қағаз түрі










Газет түрі




















Тірек сызба кластері


1. Газетке анықтама беру


2. Газет қандай басылым


3. Газет басу технологиясы


4. Газеттердің түрлері


5. Газеттердің өлшемдері


6. Қазіргі кезде газет өнімін басу үшін қандай басылым машиналары қолданылады (модельдерін атау)


7. Қандай басылым әдісімен газеттік өнімді басып шығарады?


8. Газет өнімін басатын қағаздардың түрлері мен маркілері


9. Мазмұнына қарай газеттер қалай бөлінеді?


10. Бояулығына қарай газеттер қаншаға бөлінеді?


11. Көлеміне байланысты газет өнімі


12. Клише дегеніміз не?


13. Мерзімділігіне байланысты газеттер қалай шығарылады?


14. Газеттер қандай таралымда шығады?


15. Газет өнімінің ерекшеліктері


ІІІ. Жаңа тақырып

Плакат дегеніміз - ғылыми-біліктілік, үгіттік, оқулық, ақпараттық немесе хабарнамалық сипатты міндеттерді орындайтын үлкен көлемді табақтық басылымдар болып табылады. Плакаттар көбінесе 4-8 бояумен офсеттік басылыммен басылады. Бірнеше метр қашықтықтан көру үшін 40-48 лин/см линиатуралы плакаттардың түпнұсқалары проекциялық немесе түйістірмелік растрлармен репродукцияланады. Егер суретінің бөліктері репродукцияға ерекшелік пен ұзақ есте сақтайтын сапа беретін болса, өте ірі 12-18 лин/см растрларда қолданылады. Мұндай әдісті гигантография деп атайды. Плакаттар мынадай түрге бөлінеді:

  1. Техникалық плакаттар (машина тораптарының құрылыстық схемалары, салыстырмалы диаграммалар, 3-15мың дана таралымда)

  2. Саяси үгіттік плакаттар ( 50-100 мың дана таралымда)

  3. Қабырғалық (аз данамен 45 х 60 см; 30х45 см)

Жарнама дегеніміз - спектакль, концерт, дәріс немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі. Немесе: Жарнама дегеніміз – белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы.

Таралуына қарай жарнама ақылы және жанама болып бөлінеді. Газет бетін сатып алып, жарнамалау ақылы деп аталады. Ал өнімді ұсынушы адамның немесе фирманың көпшілік қауым мен бұқаралық ақпарат құралы арасында болатын әртүрлі байланыстар жанама жарнамаға тән.

Құрылымдық жағынан жарнама суреттер арқылы безендірілетін және тек сөздерден тұратын жарнама болып бөлінеді. Жарнама БАҚ-тың барлық түрінде кездеседі.

Жарнама күрделі ақпарат болып табылады. Себебі, бір біріне ұқсамайтын көптеген жарнама берушілер бір уақытта әр түрлі аудиторияға өз өнімін немесе қызмет түрін ұсынуға тырысып бағады. Жарнаманың негізгі тоғыз типі бар, оларға қысқаша тоқталып өтейік:

  1. Сауда маркасының жарнамасында - марканың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл жарнама түріне «Билайн» ұялы байланысының жарнамаларын мысалға келтіруге болады.

  2. Жекелеген сауда жарнамасы - жергілікті сипатқа ие және әртүрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады.

  3. Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар депутаттыққа, президенттікке үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаткердің оң имиджін қалыптастыруға ыңғайластырылып жасалып жүр. Саяси жарнамаға халық көбіне Президент сайлауы, депуттатарды сайлау қарсаңында куә болады.

  4. Анықтамалықтағы жарнама – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады.

  5. Тікелей үн қататын жарнама кез келген жарнамалық ортаны, оның ішінде пошта арқылы жөнелтуді пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі.

  6. Іскерлік жарнамаға жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокат пен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады.

  7. Институционалды жарнаманы корпоративті деп те атайды. Мұндай жарнама мекеменің танымалдылығын арттыруға немесе ұйымның қызметіне қоғамның көңілін аудартуға бағытталады. Мысалы «Нұрбанктің» жарнамасы осы түрге жатады.

  8. Әлеуметтік жарнама белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру.

  9. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және интернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Web-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады.

Плакат пен жарнама өнімін басу үшін қолданылатын басылым машиналарының түрлері: SM 72-2, GTO 52-2, Rapida 104-4, Ryobi.

Пайдаланатын қағаздың түрлері мен өлшемдері: борлы қағаз, жылтыр қағаз, А1 - 594 х 841 мм, А2 – 420 х 594 мм, А0 - 594 х 1189 мм.

Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:

- тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу;

- кері шрифт;

- курсив немесе шрифтің сәндік түрлері;

- суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып;

- әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы керек;

- элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы;

- мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт.


Қашықтықтан оқу

Ұсынылатын

шрифт көлемі

1 м................................

7 мм

3 м...............................

15 мм

5 м...............................

25 мм

10 м............................

40 мм

15 м..............................

70 мм












Жарнамалық өнімді даярлаудың техникалық сипаттамалары


Көрсеткіштері

Техникалық сипаттамасы

плакат 1

плакат 2

1

Басылым форматы

А1 – 594 х 841

А1 – 594 х 841

2

Басылым форматы

кесуге дейінгі

кесуден кейінгі


-

-


-

-

3

Басылым көлемі:


физ. баспа табақта


қағаз табақта


шартты баспа табақта


1


1


1



1


1


1

4

Таралымы, мың дана


100

50

5

Мерзімділігі


-

-

6

Бояулығы


4 + 0

4 + 0

7

Басылымды басудың түрі


офсеттік

офсеттік

8

Мәтіндегі бейнелердің %


90

90

9

Басылымдағы қағаздың түрі


жылтыр

борланған

10

Безендірілуі

ламинатталған

ламинат + пленка престеу

11

Гарнитура


әдеби

әдеби

12

Кеглі,п


48

48

13

Атау саны


15

20








Жарнама және плакат өнімдерін басудың технологиялық схемасы


Бояуды Басу машинасын Қағазды

дайындау дайындау дайындау


Бояуға басу Қағаз өткізу Қағазды акклимат

қасиеттерін жүйесін -тизациялаудан

беру дайындау өткізу


Бояуды Бояу аппаратын Қағазды формат-

беру дайындау қа келтіру


Ылғалдау Ылғалдау Қағазды машина-

ерітіндісін аппаратын ға беру

дайындау дайындау


Лакты лактау секциясын

дайындау дайындау


Басу аппаратын декельді

дайындау дайындау


Басылым қалыбын

орнату


Бояу мен ылғалдау ерітіндісін

беруді реттеу


Бақылау таңбасын алу

Сынаманы бекіту


Таралым басу


Лактау, өңдеу


Сапасын бақылау







ІV. Жаңа сабақты пысықтау

« Ой қозғау» ойыны арқылы 6 оқушыны тақтаға шығарып, жеребе арқылы конвертке салынған басылым өнімдері мен жабдықтарды жарнамалап ( теңге, басылым машинасы, компьютер), жаңа тақырыпты пысықтау.

V.Қорытындылау: Жаңа тақырыпты пысықтап, қорытындылаймыз.

VІ.Бағалау: Оқушыларды қорытынды жауаптармен семантикалық картаны толтыруларына байланысты бағалаймыз.

VІІ.Үйге тапсырма беру: Жарнама өнімдерін алып келу және түрлеріне сипаттама беру.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
методическая разработка урока спец технология

Автор: Абелдаева Бейбиткул Акембековна

Дата: 18.11.2014

Номер свидетельства: 132090

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Технологическая карта урока «Приготовление обеда в походных условиях»"
    ["seo_title"] => string(74) "tiekhnologhichieskaiakartaurokaprighotovlieniieobiedavpokhodnykhusloviiakh"
    ["file_id"] => string(6) "313388"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459483106"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Методическая разработка урока по спец технологии по теме "Основы веб конструирования""
    ["seo_title"] => string(96) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-po-spiets-tiekhnologhii-po-tiemie-osnovy-vieb-konstruirovaniia"
    ["file_id"] => string(6) "266514"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450178859"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Интерактивные инновационные технологии обучения в колледже "
    ["seo_title"] => string(71) "intieraktivnyie-innovatsionnyie-tiekhnologhii-obuchieniia-v-kolliedzhie"
    ["file_id"] => string(6) "101737"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1402429525"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Виды презентаций на уроке иностранного языка "
    ["seo_title"] => string(50) "vidy-priezientatsii-na-urokie-inostrannogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "141079"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418054218"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства