Просмотр содержимого документа
«Металдардың табиғи және механикалық қасиеттері.»
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 03.09.16 Сынып: 6 Пәні: Технология Сабақ: 2
Тақырыбы: Өсімдік шарушылығы туралы түсінік, Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. Мақсаты: Оқушыларды өсімдік шарушылығы туралы түсінік беру, өндіріс туралы мәлімет беру
Өсімдіктердің түрлері өте көп.Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады. Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды. Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп. Мысалы:
Гренландия аралында – 390 түрлі Сахарада – 300 дей Бразилияда – 40 000 түр Индияда – 21 000 түр Қытайда – 20 000 түр
Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі.
Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші. Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады. Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады. Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б. Ал бидай – нан атасы. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді.
ІІІ. Сабақты бекіту Өсімдік шаруашылығының адам өміріндегі маңызы қандай?
ІҮ. Үйге тапсырма беру Өсімдік шаруашылығы туралы мәлімет, өндіріс туралы мәлімет жинау
Ү. Бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбектІ қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 23.09.16 Сынып: 6 Пәні: Технология Сабақ: 4
Тақырыбы: Жұмыс орнының жабдықталуы және ұйымдастырылуы, ағашты дайындау, ағаштың қасиеттері, құрлымы, кесілген ағаш дайындамаларын алу және оларды қолдану.
Мақсаты: Ағаштардың түрлеріне қарай олардың қасиеттерін үйрету, өндіріс жайлы түсінік беру.
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Орман - тоғай – жан - жануарлардың, құстар мен жәндіктердің өмір сүретін ортасы. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы. Алғашқы адамдар ағашты тіршілігіне қажет материал ретінде пайдаланған. Мысалы: олар аң аулауға қажет құрал - саймандарды аша таяқ, үшкір(ағаш, найза, қада, жебе т. б) ағаштан жасады. Ағаш табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны да бөлек. Ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастай алмайды. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көбісін осы ағаштан жасайды. Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жаскүйінде былқылдақ, июге, тоқуға, ойып шабуға келгенде теңдесі жоқ материал.
Емен, қайың, терек ағаштары тұрмыста кеңінен пайдаланылса, қызыл қайыңды жақсы табиғи суреттері болғандықтан үй мүліктерін жасауға қолданған. Алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштарын қолөнер жұмыстарына пайдаланған. Алма мен жаңғақ ағаштарынан - кебеже, сандық, жүк аяқ, қобдишалар жасаса, тал, қарағай, алма, арша, ағаштарын саз аспаптарын жасауға, терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне керекті бұйымдар жасауға пайдаланған. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал - саймандарды қажет етпеген. Олар темір ара, балта, шапа - шот, бұрғы секілді негізгі қарапайым құралдарды пайдаланған. Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер салуды шебер игерді.
ІІІ. Сабақты бекіту
1. Халық шеберлері, ұсталары ағаштан қандай бұйымдар жасаған?
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Ағаштың қасиеттері және өндіріс жөнінде мәлімет жинау.
Ү. Бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 21.10.16 Сынып: 6 Пәні: Технология Сабақ: 8
Тақырыбы: Ағаш бұйымын құрлымдау, бұйымның бір бөлшегінен технологиялық картасын құру, ағашты аралау, сүргілеу және бұрғылау әдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару.
Мақсаты: Оқушыларға техникалық әдістерді қолдана отырып ағаш материалын қолмен өңдеу арқылы бұйым жасауды үйрету, экономиканың негізгі проблемалары туралы мәлімет.
Типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихынан әңгімелер, жаратылыстану, математика, бейнелеу өнері
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылармен сәлемдесу
3. Сабаққа қатысымын тексеру
4. Арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ағашты кесуге қолданылатын ара түрлерін ата?
Ағашты кесу тәсілдерін ата?
Ағашты сүргілеу тәсілдерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бүгінгі сабақта ағаш балғаның басын әмбебап станокта өлшем бойынша өңдеу жұмысына тоқталамыз.
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Жұмыс алдын қолданылатын құралдармен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Ү. Сарамандық жұмыс Ағаш балғаның басын әмбебап станокта өлшем бойынша өңдеу жұмысы. 1. Дайындаманы таңдау 2. Өлшем бойынша станокта кесу 3. Сыртын жону Ағаш балғаның басының тесігін орындау. 1. Өлшем бойынша бұрғы мен үш жерден тесу 2. Тесілген жердің дұрыстығын тексеру 3. Дөңгелек түрпі мен тазалау. Ағаш балғаның сабын дайындау жұмысы 1. Ағаш өңдеу токарь станогына дайындаманы бекіту 2. Дайындаманың қырларын түрпі мен тегістеу 3. Станокты іске қосып түрпі мен жону 4. Құм қағазбен тегістеу Ағаш балғаның басына сына және ағаш шеге дайындау 1. Сынаның өлшемі 5 – 2 мм 2. Ағаш шегенің қалыңдығы 10 мм 3. Сына мен шегені ағаш материалынан өлшем бойынша түрпі мен жасап шығару Ағаш балғаның біріктіру басын ара мен кесу және бұрғылау станогында ағаш шегенің орнын тесіп дайындау. Құрастыру жұмысы 1. Ағаш балғаның сабына және киілетін басына ПВА желімін жағу 2. Балғаның сабын басы мен біріктіру 3. Ағаш шегенің орнына желім жағу 4. Шегені ұрып кіргізу 5. Сынаны желімдеу және қағу 6. Ескерту: ПВА желімі жағылған бұйымды 24 сағаттан кейін қолдануға болады. Үй тапсырмасы: Ағаш балғаның кіші өлшемдегі сызбасын сызу
ҮІ. Сабақты бекіту
Мемлекет мүддесі?
Бұйым жасауда сызбаның рөлі қандай?
3. Ағаштан бұйым жасау жолдары?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Ағаштан бұйым жасауды жалғастыру.
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 28.10.16 Сынып: 6 Пәні: Технология Сабақ: 9
Тақырыбы: Техникалық әдістерді қолдана отырып ағаштарды қолмен өңдеу.
Мақсаты: Оқушыларға техникалық әдістерді қолдана отырып ағаш материалын қолмен өңдеу арқылы бұйым жасауды үйрету, экономиканың негізгі проблемалары туралы мәлімет
Типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихынан әңгімелер, жаратылыстану, математика, бейнелеу өнері
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылармен сәлемдесу
3. Сабаққа қатысымын тексеру
4. Арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ағашты кесуге қолданылатын ара түрлерін ата?
Ағашты кесу тәсілдерін ата?
Ағашты сүргілеу тәсілдерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бүгінгі сабақта ағаш өңдеу және оның құрал-саймандары туралы танысамыз. Қол ара және сүргінің құрлысына,түрлеріне,атқаратын қызметіне тоқталып өтеміз.
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Жұмыс алдын қолданылатын құралдармен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Ү. Сарамандық жұмыс
Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал-қол ара.Ара негізінен ағаш бөлшектерін екіге бөлу үшін қажет.Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады,осы жолақты төсем деп атаймыз.Ара төсемінде,ара тістері орналасқан.Ара тістерінің арасы,ұшы алшақ болуы керек.Араның түсі алшақ болса,ара төсемі жеңіл қозғалыста болады.
Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады:
1)Ол ағаштың талшығын кеседі.
2)Кескен кезде пайда болған ағаш ұнтағын сыртқа ысырып,шығарып отырады.
Сүргілеу аспаптарының түрлері көп.Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі,шерхебель және фурганок.
Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Фурганок-жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.
ҮІ. Сабақты бекіту
Мемлекет мүддесі?
Бұйым жасауда сызбаның рөлі қандай?
3. Ағаштан бұйым жасау жолдары?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Ағаштан бұйым жасауды жалғастыру. Қолданыстағы ақша түрлері туралы мәлімет жинау
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 18.11.16 Сынып: 6 Пәні: Технология Сабақ: 11
Тақырыбы: Ағаштандидактикалық материалдарға арналған жәшік жасау.
Мақсаты: Оқушыларға техникалық әдістерді қолдана отырып ағаш материалынан жәшік жасауды үйрету, экономиканың негізгі проблемалары туралы мәлімет
Типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету
Пәнаралық байланыстар: жаратылыстану, математика, бейнелеу өнері
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылармен сәлемдесу
3. Сабаққа қатысымын тексеру
4. Арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ағашты кесуге қолданылатын ара түрлерін ата?
Ағашты кесу тәсілдерін ата?
Ағашты сүргілеу тәсілдерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бүгінгі сабақта құрал-саймандар салатын жәшік жасаумен танысамыз.
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Жұмыс алдын қолданылатын құралдармен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Ү. Сарамандық жұмыс
Ағаштан құрал-саймандар салуға арналған жәшік жасау күрделі жұмыстардың
бірі. Алдымен, ағаштан жәшік жасамас бұрын алдымен оны ойластырып, мұғаліммен ақылдасып, сызбасын сызып аламыз. Сызбада оның өлшемі мен көлемі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сызбасы дайын болғаннан кейін, қағаздан немесе картоннан шаблон дайындалады. Дайын шаблонды ағаш бетіне қойып, қарындашпен бастырады. Түскен белгі бойынша ағаштың керек емес тұсы араның көмегімен кесіліп алынады, беті сүргімен тегістеліп, зімпара қағазымен тазаланады. Дайын болған бұйым лактеліп, бояумен сырланады.
ҮІ. Сабақты бекіту
Мемлекет мүддесі?
Бұйым жасауда сызбаның рөлі қандай?
3. Ағаштан бұйым жасау жолдары?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Ағаштан бұйым жасауды жалғастыру. Қолданыстағы ақша түрлері туралы мәлімет жинау
ҮІІІ. Бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Күні: ________
Сынып: 6 «А»
Тақырыбы: Металдардың табиғи және механикалық қасиеттері.
Экономикадағы кәсіпкер. Экономика тұтынушысы
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға металдардың табиғи және механикалық қасиеттері,экономикадағы кәсіпкер, экономика тұтынушысы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Өтілген тарауға сай білімін таңдап, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушы ізденісіне жол ашу, танымдық ізденімпаздығын дамыту және өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға қалыптастыру
Таза күйінде металдар өте сирек кездеседі. Олардың әртүрлі қосылыстары жер қыртысында түзіледі. Металдар микроскопиялық түрде теңіз суында, өсімдік жасушасында, жануар ұлпасында, тіптен адам ағзасында да кездеседі.
Металдар қара және түсті металдар болып екіге бөлінеді. Қара металдар – бұл механизмдер, тетіктер, машиналар және басқа құрылымдар жасаудағы негізгі материал. Темір табиғатта таза күйінде кездеспейдіғ оны қорыту арқылы алады. Қара металдар қорытпасының құрамындағы көміртектің үлесіне қарай: шойын және болат деп екіге бөлінеді. Түсті металдардар тобына алюминий, титан, мыс, қола, жез, латун, қорғасын, мырыш тағы басқа түсті металдар жатады.
Металдардың механикалық қасиеттеріне: қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, иілгіштігі және тұтқырлығы жатады.
Қаттылық – металдың басқа өзінен қаттырақ денені енгізуге қарсыластық көрсету қасиеті.
Беріктік – түскен жүктің ауырлығына материалдың ұзақ уақыт бұзылмай шыдауы.
Серпімділік және иілімділік – қарама-қарсы қасиет. Заттың ауырлықты алғаннан кейінгі бастапқы күйіне қайта келуін серпімділік деп,ал ауырлықта алғаннан кейін бастапқы пішініне қайта келуін иілімділік деп атайды.
Кәсіпкер деп – тауар өндіру және қызмет көрсету түрлері бойынша табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адам. Бұл қызмет ойлағандай оңай қызмет емес, оған адам бойында бейімділік пен қабілет болуы тиіс. Іске кіріспен бұрын жақсылап ойланып, жоспарлап алуың керек. Өйткені, бұл – нарықтық жүйе, қатаң бәсекелестік кәсіпкерден тәуекелге баруды және стандартқа сай емес күтпеген шешімдер қабылдауды талап етеді. Кәсіпкерлік қызмет экономиканың шағын формасына жатады әрі ол ұжымда жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызмет: кәсіпкер, кәсіпорын және оны тұтынушы жүзеге асырады.
ІІІ. Сабақты бекіту
Металл түрлерін ата?
Металл қасиеттері?
Кәсіпкер деп кімдерге айтылады?
ІҮ.Қорытынды:Оқушылардан жаңа тақырып бойынша түсініктерін сұрау.
Үйге тапсырма беру
Металдардың табиғи және механикалық қасиеттері.
Экономикадағы кәсіпкер. Экономика тұтынушысы
Ү. Бағалау
Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
Күні:
Сынып: 6 «А»
Пәні: технология
Тақырыбы: Мектеп шеберханасындағы қауіпсіздік техника ережелері.
Өндіріс – экономиканың негізі
Мақсаты: Оқушыларды мектеп шеберханасында жұмыс істеудің техника қауіпсіздік ережелерімн таныстыру, өндіріс туралы мәлімет беру
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Пәнаралық байланыстар: математика, жаратылыстану, өзін-өзі тану,биология
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІІІ. Сабақты бекіту
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Ү. Бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылармен сәлемдесу
3. Сабаққа қатысымын тексеру
4. Арнаулы киімдерін тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Жұмысты орындау үшін барлық қажетті жабдықтармен жарақаттандырылған шеберхана ауданның бір бөлігі жұмыс орны болып есептеледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады: қызмет көрсетудің ыңғайлылығы, ұйымдық-техникалық қондырғылармен жарақатануы, еңбек процесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмысты ұтымды жоспарлау.
Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының барлық тақырыптарын оқып-үйренуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың жұмыс орнына мынадай негізгі талаптар қойылады:
- барлық құралдар оқушының жанына, бірақ оның қозғалыстарына бөгет болмайтындай мүмкін болатын жақын жерге жинақталуға тиіс;
- құрал-саймандар мен айлабұйымдарды сол қолмен алуға болатындай етіп, сол жаққа қойған жөн;
- ауыр заттарды оларды екі қолмен алуға қолайлы болатындай етіп орналастыру қажет;
- құжаттаманы (сызбалар, технологиялық және нұсқаулық карталар, т.б.) пайдалану үшін ыңғайлы және ластанудан қорғалған жерде ұстаған жөн.
Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама:
1. Білдекті мұғалімнің рұқсатынсыз іске қоспау.
2. Кескіштерді сенімді бекіту.
3. Дайындаманың бүтіндігін тексеру.
4. Жұмыс басталардың алдында барлық заттарды орналастыру, оң қолмен алатындарды - өзінен оңға қарай, ал жиірек пайдаланатын заттарды
(мысалы, қысқынның кілті) сирегірек пайданылатын заттарға (мысалы, кескіш тұтқасының кілті) қарағанда өзімізге жақынырақ қоямыз.
5. Жұмыс құралын тексеру.
6. Киімді ретке келтіру, барлық түймелерді түймелеу, ұзын шаштарды береттің (бас киімінің) астына жасыру.
7. Жұмыс кезінде еш нәрсеге көңіл бөлмеу және білдектен алыстап кетіп қалмау.
8. Кескішті қысқыға жақын апармау.
9. Айналып тұрған қысқыны, дайындаманы қолмен тоқтатпау.
10. Білдектің ақаулығы туралы мұғалімге баяндау.
Жұмыс орнын әрқашанда тазалықта ұстау маңызды, өйткені ластық пен ретсіздік жұмыс уақытын жоғалтуға, ақаулы өнімге, жазатайым оқиғаларға, білдектің мерзімінен ерте тозуына әкеп соғады. Жұмыс орнындағы еденнің тегіс және таза болуы қажет және жағар салқындатқыш сұйықтық майлары төгіліп, жайылған жерлері болмауы керек. Шеберханадағы ауа температурасы 15-180С аралығында болуға тиіс.
Қазақстанның бүкіл аймағында жергілікті жердің климатына сәйкес өндіріс орындары бар. Өндіріс дегеніміз – нәтижелі тауар мен қызмет көрсету болып табылатын қызмет. Тауарлар мен қызмет көрсетулер дегеніміз - сату мақсатында әзірленетін (тауарлар) немесе көрсетілетін (қызметтер) экономикалық игілік. Халықтың күнделікті қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандырып, өзіне пайда түсіретін кісілерді өндірушілер, яғни кәсіпкерлер деп атайды.
ІІІ. Сабақты бекіту
Қауіпсіздік техника ережелерін білу не үшін маңызды?
Шеберханада жұмыс жасау реті?
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Қауіпсіздік техника ережелерін жаттау, өндіріс туралы мәлімет жинау
Ү. Бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбектІ қорғау жөніндегі ережелерді сақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді.
Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.
- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін;
- өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін;
- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын;
- органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын;
- құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін.
Оқушылар игерген болуы тиіс:
- құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды;
- күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді;
- топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді;
- сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.
Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.
Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:
- біржылдық; ,- екіжылдық; ,- көпжылдық;
Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- жемісті ,- тамыр жемісті ,- сабақ жемісті ,- жапырақты ,- гүлді,- пиязшықты
- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;
- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;
- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;
- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;
- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;
- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;
- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау.
Қорытынды:
- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты.
Үй тапсырмасы
Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу
6-сынып №3сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді арам шөптен, зиянкестерден, аурудан қорғау
Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.
Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.
Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.
Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.
Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.
Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.
Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.
Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.
Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.
ІV. Кіріспе инструктажы.
Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.
V. Сарамандық жұмыс.
Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.
Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.
VІ. Бекіту инструктажы.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларғабүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.
1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?
2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?
3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?