Мақсаты: 1. Технология сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, келешек ұрпаққа үйрету, мақал мәтел айтып, жұмбақ шешу. 2. Оқушыларымыздың білімі мен ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын анықтау. 3. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі сайысқа қатысушы жас ұландар! Жақсы бол , жігіт болсаң ел көргендей, Досыңа қосылғандай дәм бергендей. Жігіт бол, жігіт болсаң бұлғақтамай, Орынсыз сөз сөйлеме жын қақандай, Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі Халқыңа көңіл бөліп тыңдатқандай.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл мықты. Білім менен тапқырлықтың сайысында Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Қазылар алқасымен таныстыру.
Сайысқа қатысушы ұлдарымызды ортаға шақырайық .Сайысқа 7 сыныптың білімді оқушылары қатысып отыр. Әр оқушы өз білімін, өз шеберлігін көрсетіп сыныбының намысын қоғайды. Сайысымыздың шартымен таныстырайық: Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру. 2. Өз шеберлігін көрсету. 3. Мақалдың жалғасын табу. 4. Жұмбақты шешу. 5. Сұраққа жауап беру. 6.Мені түсін ойын сайысы
7. Кім алғыр? Әр бөлім сайысында ұпайы аз оқушы сайыстан шығып отырады. Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар сіздерге сәттілік. Ей, жігіттер ! Сендерге артар міндет көп Көтер биік ата салтын құрметтеп. Ақтай білсең ата – баба үмітін Әрбір сөзі – тәлім мол бір мектеп. 1- бөлім: Өзін – өзі таныстыру .
Бәрекелді, керемет, сайысымызды одан әрі жалғастырсақ.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Ұлдарымыз , аянбай-ақ жан салыпты.
2 – бөлім:
Өз шеберлігін көрсету.
Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.
3 – бөлім:
Қазақта «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар.
Мақалды мен бастайын, сендер жалғастырып айтыңдар.
Ер бірет өледі
Қорқақ ... (мың рет өледі)
Ердің екі сөйлегені ... (өлгені )
Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса ... (жер ырысы)
Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін,
Бай болсаң еліңе ... (пайдаң тисін)
Ұранды елдің ..... (ұрпағы қайсар)
Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)
Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)
Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)
Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)
Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)
Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)
Әдепті бала – арлы бала... (әдепсіз бала – сорлы бала)
Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)
Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)
Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
4 бөлім: Жұмбақтар
Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді. (ертоқым)
Қақпан емес қабады
Суға басын малады. (қармақ )
3.Торы тай
Табанында төрт ай. (таға)
4. Қатар- қатар тісі бар
Өзіне тән ісі бар (қол ара)
5. Қара күшік күзетте
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есікте
Ешкім үйге кірмейді (құлып)
5. Күнде қарап жатпайды
Пышақтарды баптайды. (қайрақ)
6. Жүзімен жарам
Шүйдесімен қағам (балта)
7. Аяқтан алады
Тістей қатып қалады. (қақпан)
8. Кеудесі толған күш
Табаны толған тіс. (тракт)
9.Ағаш мойын шойын бас
Осы мықты мойымас.
Мықтап тұрып ұрады
Мықты жерге тығады (балға)
10. Кесе мұқалды, жона - жона жұқарды. (пышақ)
11. Сегіз тарам қайыстан өрімі бар бұзау тіс.
Жұмсақ жағы майысқан, айнымаған жылан түс (қамшы)
12. Сабы бар жұмыр, ерні мықты
Шегені шымыр суырып шықты. (кемпірауыз)
13. Турайтында өзінде, егейтінде өзінде, демейтінде өзінде (бәкі)
14. Табаныма байладым, Қос аяқпен айдадым (шаңғы)
Мені түсін сайысы
Сұрақ жауап сайысы:
Ағаш өңдеумен айналысатын кәсіп? (ұста)
Әсемдік бұйымдар жасайтын шебер? (зергер)
Тоқ өткізбейтін зат? (ауа )
Делталдың қолмен салған сызбасы? (искиз)
Жұқа металлды тұзету үшін қолданатын соққы құралы ? ()
Электр жұмыстарымен айналысатын мамандық? (мантиор)
Жазық ағаш бетін өңдейтін құрал? (рубанок)
Ағаш материалын кесуге аралған құрал? (ара)
Ағаштан жасалған қазақтың ұлттық аспаптары? (домбыра , қобыз, қылқобыз)
Машина жасау өнер кәсібіндегі негізгі меттал? (болат)
7 – бөлім: Кім алғыр? Екі оқушыға бірдей 10 сұрақ қойылады. Қайсысы көп жауап берсе, сол бүгінгі сайыстың жеңімпазы болады.
Күйді орындаушы адам. (күйші)
Күндіз көрмейтін құс. (жапалақ)
Биыл қандай жыл? (мешін)
9 мамыр қандай күн? (жеңіс күні)
Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қалықтаған қыран)
Қазақтың ұлттық аспабы. (домбыра)
Екі шеті тұйқталған түзу сызық не деп аталады? ( кесінді)
Желтоқсан құрбандарын ата. (Қайрат, Лаззат, Сабира, Ербол)
Біз қай облыста тұрамыз? (Б.Қ.обл)
Сабақ арасында болатын бос уақыт. (үзіліс)
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық!
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын айтып, « Керемет жетілік» деген мақтау қағаздарымен марапаттайды.
Осымен сайыс байқауымыз аяқталды! Бүгінгі сайысқа қатысушыларға көп – көп рахмет айтамын.