Просмотр содержимого документа
«Керемет жетілік (?ыз балалар арасында )»
Сабақтың тақырыбы: Керемет жетілік (қыз балалар арасында )
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Технология сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, келешек ұрпаққа үйрету, мақал – мәтел айтып, жұмбақ шешкізу.
дамытушылық: білім, біліктіліктерін дамыту.
тәрбиелік:тәрбиелікке, ұлттық салт –дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сайыстың өтілу ретін түсіндіру.
7 оқушы ортаға шығады.
Әр кезең сайын аз ұпай жинаған 1 оқушы қатардан шығып қалады.
I кезең 7оқушы - мақал – мәтел жалғасын табу
II кезең 6 оқушы – сұрақ – жауап
III кезең 5оқушы - ою түрлерін ою
IV кезең 4оқушы - сөзжұмбақ
V кезең 3оқушы - стильтүрлеріне байланысты киім модельі эскизін сызу
VI кезең 2 оқушы – құрақ түрлерін құрастыру
VII кезең 1оқушы - өз өнерін көрсету.
Құрметті ойынға қатысушы қыздер сіздерге сәттілік!
I кезең. Мақал – мәтел жалғасын табу.
Шешендікті құрметтеген барлық елде
Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде
Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған
Қалып па екен осы сөз оқушылар есінде, - дей отырып 1кезең бойынша мақал – мәтел жалғасын табу.
Жеті рет өлше, ..............(бір рет кес).
Өнерлінің он саусағы тең,
.........................................(Өнерсіздің бір саусағы кем).
V кезең. Стиль түрелеріне байланысты киім модельі эскизін сызу.
« Киім – сұлулық ұғымының бір түрі», «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дегендей киім түрлерін стиль түрлеріне байланысты эскизін жасау.
Ән. Орындайтын: Маханова М.
VI кезең. Құрақ түрлерін құрастыру.
VI кезеңде «Ана көрген тон пішер» дегендей, құрақ құрау өнері де қазақтың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Түрлі – түсті қағаздан қиылған қиық құрақ түрлерін құрастыру.
Ән. Орындайтын: Орынбасарова А.
Ұстаздан үлгі алған ұста болар,
Ұстаз сөзі – шәкіртке нұсқа болар,
Асыл сөзін ұғынып алған шәкірт,
Екі айтқызбай есіне ұстап алар.
Жеті оқушыдан оза шыққан керемет жетінші оқушымыз әрі қарай өзінің керемет екендігін дәлелдеу үшін өз өнерін көрсетеді.
Сайысымызды қорытындылай келе сайысқа қатысушы оқушыларымызға рахмет айта отырып, жеңіп шыққан оқушыға «Шебер» атты ылқа тағылып марапатталады.