Соңғы жылдары машиналардың жеке агрегаттары мен жабдықтарын, сондай-ақ машинаның жалпы техникалық жағдайын бұзбай бағалау диагнос-тикалау әдістері бағыты қарқынды дамуда. Оларды пайдалану ақаулықтардың санын 2…2,5 есе азайтып және техникалық ақаусыздық нәтижесінде машиналардың тұрып қалуын қысқар-тып, жөндеу аралық техникалық ресурсын 1,5…2 есе
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ет және ет өнімдерін өңдеу»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК
042 – 17.1.40/03 -2014
ПОӘК
«Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
№ басылым
5В072700 «Ет және балық азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттері үшін «Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей- 2014
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:
3. Практикалық сабақтар мазмұны
4. Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.
Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.
Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.
Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.
Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.
Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.
Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.
Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.
Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.
Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.
Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)
Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.
Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.
Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.
Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.
Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.
Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.
Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.
Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.
Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.
Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.
Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.
Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.
Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.
Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.
Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.
Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.
Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.
Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.
Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.
Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.
Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.
Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.
Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.
Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:
ДӘРІСТЕР
Тақырып 1. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
Дәріс:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі - өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету. Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек, еңбек заттары және еңбек құралдары жатады.
Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс - әрекеттерімен, өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз. Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды, сапасы мен өнімділігі артады, нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады.
Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару.
Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар:
а) еңбек құралдары (аспаптар, машиналар)
б) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер)
в) жер, өндірістік үйлер, құрылыстар, темір жол және т.б.
г) электр қуаты, бу, химиялық, физикалық қосылыстар және т.б.
Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді.
Еңбек нәтижелілігі, тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты.
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста, дамуда болады. Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элементтерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты. Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Ол шикізаттың, материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті - өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін, олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу; шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп, жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару; кәсіпорынның еңбек, шикізат материал ресурстары, энергияның шығындарын ең аз қылып; жабдықтарды толық пайдалану.
Өндірісті ұйымдастыру - өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін, ережелер, процестер мен әрекеттер жиынтығы.
Пәнде - кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары, өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері, көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді, өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі.
Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет. Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты.
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 2. Өндірістік қуат. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс қуаты туралы түсінік және оның түрлері,есептеу әдісі.
2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
3. Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.
4. Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.
Дәріс:
1. Өндіріс қуаты туралы түсінік
1.Кәсіпорынның өндіріс қуаты - жабдықты,өндірістік ауданды,озық технологияны және еңбекті ұйымдастыруды толық пайдаланып,берілген номенклатурамен, уақыттың белгілі кезеңінде өнім шығарудың максимальды мүмкіндігі. Өндіріс қуаты натуралды және шартты –натуралды өлшем бірліктермен анықталады.
Өндіріс қуатымен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді,яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі мәлімметтер қолданылады:
1.Жабдық саны,құрамы және техникалық жағдайы, өндірістік аудан туралы мәлімметтер.
2.Жабдық өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімдердің еңбек сыйымдылығы.
3.Жабдық жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі.
4.Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық қатынасы.
Номенклатура-кәсіпорында шығарылатын өнім атауларының тізімі.
Ассортимент-бір түрдің ішіндегі өнім түрлерінің тізімі.
2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
Кәсіпорынның өндіріс қуаты негізгі цех,участке қуаты бойынша анықталады.Цех,участке өндіріс қуаты негізгі болып табылатын жетекші жабдық бойынша анықталады.
Өндіріс қуатын анықтаудың 2 негізгі әдісі бар:
-негізгі жабдықты бөліп көрсетуге болатын цехтар үшін:
М = Тэ ¤ ti *q
Мұндағы Тэ-жабдықтың жұмысының тиімді уақыты
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
q-бір типті жабдық саны.
Жетекші жабдық жоқ цехтар үшін:
М = ( Тн * S) ¤ (ti * s)
Тн-цех уақытының номинальды қоры
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
S-цех ауданы
s-бір жұмыс орнының ауданы.
Сменалық қуатты есептеу жетекші жабдықтың,яғни технологиялық процесте басты операцияны орындайтын және ең қымбат жабдықтың өнімділігіне қарап жүргізіледі.Егер жетекші жабдық бірнешеу болса,олар біртекті операция орындаса,онда өндіріс қуатын табу үшін олардың жұмыс өнімділіктерін бір-біріне қосады.Ал егер олар әр түрлі операция орындаса,онда бұлардың ішінен жұмыс өнімділігі ең аз жабдыққа қарап есептейді.
Жабдықтар үзіліссіз және үзіліспен істейтін болып бөлінеді.Үзіліссіз істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = ( Тсм -Тр)*Нс.ө.*К
Тсм - сменалық қуат,сағ
Тр – тәртіппен белгіленген үзіліс уақыты,сағ
Нс.ө.-жабдықтың сағаттық өнімділігі
К-жетекжі жабдық саны.
Үзіліспен істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = (Тсм-Тр / Дц) * (Еr * К / Нr)
Дц – цикл ұзақтығы,мин
Еr –жабдықтың жұмыс сыйымдылығы;кг,м 2,т
Нr –шикізат тұтыну нормасы,егер жұмыс қуаты дайын өнім тоннасымен есептелсе қолданылады.
Конвейерлік жолдың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = L* H / a * b
L – аспалы жолдың жұмысты орындайтын бөлігінің ұзындығы,м
H – бір метр аспалы жолдан түсірілетін өнім нормасы
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 3. Негізгі өндіріс түрлері. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
Жеке өндіріс
Сериялық өндіріс.
Жаппай өндіріс.
Дәріс:
Негізгі өндірістің үш түрі бар: 1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс.
1. Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз. Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады. Бұндай өндіріс универсальды болады, өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады.Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал-жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады, немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады. Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады. Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді. Олардың еңбегі әмбебап болады. Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады. Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды; ған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар; стандарттар, рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен. Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен.
2. Сериялық өндіріс. Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады. Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады. Өнімнің сериясын шығару тапсырыс, жоспар бойынша жасалады. Егер шығарылатын партия кішкене болса, онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды. Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады. Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз. Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады. Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді.
3. Жаппай өндіріс. Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады. Тек мамандандырылған машиналар, құрал-жабдықтар қолданылады. Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі. Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет. Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді. Бұл өндірісте техниканы, өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі. Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді. Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Негізгі өндіріс түрлері.
Қай өндірісте әмбебап құрал-жабдықтар қолданылады?
Қай өндірісте тек мамандандырылған құрал-жабдықтар қолданылады?
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 4. Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы
2. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Дәріс:
1.Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы.
Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.
Операция - бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі. Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында, сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.
Дайындау-қорытындылау операциялары - жұмыс орындарын, жабдықтар мен құралдарды шикізат пен материалдарды өңдеуге дайындау үшін және оны дайындағаннан кейін жұмыс орындарын,жабдықтарды жинақтап, тәртіпке келтіруге, өнімді тапсыруға қажет.
Технологиялық операциялар дайын өнім алу үшін шикізаттың құрамын, формасын және қасиеттерін өзгертуден тұрады.
Табиғи операцияларжұмысшылардың белсенді қатысуынсыз жүреді. (пассив операциялар). Жұмысшылар шикізатта жүретін табиғи процестер үшін жағдай жасайды. Табиғи операцияларкезінде еңбек процесі тоқталады.
Тексеру операциялар - технология режимін, тәртібін және еңбек сапасын тексеру үшін қажет операциялар.
Көлік операциялары - жүктерді тасу операциялары.
Қызмет етуші операциялар - ол жұмыс орнын жиыстыру, смена бойы жұмыс орнын жұмыс қалпында сақтау (машинаны жөндеу, техникалық қызмет көрсету).
2. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады. Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады. Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады.
Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады.
Операция такты - ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Дайын өнім бірлігіне мин/тонна, сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді.Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в), жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) , норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды.
Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р Рм К
Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин, сек.
Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны
Ро-жұмыс орындарының саны
К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент.
Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін
n
to = 60 / ( Пi Ро ) ;
i=1
Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг сағ
n-құрал – жабдықтар саны
Ро - жұмыс орындарының саны
Операция ритмі - ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
r (Тсм – Тп) / а
мұндағы Тсм - смена ұзақтығы, мин; Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер, мин; а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма , сменасына кг.
Операция ритмі жоспарлы тапсырмаға байланысты және операцияның тактысына қарағанда тұрақты шама. Өндіріс процессін ұйымдастыруды талдағанда операция ритмін оның тактысымен салыстырады. Операция ритмі үнемі операция тактысынан үлкен немесе тең. (r t)
Операция тактылары мен ритмдері жұмыс орындарында жоспарлы тапсырманы орындауды ұйымдастыру үшін өте үлкен маңызы бар. Жұмыс орындарында операция ритмі тактыға сай болса, жұмыс уақыты мен жабдық толық пайдаланылады. Егер операция ритмі тактыдан үлкен болса, онда жұмыс уақыты толық пайдаланылмайды, жабдық толық тиелмейді, нәтижесінде өндіріс тиімділігі төмендейді. Жұмысшыларға тапсырманы операция ритмі тактымен сай келетіндей беру керек.
Операция тактылары өндірістік процесс құрғанда маңызы зор. Жетекші операция тактысы бойынша бүкіл өндірістік процесстің тактысы анықталады. (жетекші операция дегеніміз өндірістік қуат анықталатыноперация). Өндірістік процесс тактын процесс тактысы деп атайды.
Процесс такты - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.
Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады:
Т ( Тсм – Тп ) / М
Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
R (Тсм –Тп ) / А
Процесс қарқыны - уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді, процесс қарқындылығын сипаттайды.Процесс ритмі мен тактысына кері шама:
m 1 / R
Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді.
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 5. Негізгі өндіріс процесінің уақыты. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс процесінің уақыты.
Дәріс:
1.Өндіріс процесінің уақыты.
Өндіріс процесі жүзеге асатын уақыт өндіріс уақыты деп аталады. Өндіріс уақытына шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсу кезеңінен бастап, дайын өнімді сату кезеңіне дейінгі уақыт жатады.
Өндіріс уақыты
Өндірістік цикл Еңбек заттары мен дайын өнімнің запаста жату уақыты
Жұмыс уақыты Өндіріс процессіндегі үзілістер
Дайындау –қорытындылау у-ы Табиғи үзілістер у-ы Ауысымнан тыс үзілістер Операциялар арасындағы үзілістер
Технологиялық операциялар у-ы Демалыс және мереке күндері Шикізат партиясын өңдеу үзілісі
Бақылау операцияларының у-ы Ауысымдар арасындағы үзілістер Демалыс үзілісі
Көлік операциялары у-ы Түскі үзіліс Жабдықты майлауға,тексеруге немесе Жұмыс орындарына қызмет көрсету у-ы дұрыстауға үзіліс
Техникалық ақауды жою үзілісі
Ұйымдастыру себептері бойынша
үзіліс
Басқа үзілістер
Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды. Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты. Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді.
Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты. Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады.
Жұмыс уақыты дайындау –қорытындылау, технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады. Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады.
Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан, ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді. Операциялар арасындағы үзілістер жұмыс орындарында шикізат партияларын өңдеуді күтуге байланысты. Ауысым ортасында жұмысшыларға демалуға, жеке қажеттіліктеріне белгілі уақыт беріледі.Өндіріс процесінде жабдықты майлауға, тексеруге немесе дұрыстауға уақыт жұмсалады. Ауысым ішінде шикізаттың, материалдардың, энергияның немесе судың т.б. болмауынан үзілістер пайда болуы мүмкін. Бұл еңбек уақытының жоғалтулары.
Еңбек заттарының запаста болу уақытын қысқарту қажет, өйткені шикізатты сақтау экономикалық тиімсіз. Шикізатты үзіліссіз өңдеу үшін материалдардың белгілі бір запастары болуы тиіс.
Тақырып 6. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері
2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері
Дәріс:
1.Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері
Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады. Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады: ырғақтылық, бірқалыптылық, пропорционалдық, параллелділік, үздіксіздік.
1) ырғақтылық – мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады. Ырғақтылық коэффициенті:
t
Критм1 - Аі / А ; і 1,…, t
і1
Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы, күн
Аі– і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т.
А – сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма , т.
2) бірқалыптылық – бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады. Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті:
t
Кр 1 - Ві / В ; і 1 ,…, t
і1
Мұндағы Віі тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі, т
В - талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі,т.
3 )пропорционалдылық – өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою. Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса, онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады.
Кп Пі / М немесе Кп Т / tі
Пі - і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі, т сағатына
М - линияның қуаты, т сағатына
Т – процес тактісі, 1-тоннаға сағат
tі - операция тактісі, 1-тоннаға сағат.
Бұл коэффициент барлық операциялар бойынша табылады. Бұл коэффициент әрбір операциядағы жабдықтың өнімділігі, линияның қуатынан қаншаға үлкен екендігін көрсетеді. Осы принцип орындалуы үшін бірдей немесе еселі өнімділігі бар құрал жабдықтарды іріктеп алып, оларды жұмыс орындарына қояды. Әр түрлі өнімділігі бар машиналарды орнатқанда пропорционалдылық принципі бұзылып кетпес үшін, операцияда белгілі бір жұмыс орнының санын ұйымдастыру керек. Осы жұмыс орнының санын табу үшін:
Рмі tрі / Т ,
Рмі - і-ші операцияны орындау ға ұйымдастырылған, жұмыс орындарының саны,
Т- процесс тактысы, өнім бірлігіне минут,
tрі - 1 жұмыс орнындағы і-ші операцияны орындау такты, өнім бірлігіне минут.
4) параллелділік – еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру. Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін. Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді. Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін. Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r tм.
tм - ең кіші такт.
Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес. Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады.
Кп r / tм.
r- қосарлану уақыт ұзақтығы.
Операция саны көбейген сайын паралеллділік коэфицентін есептеу қиындайды. Ет және сүт өнеркәсіптерінде принципті жаппай өнім шығару бар өндіріс учаскелерінде қолданады.
5) үздіксіздік– өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы. Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса, онда үздіксіздік принципі бұзылмайды. Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса , онда принцип бұзылады.
Кн 1 – ( Тпер / Тц ),
Тпер - үзілістер уақыты, өнім бірлігіне мин немесе сек.
Тц - өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек.
Ет және сүт өнеркәсіптерінде бұл принцип тез бұзылатын шикізат немесе жартылай фабрикат өңдегенде қолданады.
2.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері
Негізгі өндірісті кеңістікке қарай ұйымдастыру принциптеріне ішкі зауыттықмамандандыру, бірлестіру, шоғырландыру және тура жолдық жатады.
Өндірістік процесті ішкі зауыттық мамандандыру принципі жеке өнім түрлерін өндіруді және өндірістік фазаларды жекелеу, бөлектеу. Заттық, технологиялық, функционалдық мамандану болады.
Цехтызаттық мамандандыру - технологиялық процесі ұқсас өнім дайындауды жеке линияларда шығару. Өндірісті технологиялық мамандандыру цехта технологиялық операцияларды бөлу және оларды жеке цехтар мен учаскелерде орындау. Функционалдық мамандандыру негізгі өндірістен көмекші операцияларды орындайтын біраз бөлімшелерді бөлу.
Өндірісті бірлестіру әртүрлі кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын біріктіріп ұйымдастыру.
Өндірісті шоғырландыру шикізатты жүйелі өңдеу сатыларымен әртүрлі өндірістердің тұтас кешенін жасау.
Тура жолдық принципішикізат пен материалды алғашқы өңдеуден бастап, дайын өнім алғанға дейінгі барлық операцияларда технологиялық процесс жүйелілігімен барлық жұмыс орындарынқысқа жол бойынша орналастыру. Операциялардың технологиялық жүйелілігі бойынша жұмыс орындары мен жабдықтарды орналастырады
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ырғақтылық принципі
2. Бірқалыптылық принципі
3. Пропорционалдылық принципі
4. Параллелділік принципі
5. Үздіксіздік принципі
6. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері
2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 7.Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.
2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі.
3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі.
Дәріс:
1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.
Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады.
Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес. Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет. Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді.
Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі, параллель және аралас деп бөледі.
Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын, ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді, жылжытуды көрсетеді. Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес. Паралельділік мұнда бірдей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін. Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығы мына формуламен анықталады:
m z
Т ti + Te ; i1,…,m,
i1 i1
Мұндағы - партиядағы өнім бірлігінің саны; m - өндірістік процестегі операциялар саны; i - операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы;z - өндіріс процестегі табиғи операциялар саны;Te- табиғи операциялар ұзақтығы.
Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады. Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі.
U м
Мұндағы м - жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны.
Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады.
2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі.
Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе ұсақ беріліс партиясын барлық партияның өңделуін күтпестен, келесі операцияға алдыңғы операция бітісімен жібереді. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі өндірісте басқалармен параллельді болады . Параллель қозғалыс түрінде еңбек заттары операциялар арасында запас түрінде жиналмайды. Процестің барлық операциялары басты тактымен орындалады (үлкен тактымен). Басты операцияға қарағанда кіші тактылары бар операциялар үзіліспен орындалады. Үзілістер басты тактымен осы операциялар тактыларының арасындағы айырмаға тең.
Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:
k e
Т t гл ( -1) + t pi + ti
i1 i1
Мұндағы t гл - басты операция тактысы,өнім бірлігіне минут; k- бірнеше жұмыс орнында немесе бір жұмыс орнында жартылай паралельді орындалатын операциялар саны ; t pi - бір жұмыс орнындағы i-ші операция тактысы, өнім бірлігіне минут; е- бірнеше жұмыс орнында толық паралелльді орындалатын операциялар саны; ti-i-ші операцияның жалпы тактысы, өнім бірлігіне минут.
циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Параллель қозғалыс түрін ұйымдастыру үшін өндірістік процесті тактілері жақын операцияларға бөлу қажет, яғни мүмкіндігінше процесті синхронизациялау.
Еңбек заттарының параллель қозғалыс түріжүйелі қозғалыс түріне қарағанда әртүрлі операцияларды уақыт бойынша біріктіру нәтижесінде өндіріс циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі тасқынды өндірісті ұйымдастыру талаптарына толық келеді.
3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі.
Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе үсақ беріліс партиясын шикізат пен жартылай фабрикаттың барлық партиясын өңдеу аяқталмастан, алдыңғы операция аяқталған кейін келесі операцияға жібереді. Жартылай фабрикаттар операциялар арасында біраз уақыт ішінде запаста болуы мүмкін. Запаста емес еңбек заттарын басқаларымен паралелльді береді және өңдейді. Әрбір операцияны процесс тактысы мен басқа операциялар тактыларына тәуелсіз өз тактысымен орындайды. Операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запасы болса және операцияның орындалуы процесс тактысына тәуелсіз болса, өнімділігі бойынша жабдықты толық пайдалануға қолайлы жағдай туады.
Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:
k е в
Тпп tm ( N - 1 ) + tpi + ti + ( N – 1 ) (tб – tm ) ; k + e m ;
і1 і1 і1
tm - соңғы операция такты,мин; в - өзінен кейін кіші такты бар операция, операциялар саны; tб ; tm- шектес екі операцияның , сәйкес үлкен немесе кіші тактысы,мин
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Еңбек заттарының қозғалысының түрлері деген не?
2. Еңбек заттарының қозғалыс түрлері қандай?
3. Ең ұзақ қозғалыс түрі
4. Қай қозғалыс түрлерінде запас жиналады?
5. Параллель қозғалыс түрінде үзілістерді қалай анықтайды?
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 8. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1.Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.
2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.
3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.
Дәріс:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.
Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке, партиялық және тасқынды әдістер қолданылады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес, қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды, жабдықты, жұмыс күшін, техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау. Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып, оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады.
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру. Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп, жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі.
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен, бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру. Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады.
Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде
жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді.
2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.
Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады.
Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады.
Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды. Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды. Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады.
Кеңістікте тасқынды өндіріс тасқынды желі түрінде құрылады. Тасқынды желі –технологиялық жүйелікте орналасқан, жұмыс орындарының жиынтығы. Өңделетін шикізатты толық пайдалану мақсатында тасқынды желіні өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптеріне сәйкес құрады.
3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.
Мамандануына байланысты ауыспалы-тасқынды және тұрақты-тасқынды желіге бөлінеді.
Ауыспалы тасқынды желіні технологиясы ұқсас әр түрлі өнімді шығарғанда құрады. Бір өнім түрін шығарғаннан кейін, басқасын шығаруға жабдық жұмысының тәртібін өзгертеді. Жабдық және процесс операциясының бір бөлігі тасқыннан шығарылады немесе енгізіледі.
Тұрақты тасқынды желіде желі қуатына сәйкес, өнімнің тек бір түрі шығарылады.
Тасқынды өндірісті ұйымдастыру және тасқынды желі жасағанда конструкторлық, техникалық, экономикалық дайындық жасалады. Сызбалар, техникалық карталар және сызбалар жасау, өнім өндіруге шикізат, материал, отын, энергияның шығын нормаларын анықтау. Экономикалық дайындыққа желі қуатын экономикалық негіздеу және технологиялық жабдық таңдау. Ең тиімді құрал жабдықты таңдау бастаушы операциядан басталады, ол операция бойынша желінің өндірістік қуаты есептеледі. Бастаушы жабдықты таңдауды өнім бірлігін өндіруге жұмсалған ең аз материал және еңбек шығындары бойынша жүргізіледі.
Басқа жабдықты таңдағанда машинаны экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерін анықтайды және соған қарап таңдайды.
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Модуль 2. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері
Тақырып 9.Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру(1 сағат)
Дәріс жоспары:
Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнім сапасын бақылау және басқару
Дәріс:
1. Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.
Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:
Копт =
Q
(1)
C∑
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.
3. Өнім сапасын бақылау, басқару
Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:
1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)
2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)
3. Сапаға кешенді басқару жүйесі
4. Мемлекеттік қабылдау
Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.
1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру
Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.
Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.
Сапаны бақылау түрлері:
а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;
б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;
в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;
г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.
д) қабылдау және аралық бақылау
е) соңғы бақылау.
ж) инспекциялық
з) өзін-өзі бақылау
и) жедел
Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.
Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.
1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.
2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.
3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.
4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.
2. Өнім сапасын басқару
Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.
Сапаға әсер ететін факторлар:
Машиналар құрамы;
Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.
Сапаны қамтамасыз ету шарттары:
өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;
қоршаған ортаның климаттық жағдайы;
интерьер және өндірістік дизайн;
материалдық және моральдық стимулдар сипаты;
ұжымдағы моральды–психологиялық климат;
ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;
жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.
Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:
Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);
Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);
Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);
Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы
Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.
Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.
Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.
Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.
3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.
Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).
Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.
4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.
Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.
Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.
Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.
Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).
Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Өнім сапасы туралы түсінік беру
Өнім сапасы көрсеткіштері
Өнім сапасын бақылау әдістері
Стандарттау, сертификаттау жүйелері
Халықаралық стандарттар жүйесі
Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері
Әдебиет
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-134 б.
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
Тақырып 10. Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Жоспарлы сақтық жөндеу
2. Жөндеу – циклы
3. Жөндеу күрделілігінің тобы
Дәріс:
Жөндеу жұмыстарына күту, тексеру және машиналарға қызмет көрсету, олардың тозған бөліктерін уақтылы қалпына келтіру және ауыстыру жатады. Істен шығып қалуы апатқа әкелетін бөлшектерге ерекше назар аударылады. Оларды уақтылы ауыстыру және қалпына келтіру нәтижесінде жөндеудің күрделі шығындарынсыз машинаның қызмет мерзімі ұзарады. Осы мақсатпен кәсіпорындарда жабдықтардың және барлық технологиялық құралдардың жоспарлы сақтық жөндеуін ұйымдастырады. Жоспарлы сақтық жөндеу жабдықты жұмыс қалпында ұстауға бағытталған шаралар мен жұмыстар жиынтығы. Оны жоспар график бойынша жүргізеді, онда жұмыс көлемі, оларды жүргізудің қолайлы мерзімдері, жөндеуші жұмысшылардың еңбегі мен еңбек ақысын ұтымды ұйымдастыру қарастырылады. Запас бөлшектердің саны негізделеді.
Жоспарлы сақтық жөндеу жабдықты жөндеу аралық күтуден, алдын ала тексеруден, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден тұрады.
Жөндеу аралық күту график бойынша жүргізіледі. Машинаны жуу және тазалау, майлағыш құрылғыларды, подшипниктер жағдайын, өлшеу приборларын, ілмектерді, қорғаныш құрылғыларын тексеру.
Алдын ала тексеруді машина жоспарлы жөндеулер арасында кездейсоқ істен шығып қалмаудың алдын алу мақсатында жүргізеді. Жабдық жағдайын анықтау, ұсақ кемшіліктерді жою, жабдықты дұрыстау және реттеу, кезекті жоспарлы жөндеу жүргізуде орындалуы қажет жұмыстарды анықтау.
Тексеру жүргізгенде тез тозатын бөлшектер мен тораптардың техникалық жағдайын тексереді.Келесі жоспарлы жөндеуге дейін жұмысістей алмайтын бөлшектерді ауыстырады, майлау, суыту және жылыту жүйесін жөндейді.Бекіту бөлшектерін, подшипниктерді, қорғау және сақтау құралдарының, жөндеу аралық күту сапасының жағдайын тексереді.Кезекті жоспарлы жөндеу мерзімін және көлемін нақтылайды.
Ағымдағы жөндеуді ақауларды жою, біршама тез тозатын ұсақ бөлшектерді ауыстыру, майлау құралдарын тазалау үшін жүргізеді. Ағымдағы жөндеу цехтан тыс жүргізіледі.
Жөндеу аралық күту, алдын ала тексеру, ағымдағы жөндеу құны ағымдағы шығындар есебіне жатқызылады.Өнімнің өзіндік құнына енеді.
Орташа жөндеу машинаның тозған бөлшектері мен тораптарын қалпына келтіру үшін арналады.Орташа жөндеудің мерзімі бір жылдан аз болса, оның құны өнімнің өзіндік құнына, бір жылдан жоғары болса күрделі қаржыға енеді.
Күрделі жөндеу – машинаны толық қалпына келтіру мақсатында барлық тозған бөлшектерді ауыстыру.Күрделі жөндеуден кейін машинаның көрсеткіштері жақсарады.Күрделі жөндеу құнын негізгі өндірістік қорлар құнына енгізеді.
Барлық жөндеу түрлерін алдын ала жоспарлы нормативтер бойынша құрастырылған графиктер бойынша жүргізеді.Онда жөндеу циклында тексеру мен жөндеуді жүргізу тізімі мен жүйелілігіне сәйкес жөндеу уақыты қарастырылады.
Жөндеу - циклы машинаны алғаш пайдалану мен оны жоспарлы күрделі жөндеу арасындағы уақытты немесе екі жоспарлы күрделі жөндеу арасындағы уақытты айтады. Осы уақытта машина тозады, оның қызмет мерзімін ұзарту үшін қалпына келтіретін күрделі жұмыстар қажет. Бір жөндеу циклы ішінде ағымдағы қызмет көрсету, алдын ала тексеру, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүзеге асады.
Жабдықты екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы уақыт жөндеу аралық кезең деп аталады.Бұл уақытта машинаны алдын ала тексеру жүргізеді, Оның саны әр машинаның конструкциясына байланысты, нұсқауда көрсетіледі.
Бір жөндеу циклы ішіндегі жабдықты жөндеу белгілі тәртіппен кезектеседі:ағымдағы жөндеу – орташа – ағымдағы. Жөндеу циклы күрделі жөндеумен аяқталады.
Жөндеу циклының құрылымы жөндеу жүргізудің тізімі мен жүйелілігін көрсетеді. Ол машинаның конструкторлық ерекшелігіне, бөлшектердің тозу мерзіміне және пайдалану жағдайына байланысты.
Жөндеу жұмыстарын жұмысшылар орындайды, олардың саны слесарлық, станоктық, дәнекерлеу және басқа жұмыстардың уақыт нормалары бойынша анықталады.
Жөндеу жұмыстарына уақыт шығындарын сипаттау үшін жөндеу күрделілігінің тобы көрсеткіші қолданылады. Жөндеу күрделілігінің тобы машинаны күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы эталон-машинаны күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығынан қаншалықты үлкен екенін көрсететін коэффициент. Күрделі жөндеуге 35 адам-сағат жұмсалатын машина жөндеудің еңбек сыйымдылығының эталоны.
Жөндеу нормативтерін типтік ережелер бойынша бекітеді.Ол арқылы жабдықты жөндеуді жоспарлайды.Жоспар график құрады, жұмысшылардың жоспарлы санын және жөндеу жұмыстарының жоспарлы өзіндік құнын анықтайды.
Жоспар графикте жөндеу санын, түрін анықтайды, жөндеу уақыты нормативтері, жөндеу циклының құрылымы ,машинаны пайдаланудың жоспарлы уақыты негізінде оларды жүргізу мерзімі бекітіледі.
Жөндеу аралық қызмет көрсету жоспарын бас механик график түрінде құрайды. Бұл графиктер жабдық орнатылған цехтың кезекші слесарларына жіберіледі.
Машинаны жөндеуде бөлшектік, тораптық, агрегаттық әдіс қолданылады.Жөндеудің бөлшектік әдісінде машинаның тозған бөлшегін ауыстырады.Бөлшекті ауыстыру және жинау үшін машинаны бұзады. Машина өндірістік процестен ұзақ уақытқа шығады.Тораптық әдісте машинаның бір не бірнеше торабын жаңасына не алдын ала жөнделгеніне ауыстырады.Жөндеудің агрегаттық әдісінде агрегатты жөнделгеніне нежаңасына ауыстырады. Агрегаттық әдісті машинаны күрделі жөндеуде, тораптықты орташада, бөлшектікті ағымдағы жөндеуде қолданады.
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 11. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру(1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру
2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Дәріс:
Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы. Инстументальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры. Өндіріс инструментін ұйымдастыру. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығы жобалау, алу, дайындау, жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін цех және бөлім жиынтығын білдіреді.
Өндірісті инструментальды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:
1. конструкторлық жұмыстарды технологиялық бақылау жүргізу;
2. бұйымның кинематикалық сызбасын қысқарту;
3. өндірісті кооперациялау және технологиялық және заттық мамандануын дамыту;
4. технологиялық процесстерді типке бөлу;
5. технологиялық қалдықтарды констуктивтік элементтерді унификациялау;
6. инстументтің әртүрлі түрлеріне және құралдарына қажеттіліктер есебін жүргізу;
7. инструменттер запасы есебін жүргізу
8. техникалық құрал, ғимарат және ұйымдастырушылық жобаларды жобалау;
оснастка өндірісі бойынша бөлім бастығының орынбасары;
оснастканы эксплуатациялау бойынша бөлім бастығының орынбасары;
техникалық сектор;
экономикалық – жоспарлау секторы;
инструментальды цех;
бухгалтерлік есеп бөлімі.
2.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Жұмыс орыны түсінігі. Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орынының түрлері. Жұмыс орнын жарақтандыру. Жұмыс орынын жоспарлау. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.
Жұмыс орны технологиялық жабдықтарды орналастырудағы өндірістік ауданының бөлігі болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыруға жұмыс орнын құруға бағытталған шаралар жиынтығынан, жоғары еңбек өнімділігіне жету үшін қажетті жағдай жасау, жұмысшылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету өндіріс типіне байланысты болдаы. Орындалатын жұмыс сипатына қарай жұмыс орындары стационарлық және қозғалмалы болып екіге бөлінеді.
Жұмыс орындарының қызмет көрсетуінің негізгі функцияларына мыналар жатады:
Жөндеу;
Инструменттермен қамтамасыз ету;
Жөнге келтіру;
Материалмен қамтамасыз ету;
Көліктік;
Техникалық бақылау;
Ұйымдастырушылық;
Қызмет көрсетудің басқа функциялары.
Жұмыс орындарын жарақтандыру олапдың өндірістік профилімен, механизациялау дәрежесімен және технологиялық процессті автоматтандырумен анықталады. Жұмыс орындарын жарақтандыру типіне мыналар жатады: негізгі технологиялық жабдықтар, көмекші технологиялық жабдықтар, инвентарь, еңбекті қоғау құрылғылары, санитарлық тазалық және тұрмыстық-мәдени құрылғылары.
Негізгі технологиялық жабдықтарды таңдау кезінде қойылатын басты талаптар: жұмыс орындарын қажетті еңбек өнімділігімен қамтамасыз ету болып табылады. Көмекші жабдықтардың жұмыс орындары ыңғайлы және қауіпсіз болу керек. Станоктарды бағдарламалық басқарумен, роботпен интеграциялау көлік және қойма шаруашылығының өндірістік жүйесінің икемдігін құрайды: өндірістік модуль, икемді желі, участок. Жұмыс орнын жоспарлауды ішкі жоспарлау және сыртқы жоспарлау деп екіге бөледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы.
Инструментальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы.
Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы.
Инструменттің шығын есебі және айналым қоры.
Өндіріс инструментін ұйымдастыру.
Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру.
Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
Жұмыс орыны түсінігі.
Жұмыс орынын ұйымдастыру.
Жұмыс орынының түрлері.
Жұмыс орнын жарақтандыру.
Жұмыс орынын жоспарлау.
Тақырып 12.Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру және көлік шаруашылығын ұйымдастыру
(1 сағат)
Дәріс жоспары:
Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Дәріс
1. Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті энерго ресурстардың сапасына және тиімділігіне қойылатын талаптардың орындалуын, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып барлық энергия түрлерімен өндірісті үнемі жабдықтау энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, қатты, сұйық және газ тәріздес отын, бу және ыстық судың жылу энергиясы, механикалық энергия.
Энергия ресурстарына энергия тоғы, натуралды отын, әр түрлі параметрдегі бу, әр түрлі қысымда қысылған ауа, табиғи газ, ыстық су, қысымы бар су. Ресурстардың әр түрлі түрлерін кәсіпорында қорғаушы күш ретінде, технологиялық процессте жылыту, жарықтандыру, желдету, шаруашылық – тұрмыстық мұқтаждыққа т.б. қолданылады.
Өндірістің барлық сатыларында энергиямен энергоресурстарын әр түрлі қолданылуы мүмкін. Ең үнемді энергоресурстарды тааңдау технологиялық отынмен энергияның шығын нормасын нормаларды төмендету бойынша шараларды жасау және енгізу шығындарын талдау жолымен, өндірісті ұйымдастыру, экономика, энергетика, технология сұрақтарын кешенді шешу негізінде жүзеге асады.
Кәсіпорындар тұтынатын энергоресурстан сырттан сатып алынуы немесе өз күшімен өндірілуі мүмкін.
Кәсіпорынды энергиямен жабдықтау ерекшелігі:
өндірілген энергияны бірден қолдану ерекшелігі
оған қажеттіліктің тәулік ішінде жыл уақытында бірдей болмауы.
Энергияның үздіксіз жабдықталуы энергетикалық жабдық қуатының резервін жасау
есебінен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ең жетілген және үнемдісі – орталықтандырылған. Бұл жағдайда кәсіпорын электр жүйесінен (төмендетілген подстанция арқылы), буды – аудандық энергетикалық жүйенің жылу көзінен немесе заводтық жылу электр орталығынан, газды табиғи газбен жабдықтау көзінен, отынды энергохимиялық пайдалану комбинатынан алады.
Жабдықтын орталықтандырылған жүйесі кәсіпорынды энергиямен сенімді, үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді, өндіріс шығындарын энергияны алуға байланысты азайтады. Электр энергиясымен және басқа энегияны тұтынудың жоғарғы және төменгі шектері бар. Завоттың бөлек элетрстанциясы қажет кезде максималды қамтамасыз ететін қосымша қуаты болуы керек, ал төмендеу кезінде электр энергия артық қалады. Кәсіпорында энергия шаруашылығын ұтымды ұйымдастыруын негізгі – баланстық әдісті қолданып өндірісті, энергоресурстарды тұтынуды дұрыс жоспарлу. Олар өндіріс көлемін және озық нормаларды есепке алып, отын мен энергияның әр түрлі түрлеріне кәсіпорын қажеттілікті, осы қажеттілікті ұтымды жабу көздерін анықтайды. Энергиялық баланс материалдық баланс тобына кіреді. Олар міндетті бойынша:
стратегиялық
тактикалық
Есепті қарастыру деңгейі бойынша:
жиынтық ( кәсіпорын, цех бойынша )
жеке (агрегат, энергоресурс түрлері, өндеу түрі бойынша бөлінеді.
Баланс өндірістік- территориялық және мақсатты белгісі белгісі бойынша құрылады. Баланс статьялары өндіріс учаскелері және энергияны қолдану бағыты бойынша топталады. Энергияның жоғалтулары жеке қарастырылады. Баланс энергияның әр түрінің ішкі айналым көрсетеді. Балансты құрастыру кәсіпорынның энергиялық тиелу режимін және компрессорлық станцияның жұмыс режимін жобалауға байланысты. Балансты құру шығындардан тұрады:
кәсіпорынның негізгі және көмекші өндірісін энергия мен отынның барлық түріне қажеттілігін жылытуға, желдетуге, шаруашылық және өндірістік емес мұқтаждық шығынды есептеу.
Көздердегі және қайта жасау құрылғыларындағы энергияның босатылған жоғалу шамасы , кәсіпорынның ресурстар түрлері бойынша жалпы қажеттілігі анықталады. Осының негізінде энергоресурстар бойынша кәсіпорынның тиелу жылдың графигі құрастырылады.
Кіретін бөлікті жасау:
Кәсіпорының компрессорлық, котельный, генератолық станцияның өндірістік ресурстарын және сырттан алынатын отын мен энергия мүмкіндігін анықтау.
Кәсіпорынның компрессорлық, котельді – генераторылық станциясының жұмыс режимін жобалау , олардың тиелу графигін анықтау.
Өз өндірісі есебінен , сырттан алу және екінші энергоресурстарды қолдану есебінен қажеттілікті жабу көлемін анықтау
Сыртқа жіберілетін энергияны есептеу.
Компрессор, котел, генератор станциясын энергетикалық балансы жасалады, олардың жұмысының техникалық, экономикалық көрсеткіштері есептеледі. Отын балансы оның жекелеген түрлері және маркалары бойынша құрастырылады. Есепті энергобалансты құрастыру үшін отын мен энергоресурстар шығының дәл есебі қажет. Балансты құрастырудан бұрын энергоресурстардың жеке элементтері бойынша қажеттіліктерді анықтау нормалар мен шығындар негізінді жүзеге асады.
Энергетикалық шаруашылық құрылымы, мысалы: энергетикалық цехтар, қайта өндеуші және генерациялық құрылғылар, цехтық және жалпы заводтық энергия таратушы көздер, энергияны тұтынушылар.
Ірі кәсіпорындардың энергия шаруашылығын бас энергетик, кіші кәсіпорындарды бас механик жүргізеді. Бас энергетик бөлімінің құрамына: энергияны пайдалану, энергия жабдықтары, электрлік және жылу лабороториясы кіреді. Ірі заводты үздіксіз қажетті энергоресурстармен үзіліссіз қамтамасыз ету ауысым ішіндегі кезекші мәселелерге, барлық энергетикалық шаруашылықты пайдалануды басқарушыларға жүктеледі.
2. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы. Көлік шаруашылығының құрылымы. Көлік жұмысын жоспарлау. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік-техникалық сызбалар. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Көлік шаруашылығы материал ағымымен байланыстыратын кәсіпорындардың тамыры болып табылады. Кәсіпорындарда көлік құралының әр түрлері қолданылады:
Қызмет көрсету сферасы бойынша- цехаралық және цех ішіндегі құралдар;
Жұмыс режиміне байланысты – үздіксіз және кезең аралық қолданылатын көлік құралдары;
Қозғалу бағыты бойынша- көлденең тікелей және аралас орналастыру үшін көлік құралдары (лифттар, элеваторлар, крандар және тағы басқа);
Автоматтандырылған деңгейі бойынша- автоматтандылырған, механикаландырылыған және қолмен;
Жүктерді орналастыру түрі бойынша- төгілетін, құйылатын және данамен тасымалданатын жүктер үшін көлік құралдары.
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:
көлік құралдарын жаңартудық стратегиялық жоспары;
кәсіпорынның өндірістік құрылымын талдау;
уақыт және өнімділігі бойынша көлік құралдарының қолдану тиімділігін және тиеу деңгейін, прогрессивтілігін талдау;
көлік құралдарын қолдануды таңдау және дәлелдеу;
көлік шаруашылығына материалдық ресурс, жөндеуге қажеттліктерінің нормативті шығындарын және нормасының есебін жүргізу;
жүк айналымының балансын құру;
жүк ағымының сызбасын жоспарлау;
кәсіпорындар көлігін дсипетчерлеу жұмысын жүргізу;
есеп жүргізу, бақылау және ынталандыру.
Көлік шаруашылығы жұмысының тиімділігін және сапасын көтерудің негізгі бағыттары:
заттық және функционалдық мамандануын тереңдету, кооперациялауды дамыту;
өндіріс және басқаруды автоматтандыру деңгйін жоғарылату;
орта жастағы көлік құралдарын қысқарту;
көлік құралданы қолднудағы есеп жүргізу, нормалау және бақылауды жетілдіру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі.
2. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы.
3. Көлік шаруашылығының құрылымы.
4. Көлік жұмысын жоспарлау.
5. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Көлік-техникалық сызбалар.
7. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.
8. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Тақырып 13.Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу. Қойма жұмысын ұйымдастыру. Ыдыс шаруашылығы.
Қойма шаруашылығы кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық ресурстардың қозғалысының сақтау, есеп жүргізу және бақылау қызметтерін атқарады. Жалпы зауыттық қоймалар келесі түрлерге бөлінеді.
Материалдық;
Материалдар сақтау үшін жартылай фабрикаттар және бұйымдар;
өндірістік, қызмет көрсетуші өндірістік процестер;
дайын өнімдер;
екінші реттік шикізат және қалдықтар;
ыдыстарды сақтауға, арнай киімдерді, шаруашылық материалдарды, жұмыс инвентарын сақтауға арналған шаруашылықтар.
Қойма шаруашылығын ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:
тікелей, пропорционалдық, үздіксз және ритмдік өндірістік процессіндегі кәсіпорынның өндірістік құрылымын талдау;
номенклатура және қойма ғимараттарының типтерін анықтау;
жаңа қойма ғимараттарының сызбасын жасау, оларды жобалау, құрылысын салу;
қойма арқылы материал ағымының қозғалысының есебін жүргізу және бақылау;
тұтынушыларға жүктерді жеткізу және беруді ұйымдастыру;
қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін талдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы.
2. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру.
3. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу.
4. Қойма жұмысын ұйымдастыру.
5. Ыдыс шаруашылығы.
Модуль 3. Өндірісті басқару
Тақырып 14. Менеджмент негіздері (1 сағат)
1. Басқару тарихының дамуы.
Қазіргі тандағы мекеме мен көне замандағы мекемелер арасында айырмашылықтар бар.
Көне замандағы мекеме келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
1.Ірі мекеме санының аз болуы, ал өте ірі мекемелер мүлде болған жоқ.
2. Жетекшілер санының аздығы, ал ортаңғы буында жетекшілер жоққа тән.
3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан бөлініп, ерекшеленген жоқ
4. Мекемедегі жетекші орны көбінесе мұра бойынша қалдырылатын немесе күшпен алынатын.
5. Мекеме үшін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының аздығы.
6. Бұйрық пен сезуге сүйенетін.
Қазіргі кездегі мекеме келесідей сипатталады:
Мықты әрі ірі мекемелер сонының көптігі.
Ортанғы буын жетекшілерін қосқанда, жетекшілер санының көп болуы.
Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан айқын бөлінеді.
Белгілі заңдылық және құқықты сақтай отырып жетекші орынға ие болады.
Мекеме үщін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының көптігі.
Ұжымдық жұмысқа сүйену.
Басқаруға әкелетін үш тәсіл бар:
Жүйелі көзқарас. Бұл тәсілді басшы өз мекемесін бір – бірімен тығыз байланысқан элементтерден тұратынын қарастырған жөн, мысалы: адамдар, технологиялар, материалдар, өйткені олар мекеме алдына қойған мақсатына бағыттайды.
Процесті көзқарас басқаруды үздіксіз процесс ретінде қарастырады. Ол басқару мәселелері, сшешімдері, функциялардын жиынтығы болып келеді.
Жағдайаттық көзқарас белгілі жағдайдағы әр түрлі басқару тәсілдердін жарамдылықтарына негізделеді. Басшынын шешімі мекеме жағдайна байланысты болады. Жетекші жағдайға сай шешім тауып, мекемені табысқа жеткізетіндей, және бұл шешім ең дұрыс болып, басқа баламаларға қарағанда ең дұрыс болуы керек.
Осы көзқарастарды ескере отырып келесі басқару мектептері құрылды:
Ғылыми басқару ( 1885-1920). Ф.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гант жұмыстары кірген. Олардың көз қарастары келесідей болды: бақылау, операция, қисын, өлшеу (қол еңбегінің операциясы) қолдана отырып, тиімді басқаруға жетіп, қол еңбек операциясын адам әрі жетілдіруге болады.
Классикалық мектеп (1920-1950). Оның авторларының басқаруда белгілі тәжірибелері болған. Олардың басты мақсаты басқарудың әдістерін құру – ол басқарудың тиімді жүйесі мен мекеме құрылымын әзірлеу.
Үшінші басқарудың мектебі – міңез – құлықтық (1950 жылдан қазіргі кезге дейін). Негізгі мақсаты - мінездік басқару.
2. Басқаруға әкелетін процесті көзқарас.
Басқару процессі бір – бірімен байланысқан 4 функциядан құралады:
Жоспарлау
Ұйымдастыру
Себеп
Бақылау
Жоспарлау функциясы мекеме мақсатын және мекеме қызметтерінің сол мақсатқа жететін шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жоспарлау - алдағы істің тұрақты белгісіздігі. Ол үздіксіз іске асырылуы тиіс.
Мекемедегі қызметкерлер көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде мекеме мәселелеріне айырықша көп көңіл бөледі. Бұған басқару да кіреді.
Мекеме қызметкерлері өз істерін жоспарға және себепке сай орындайды.
Бақылау – мекеме алдына қойған мақсатқа жетуді бағалайтын процесс. Бақылаудын үш аспектісі бар:
Стандарттарды белгілеу – мақсатпен оларға жету жолдарын анықтау;
Белгілі уақыт аралығында жеткен жетістіктерді қарастырып, болатын нәтижемен салыстыру;
Егер қажет болса, арасына түзету жүргізу.
Жоспарлау функциясы үш сұраққа жауап береді:
“Қазіргі таңда біз қайдамыз?” Жетекшілер өз мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап білу қажет, ол қаржы, өңдіріс, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, маркетингте және еңбек ресурстарында болуы мүмкін, яғни мекеме мүмкіншілігін нақты білу.
“Біз қайда жеткіміз келеді?” Бұл жерде сыртқы орта қауіптері бағаланады (бәсеке, заңдар, технологиялар, қамтулар, т.б.). Басшылар қандай мақсатқа қойылуы және оның жүзеге асуына не кедергі болатынын анықтайды.
“Біз оны қалай жүзеге асыра аламыз?”. Басшы «жалпы және нақты түрде» мекеме қызметкерлері мекемені алға қойған мақсатына жету үшін не істеу керектігін шешу қажет.
Басқару процесінің маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру болып табылады. Оның негізгі сипаттамасын келесідей көрсетуге болады:
Мекеме мәселелерін, өз жоспарларын іске асырып, сол арқылы алға ойған масатқа жету, яғни табыса жету шн қрастырылады.
Берілген жұмысты нақты кім орындайтынын анықтау.
Бүтіндей мекеме құрылымын құру.
3. Басқаруға жүйелі және жағдайят көзқарастар:
Жүйе – байланысқан бөліктерден тұратын, бір бүтінді сипаттамасына енетін құрылым.
Барлық мекемелер жүйе болып табылады. Адам техникамен қатарлас мекеме бөлмесі болып келетіндіктен, мәселелерді шешу үшін қолданылатындықтан, оларды социотехникалық жүйелер деп атайды.
Жабық жүйе нақты шекаралар мен белгіленеді. Жабық жүйе қызметі (шартты түрде) жүйені қоршайтын ортаға байланысты. Жабық жүйе мысалы болып –сағатты айтуға болады. Егер сағатқа батарейка қойса, немесе оны жүргізсе, ондағы бір-бірімен байланысқан салат бөлшектері үздіксіз және тура жүретін болады. Сағатта энергия көзі бар болғанда, олардың жүйесі сыртқы Ортаға тәуелсіз болады.
Ашық жүйе сыртқы ортамен байланыста болады. Материалдар, апарат, энергия сыртқы ортамен алмасу объектісі болып табылады. Бұл жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Ол энергия, материалдан, ақпараттан, сырттан түсетін тәуелді болады. Ашық жүйе әрі қарай жұмыс істеу үшін сыртқы орта өзгерістеріне беімделеді. Барлық мекемелер ашық жүйе болып табылады.
Жағдайят көзқарас нақты жолдармен тұжырымдамаларды нақты жағдайларда мекеме ең нәтижелі шешімге жететін жолдарды көрсетеді. Жағдайят тәсіл мекеме арасындағы және мекеме ішіндегі жағдайлық ерекшеліктерге нақтыланады.
Жағдайят тәсіл метологиясын келесідей түсіндіруге болады:
Басшы басқару процесі мен құралдарымен таныс болуы қажет.
Басшы нәтижесінің оң әрі теріс болуын ескеруі қажет.
Басшы өз ісін қадағалай алуы керек.
Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?
Бірі ғылым деп санайды, басқалары -өнер дейді. Бірақ ол екеуі де, бір тұтас құрама болып саналады. Мекемені басқару үшін талап керек. Адамдарды қызықтыра алуы қажет. Бірақ басқару белгілі жағдай талдауын талап етеді. Сонымен, бұл өнер әрі ғылым.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Көне замандағы мекеме мен қазіргі кездегі мекеме арасындағы бірнеше айырмашылықтарды атап көрсетіңіз.
Тексте берілген басқарудың үш көзқарасын қысқаша баяндаңыз.
20-шы ғасырдың бір інші жартысындағы басқару ойының үш мектебі туралы баяндап беріңіз.
Басқару процесінің төрт функциясы қандай?
Жоспарлау функциясы қандай негізгі үш сұраққа жауап береді?
Мекеме функциясының негізгі мақсаты қандай?
Әлеуметтік-техникалық жүйе деген не?
Ашық және жабық жүйе арасындағы айырмашылықтарды атап кетіңіз.
Жағдайят көзқарасының метологиясын талқылаңыз.
Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?
Мекеме құрылымындағы коммуникация қандай рөл атқарады?
Жүйелі және жағдайят көзқарастарының теориясын салыстырыңыз.
Басқару процесі көзқарасы жағынан өзіңіздің мекемедегі тәжірибеңізден айтып беріңіз.
Берілген үлгіде басқарудың түрлі тәсілдерінің ортақ сипатын көрсетіңіз.
Мекеменің ұғымы.
Формалды емес мекеменің мәні неде?
Мекеме қосындыларын сипаттаңыз (ресурстар, сыртқы ортадан тәуелділігі, еңбек бөлісі, бөлімдер және басқарудың қажеттілігі).
Басқару деңгейлері.
Өзіңіз білетін мекемені айтып оның қызметіне баға беріңіз.
Өзіне адамдарды тартатын немесе алыстататын мекемені атаңыз.
Өз мекемеңізде формалды емес топтарды анықтап олардың құрылуындағы себебін түсіндіріңіз.
Мекемедегі төменгі, ортанғы және жоғарғы буын басшыларының рөлдерін түсіндіріңіз..
Практикалық сабақтар мазмұны
Модуль 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Тақырып 1.Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. (1 сағат)
2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986
Тақырып 7.Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері. (1 сағат)
Практикалық сабақ
1. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрлері.
2. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының параллель қозғалыс түрлері.
3. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының аралас қозғалыс түрлері.
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар. Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша еңбек заттарының қозғалыс түрлеріне арналған есеп шығарады.
2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
Жалпы модуль бойынша бақылау жұмысына дайындалу.
Шекті бақылау. Модуль бойынша тесттік сұрақтарға жауап беру (25 тесттік сұрақ).
Тақырып 9.Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру (1 сағат)
Өнім сапасы мәні және көрсеткіштер жүйесі. Өнім сапасы және оны анықтаушы факторлар. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін жоғарлатудағы сапа рөлі. Өнімді стандарттау және унификациялау, оның принциптері. Стандарт түрлері. Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру. Бақылау обьектісі және түрлері.
4. Өнімді стандарттау және унификациялау, оның принциптері.
5. Стандарт түрлері.
6. Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру.
7. Бақылау обьектісі және түрлері.
СӨЖ сұрақтары:
1. Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірбиесі.
2. Өнім сапасын басқарудың отандық тәжірбиесі.
Тақырып 10. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру(1 сағат)
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процесстегі рөлі. Жөндеу қызметінің құрамы және құрылымы. Жөндеуді ұйымдастырудың негізгі жүйесі. Жабдықтарды жөндеудің алдын алу - жоспарлау жүйесі. Жөндеу түрлерінің сипаттамасы және жіктелуі, оның құрамы, өткізу мерзімі, қаржыландыру қайнар көзі және тәртібі.
Практикалық сабақтың сұрақтары:
1. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процесстегі рөлі.
2. Жөндеу қызметінің құрамы және құрылымы.
3. Жөндеуді ұйымдастырудың негізгі жүйесі.
4. Жабдықтарды жөндеудің алдын алу - жоспарлау жүйесі.
5. Жөндеу түрлерінің сипаттамасы және жіктелуі, оның құрамы, өткізу мерзімі, қаржыландыру қайнар көзі және тәртібі.
СӨЖ сұрақтары:
1. Жөндеу еңбек сыйымдылығы.
2. Жөндеу персоналдарының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.
Тақырып 11. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру
Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы. Инстументальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры. Өндіріс инструментін ұйымдастыру. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
Жұмыс орыны түсінігі. Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орынының түрлері. Жұмыс орнын жарақтандыру. Жұмыс орынын жоспарлау. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.
Практикалық сабақтың сұрақтары:
1. Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы.
2. Инструментальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы.
3. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы.
4. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры.
5. Өндіріс инструментін ұйымдастыру.
6. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру.
7. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
8. Жұмыс орыны түсінігі.
9. Жұмыс орынын ұйымдастыру.
10. Жұмыс орынының түрлері.
11. Жұмыс орнын жарақтандыру.
12. Жұмыс орынын жоспарлау.
СӨЖ сұрақтары:
1. Инструментальды шаруашылық жұмысының технико- экономикалық көрсеткіштері
2. Технологиялық жарақтар шығынын төмендету жолдары.
3. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.
Тақырып 12.Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру және көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі және тапсырмасы. Кәсіпорында қолданылатын энергия түрлері. Екінші реттік энергоресурстарын қолдану. Энергиямен қамтудың ұйымдастырушылық формасы. Энергетикалық шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіпорынды энергиямен қамту. Энергия шығынының үлес нормасы және оны есептеу әдістемесі. Энергетикалық баланс, оның түрлері, құрылымы және жасау тәртібі.
Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы. Көлік шаруашылығының құрылымы. Көлік жұмысын жоспарлау. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік-техникалық сызбалар. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Практикалық сабақтың сұрақтары:
1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі және тапсырмасы.
2. Кәсіпорында қолданылатын энергия түрлері.
3. Екінші реттік энергоресурстарын қолдану.
4. Энергиямен қамтудың ұйымдастырушылық формасы.
5. Энергетикалық шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіпорынды энергиямен қамту.
6. Энергия шығынының үлес нормасы және оны есептеу әдістемесі.
7. Энергетикалық баланс, оның түрлері,құрылымы және жасау тәртібі.
8. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі.
9. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы.
10. Көлік шаруашылығының құрылымы.
11. Көлік жұмысын жоспарлау.
12. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру.
13. Көлік-техникалық сызбалар.
14. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.
15. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
СӨЖ сұрақтары:
1. Өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы энергия шаруашылығының көрсеткіштерін жоспарлау ерекшелігі.
2. Бір өнім бірлігіне кететін энерго шығындарын төмендету жолдары.
3. Ішкі зауыттық көлік жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары.
Тақырып 13. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу. Қойма жұмысын ұйымдастыру. Ыдыс шаруашылығы.
Практикалық сабақтың сұрақтары:
1. Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы.
2. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру.
3. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу.
4. Қойма жұмысын ұйымдастыру.
5. Ыдыс шаруашылығы.
СӨЖ сұрақтары:
1.Шет елдегі қойма шаруашылығын ұйымдастыру тәжірбиесі.