??ра? – мата ?алды?тарынан жасалатын ?й б?йымыны? бірі. Орыс тілінде ??ра? ??рау ?нері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс хал?ыны? ??ра? ??рау ?нері ?те ерте заманнан келе жатыр. Шы?ыста, Мысырда, Каир т??ірегінде ?ш мы? жыл б?рын тігілген ??ра? б?йымдар табыл?ан. А?ылшын тілінде ??ра? ??рау ?нері «Pachwork» деп аталады. Жапон хал?ында ??ра? «сашико» деп аталады. Америкада ?р т?рлі ?лт ?кілдер т?р?анды?тан ??ра? ??рау ?нері пайда бол?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "??ра? ??ру"»
«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 Қарабалық орта мектебі» ММ
Ашық сабақ: «Құрақ құру»
Сынып: 8
Мұғалім: Исаева А.А.
2015-2016 оқу жылы
Күні:
Сынып: 8 сынып
Пән: технология (қыз)
Мұғалім: Исаева А.А.
Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдісі». Сабақтың мақсаты: құрақ құрау әдісін үйрету,құрақтың түрлерімен танысу. Білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу. Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету. Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері. Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.
Сабақтың өту барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіз бе, оқушылар! Көңіл – күйлереңіз қалай?
2. Кіріспе бөлімі.
-Психологиялық дайындық «Жылы сөз». Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер айту.
-Үй тапсырмасын тексеру. 5 сұрақтық тест жұмысын өткізу. 3.Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалімнің құрақ туралы баяндау. а) шығу тарихы; ә )құрақ түрлері; б )қолданылуы; в )құрақ құрау әдісі;
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье»деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.
Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.
АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін, геометриялық шешемін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен, түстерінің әр түрлі болуымен бізді өзіне ерекше тартады. Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе (орыс, қазақ, ағылшын), дастарқан, майлық, ұстағыш қолғап, жапқыш, кілем, дорба, баскиім, киімдер, сувенир немесе аксессуар ретінде –сәнді сөмке, кошелек т.б
Жасалу жолдары: а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы; ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы; б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.
Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережені еске салу. Кіріспе нұсқау. Құрау технологиясы: 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. 3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. 4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.
Сергіту сәті: «Тапқыр» ойыны (тақырып бойынша сұрақтар) «Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картаны қолданып құрақ құрау. «Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы:
1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал, тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр.екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы. 2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы. 3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте,тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина 6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы. 4. Сабақты бекіту:оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау. 1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер? 2. Құрақ дегеніміз не? 3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді? 4.Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады? 5. Ағылшын , Жапон тілінде құрақ құрау қалай аталады? 6. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер? Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері, дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік. Қандай өнер болса да оған шеберлік, іскерлік, білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет. Мақал: «Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ.
Рефлексия: кластер құрастыру. 5. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысқанына байланысты, жұмыс жасағанына байланысты бағалау. 6. Үйге тапсырма. Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу тапсырылады.