Данная разработка внеклассного мероприятия составлено для учащихся средних классов. При составлении разработки были учтены возрастные особенности и уровень подготовки учащихся.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Кім іскер және кім шебер?» атты сайысы»
Тақырыбы: «Кім іскер және кім шебер?» сайысы Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығарма-шылық қабілетін ояту. Міндеттері: -оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру; -оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтанышын сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету; -өз елін, халқын отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Түрі: Сайыс -сабақ Қолданылатын көрнекіліктер: графопроектор, ермексаз, карточкалар, сағат
Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Мақсат пен тақырыбымен таныстыру
ІІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі:
- Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар,өнер сүйер қауым! 21-26 қаңтар аралығында оздырылып жатырған Политехникалық әдістеме бірлестігі апталығында технология пәнінен 6-7-8-9 сынып ұлдары арасында ««Кім іскер және кім шебер?» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
-Бұл сайысымызға 4 сыныптардан 2 топ қатысқалы отыр. Олар: «Жасұлан» мен «Шебер» тобы
Барлығымыз бүгінгі сайыста жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық. Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым, Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын. Әділдікті тек алған мақсат еткен, Таныстырам әділқазы алқаларын. Бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1.Мектеп директоры Бекбергенов Айтқабыл Құрманбайұлы
2.Бірлестік жетекшісі Ибраимова Жанымкуль Каримовна
3.Мектеп психологы Уразбаева Шолпан Сатыболдиевна -Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Музыка ойналады, қатысушылар ортаға шығады) Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады: 1. «Таныстыру» бөлімі
2. «Жорға»сайысы
3. «Керісінше ойын» сайысы
4. Шеберлер қиялы (ермексазбен жұмыс).
5. «Тіл өнері» бөлімі 6.Өнерлі бала өрге жүзер» бөлімі (Әр топ үйден жасап келген бұйымдарын қорғайды )
I. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Кілемге біреулер өрнек салыпты. Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса, Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - деп келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруға берейік. Әр топтың топ басшысы өздерінің тобымен таныстырады. (әр топтың басшысы өз тобымен таныстырады ) (4 минут уақыт беріледі)
Топтың аты: Жасұлан
Топтың ұраны; Жасұлан тобы алға,
Биіктерге самға,
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда
Топтың аты : Шебер
Әділ қазылардан сайысымыздың 1 - шартының бағаларын сұрайық. ІІ. Ал енді «ЖОРҒА» сайысына көшейік.. Бұл сайыс ең білімділер мен зеректілер додасы болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты; бір минут аралығында 9 сұрақ оқуға тырысамын, дұрыс жауабын білмесеңіз келесі деп жалғас-тырасыз. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады. Бірінші болып «Жорға»сайысын Жасұлан тобы бастайды .
«Жасұлан»тобына
1.Ағаш қандай материал және оны не үшін пайдаланамыз?(ағаш-табиғаттың бір бөлшегі. Оны түрлі құрал-саймандар,тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаш қандай бөліктерден тұрады?(тамыры, ұшар басы, діңі)
3. Ағаштың діңі қандай фигураға ұқсайды? (шеңбер)
4. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады?(қоршаған ортаның әсерінен, күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан сақтайды)
5. Ағаш материалдарын өңдеу үшін қандай ерешеліктері ескеріледі? (түр-түсі, тығыздығы, жұмсақтығы, қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі.)
6.Металдың қасиеттерін ата (физикалық және механикалық)
7. Ағаштан бұйым жасағанда қандай аспаптар қолданылады.(балта, қол ара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қолбұрғы, тістеуік пен қысқыш, бұрыштық, струло)
8.Ағаш өңдеу мамандықтары қалай аталады?(үйші, ерші, арбашы, ұста, саз аспапшы, зергер)
9. Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейтін тілімен.
Жеген сайын таптайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
-Енді «Шебер» тобына кезек берейік
«Шебер» тобына
1.Ағашты қалай кептіреді? (табиғи кептіреді)
2. Ағаш материалының қандай қасиеттері бар?(түсі, тығыздығы, дымқылдығы, беріктігі,текстурасы)
3.Ағаштың қабығы түсіп қалса, ол ағаштың түсі қалай өзгереді?(қарайып ескіреді)
4. Жартысы ағаш,
Жартысы темір. (пышақ)
5. Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманымды отап кетті. (балта)
6.Металдар неше түрге бөлінеді , ата (қара металл және түсті металл)
Шарты: Бұл сайыстың «Керісінше ойын» аталу себебі , ұлдар жребий алады, қыздар орындайтын тапсырманы жасайды. ( Түйме қадау және жастықша тігу) 5 минут уақыт беріледі. Әділ қазылардан сайысымыздың 3 - шартының бағаларын сұрайық.
ІV «Шеберлер қиялы»(ермексазбен жұмыс
Шарт:Келесі бөлімде топ қатысушылары жребий бойынша ермексаздан құстардың бейнесін бейнелейді, немесе ермексаздан үй жануарларын мүсіндейді. ) 5 минут уақыт беріледі
V «Тіл өнері» -Бұл сайыста тапқан сөздеріңізді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтасыздар, егер бір сөзді дұрыс тапсаңыз 5 ұпай, екі сөзге 10 ұпай, үш сөзге 15 ұпай. Интерактивті тақтада әр топқа арналған сұрақтар беріледі сол сұраққа жауап береді. «Не» деген жерге керекті сөз қоясыздар.
2 минут беріледі «Жасұлан»тобына тапсырма
1)Жаңбырменен не көгерер? (жер, земля, earth); 2) Не қорқақ, қол батыр? (көз, глаза, eye); 3) Қанша жуан болса да жалғыз не үй болмас? (ағаш, дерево, tree); 4) Не отбасынан басталады? (Отан, Родина, Motherland); 5) Шеберді жеңген .............. жоқ. (жұмыс-работа-work) 6) Ақылдының саусағы ................. .(мың-тысяча- thousand )
«Шебер» тобына тапсырма
1)Туған жерге неңді тік?(ту, флаг, flag); 2) Не басынан шіриді? (балық, рыба, fish); 3) Шебердің саусағы не?(алтын, золото, gold); 4) Жақсыдан үйрен, жаманнан не? (жирен, отвращение, away); 5) Сабыр мен .................. бәрін де жеңбек.(еңбек-труд-labour ) 6) Жеті рет өлшеп ........... рет кес.(бір-один- wane) Әділ қазылардан сайысымыздың 5 - шартының бағаларын сұрайық.
Өнерлі бала өрге жүзер» - Құрметті қатысушылар ! Әр топ үйде дайындаған заттарды әділқазылар алқасына тапсыра отырып, жасап келген бұйымдарын қорғайды .
-Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашалады-ңыздар. Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін. Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.
Марапаттау
Тақырыбы: «Ал, қанекей ,жігіттер»
Мақсаты: Технология бойынша алған білімдерін тексеру. Оқушылардың ойларын жүйелеу, ептілік дағдыларын қалыптастыру.Көркемдік, эстетикалық көзқарасын, ой-өрісін дамыту.Ұқыптылыққа, іскерлікке,шеберлікке,тазалыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке үйрету.
Әдісі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар,слайдтар.
Сайыстың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Мақсат пен тақырыыбмен таныстыру
ІІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті.
Оқушыларды орналастыру, зе йіндерін шоғырландыру.
Тренинг «Танысу» . Әр оқушы өз есімін және сол есімнен басталатын мамандық атауын айтады.
5-10 қазан аралығында оздырылып жатырған технология, бейнелеу ,музыка пәндерінің апталығының үшінші күні технология пәнінен 5-6-7- сынып ұлдары арасында « Ал, қанекей, жігіттер »сайысы оздырылғалы отыр.Барша қатысушыларымызға белсенділікпен қатысайық дегім келеді.
Сайыстың шарттары:
Ендеше сайысымызды бастайық
1.Таныстыру
2.Мақал- мәтел сайысы (еңбек туралы)
3.Ребус, сөзжұмбақ шешу.
4. «Кім іскер?»
5.Сурет салу (күз мезгіліне байланысты)
6.Сұрақ- жауап.
1.Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса халық сөзі,
Әрқашанда нанымды.
Әр топ өздерін таныстырады
2.Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
3.Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
Жүйріктен жүйрік шығар аламанда,
Білімі,өнері қалай екен ағаларда.
Терлетіп білімін тексерейін,
Оңайлықпен түспеймін қолдарыңа.
4.Ребус, сөзжұмбақ шешу.
Келесі сайысымыз«Кім іскер?»деп аталады.Әр топтан үш оқушы шығады. Олар берілген уақыт аралығында біреуі картоп аршиды, екіншісі түйме қадайды, үшіншісі ою ояды.
5.Сурет салу (күз мезгіліне байланысты)
6.Сұрақ- жауап.
1-топ оқушыларына
1.Ағаш қандай материал және оны не үшін пайдаланамыз?(ағаш-табиғаттың бір бөлшегі. Оны түрлі құрал-саймандар,тұрмыстық бұйымдар жасау үшін, үй жасау үшін пайдаланамыз)
2. Ағаш қандай бөліктерден тұрады?(тамыры, ұшар басы, діңі)
3. Ағаштың діңі қандай фигураға ұқсайды? (шеңбер)
4. Басы жоқ, екі беті, жүз тісі бар,
Қақ бөлер бөренені өз күші бар (ара)
5. Тұмсығы темір,
Өзі ағаш. (біз)
2- топ оқушыларына
1.Ағашты қалай кептіреді?(табиғи кептіреді)
2. Ағаш материалының қандай қасиеттері бар?(түсі, тығыздығы, дымқылдығы, беріктігі,текстурасы)
3.Ағаштың қабығы түсіп қалса, ол ағаштың түсі қалай өзгереді?(қарайып ескіреді)
4. Жартысы ағаш,
Жартысы темір. (пышақ)
5. Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманымды отап кетті. (балта)
2-топ оқушыларына
Топтың аты: Болашақ
Топтың ұраны; Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға,
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда
1. Ағаш материалдарын өңдеу үшін қандай ерешеліктері ескеріледі? (түр-түсі, тығыздығы, жұмсақтығы, қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі.)
2. Ағаштың қабығы қандай қызмет атқарады?(қоршаған ортаның әсерінен, күннің қызуынан, жаңбырдан, аурулардан, бактериялардан сақтайды)
3. Ағаш өңдеу мамандықтары қалай аталады?(үйші, ерші, арбашы, ұста, саз аспапшы, зергер)
4. Тыпырлаған сайын толықсыған,
Секеңдеген сайын семірген. (ұршық)
5.Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейтін тілімен.
Жеген сайын таптайды,
Шығар желке түбінен. (сүргі)
Қорытынды
Марапаттау
Топтар «Шебер», «Дарын»
III. Шарт: «Ойлан тап» Бұл сайыста интерактивті тақтадағы суретке байланысты мақал - мәтелдер айту. Сұрақтар: 1) ою - өрнек,
5) гүл 2) домбыра,
6) ағаш 3) кітап,
7) балық 4) Ат,
8) шаңырақ IV «Сұрақ - жауап» «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Инемен құдық қазғандай Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысы. Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Сандықтан әр топтың топ басшысы сұрақты алады. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Жауабын ортаға әр топтан бір адам ортаға шығып жауап береді. 1) Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз? - Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз; - Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата - бабадан қалған жұртты бұзбау; 2) Қазақша ай аттарын ата? - Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан; 3) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады? - Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой - Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі баба; 4) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? - Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы т. б. 5) Жеті атаны атап беріңіз? - Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене; 6) Жеті қазынаны атап беріңіз? - Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы; 7) Үш жүзді және үш көзді атаңыз? - Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз; - Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ; 8) Бес қару деген не? - Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;
V. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» Бұл сайыста дайын қаңылтыр материалына ою - өрнек салады және сөзжұмбақ шешеді. «Тапқыр болсаң тауып көр» Анаграмма
«Шыдамды еңбек, алғыр ой, нағыз досың біліп қой !»
Сайыс – сабақ (5 – 6 сыныптар).
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын байқау, алған білімдерін дамыту. Оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қоржындар, шеберханаға қажетті құрал-саймандар, ермексаз, мадақтама қағаздары, қағаз себеттер.
Әділ қазыларды сайлау.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Мақсат пен тақырыбымен таныстыру
ІІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі
Сайыстың мақсатымен таныстыру. Қатысатын сыныптар 5-6.
Сайыстың кезеңдері:
І. Топтастыру (топқа ат қой, жетекші сайлау).
ІІ. Сұрақ – жауап (сыныптарға сұрақтар қой).
– сынып сұрақтары: 6 – сынып сұрақтары:
1.Нәрсенің екі жағынан тең болуы. 1. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді ?
(Симметрия). (Түйе)
2. Қағаз бен матаның бетіне қағаз,
2. Адамды жалықтырып, еріншектікке қиықтарын, табиғи материалдарды итеретін құбылыс. (Жалқаулық). бекіту. (Жапсырмалау).
3. Ол сөз жапонның «бүктелген қағаз»
3. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі деген мағынасын білдіреді.(Оригами). (Шаңырақ).
4. Адамды адам еткен... (Еңбек).
4. Киіз үйдің ағаш есігі. (Сықырлауық).
5. Қағаз дайындауға қажетті шикізат.
5. Аппақ дала, қойлар қара. Бұл не ? (Ағаш). (Қағаз, әріп).
ІІІ. Кім жылдам ? (түйме қадау). Алдарына мата мен түймелер беріледі.
Уақыт 3 минут Слайд көрсету.
ІҮ. Құпия қоржын (ішіндегі затты атау: қағаз, қайшы). Уақыт 1 минут
Ү. Шеберлер қиялы (ермексазбен жұмыс).
1. Ермексаздан құстардың бейнесін бейнелейді. 5 – сынып.
2. Ермексаздан үй жануарларын мүсіндейді. Уақыт 5 минут. 6 – сынып.
ҮІ. Көрермендер сыйы (жұмбақтар).
5 – сынып.
Шешесі жол ашады
Баласы оны жауып отырады. (Қайшы, ине-жіп).
Бәрі де бір күнде туған,
Бірақ бойлары әр қилы. (5 саусақ).
Кіре салып, басын шығарады. (Түйме).
- сынып.
Басы болаттан, құйрығы қылдан. (Ине, жіп).
Кейде ашылады, кейде басылады.
Көзіне қол сұқсаң, жағы ашылады. (Қайшы).
Бәрі алдымда, келдім кеттім, сенің бетің-менің бетім.
Сенің мұрның менің мұрным, бұрсаң оны – мен де бұрдым. (Айна).
ҮІІ. Жетекшілер сайысы (шеберханаға қажетті құрал-саймандар жинау).
Мақсаты оқушылардың іскерлігін және дағдыларын ойын үлгісінде көрсету.
Міндеттері:кәсіптік ой- өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту; жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жұмысқа қызығушылықпен қарату.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Мақсат пен тақырыыбмен таныстыру
ІІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің сөзі
Қайырлы күн, балалар және құрметті қонақтар!
Бүгін мен сіздерді «Көңілді жәрмеңке» ойынына шақырамын, бұл жерде ұлдар арасында бар күшімізді, ақылымызды салып көңілді және пайдалы жұмыстарды көрсетуіміз керек.
«Көңілді жәрмеңке» тоғыз кезеңнен тұрады
1.Таныстыру
2.«Мақалды жалғастыр» сайысы
3.«Анаграммалар» сайысы
4.«Керісінше ойын» сайысы
5.«Артық болмас білгенің» сұрақ-жауап сайысы
6.«Сорғыштар» әзіл сайысы
7.Қорытынды кезең
Екі командалардың әділ шешімін шешу үшін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділқазылар алқасы жауаптарды он балдық жүйемен бағалайды.
Сонымен І кезеңді бастайық «сәлемдесу» кезеңі
(Сәлемдесу, топтын атауы, ұраны)
ІІ. «Мақалды жалғастыр» сайысы. Мақалдың екінші бөлігін табу.
2.Өнерлінің қолы алтын,.............(өлеңшінің сөзі алтын).
3. Еңбектің наны тәтті,.....(жалқаудың жаны тәтті).
4. Еңбексіз елге (сыймас).
5. Істеу қиын,....(сыңау оңай)
6.Еңбекшіге әр күн сәт,...(еңбексізге бір күн сәт.)
7.Ерінбесең еңбегің... (өнеді).
8.Еріншекке бүгіннен... (ертең оңай).
ІІІ. «Анаграммалар» сайысы. Бұл сайыста 2 топқа 5 минут уақыт беріледі.
Интер белсенді тақтадағы берілген сөздерді дұрыс жазулары керек.
1.ЫНАҚДЙЫД (дайындық) 2.ҰМЙЫБ (бұйым)
3.НЕИ (ине) 4.ЛАҒБА (балға)
5.ААР (ара) 6.АШЙЫҚ (қайшы)
ІҮ. «Керісінше ойын» сайысы
Бұл сайыста топтардан бір-бір ұлдан ортаға шығу керек. Бұл сайыстың «Керісінше ойын» аталу себебі , ұлдар жереби алады қыздар орындайтын тапсырманы жасайды. ( Түйме қадау және жастықша тігу)
Ү. «Артық болмас білгенің» сұрақ-жауап сайысы
5-сыныпқа арналған сұрақтар
1.Металдар неше түрге бөлінеді , ата (қара металл және түсті металл)
2.Ағашты жону дегеніміз не? (ағашты кесіп өңдеу)
3. қоларамен жұмыс істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Дайындаманы кесер алдында оны Верстакқа дұрыстап бекіту:
2.Араны жұлқыламай, майыстырмай жұмыс істеу:
3.Араның жүзін саусақпен бағыттауға болмайды. Ол үшін ағаш брус арнайы тіреуіштерді пайдалану керек.
4.Сол қолынды араның жүзіне жақын ұстауға болмайды.
5.Столяр верстагының бетіндегі жанқаны ағаш ұнтағын щетка сыпырғышпен жинау керек.
4.Желіммен, сырмен істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Бөлшектерді желімдегенде астына тақтай салу керек.
2. Жұмыс істеген кезде желімнің қолдарыңның терісіне тиіп кетпеуінен сақтану керек.
3. Жұмыс істеп болғаннан соң, қолдарыңды жуу керек, бөлменің әйнектерін ашып таза ауа жіберу керек
6-сыныпқа арналған сұрақтар
1.Металдың қасиеттерін ата (физикалық және механикалық)
2. Ағаштан бұйым жасағанда қандай аспаптар қолданылады.(балта, қол ара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қолбұрғы, тістеуік пен қысқыш, бұрыштық, струло)
3.балғамен жұмыс істеген кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерін атаңыздар.
1.Құрал-сайманды өз орнымен пайдалану керек:
2.Балғаны жұмыс істеген кезде,оның сабының бос шетінен 20-30 мм. (2-3 сұрақ) қашықтықта ұстау керек.
3.Балғаны верстагтың үстіне қоюға болмайды:
4.Балғамен жұмыс істеген кісінің артында, алдында тұруға болмайды.
4.Есінен танып қалған жағдайда не істеу керек?
(зақымданушы жауырынымен тегіс жатқызып, басын бір жағына қарату керек)
ҮІ. «Сорғыштар» әзіл сайысы
Топ басшылары ортаға шығады. Бөтелкеге құйылған шырынды соска арқылы ішіп жылдам тауысу керек. Кім жылдам тауысады, сол жеңімпаз аталады.
ҮІІ. Қорытынды: Әділқазылар алқасына сөз беріледі.