Абай болып т???ілем бір кісіден» - деп жырлап ?ткен М??а?али Ма?атаевты? «М??а?алитану» сайысына ?ош келді?іздер!
Б?гін мені? ту?ан к?нім
Ой, б?лі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім ?зім-а?,
Т??ірді? бір жарытпай а? ?ой?аны –ай дей келе, б?гінгі А?иы? а?ынны? ту?ан к?ніне арнал?ан «М??а?алитану» атты сайысымызды бастаймыз.
?аза?ты? ?йгілі ?ажайып, а?иы?, сыршыл, гуманист а?ыны М??а?али Ма?атаев 1931жылы 9-а?панда Алматы облысы Нарын?ол ауданы ?арасаз ке?шарында д?ниеге келген. А?ынны? азан ша?ырылып ?ойыл?ан аты- М??амет?али. «Пай?амбарды? атын алып ж?ру жас бала?а ауырлы? етеді» деп ата-анасы оны кішкентай к?нінен «М??а?али» деп еркелетіп атап кеткен. М??а?алиды? ?кесіні? аты С?леймен. Ал анасыны? аты На?иман. Бастауыш сыныпты ?арасазда о?ып, орта мектепті аудан орталы?ы Нарын?олда интернатта о?ып бітіреді. Балалы? ша?ы со?ыспен т?спа-т?с келген М??а?али ?ле?ді 10-11жасынан жаза бастайды. Е? ал?аш?ы ?ле?дері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жариялана бастады. М??а?али а?амыз орта мектепті бітірген со?, ауылды? хатшысы, ?ызыл отауды? ме?герушісі, комсомол ?ызметінде болып, 1949 жыылы к?ктемде Лашын апамызбен ?з отбасын ??рды. Одан со? д?ниеге Алмаг?л, Шолпан атты 2 ?ызы, Ж?лдыз, Айбар атты ?лдары келді. Ал Майг?л есімді ?ызы 10 жасында ?ай?ылы ?аза?а ?шырап, М??а?али а?амызды? ?абыр?асын ?айыстырды. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматы?а к?шіп келіп, осы жерде ?зіні? к?птеген шы?армаларын д?ниеге ?келген. М??а?алиды а?ын еткенде, м?ртебесін биіктеткен де, а?ынды? ?арыш?а сам?ат?анда – осы ?аза?ты? ?ара ?ле?і. А?ын осы ?ара ?ле?ді ба?алайды, бас иеді, та?зым жасайды. Дантені?, Шекспирді? шы?армаларын ?аза? тіліне аудар?ан а?иы? а?ынымыз – М.Ма?атаев 1976жылы 27 наурызда ?мірден ?тті. Халы? а?ыны, ?аза? жырыны? шо? ж?лдызы, с?лулы? сарайыны? шебер тас?алаушысы тірі бол?анда биыл а?панны? 9-ында 85 жас?а толар еді. М.Ма?атаев ?аламынан «?арлы?ашым келді? бе», «Дари?а ж?рек», «А??улар ?йы?та?анда», «Шуа?ым мені?», «?мір дастан» т.б жыр жина?тары ту?ан.
Ендеше ?діл?азы ал?асымен таныс болды?, олай болса сайысымызды бастаймыз!
?згереді, ?андай сыр бар осында?
Болаша??а д?ние таласуда
?згерт б?рін, уа?ытша!
Тиме біра? санасы бар адамзат баласы, - дей келе, 1- б?лім таныстыру?а береміз! (О?ушылар ?здерін таныстырып, М??а?али ?аламынан кез-келген бір ?ле?ін о?иды )
Шы?ам деп сырт?а тула?ан, - деп келесі кезекті 2-б?лімге береміз.
«Мені? пірім - М??а?али» айдарында о?ушы М??а?алиды? бір ?ле?ін ой кестесіне сай к?ркемдеп о?иды, ж?ріс-т?рысы, м?дениеті, ?зін сахнада ?стауы ?лгілі д?режеде болуы тиіс.
Просмотр содержимого документа
«Сайыс саба? "Му?а?алитаныу"»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШАРДАРА АУДАНЫ
АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІ
«Мұқағалитану»
Дайындаған: «Көркем сөз» үйірмесінің
үйірме жетекшісі Сатбекова Ж.
2015-2016 оқу жылы
Аудандық оқушылар үйі: «Көркем сөз» үйірмесі
Жетекшісі: Сатбекова Ж.
Тақырыбы: «Мұқағалитану» сайысы
«Мұқағалитану» сайысының мақсаты: Ақынның шығармашылығын, өмірін жас бүлдіршіндерге түсіндіру. Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының құдіретін сезіну, өмір шеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын таныту, үлгі алу
Көрнекілігі: ақынның суреті, билеттер, кітаптар, буклет,т.б
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Жүру барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар және бүгінгі сайысқа қатысушы сөзі мәнерлі, қаламы әсерлі кішкентай бүлдіршіндер!
«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңңілем бір кісіден» - деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағалитану» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгін менің туған күнім
Ой, бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай ақ қойғаны –ай дей келе, бүгінгі Ақиық ақынның туған күніне арналған «Мұқағалитану» атты сайысымызды бастаймыз.
Қазақтың әйгілі ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақыны Мұқағали Мақатаев 1931жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған аты- Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Мұқағалидың әкесінің аты Сүлеймен. Ал анасының аты Нағиман. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді 10-11жасынан жаза бастайды. Ең алғашқы өлеңдері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жариялана бастады. Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болып, 1949 жыылы көктемде Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты 2 қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары келді. Ал Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген. Мұқағалиды ақын еткенде, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқанда – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз – М.Мақатаев 1976жылы 27 наурызда өмірден өтті. Халық ақыны , қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы тірі болғанда биыл ақпанның 9-ында 85 жасқа толар еді. М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым келдің бе», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір дастан» т.б жыр жинақтары туған.
Бүгінгі сайысымызда М.Мақатаевтың өлеңдерін оқу арқылы сайыскерлерімізді ортаға шақырайық (музыка)
2-бөлім. «Менің пірім – Мұқағали ». Оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды.
3-бөлім. Ақынның өмірінен шығармашылығына байланысты сұрақ-жауап (1 минут)
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге матсанайық
Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,
Құрметті әділқазыларды қарсы алайық! – сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.Аудандық оқушылар үйінің әдіскері Рысқұлова А.
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі Телибаева Р.
3.Әлеуметтану- педагог Абдиманапов Р.
Ендеше әділқазы алқасымен таныс болдық, олай болса сайысымызды бастаймыз!
Өзгереді, қандай сыр бар осында?
Болашаққа дүние таласуда
Өзгерт бәрін, уақытша!
Тиме бірақ санасы бар адамзат баласы , - дей келе, 1- бөлім таныстыруға береміз! (Оқушылар өздерін таныстырып, Мұқағали қаламынан кез-келген бір өлеңін оқиды )
(Ортаға сайыскерлер шығып өлеңдерін мәнерлеп оқиды )
Шығам деп сыртқа тулаған, - деп келесі кезекті 2-бөлімге береміз.
«Менің пірім - Мұқағали» айдарында оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс-тұрысы, мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.
Мұқағали Мақатаевтың неше ұл, неше қызы бар? (2 ұл,3қызы бар)
Ақиық ақынымыздың нағыз туылған жылы және айы (13.03.1931)
6-билет:
Ақынның қайтыс болған қызының аты кім? (Майгул)
Ақын неше жасында өлең жаза бастады? (10-11)
7-билет:
Ақиық ақын қай ауылда дүниеге келген? (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
Мұқағали Мақатаев әкесінен қай кезде немесе қай жылдары айырылды? (соғыс жылдары)
8-билет:
Ақынның тұңғыш өлеңдері нешінші жылы және қай газетте жарық көрдк? (1948, Советтік шекара)
Ақиық ақынымыз қай жылы және қай айда өмірден өтті? (1976 жылы, 27 наурыз)
9-билет:
Алғашқы кітап жинағы қай жылы шықты? (1964ж)
Жары Лашынмен нешінші жылы қай айда отау құрды?
(1949ж, көктемде)
10-билет:
Бастауыш мектепте қай пәннен сабақ берді? (1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәніен сабақ берді)
Ақиық ақын қай жылы Алматыға көшіп келді? (1962)
11-билет:
Ақиық ақынның туылған күнін қай айда тойлаймыз? (9 ақпанда)
Отан туралы кез-келген бір өлеңін жатқа айт
12-билет:
Тұңғыш ұлының аты кім? (Жұлдыз)
Балалық шағы қай жылдары өтті ? (Соғыс жылдары)
13-билет:
1.Ақынның ұл-қыздарының есімдерін ата?
2. Ақын қай ғалымдардың еңбектерін қазақ тіліне аударған?
Биыл ақын тірі болғанда нешеге толар еді?
Осымен сайысымыздың 3-бөлімі ақынның өміріне,шығармашылығына байланысты сұраққа жауап беру аяқталды. Сайыскерлеріміздің жауабына қазылар алқасынан ұпай сандарын көрсетуін сұраймыз.
(Қазылар алқасы ұпай сандарын көрсетеді)
Енді қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жалпы ұпайын шығарғанша , ақиық ақынымыздың өз дауысымен айтылған өлеңдерін тыңдалық.
Сөз кезегін қазылар алқасының төрайымы Рысқұлова Алмагүл Айнақұлқызына береміз.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағалитану» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көп – көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!