«Ал, кәнекей қыздар!»
әскери-патриоттық кеш
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарының білім мен өнерін паш ету, халқымыздың қызын құрметтеп, әркез еразаматтармен қатар қойғанын мақтаныш тұту. Қыздарымыздың да «Сегіз қырлы бір сырлы» екенін көрсету.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру.
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанекей қыздар!» атты кешімізді бастайық.
- Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 6-7 сыныптардың «Қызғалдақ», «Құлпынай», «Қамажай» топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Үш топтың қыздарын ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
«Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
Әскери-спорттық бөлім.
«Газ тұмылдырықты кию»
«Оқжатард жарақтау»
«Шалқадан жатып денені көтеру»
«Корзинаға допты түсіру»
Тұрмыстық бөлім.
«Ас – адамның арқауы»
«Картоп тазалау»
«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
«Түйме қадау»
«Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жаубын табу.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)
Әскери-спорттық бөлім.
«Газ тұмылдырықты кию» (топпен уақытқа кию)
«Оқжатард жарақтау» (бірінші оқушы төрттағандап барып оқжатарды жинайды, екінші оқушы шашады)
«Шалқадан жатып денені көтеру»
«Корзинаға допты түсіру»
Тұрмыстық бөлім.
- «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)
- «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
- Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп
аршылуы керек).
- Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
«Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссызадам – тұссыз ас.
3.Екісемсерайқасқан, Асылқайшыпішугесән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.
2-топ.
1. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
2. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (Ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
5. Зерленген құмғанды, Қотыр қолдан жұғады,
Шөмелеге төңкердім (Тақия) Таз тақиядан жұғады.
3-топ
1. Тап, тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас. (Ине)Инең болса — иінің бүтін.
2. Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік) Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.
3. Қолға алсаң, қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер.(Пышақ)Өтпес пышақ қол кесер.
4. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
5. Саусаққа киіп ем тобатай, Оймақ пішсең де,
Инені жүгірттім оп-оңай. (Оймақ) Ойлап піш.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортағасалып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.