Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 6.2.3.2-Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау 6.2.6.2-Қол электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру |
Сабақтың ортасы 37 мин
|
(Ө) Тапсырма 2. Қуыршақтың бет-бейнесін безендіру. Дескрипторлар: Қуыршақтың стиліне сәйкес түс таңдайды; Акрил/гуашь/акварель/кофе т.б. қолда бар материалмен қуыршақ реңін береді; Безендіреді.
Терінің түсін келтіру үшін кофені, бет-бейнесін салуға акрилді бояуды қолдануға болады. | http://tildes.ru/master-klassy/shem-odezhdu-dlya-interernoy-kukly/
http://www.toysew.ru/tilda/shem-princessu-goroshine.html
http://www.livemaster.ru/topic/1121367-kak-sshit-odezhdu-dlya-kukly-dlya-teh-kto-ne-umeet-stroit-vykrojki
http://www.7ya.ru/article/Odezhda-dlya-kukol-svoimi-rukami-Master-klass-plate-dlya-Barbi/ |
Сабақтың ортасы 35 мин | Жұмыстың келесі кезеңінде оқушылар қуыршаққа киім тігеді.
(Ө) Тапсырма: қуыршақтың өлшемін алу және матада өлшемдерді сызып, пішу.
Дескрипторлар: Өлшем алады; Алған өлшемін таңдаған матасына сызады; Пішеді және қол не машина тігістерімен біріктіреді; Сәндейді.
Оқушылар қуыршақтың өлшемін алуға немесе матамен қуыршақ денесін айналдыра орап өлшеуіне болады. Алынған өлшем бойынша пішу және бұйым бөлшектерін безендіруге әртүрлі материалдарды қолдана отырып, қол және машина тігістерімен өңдеу.
Оқушыларға эскизден тыс қуыршақты безендірулермен толықтыруды ұсыну.
Оқушылар бұл тапсырманы орындауға баламалы нұсқаларды таңдауларына болады. Оқушыларға әшекейлеу элементтерін (өрнек, бисер, шілтер, ызба, страза және т.б.) қолдана отырып, жұмысты аяқтауды ұсыну.
Жұмыс барысында оқушылардың материалдар мен құралдарды қолдану ережесіне және қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударуды ескерту.
(Ұ) Жұмыс соңында шығармашылық жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
Оқушылар өз жұмысын басқалардың жұмысымен салыстырып, жұмысты жетілдіру үшін әртүрлі тәсілдер ұсынады.Жұмысты талқылау барысында оқушылар терминологияларды қолданады.
Практикалық жұмыс барысында қолдау көрсетіп, мәселе туындаған жағдайда қажеттілігіне қарай безендіру үшін ұсыныс жасау. | Түрлі фактуралы мата кесінділері, қайшы, ине, жіп
акриль/гуашь/акварель т.б. қолда бар бояу заттары, қылқалам, су құятын ыдыс, палитра
Бисер, моншақтар, шашақтар,ине, жіп, қайшы т.б. оқушыларда бар қажетті материалдар.
|