kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекеті «?шекей б?йымдар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта??ы «Бота?ан»тобыны? ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекеті 

Білім беру саласы:  ?леуметтік орта,Шы?армашылы?

Б?лімі: К?ркем ?дебиет,??растыру

Та?ырыбы: «?шекей б?йымдар»

Ма?саты:

а) ?лтты? зергерлік жайлы білім беру;

?) ?аза? хал?ыны? ?ол?нері туралы ??ымдарын ке?ейту;

б) ?шекей б?йымдар?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар:

1.?шекей б?йымдар салын?ан ?обдиша.

2. ж?мыс д?птері

3.слайд(?шекей б?йымдар)

4.суреттер

5.?лтты? ?шекей б?йымдар(сыр?а,?апсырма,білезік,са?ина)

Шатты? ше?бері

Амандасады

Ше?бер болып т?райы?.

Ала?анды ашайы?,

К?нні? н?рын алайы?,

?она?тар?а шашайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекеті «?шекей б?йымдар»»

Ортаңғы «Ботақан»тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта,Шығармашылық

Бөлімі: Көркем әдебиет,Құрастыру

Тақырыбы: «Әшекей бұйымдар»

Мақсаты:

а) Ұлттық зергерлік жайлы білім беру;

ә) Қазақ халқының қолөнері туралы ұғымдарын кеңейту;

б) Әшекей бұйымдарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

1.Әшекей бұйымдар салынған қобдиша.

2. жұмыс дәптері

3.слайд(әшекей бұйымдар)

4.суреттер

5.ұлттық әшекей бұйымдар(сырға,қапсырма,білезік,сақина)

Оқу іс әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

лық

Шаттық шеңбері

Амандасады

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Қонақтарға шашайық.

Қимылдар

жасайды.

Ұйымдастырушы

лық – ізденістік

Кіріспе әңгіме

- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше өтейін деп тұр, себебі әжеміздің сиқырлы қобдишасы бүгін бізде қонақта.


Ендеше, ашайық, ішінде не бар екен?

Музыка әуені ойналған қобдишаны ашқанда ішінен қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген бұйымдарды (сырға, білезік, жүзік, алқа, шашбау,қыстырма) алып, балаларға таныстыру, әрбіреуінің атын айту.

-Балалар мынау не?

-Сырғаны кімдер тағады?



Ал мынау не деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл білезік.Балалар,білезікті сыңар қолға да,қос қолға да тағуға болады.Білезік түрлері өте көп.Олар:сом білезік,жұмыр білезік,сағат білезік,қақпақ білезіктер болады.

Мынау әшекей бұйым қалай аталады?

Сақинаны қайда тағамыз?

Сақинаны жүзік деп атауға да болады.

Билингвальді компонент:сырға-серьги,сақина- кольцо

Мынау қалай аталады?

Киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағатын әшекейдің бірі-қапсырма.Міне,көрдіңдерме,олар екі бөліктен тұрады.Олар төртбұрыш,сопақша сияқты әр түрлі пішінде болады.

Осы әшекей бұйымдарды не үшін тағамыз?

-Олар қандай өрнектермен безендірілген?

Осылардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

-Бұл қазақтың әшекей бұйымдары неден жасайды,білесіңдер ме? Оларды күміс металдан жасалған. Әшекейлерді жасау өнері зергерлік өнер деп аталады. Ал оларды дайындайтын шеберді зергер деп атайды.

Қазақша бұйымды әшекейлеу үшін асыл тастар да қолданылады.

-Балалар зергер әшекей бұйымдарды қалай жасайтынын білдіңдер.

Енді бізде зергер болып көрейік.Ол үшін бәріміз мына үстел басына келеміз.Біз балалар қазіргі заманға сай етіп алқа мен білезік жасаймыз.

Зергерлік бұйым туралы мақал кім айтып береді.

Мақал: Шебер көп жерде өнер көп.

Сергіту сәті

Сыңғыр-сыңғыр сырғалар Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда - білезік,

Сол қолымда - білезік, Саусақтарда сақина,

Санап қане көрсетші:

1, 2, 3, 4, 5.

Сыңғырлайды сырғалар.

Дәптермен жұмыс:

Жұмбақтың шешуін шешу арқылы үзік сызықтарды бастырту.

1.Қолға көрік береді

Жалт-жұлт етеді.

Бұл не?

2.Білеу-білеу білегім

Білегіме киемін

Ал,кәнекей,балалар,

Шешуін кім таба алар?

3.Сыңғыр-сыңғыр етеді

Құлаққа ілсе,әдемі боп кетед.

Бұл не?







Сиқырлы қобдиша әуенмен ашылғанда балалар қуанышпен қарсы алады.



Сырға.Сырғаны қыздар мен апалар тағады.Білезік



Сақина Саусағымызға.Балалар билингвальді компонент:сырға-серьги,сақина-кольцо қайталайды





Қапсырма немесе ілгектер.



Сәндік үшін.Ұлттық ою-өрнектермен.Әшекей бұйымдар.Балалар әжелерінің сақинасы, білезік сырғалары бар екенін айтып отырады.







Балалар өздері зергер өнерші болып алқа мен білезік істейді.





Қимылдар

Жасайды

Тапсырманы орындайды.



Сырға



Білезік



Сырға

Рефлексиялық – түзетуші

лік

Қорытыпдылау.

Сұрақ-жауап арқылы іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

-Бүгін қандай бұйымдармен таныстық?

-Олар неден жасалады?

Енді бізге Айым әшекей бұйымдар туралы тақпағын айтып берсін.





Білімдерін қорытындылау, бағалау.

Тосын сый.балаларға қазіргі заманға сай әшекей бұйымдар сыйлау.





Әшекей бұйымдармен

Металдан

Балқытып ол күмісті

Сапырады судайын.

Білезік пен алқаны,

Сақинаны, сырғаны

Күміс сымнан

тартады.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Қазақтың қолөнерін,әшекей бұйымдарды кімдер жасайтынын;

Түсінеді: әшекей бұйымдарға нелер жататынын

Қолдана алады:.шашбаудың шашқа,алқаны мойынға,білезікті білекке,сырғаны құлаққа,сақинаны саусаққа тағылатынын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс - ?рекеті «?шекей б?йымдар»

Автор: Токишева Гульнар Хамитовна

Дата: 23.12.2015

Номер свидетельства: 269717


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства