Көрнекілік: интерактивті тақта, технологиялық нұсқау карта, схема
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
«Макраме» сөзі, араб сөзінің тесьма, шашақ немесе түрік сөзінен «шашақ салфетка», қазіргі кезде оны байластыра тоқу техникасы деп атайды. Макраме техникасында әр түрлі заттар жасалады. Олар: салфетка, шашақ, кашпо, панно, үкі, сөмке, белдік, әр түрлі киімге арналған аксессуарлар, ойыншақтар, әсем әшекейлер. Медициналық тамшылауға арналған түтікшелерден тоқылған қалам, балықтар естеріңізде ме? Бұл да макраме.
Бұл ерте заманнан келе жатқан қолөнер. Кейбір деректерде бұл өнер VIII-IX ғ-да Шығыстан Еуропаға келген. Бұл техниканы Ежелгі Египет, Ассирии, Иранда, Перу, Қытай және ежелгі Грецияда білген. Макраменің дамуына теңіз флотының септігі тиді. Ежелгі теңізшілер тор тоқып, түйіншектеп байлау арқылы рульдік дөңгелекті әсемдеген. Қазіргі кезде теңізшілердің 4 мың түйіншектеп байлау түрі белгілі. Көп теңіз түйіншектері өзінің әсемдігімен, көркемдігімен макраменің-көркем өнеріне айналды. Шыққан түйіншек өзінің әсемдігімен және мықтылығымен ерекшеленеді. Макрамедегі ең маңызды түйіншек (екі жалпақ байлау) ежелде Геркулес байлау деп атаған.
Қолданылатын құрал-жабдықтар.
Тоқуға арналған құрал әр түрлі болуы мүмкін: қағаз жіп, жібек леска, синтетикалы жіп, жалпақ тесьма, медициналық тамшыларға арналған түтікше, зығырдан жасалған жіп. Маңыздысы-түйіншекті дұрыс таңдау.
Макрамеда маңызды байлаулар (репсовый узел) сопақша байлау және (двойной плоский узел) қос қабатталған байлау.
-сопақша байлау
-оң жақты сопақша байлау, сол жақты сопақша байлау
-қос қабатталған байлау
-бүлдірген өрнегі
-ауыспалы байлаулар (хамелеон өрнегі)
-өрмекші өрнегі
-пико өрнегі
-жалпы байлау
-«шахмат» өрнегі
-бұрыштан басталған жұмыс
-тұзақ өрнегі
ІІІ. Сарамандық жұмыс
«Балық» мүсінін байлау арқылы өрнектейміз. Жұмысқа қажетті 8 жіп-16 аяғымен.
Жұмысты бұрыштан бастаймыз (схема бойынша). 4 қатарды тоқимыз. (1 қатар-1 қос қабатты байлау, 2 қатар – 2 қос қабатты байлау, оң және сол жақтан 1 жіптен қосамыз, 3 қатар – 3 қос қабатты байлау, оң және сол жақтан 1 жіптен қосамыз, 4 қатар – 4 қос қабатты байлау, оң және сол жақтан 1 жіптен қосамыз). Жұмыста 16 жіптің аяғы бар.
5 қатар-екі жіпті басындағы бос қалдырамыз, қос қабатты байлауды 3, 4, 5, 6, жіпте қолданамыз, «бүлдірген» өрнегін тоқып, 4 қос қабатты байлауды 7, 8, 9, 10 жіпте қолдандық, соңынан қос қабатты байлауды 11, 12, 13, 14 жіпте қолданамыз. Екі соңғы екі жіпті бос қалдырамыз.
6 қатар – 4 қос қабатты байлауды байлау соңғы жіптерді қолданып.
Балықтың басын денесінен көлденең байлаулармен денесінен бөлеміз. Соңғы жіптерді бірге қойып, олар әр жаққа қарап отыру керек- бұл негіз. Жұмыста 14 жіп, негізге оларды сопақша байлаулармен байлаймыз. Соңғы жолын «тұзақ» өрнегімен байлаймыз.
«БАЛЫҚ»
IV. Пысықтау
Қайшымен жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздікті қайталау.
Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.
Жұмыс уақытында қайшыны ұсынғанда оның жүзін жауып, сақина жағымен бер.
Қайшы өткір болуы керек.
Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
V. Қорытындылау. Бағалау
«Өзіңді қалай бағалайсың?»
Макраме техникасын қандай елдерде қолданған? (Ежелгі Египет, Ассирия, Иран, Перу, Қытай және Ежелгі Греция).
Макраме техникасындағы негізгі ереже? (байлу, түйіншектеу).
Қайсысы Геркулестік байлау? (қос қабатты жалпақ байлау).
Макраме техникасын теңіз флотында не үшін қолданды? (тор тоқу үшін).
Макраме тоқығанда қандай құрал-жабдықтар қажет? (жіп, қайшы).