Просмотр содержимого документа
«Технология мен техниканың даму тарихы және болашағы»
Сабақтың тақырыбы:Технология мен техниканың даму тарихы және болашағы.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға техника мен технологияның даму тарихы туралы,адамзат дамуының түрлі кезеңдеріндегі негізгі жетістіктері туралы білімін қалыптастыру,ой- өрісі даму тарихын кеңейту, шығармашылық туралы,қабілеттерін дамыту,оқушылардың өз елінің тарихына,мәдениетін бағалай білуге,құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Технология мен техниканың даму тарихы және болашағы туралы біледі.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта
Қажетті құрал-жабдықтар:қарындаш, сызғыш,маркер,ақ қағаз
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә)Оқушыларды түгендеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалап, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын қайталау
А)Картопты қалай егеміз?
Ә)Егіс дақылдарын зақымдаушы қандай зиянкес жәндіктерді білесіңдер?
Б)Қопсытқыш не үшін қажет?
В)Тыңайтқыштарды қандай машинамен себеміз?
Г)Тырманың түрлерін ата?
Ғ)Пар алаңының қандай түрлері бар?
Е)Егіншілікпен қандай мамандық иелері айналысады?
Ж)Сүрек дегеніміз не?
З)Сүректі қалай кептіреді?
И)Шеберханада өзіңдң қалай ұстаудың қандай ережелерін айтып бере аласың?
3. Жаңа сабақ.
«Технологиямен техниканың даму тарихы және болашағы»
А)ерте дәуірдегі еңбек құралдары
Ә)ортағасырлардағы еңбек құралдары
Б)Қазіргі заманғы технология
4.Сергіту
5.Қорытындылау,бекіту.
6.Бағалау
Жаңа сабақты түсіндіру
Технология- материалды немесе шикізатты жекелеген бұйымдар алу немесе өндіріс үрдісінде ағымға қойылған өнім алу мақсатында түрлі әдіс- тәсілдермен өңдей білу шеберлігі.Технология түрлері көп,адам қызметінің әрбір саласының өз ерекше технологиялары болады.
Техника- адамның заттар өндіуге және өзінің күнделікті қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшінжасап шығарған құралдар, автоматтар,машиналар сияқты еңбек құралдары.Көне замандарда адамдар құрал ретінде таяқ тасты қолданып,оларды өңдеудің алғашқы тәсілдерін меңгерді.Осылайша тас балғалар мен балталар,шақпақ тас және сүйек ұшты найзалар,гарпундар,шаншу құралдары пайда болды.
Садақ пен жебенің кең тарауы мезолит дәуірінің негізгі жетістігі болды.Бұл қаруXVIIғасырға дейін қолданылды.
Неолит дәуірінде кетпенмен жер өңдеудің пайда болуы – темір күрек,кетпен,айыр, дәнүккіш, тырнауыш сияқты арнайы мамандандырылған ауылшаруашылық құралдарының қажеттілігін тудырды. Күйдірілген балшықтан жасалған бұйым-керамика ойлап табылды.
Қола және темір дәуірінде металлургия пайда болды.Адамдар алауды кірпішпен қоршауды,пештерде металл балқытуды, металды түрлі формаларға құйып, бұйымдар жасауды үйренді.
Б.д..д 4 мыңыншы жылдың аяғынан бастап ағаш соқа қолданыла бастады.Соқамен жер өңдеді
Орта ғасыр дәуірінде механика,қолөнершілік тез қарқынмен дамыды.IX-X ғасырда жел күшін,XV ғасырда су энергиясын пайдаланатын құрылғылар қолдана бастады.
Қол құралдары мен дене күшімен қатар жануарлардың, ең алдымен жылқы күшін, ал 9-10 ғасырларда жел күшін, 15 – ғасырда су энергиясын пайдаланатын құрылғылар қолдана бастады.
XIX ғасырдың аяғында телеграф, ішкі жану қозғалтқыштары, телефон, радио-байланыс, автомобильдер мен авиациялар пайда болды. XX ғасырды “АТОМ” ғасыры, “АВТОМАТТЫ МАШИНАЛАР”, “КОМПЬЮТЕР ҒАСЫРЫ” деп айтады.
21 – ғасыр “БИОТЕХНОЛОГИЯ” ЖӘНЕ “НАНОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ”ҚАРЫШТАП ДАМУЫ.
Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология – осындай кішігірім өлшемдермен айналысатын ғылым. 1986 жылы сол кездегі студент Эрик Дрексел «Жасампаз машина» атты футуристік эссесінде алғаш рет «молекулярлы технология» деген сөз тіркесін қолданған болатын. Эрик Дрессел фантаст-жазушы Станислав Лемнің тұжырымдамаларына өз ойындағы қиялдарды үстей отырып, «Саналы тіршілік ортасының» негізгі бейне-кескінін ойлап шығарған.
4.Сергіту
1.Жеті атаның бірін ата.
2.Ұста пышаққа жарымас
Етікші ..... жарымас.
3.Еңбек түбі ....
4. Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт ....
5.Еріншектің ... бітпейді.
6.Бес қарудың бірі
7.Әсемдік бұйымдарын жасайтын шебер?
8. Ауыл шаруашылық машинасын ата.
1.Шебердің қолы ... ортақ.
2.Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген ... пішер.
3.Жаңбырменен .... көгерер,
Батаменен ел көгерер
4.Жақсыдан үйрен,
Жаманнан.....
5.Білекті бірді жығады,
.... мыңды жығады.
6. 7 қазынаның бірі
7.Түйе малының атасы
8. 7 атаның бірі
9. Қазақтың ұлттық саз аспабы
5. Қорытындылау,бекіту.
1.Алғашқы қарапайым механикалық құрылғылар туралы айтып беріңіздер?
2. Бұл құралдар қандай мақсатта қолданылды?
3.Орта ғасырлардағы еңбек құралдары?
4.Керамика қалай жасалынады?
5. “ Атом ғасыры” қай ғасыр?
6.Үй тапсырмасы: “Қазіргі заманғы технология”туралы эссе жазып келу